ЖҮЙЕЛІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС
«Жүйелі-әдістемелік кешен» порталы (бұдан әрі – ЖӘК порталы) орта білім мазмұнын
жаңарту аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, пилоттық және жалпы білім беретін
мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін әзірленген ауқымды онлайн
платформа болып табылады. Портал smk.edu.kz веб-сайтында орналасқан.
Бұл интернет-ресурс бүгінгі таңда мұғалімдерге өздерінің үздік жұмыстарын жариялай
отырып, білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісуге бірегей мүмкіндік беріп
отыр. Порталда әдістемелік материалдар, қысқа мерзімді жоспарлар, дидактикалық және
зертханалық жұмыстар, қалыптастырушы және жиынтық бағалау материалдары, дыбыс
және бейнематериалдар, таныстырылымдар және мұғалімге пайдалы болатын басқа да
көптеген жұмыстар бар. Бұл материалдар мұғалімге қажетті компоненттерді қолдана
отырып, оқу үдерісін шапшаң ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар сабақты
жоспарлау кезінде оқу пәнінің нақты бөлімі бойынша ақпарат іздестіру мәселесін
жеңілдетеді.
ЖӘК порталының бөлімдері:
Жұмыста
қолдануға
арналған
ҚҰЖАТТАР
(МЖМБС,
ҮОБ-тар,
оқу
бағдарламалары, оқу жоспарлары, нұсқаулық-әдістемелік материалдар, күнтізбелік-
тақырыптық жоспарлар, ақпараттық материалдар);
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ (сабақ жоспарларын әзірлеуде үлгі ретінде қолдануға
болатын пән бойынша сабақ жоспарлары, қысқа мерзімді жоспарлар, таныстырылымдар,
дыбыс/бейне және дидактикалық материалдар);
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН (бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу-
әдістемелік кешендер, оқу құралдары, ОӘК-ке бейненұсқаулықтар, мұғалімдердің
шеберлік сабақтары, мақалалар);
КРИТЕРИАЛДЫ
БАҒАЛАУ
ЖҮЙЕСІ
(критериалды
бағалау
бойынша
нұсқаулықтар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, бейне және
көрсетілім ресурстары, жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар, электронды
журнал, нұсқаулық-әдістемелік құжаттар);
ОНЛАЙН СЕМИНАРЛАР МЕН САБАҚТАР (онлайн семинарлар мен сабақ
бойынша бейнематериалдар мен таныстырылым ресурстары);
ФОРУМ (жаңартылған білім мазмұнының өзекті бағыттары бойынша сұрақтар және
жауаптар (ұйымдастыру мәселелері, оқулықтардың мазмұны, оқушыларды бағалау және
т.б.).
Аталған бөлімдердегі файлдарды қарауға және жүктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |