Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


  «ФИЗИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет11/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

 


16 
«ФИЗИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 
 
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің 
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 
2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 
педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында 
қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің 
педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. 
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. 
Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру 
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін 
төмендетеді. 
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы 
қажеттігінің мысалын Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді 
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et 
al, 2011 сілтемесі): 
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері 
ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы 
тиіс. 
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған 
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін 
оқыту
 
тәсілдерін
қолданулары керек.
3) 
Оқу
 
бағдарламасы
 
проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді 
бағалауда
 
білікті болуы керек және 
оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды. 
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай 
алынғанын талдай білуі тиіс. 
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. 
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан 
өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай 
білуді талап етеді. Бағалау тақырыбы «Критериалды бағалау» тарауында қарастырылады. 
Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған 
әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері 
қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен 
үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, 
оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы 
оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы 
туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы 
алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол 
ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай 
үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, 
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. 
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді 
қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз 
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса 
маңызды болып табылады.. 
Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер сындарлы белсенді оқуға 
негізделеді (Savery, J. R., & Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., & Rohrer-Murphy, L., 1999). 
Бұл тәсіл қолданылған жағдайда оқушылар оқу барысында белсенді түрде 
атсалысатындықтан, оның маңызын өздері анықтай алатын жағдайда болады. Мұғалім 
енжар қалыпта отырған оқушыларға білім бергенімен салыстырғанда, бұл оқудың 
анағұрлым пәрменді құралы болып табылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз 


17 
бетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау 
жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылатын 
қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді
-
оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту 
үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру; 
-
мұқият іріктелген тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды 
ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту; 
-
проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу 
стратегиясының мысалдарын көрсету; 
-
бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау; 
-
зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға 
артықшылық беру; 
-
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; 
-
жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру 
қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып, дамытады. 
«Физика» пәнін оқытуда қолданылатын мұндай стратегиялардың мысалына 
төмендегілерді келтіруге болады: 

зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және қорытындылары мен нәтижелерін 
тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту; 

өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағадаяттар ағымына қарай бейімделуге, 
атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемалары шешу үдерісінде 
пайда болған жаңа ақпаратқа жауап беруге және бейімделуге үйрету; 

теориялық модельдердің жұмысын түсінуді жақсарту үшін ойындар мен 
модельдерді қолдану; 

оқушылардың өз тәжірибелерін жобалауы мен жоспарлауы арқылы физикадағы 
мәселелерді зерттеу; 

физиканың қазіргі заманғы проблемалары туралы (әртүрлі дереккөздерден 
алынған) ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты жинақтау, 
бағалауы мен қорытындылауы; 

мәшинетану, жылутехника, электротехника мен радиотехника, электроника, аспап 
жасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану; 

жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау. 
Оқушылардың ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту физика 
мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау 
дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ 
және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау 
сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық 
және практикалық ойлау дағдыларын қатар қалыптастыру маңызды. Ғылыми ойлаудың 
сипаттары: 
-
зерттеу мақсатын анық белгілеу; 
-
ғылыми болжамдар жасау; 
-
зерттеу әдістемесін белгілеу; 
-
зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау; 
-
зерттеу жұмыстарын жасау; 
-
алынған нәтижелерді талдау; 
-
қорытындыларды тұжырымдау. 
Оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың жолдары:
-
ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; 
-
оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру; 
-
оқушыларды физикалық құбылыстар мен денелердің қасиеттерін түсіндіруге, 
себеп-салдар байланыстарын анықтауға тарту; 
-
индукция және дедукция бойынша ой қорыту дағдыларын қалыптастыру; 


18 
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, физикалық 
теория негізінде құбылыстарды түсіндіру, шығармашылық таныту, теориялық ойлау 
сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларының дамуына 
ықпалын тигізеді. 
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін маңызды. Ол 
үшін белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы келесі ұсынымдарды қолдануға болады: 
-
сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету; 
-
физикалық эксперименттер жасау; 
-
сабақтың ғылымилығын жоғарылату; 
-
проблемалық жағдаяттар туындату; 
-
оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру; 
-
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану; 
-
ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. 
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау