Физиканы табысты оқыту жолдары
Физиканы оқытуды сапалы ұйымдастыру оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз
етеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың кең тараған түрлеріне сабақ, семинар,
конференция, дәріс, практикум, экскурсия, қосымша факультативтік сабақтары жатады.
Сабақ
– сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады.
Физика пәнінде сабақтың жаңа білімді игеру, білімді жетілдіру, білік, дағдыдарды
қалыптастыру, білімді жинақтау және жүйелеу, аралас сабақ, бақылау және
оқушылардың білімін бағалау түріндегі сабақтар ұйымдастырылады. Сабақтың түрі
сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Оқушылардың танымдық
әрекетін белсендендіру сабақтарында қолданылатын оқыту түрлеріне жеке, жұптық,
топтық және ұжымдық жұмыс түрлері мысал болады:
-
жеке жұмыс – оқушының өз бетінше жекеше жұмыс жасауы;
-
жұптық жұмыс – «оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» тәртібіндегі жұмыс түрі;
-
топтық жұмыс – топтың құрамына байланысты (3-5 адам) шағын топтық және
бүкіл сыныптық (жаппай) жұмыс жасайды; мұнда топтың барлық мүшесі бірігіп
бір тапсырма/тақырыпты немесе оның бір бөлігін орындайды;
-
ұжымдық, яғни ауыспалы жұптар арқылы ұйымдастырылған жұмыс; мұнда әрбір
оқушы жеке тақырып/тапсырманы орындап, жұптағы екінші оқушымен
талқылайды.
Семинар
. Оқушылар сұрақтарға алдына ала дайындалған жоспар бойынша әдебиеттік
дереккөздермен жұмыс жасау арқылы дайындалады. Физика пәнінен семинар сабағында
оқушылар берілген сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің көзқарастарын көрсетеді. Бұл
оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытып, қосымша әдебиет көздерімен жұмыс істеу
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді
Оқу үдерісінде мұғалім оқушылармен серіктес қағидаттарын негізінде тиімді тәсілдер
қолдану арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырушы болып табылады.
Физика сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер физиканың ғылыми мазмұнын ашуға
негізделеді. Физикадағы зерттеулер теориялық және эксперименттік тәсілдермен
байланысты. Теориялық әдістер негізгі физикалық ұғымдар, заңдар және теорияларды
түсіндіру барысында қолданылады және модельдік болжамдар, математикалық болжамдар
және қағидаттар әдісінен тұрады. Мұнда келесі кезеңдерді атап өтуге болады:
-
Құбылысты бақылау және жадыда қайта жаңғырту;
-
Фактілерді талдау және жалпылау;
-
Проблеманы анықтау;
-
Болжамдар ұсыну;
-
Болжамдаудан шығатын теориялық қорытындыларды тұжырымдау.
|