Түсіну
Қазақ тілі морфологиясының теориялық негізін түсіну; сөз тудырушы жұрнақ пен форма тудырушы қосымшаның ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылап бере алу; жалғаулар парадигмасын, анайы, сыпайы түрін көрсете алу; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған білімін қорыту, әр сөз табының, категорияның ерекшелігін түсіну; сөз таптарының таным үдерісімен байланысын түсіну; сөздерді таптастырудағы ұстанымдарды меңгеру; тілдегі жүйені, норманы дұрыс түсіну; қазақ тілінің жалғамалылық табиғатына сәйкес қосымшалардың жалғану тәртібін, көптік қосымшасы жалғанатын, жалғанбайтын тұстарды ажырату; есімдіктердің анайы, сыпайы түрін, ортақ, оңаша тәуелдеу, анайы, сыпайы жіктеуді ажырату; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолданып, тілдегі норманы, жүйені меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |