|
Білім беру бағдарламасы ҚР Үкіметі 2012 жылғы 23 тамыз №1080
Модуль16. Кәсіби практика
Модуль атауы және шифр
|
Кәсіби практика
|
Модульге жауапты
|
Абдрашева Б.Ж.
|
Модульдің түрі
|
Оқытудың қосымша түрлері
|
Модульдің деңгейі
|
ВА
|
Аптадағы сағат саны
|
-
|
Несие саны
|
10
|
Оқу түрі
|
күндізгі
|
Семестр
|
2;4;6;8
|
Білім алушылар саны
|
8
|
Модульдің пререквизиттері
|
«Әлеуметттік жұмыс теориясы», «Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер», «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызметтер»
|
Модуль мазмұны
|
Оқу тәжірибесінен өтудің мақсаты – әртүрлі әлеуметтік қызметтегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны туралы ойларды дамыту арқылы болашақ әлеуметтік қызметкерде кәсіптік-бағытталған тұлғаны қалыптастыру, жеке кәсіптік ілім мен дағдыларды игеру, принциптерді және қарым-қатынас этикасын меңгеру. Тәжірибе міндеттері: халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтің және үкіметтік емес ұйымдардың структураларын, қызмет ету ерекшеліктерін, жұмыстың мазмұның, қызмет көрсетіліп отырған халық категорияларының ерекшеліктерін оқып білу; әлеуметтік жұмыстың әдістері арқылы шешілетін әлеуметтік мәселелердің мәні туралы білімді бекіту және кеңейту; мотивацияны көтеру және өзіндік кәсіптік қызметке дайындықты қалыптастыру.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – әлеуметтік қызметкердің өзінің жұмысын толық орындауға студенттерді дайындау; кәсіптік ілім мен дағдыларды жетілдіру. Тәжірибе міндеттері: тәжірибелік қызметте әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын қолдану дағдысын жетілдіру; әлеуметтік қызметтер жүйесіндегі басқару қызметі бойынша білімді игеру; халықты әлеуметтік қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу ілімін қалыптастыруға ат салысу; ғылыми-зерттеушілік жұмыс ілімін жетілдіру.
Дипломалды тәжірибесінің мақсаты – дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша материалдарды жинақтау, ғылыми-зерттеушілік жұмыстың кәсіби ілімі мен дағдысын бекіту. Міндеттері: дипломдық жұмысты орындауға материалдарды жинақтау, дипломдық жұмыста қарастырылып жатқан нақты сұрақтарды зерттеу әдістерін игеру, мамандық бойынша тәжірибелік білімді және жұмыс тәжірибесін бекіту.
|
Оқыту нәтижесі
|
Білікті болуы тиіс: клиенттермен жұмыста әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тәжірибесіндегі білімді қолдану; әлеуметтік мәселелер мінезін анықтау; қосылған қадағалау әдісін қолдану; әлеуметтік қызметтегі мамандармен әрекеттестікте болу; клиенттермен жұмыста әлеуметтік жұмыстың жеке әдістері мен тәсілдерін қолдану; клиенттерге әлеуметтік көмек характерін анықтау; олармен қарым-қатынаста әлеуметтік жұмыс технологиясын қолдану; әлеуметтік мәселелерін характерін анықтау; клиенттерді қабылдауды жүзеге асыру; әлеуметтік қызметке деген олардың мұқтаждықтарын бағалау; әлеуметтік мәселелері бойынша халықтың әртүрлі категорияларының арасында әлеуметтік зерттеушілік жұмыстарын жүргізу; ақпараттарды жинау; дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша жинақталған ақпараттарды талдауғ жүйелеу, жалпылау.
Білуі тиіс: әлеуметтік жұмыстың көп функционалды мазмұның; әлеуметтік қызметтердің жұмыс істеуінің структурасы мен ерекшеліктерін; әлеуметтік қызмет көрсету сферасындағы нормативтік құжаттар мазмұның; әлеуметтік қызметтер және оны халыққа көросету талаптары; кәсіптік қарым-қатынас орнату этикасының принциптерін; халықты әлеуметтік қорғау, денсаулығын сақтау, білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұның; әртүрлі бағыттағы әлеуметтік қызметтер жұмысының мазмұның; әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі іс қағаздарын жүргізу негіздері; зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері және оны қолдау тәжірибесінің мазмұны; халықтың әртүрлі категориясымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесін білуі тиіс.
Дағдылары болуы тиіс: коммуникативтік; ұйымдастырушылық; аналитикалық; ақпараттық-ізденушілік, ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық, жобалық-технологиялық жұмысты; халықтың әртүрлі категориясына әлеуметтік төлемдерді төлеу механизмін қолдану; әлеуметтік сұрақнама әдістерін игеру; рефлексивтік-аналитикалық қызметті; іс-қағаздарын жүргізу; зерттеу жұмыстарын; зерттеу жұмысын талдау, жобалау, болжау инструменттерін игеру; теоретикалық және қолданбалы міндеттерді шешуге эмпирикалық зерттеу нәтижелерін қолдану білу.
Құзыретті болуы тиіс: әлеуметтік жұмыстың көп функционалды жұмыс мазмұны; әлеуметтік қызметтегі мамандардың әлеуметтік рөлінің сан алуандығы; клиентпен кәсіби қарым-қатынас; қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету; халықты ілеуметтік қорғау структурасындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және басқару; әлеуметтік жұмыс сұрақтары бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әрекеттестік; стратегиялық жоспарлау; ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік қызметтің, ұйымдар мен мекемелердің қымет жасауы туралы сұрақтарда.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Диф.сынақ.
|
Несие алу жағдайы
|
Тәжірибенің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау, жағымды мінездеменің болуы, есепті қорғау
|
Модульдің ұзақтығы
|
Оқу тәжірибесі – 1 апта
Өндірістік тәжірибе – 15 апта
Диплом алды тәжірибесі – 4 апта
|
Әдебиеттер
| 1.Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы
2. Жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі әрекеттерді ұйымдастыру туралы типтік ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысы.
|
|
Жаңарту күні
|
31.08.2017 ж.
|
Модуль 17. Мемлекеттік аттестациялау
Модуль атауы және шифр
|
Мемлекеттік аттестациялау
|
Модульге жауапты
|
Абдрашева Б.Ж.
|
Модульдің түрі
|
Оқытудың қосымша түрлері
|
Модульдің деңгейі
|
ВА
|
Аптадағы сағат саны
|
-
|
Несие саны
|
3
|
Оқу түрі
|
күндізгі
|
Семестр
|
8
|
Білім алушылар саны
|
8
|
Модульдің пререквизиттері
|
«Әлеуметтік жұмыс теориясы», «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»
|
Модуль мазмұны
|
Мемлекеттік емтихан комплекстік емтиханға қосылған, пәндердің оқу бағдарламасының негізінде жасалған бағдарламамен мамандық бойынша өткізіледі. Мемлекеттік емтиханның бағдарламасы мамандық бойынша факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Мамандық бойынша дипломдық жұмысты қорғау бекітілген дипломдық жұмыстың тақырыптары бойынша өткізіледі. Студент ғылыми жектешісінің жағымды пікірінің негізінде және қорғалып жатқан дипломдық жұмыстың профиліне сәйкес бір маманның рецензиясы негізінде дипломды жұмысты қорғайды. Дипломдық жұмыс ГАК мүшелерінің тең жартысынан кем емес мүшесінің қатысуымен ашық отырыста қорғалады. Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша студенттердің білімін баллдық-рейтингілік бағалаумен бағасы қойылады.
|
Оқыту нәтижесі
|
Білікті болуы тиіс: әлеуметтік жұмыстың категориялары: мүгедектер, қарт адамдар, босқындар, дезадаптацияланған және девиантты тұлғалар мен топтар, қауіп-қатер топтары және жұмыссыздар мәселелерін анықтау, олармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыстың технологиясын игеру; мүгедектердің арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждықтарын бағалауды жүзеге асыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелеріндегі жұмысты ұйымдастыру; әлеуметтік қызмет клиенттерінің психолого-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау; халықтың әртүрлі категорияларымен жұмыста жалпы және жеке технологияларды қолдану, клиенттердің мәселелерін диагностикалау; делдалдық қызметті жүзеге асыру.
Білуі тиіс: әлеуметтік жұмыстың категорияларына жататын мұқтаж тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету технологияларын меңгеру, мүгедектер және қарт адамдарды қорғау бойынша ҚР нормативтік құжаттарын, арнайы әлеуметтік көмек жүйесін, оларды көрсетудің талаптары; мүгедеектерді оңалту жүйесін; мүгедектер мен қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктерін, олармен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін; зейнетақымен қамтамасыз ету сұрақтарын; медико-әлеуметтік, психолого-педагогикалық қызметтер мазмұның; халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсетудің, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық көмектің мазмұның; халықтың әртүрлі категориясымен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметтердің жұмыс мазмұнын білуі тиіс.
Дағдылары болуы тиіс: халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік-оңалту, әлеуметтік-диагностикалық, әлеуметтік терапия жұмыстарының технологияларын қолдануды; оларды оңалту және қолдау бағдарламаларын жасауды; әлеуметтік потранаж технологиясын қолдануды; клиенттің мәселесін шешу бойынша кәсіби жәрдемдесуді қамтамасыз ету; кеңес беру, делдалдық, әлеуметтік алдын-алу технологияларын қолдану дағдыларын игеру.
Құзыретті болуы тиіс: халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету және құқықтарын қорғау; үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарымен серіктестік; технологияны әлеуметтік жұмыста қолдану; халықты әлеуметтік қорғау ұйымдар мен орталықтардың жұмыс істеуі, кәсіптік қызметті заңнамамен қадағалау сұрақтарында.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Дипломдық жұмысты қорғау.
Тестілеу
|
Несие алу жағдайы
|
Дипломдық жұмысты табысты қорғау.
Тестілеудің жағымды қорытындысы
|
Модульдің ұзақтығы
|
Дипломдық жұмысты қорғау және мемлекеттік емтиханды тапсыру кестесіне сәйкес
|
Әдебиеттер
| 1. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы
2. Жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі әрекеттерді ұйымдастыру туралы типтік ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қаулысы.
3.Дипломдық жұмысты жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар (жобаны)./под ред.проф.Е.К.Кубеева – Қарағанда – 2012.
|
Жаңарту күні
|
31.08.2017 ж.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|