Білім беру бағдарламасы мамандық: Механикалық өңдеу, 1013000 Механикалық өңдеу, өнеркәсіптегі бақылау-өлшеуіш



жүктеу 3,1 Mb.
бет4/16
Дата28.11.2017
өлшемі3,1 Mb.
#2273
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Жобаны жоспарлап, бақылай алу

Жоспарлау: ұзақ мерзімді жоспарлау, мысалы, жоспарлаушылар, жоспарлау графиктері және әдістері (блок-схемалар, Гантта диаграммасы, сыни жол тәсілдері, бағдарламалар пакеті); басымдықтарды анықтау; ресурстар туралы пайдалы ақпарат, мысалы, адам және физикалық ресурстар.

Бақылау: тәжірибе нәтижесі бойынша бақылау және есеп, мысалы, тіркеу журналын және/немесе жазбаларды (аты-жөні, мекенжайлар, телефон нөмірлері, кездесу мерзімдері, емейлдер және басқа да сәйкестік тізімдері) сақтауға арналған күнделікті пайдалану; тіркеу журналын пайдалану, мысалы, мәліметтерді талдау немесе жұмысты есепке алуды тіркеу үшін, кестелерді/жоспарлаушыларды модификациялау/жаңарту, жобаның мақсаттарын және аралық әзірлеу кезеңдерін тіркеу, бастапқы тұжырымдамалар, жобаның шешімдері, техникалық шешімдер және ақпарат
3. Келісілген рәсімдер аясында жобаның жоспарын орындай алу

Жүзеге асыру: ресурстарды дұрыс пайдалану, мысалы, жабдықтар, құралдар, материалдар, келісілген уақыт шәкілі аясында шешімдерді шығару үшін тиісті техникаларды пайдалану, жобаның жоспарын бейімдеу, қажет болған жерде тиісті жазбаларды енгізу

Тексеру шешімі: бағалау техникасын және талдамалы техниканы пайдалану, мысалы, графиктер, матрицалық тәсілдер, статистика, Гантта диаграммасы, жүйелілік, жоспарлау, "сыни жол" тәсілдері, компьютерлік пакет бағдарламалары.

4. Жобаның нәтижелерін ұсына білу

Тұсаукесер: шағын топқа тұсаукесер ұсыну, мысалы, таныс (үйренушілер, оқытушылар тобы) және таныс емес (қазіргі немесе оқу бойынша тапсырыс беруші немесе клиент) қатысушылардан құралған аудитория; дайындау техникасын, тұсаукесер стилі мен техникасын пайдалану; көрнекі құралдарды дайындау және пайдалану, мысалы, диапроекторларға арналған материал, бағдарламалар пакеті және проекторлар, графиктер, модельдер, бейне/DVD клиптер.

Жобаның есебі: барлық оқиғаларды тіркеу журналына/күнделікке жазу; жазбаша, техникалық есеп, соның ішінде маңызды схемалар/тізбек схемалары, нобайлар, блок-схемалар, жобаны шешуге лайықты графиктер және т.б.; мәліметтерді ұсынуға лайықты ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, мысалы, АЖЖ, DTP, бағдарламалық бөлу бланкілері, мәліметтер базасы, мәтіндерді өңдеу.
Бағалау және бағалау өлшемі
Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.


Бағалау өлшемі

Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

П1 шешу, сондай-ақ жағдайдың өзгерістерін жазып отыру жолымен бастапқы тұжырымдамалардан бастап жобаның жазбаларын дайындау және бекіту

Х1 жобаның барлық кезеңінде толық сипатталған, келісілген жазбаларды бекіту, олар ілгерілеуді және ұшырасқан қиындықтарды анық көрсетеді


О1 қажет жерінде қолдау мен көмек сұрау арқылы жобаны әзірлеу процесін тәуелсіз басқару


П2 жобаның сипаттамасын дайындау

[IE2, IE4, TW1, EP4]



Х2 таңдалған опцияны негіздеу үшін бірқатар іріктеу техникасы мен өлшемдерді пайдалану

О2 жақсарту бойынша ұсыныстар жасай отырып, жобаны әзірлеудің барлық процесін бағалау

П3 жобаны жүзеге асыру кезінде орындалатын рәсімдерді мақұлдау және дайындау

[EP1]


Х3 жоба бойынша шешімді бағалау және жақсарту жолдарын ұсыну





У4 үш әлеуетті шешімдерді бағалау үшін тиісті техниканы пайдалану және әзірлеу үшін ең жақсы нұсқаны таңдау

[CT1]


Х4 байланысқан және жақсы құрылымданған динамика жазбаларын және жоба бойынша қорытынды есепті ұсыну.




У5 жоба бойынша шешімді қысқаша баяндау және оны енгізуді жоспарлау [RL2]







У6 жобаның барлық өмірлік циклінде жетістіктерді бақылау және белгілеп қою







У7 жоспарды жүзеге асыру және жобаның шешімін шығару [RL2, SM1]







У8 шешімнің жоба ерекшелігіне сәйкесуін тексеру








У9 шағын топқа тұсаукесер дайындау және ұсыну, жобаның ерекшелігін және ұсынылған шешімді қысқаша баяндау [SM7]







У10 жоба бойынша жазбаша есеп ұсыну







ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.

Модуль: Инженер-техниктерге арналған математика

Мақсаты және міндеті

Бұл модуль үйренушілердің математика техникасы арқылы техникалық мәселелерді шешуіне мүмкіндіктер мен негізгі білім береді.


Модульге кіріспе

Инженерияның негізгі функцияларының бірі – математикалық формулалар мен теңдеулер пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу. Бұл модуль үйренушілерге осындай мәселелерді шешу үшін дағдылар мен білім беруге жобаланған. Ом заңы және Ньютонның қозғалыс заңдары сияқты көптеген ғылыми қағидалар мен тұжырымдамалар алгебралық теңдеу түрінде ұсынылуы мүмкін, мысалы, V = IRиF = ma.

Модуль үйренушілерге теңдеулермен жұмыс істеуге және қажет болғанда оларды орынды пайдалануға көмектеседі. Мысалы, тоқ (I) пен кернеудің (R) мәні берілгенде кернеудің мәнін табу үшін Ом заңын пайдалану кезінде.

Белгіленген V және R мәндері теңдеудің өзгертілуін талап еткенде, I мәнін табу аса маңызды.

Техникалық мәселелердің басқа аспектісі бір теңдеудің екіншісіне қатысты түрленуінде. Мысалы, егер кернеу өзгерсе, тізбектегі тоқпен не болады; уақыты жеткенде жылжитын объектінің қашықтығы қалай өзгереді? Бұл міндеттерді мыналар арқылы жиі көзбен шолуға болады: біріншіден, өзара байланыс диаграммасын құру және т.б., мәселенің шешімін тапқаннан кейін диаграмманы түсіндіру. Модуль графиктерді салу және оларды сызықтық және сызықтық емес міндеттерді шешу үшін пайдалану туралы түсінік береді.

Инженерлер үшін маңызды құралдардың бірі өлшеу болып табылады, себебі олардан дұрыс және құрамдас қатты денелердің көлемімен бірге дұрыс және құрамдас пішіндердің салаларын анықтау талап етіледі, мысалы, белгілі бір жобаларға қажетті материалдың залал құнын және санын есептеу кезінде.

Ақырында, осы модульде инженерге есептерді шешу кезінде көмектесетін тағы бір мықты құрал - тригонометрия қамтылады, мысалы, күшті ыдырату.

Оқыту нәтижелері

Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:



  1. Техникалық мәселелерді шешу үшін арифметикалық, алгебралық және графикалық тәсілдерді пайдалана алуы тиіс.

  2. Техникалық есептерді шешу үшін өлшем мен тригонометрияны пайдалана алуы тиіс.

Модуль мазмұны

1. Техникалық мәселелерді шешу үшін арифметикалық, алгебралық және графикалық тәсілдерді пайдалана алу.

Арифметикалық тәсілдер: бүтін және ондық сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу; арақатынас, мысалы, карталар мен схемалардың масштабы; пропорциялары, мысалы, арақатынас/деформация; процентаж, мысалы, амперметрдің/вольтметрдің санау дәлдігі; жақшаларды пайдалану ережесі, тәртібі, бөлу, көбейту, қосу, азайту (СПДУСВ); сан түбірі және сан көрсеткіштері; сан формуласы, стандартты үлгілерді пайдалану және сандарды экспоненциалдық көрсету

5.6 x 10 5, 12 x 103W және 12кВ; сандық есептердің жауаптары цифрларды, ондық разрядтарды білдіретін орынды, жақын көріністер болып табылады.

Алгебралық тәсілдер: жақшалардағы мүшелерді, түбірлер мен қуатты қоса алғанда, жай теңдеулерді өзгерту және бағалау, мысалы, V = IR, P = VI, pV = c, v = u + at, s = ½(u + v)t, P = I2R; жікті формулалар, мысалы, s = ut + ½at2,v2 = u2 + 2as, V=V0 Sin2π ft, Xc = 1/2πfC; құрамдастырылған формулалар, мысалы, ½mv2 = mgh табу v, ½QV = ½CV2 табу V

Графикалық тәсілдер: сызықтық тәуелділік графиктері. мысалы, еңісті анықтау, қиысу, жүріп өткен қашықтық, сызықтық жылдамдату, орындалған жұмыс; жоспар және сызықтық емес тәуелділікті пайдалану, мысалы, кері арақатынастар, көрнекі заң бойынша өсім және ыдыраушылық; негізгі қағидалар (соның ішінде, масштабтар, осьтер, сызықтық графалар, белгіленген ақпарат бойынша қисық салу және сызу).
2. Техникалық есептерді шешу үшін өлшем мен тригонометрияны пайдалану

Аудан: дұрыс пішіндердің ауданы, мысалы, шаршылар, үшбұрыштар, шеңберлер, құрамдастырылған пішіндердің ауданы, L-пішіндер, паралелограммалар.

Көлем: стандартты қатты денелер, мысалы, дұрыс тікбұрышты призмалар, цилиндрлер, конустар, сфералар; құрамдас қатты денелер, қиық призмалар, сфералық ұштары бар цилиндрлер.

Тригонометрия: Пифагор теоремасы; сүйір бұрыштардың арақатынасы; синус, косинус, жанама; Sinθ/Cosθ = Tan тікбұрышты үшбұрыштармен есептерді шешу үшін арақатынас, күрделі тұстағы немесе көлемдегі үшбұрыштар; жікті пішіндер, мысалы, құрамдастырылған тікбұрыш, тікбұрыш немесе пирамида; белгісіз шамаларды есептеп шығару үшін тригонометрияны пайдалану


Бағалау және бағалау өлшемі

Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.



Бағалау және бағалау өлшемі

Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

П1 жауаптардың дұрыс болып табылатынына кепілдік бере отырып, екі техникалық мәселені бағалау үшін арифметикалық тәсілдерді пайдалану
[IE4]

Х1 күрделі формулаларды өзгерту және бағалау

О1 құрама формуланы өзгерту және бағалау

П 2 жай формуланы өзгерту және бағалау үшін алгебралық тәсілдерді пайдалану

[IE4]


Х2 қажетті мәліметтерді анықтау және екі жікті пішіндердің ауданын анықтау

О2 электрондық калькуляторларды пайдалана отырып, жікті пішіндерді есептеу


П3 белгіленген мәліметтер бойынша сызықтық және сызықтық емес тәуелділіктер үшін график сызу

Х3 қажетті мәліметтерді белгілеу және екі күрделі, қатты денелердің көлемін анықтау




П4 белгіленген мәліметтер бойынша екі дұрыс пішіндердің ауданын анықтау

Х4 күрделі пішіндермен есептерді шешу үшін тригонометрияны пайдалану




П5 белгіленген мәліметтер бойынша екі дұрыс, қатты денелердің көлемін анықтау [IE4]







П6 тікбұрышты ұшбұрыштармен есептерді шешу, Пифагор теоремасын, косинус, синус және тангенс функцияларын пайдалана отырып, жақтардың бұрыштары мен ұзындығын есептеп шығару







ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.


Белгілер

ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер

ШТ – шығармашылық тұлғалар



ОҮ – ойланатын үйренушілер

КҚ – командалық қызметкерлер



ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар

ТҚ – тиімді қатысушылар



Модуль: Инженерлерге арналған қолданбалы электротехника және машина жасау

Мақсаты және міндеті

Бұл модуль үйренушілерге электротехникамен және машина жасаумен байланысты ғылыми тұжырымдамаларды және қағидаларды зерттеуге мүмкіндік береді.


Модульге кіріспе

Бұл модуль үйренушілерге электротехника мен машина жасаудың заряд, тоқ, кернеу, кедергі және қуат; масса, салмақ, күш, тығыздық, жылдамдық және үдеткіш сияқты көптеген бірліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Осы бірліктердің анықтамасы түсіндіріледі, ал олардың математикалық арақатынасы зерттеледі. Осы математикалық арақатынастар эксперименттік зерттелуі мүмкін және үйренушілер экспериментте жіберілген болмашы қателіктің және басқа факторлардың нақты және болжалды мәндердің арасындағы айырмашылыққа әкелетінін эксперименттеп, көрсете алады. Қабілетті инженер – бұл әртүрлі жағдайларда рұқсат етілетін қателердің деңгейін білетін инженер.

Модуль электр және магнит тізбектері шегінде тұрақты электр тоғының және магнит өрістерінің параметрлерін зерттеуді қамтиды. Үйренушілер статикалық және динамикалық қозғалысты қоса алғанда, статикалық және динамикалық жүйелердің анықтамалары мен параметрлерін, сондай-ақ флюидтердің қасиеттері мен жүріс-тұрысын зерттейді.

Мазмұны теория негізінде жеткізу тәсіліне жарайтынына қарамастан, экспериментті қарау саласы және оқыту нәтижесінің белгілі бір элементтері үшін тәжірибелік тәсіл бар.

Бұл модуль жіктеу аясында және қалған деңгейлер бойынша жылжыту үшін қалған модульдердің барлық кезеңінде пайдаланылатын негізгі білім береді.


Оқыту нәтижелері

Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:



  1. Электр туралы ғылымға қатысты тұжырымдамалар мен қағидаларды анықтап, қолдана алуы тиіс.

  2. Механикаға қатысты тұжырымдамалар мен қағидаларды анықтап, қолдана алуы тиіс.


Модуль мазмұны

1. Электр туралы ғылымға қатысты тұжырымдамалар мен қағидаларды анықтай алу және қолдана білу.

Тұрақты тоқ параметрлерін анықтау: элктр заряды; электр тоғы; электр қозғаушы күш; электр кедергі; электр қуаты.

Магнит өрістерінің параметрлерін анықтау: магнит өрістері; магнит ағыны және ағын тығыздығы.

Электр тізбегіндені тұрақты тоқ: тізбектегі белгілер; Ом заңы; әлеуеттердің айырмашылығы; тоқ; жүйелі кедергі және паралель тізбек желілері; магнит тізбектерін есептеуге арналған деректер: тоғы бар өткізгішке әсер ету күші; электрмагниттік шарғыларды құру, олардың функциясы және пайдалану, мысалы, реле, тұйықтаушы, соленойдтар, қадағалар, моторлар, трансформаторлар; есептеу деректері.


2 Механикаға қатысты тұжырымдамалар мен қағидаларды анықтай алу және қолдана білу.

Статикалық және динамикалық жүйелердің параметрлерін анықтау: масса; салмақ; күш; күш сәті; тығыздық; салыстырмалы тығыздық; жылжу; жылдамдық; үдеткіш; жұмыс; қуат

Статика: статикалық тепе-теңдік шарттары, паралелограмм, күш үшбұрышы және көпбұрышы; момент қағидасы; кинетикалық үйкеліс коэффицентін шектеуші; қозғалыс кезінде үйкеуге кедергі; нәтижелерді анықтауға арналған мәліметтер; теңестірілген күштер және реакциялар.

Сызықтық қозғалыс: орын ауыстыру; жылдамдық; үдеткіш; тегіс қозғалыс формуласы және іркілістер; уақытпен жылжудың графикалық бейнесі, жылдамдық бойынша және уақытпен; атқарылған жұмыс; әлсіздендірілген қуат; тездетуді/баяулатуды анықтау деректері. Флюидтердің қасиеттері мен жүріс-тұрысы: абсолюттік және салыстырмалы қысым; флюидтің тереңдігіндегі қысым; қысымды анықтауға арналған деректер.


Бағалау және бағалау өлшемі

Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.



Бағалау және бағалау өлшемі

Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

П1 тұрақты электр тоғының және магнит өрістерінің параметрлерін анықтау


Х1 белгіленген мәліметтер бойынша магнит өрісінде орналасқан тоғы бар өткізгішке әсер ету күшін анықтау

О 1 электрмагниттік шарғының құрылымын, функциясын және қолданылуын түсіндіру


П2 жалпы кедергіні, әлеуеттердің айырмасын және жүйелі тоқты және белгіленген деректер бойынша параллель тізбектерді анықтау [IE3, IE4]

Х2 дененің қозғалмайтын тепе-теңдігіне қажетті шарттарды сипаттау

О 2 тұрақты жылдамдық кезінде көлденең жазық бойымен жылжитын белгіленген массаның денесіндегі атқарылған жұмысты және әлсіздендірілген күшті анықтау, жанасу беттерінің арасындағы кинетикалық үйкелістің белгіленген коэффициент шамасы

P3 механикалық жүйелердің статикалық, динамикалық параметрлерін анықтау







P4 белгіленген деректер бойынша копланнарлық күш жүйелерінің жиынтық шамасы мен теңдестіруші күшін анықтау [IE3, IE4]







P5 белгіленген деректер бойынша денені біркелкі тездетуді/баяулатуды анықтау [IE3, IE4]







P6 белгіленген деректер бойынша флюидтің тереңдігіндегі қысымды анықтау

[IE3, IE4]









ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.

Белгілер

ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер

ШТ – шығармашылық тұлғалар



ОҮ – ойланатын үйренушілер

КҚ – командалық қызметкерлер



ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар

ТҚ – тиімді қатысушылар



Модуль: Инженер-техниктерге арналған математика
Мақсаты және міндеті

Бұл модуль үйренушілерге математикалық дағдылар үшін берік негіз береді. Бұл дағдылар оларға біліктілік аясында көптеген басқа модульдерді сәтті аяқтауға көмектеседі.



Модульге кіріспе

Инженерлердің негізгі міндеттерінің бірі мәселелерді жылдам әрі тиімді шешу болып табылады. Бұл модуль үйренушілерге математикалық, ғылыми және жиынтық техникалық есептерді техникалық деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол біліктілік аясында басқа модульдерді зерттеуде ілгерілеу үшін негіз ретінде жұмыс істейді, мысалы, 28-модуль сияқты: инженер-техниктерге арналған жоғары математика, сондай-ақ BTEC Жоғары ұлттық дипломы деңгейінде.

Бұл модуль үйренушілерге Орта мектепті аяқтау туралы аттестатқа және BTEC алғашқы дипломы деңгейіне сәйкес алынған білімнен итерілуге және оларды таңдалған пән бойынша аса тәжірибелі контексте пайдалануға мүмкіндік береді. Алғашқы оқыту нәтижесі инженериядағы көрсеткіштердің пайдаланылуын қарастырудан бастап шаршы теңдеулерді шешу үшін алгебралық формулаларды пайдалануға дейін алгебралық тәсілдердің дағдылары мен түсінігін дамытады. Екінші оқыту нәтижесі бұрышты өлшеудің басқа тәсілі сияқты радианды енгізуді, тригонометриялық функцияның тәртібін және жазықтың ауданын және дұрыс геометриялық денелердің көлемін табу үшін стандартты формуланы пайдалануды қамтиды. Үшінші оқыту нәтижесі үйренушілерден статистикалық деректерді түрлі әдістермен ұсынуды және орташа мәнді, мода мен медиананы есептеуді талап етеді. Ақырында, төртінші оқыту нәтижесі бастауыш есептеу арифметикасына кіріспе курсы ретінде ойластырылған.

Оқыту нәтижелері

Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:



  1. Алгебралық тәсілдерді пайдалана алуы тиіс.

  2. Аудан мен көлемді анықтау бойынша тригонометриялық тәсілдерді және стандартты формуланы пайдалана алуы тиіс.

  3. Деректерді бейнелеу үшін статикалық тәсілдерді пайдалана алуы тиіс.

  4. Бастауыш есептеу техникаларымен пайдалана алуы тиіс.

Модуль мазмұны

1. Алгебралық тәсілдерді пайдалана алу.

Көрсеткіштер және логарифмдер: дәреже көрсеткіштерінің қасиеттері (x = ,  = логарифм заңдары (log A + log B = log AB, log An = n log A, log A – log B = log A/B) мысалы, ондық лографимдер (негіз 10), дағдылы логарифмдер (негіз e), экспоненттік өсу және төмендеу

Сызықтық теңдеулер және сызықтық графалар: сызықтық теңдеулер eg y = mx + c; сызықтық графалар (белгіленген декарт осьтерінің жұбымен координаттар, оң немесе теріс градинет, қиысу, түзу сызықтың бөлігі); эксперементтік деректер, мысалы, Ом заңы, екі белгісіздігі бар ортақ сызықтық теңдеулердің жұбы.

Көбейткіштер мен шаршы теңдеулерге жіктеу: жақшадағы көпше формулалар, сандарға, таңбаларға немесе жақшадағы басқа теңдеуге жіктеу; ортақ көпшені алу арқылы, eg ax + ay, a(x + 2) + b(x +2); топтастыру арқылы, мысалы, ax – ay + bx – by; шаршы теңдеулерге, мысалы, a2 + 2ab + b2; теңдеулер түбіріне, мысалы, көбейткіштерге жіктелген нақты түбірлері бар шаршы теңдеулер, формуланы пайдалану арқылы.
2. Аудан мен көлемді анықтау бойынша тригонометриялық тәсілдерді және стандартты формуланы пайдалана алу.

Бұрыш өлшемі: радиан; радианға бұрыштың градус өлшемі және керісінше; бұру бұрышы (бұру және π радиан бұрышы); радианда өлшенген аудандармен және бұрыштармен байланысты есептер; шеңбер доғаның ұзындығы (s = rθ); телім ауданы (A = ½ r2θ)

Үшбұрышты өлшеу: функциялар (синус, косинус және тангенс); бір толық цикл бойынша синусоид/косинусоид; A тангенс графасы, A ретінде, 0°-ден 360° дейін түрленетін (tanA = sin A/cos A); 0° және 360° аралығындағы бұрыштар үшін тригонометриялық функциялардың мәні; тригонометриялық функциялардың периодтық қасиеттері; синус және косунус ережесі; тәжірибелік есептер, мысалы, екі ауыспалы тоқтың вектор сомасын есептеу, веторлық диаграмма үшін күштерді жіктеу

Өлшеу: қатты дене бетінің және көлемінің ауданын табуға арналған стандартты формула, мысалы, цилиндр көлемі = π r2 h, цилиндр бетінің жалпы ауданы = 2π rh + 2π r2, сфераның көлемі = 4/3 π r3, сфера бетінің ауданы = 4 πr2, конус көлемі = 1/ 3 π r2 h, конустың қисық бетінің ауданы = π r x қиғаш биіктігі


жүктеу 3,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау