4. ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Модуль: Инженер мамандығы бойынша қызметкерлердің жұмыс орнында денсаулығы мен еңбегін қорғау
Мақсаты және міндеті
Бұл модуль үйренушілерге денсаулық пен еңбекті қорғау туралы нормалар мен заңдардың негізгі сипаттамаларына және олардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін инженерияда қолданылуына түсінік береді.
Модульге кіріспе
Кез келген өндірістік немесе инженерлік ортада жұмыс істейтін немесе болатын адамдардың хал-жайы өте маңызды болып табылады. Денсаулық пен хал-жайға жағымсыз әсер етпеу үшін, барлық жұмыскерлерден өз жұмыстарын қауіпсіз орындау күтіледі. Шын мәнісінде, көптеген ұйымдар тәуекелдерді төмендетіп, жұмыс орнын жақсартып қана қоймай, өз жұмыс ортасын басқалар үшін барынша жақсартуға тырысып, жаңа қызметкерді қабылдау кезінде мұны өзінің бәсекелі артықшылығы етеді.
Жұмыс орнында еңбек пен денсаулықты қорғау – бұл жұмыс қызметінен зардап шегуі ықтимал қызметкерлердің, келушілер мен басқа да тұлғалар тобының денсаулығы мен еңбегін қорғауға әзірленген шаралар.
Денсаулық пен еңбекті қорғау көбінесе заңдармен және ережелермен бақыланады, ал заңдар қайта қаралып, үнемі жаңартылып отырады. Осы ұйымдардың өзгерістер туралы білуі және жаңартуларға қатысты өз хабардарлық деңгейлерін қолдауы маңызды болып табылады.
Осы модуль үйренушілерге техника бар жұмыс орнында денсаулыққа, қауіпсіздік пен хал-жайына байланысты қауіптілік пен тәуекелдер, сондай-ақ олармен байланысты заңдар мен нормалар туралы түсінік береді, құқықтық міндеттемелерге сәйкесу рөлдерімен таныстырады. Үйренушілерден жұмыс орнында тап болатын тәуекелдерге баға беру және олардың маңыздылығын бағалау, сондай-ақ олармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын шаралар талап етіледі. Мұнымен қоса, үйренушілер заңдылық контекстінде есептілік қағидаларын, сондай-ақ жазатайым жағдайлар, оқиғалар туралы жазбаларды зерттейді.
Осы модуль көптеген үйретуші бағдарламалар аясында негізгі құрамдас бөлікті құрауы мүмкін, себебі бұл құрамдас бөлік көптеген өнеркәсіптік, өндірістік және инженерлік жағдайларда жоғары бағаланады.
Оқыту нәтижелері
Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:
Денсаулық пен еңбекті қорғау бойынша заңдар мен нормалардың негізгі сипаттамаларын түсінуі тиіс.
Жұмыс орнында қауіпті жағдайларды анықтап, бақылай алуы тиіс.
Бақылау шараларын белгілей отырып, тәуекелдерді бағалай алуы тиіс.
Жазатайым жағдайлар мен оқиғаларды тіркеу және олар туралы есептер жасау кезінде қолданылған тәсілдерді түсінуі тиіс.
Модуль мазмұны
1. Денсаулық пен еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен нормалардың негізгі сипаттамаларын түсіну
Заңдар мен нормалардың негізгі сипаттамалары: заңнама, мысалы, 1974 ж. Еңбек пен денсаулық туралы заң, 2002 ж. Жұмысқа орналастыру туралы заң, 1961 ж. Өндірістегі қауіпсіздік туралы заң, 1971 ж. Өртке қарсы қорғаныс туралы заң; нормалар, мысалы, Жұмыспен қамту саласындағы теңдік туралы заң (Жасы) 2006 ж. нормалар, 1999 ж. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, 1998 ж. Жұмыс жабдығын пайдалану жөніндегі ереже және нұсқаулық (ЖЖПЕН), 2002 ж. Денсаулыққа қауіпті заттарды бақылау нормалары (ДҚЗБН), 1998 ж. Көтеру жұмыстары және көтергіш жабдық жөніндегі нормалар, 1992 ж. Қолмен өңдеу ережесі, 1992 ж. Жұмыста қорғау құралдары жөніндегі нормалар, 1997 ж. Шектеулі кеңістікке қатысты нормалар, 1989 ж. Жұмыс орнында электр энергиясын пайдалану бойынша нормалар, 2005 ж. Жұмыс орнында шуылды бақылау бойынша нормалар, 1995 ж. Жарақаттар, аурулар және қауіпті жағдайлар туралы есеп нормалары (ЖАҚЖЕН), 1998 ж. Жұмыс күнінің ұзақтығы туралы ереже, 1992 ж. Жұмыс орны бойынша нормалар (Денсаулық, Қауіпсіздік және әлеуметтік қамтамасыз ету), 1981 ж. Денсаулық пен еңбекті қорғау нормалары (Алғашқы көмек), 2005 ж. Машиналарды жеткізу бойынша нормалар (Қауіпсіздік) (Түзету) (SI 2005/831) Тартылған тұлғалардың рөлі және жауапкершілігі: қызметкерлер; Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитет (ДҚК), мысалы, өкілеттік ауқымы, тексеру жүргізу құқығы, әдістемелік ұсыныстар және буклеттер; басқасы, мысалы, менеджмент, қосалқы мердігерлер, жұртшылық, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, келушілер.
2. Жұмыс орнында қауіпті жағдайларды анықтай алу және бақылай білу
Жұмыс орнында: қауіптілікті анықтау тәсілдері, мысалы, актілер, маңызды тәуекелдерді талдау, осы тәуекелдердің нәтижелерін немесе салдарын болжау, апаттар туралы мәліметтерді пайдалану, жұмыс тәсілдерін мұқият қарау.
Жұмыс ортасы: жұмыс орнын және оның әлеуетті қауіптерін зерттеу, мысалы, тұйық кеңістіктер, су бетінде немесе биіктікте жұмыс істеу, электр тоғымен зақымдану қауіптілігі, химикаттар, шуыл
Тәуекелдерге айналатын қауіптіліктер: анық немесе маңызды тәуекелдерді анықтау; залал келтіру мүмкіндігі; дұрыс бақылау шараларын таңдау; электр қауіпсіздігі, мысалы, қауіптілікті, жарақат себептерін анықтау және бақылау, денеге электр әсері, желінің шамадан артық жүктелуі; механикалық қауіпсіздік, мысалы, қауіптілікті, жарақат себептерін, айналма жабдығын, сүйір бұрыштарды анықтау және бақылау; қауіпсіздік құрылғылары, мысалы, дифференциал қорғау құрылғысы (ДҚҚ), қорытпа, қорғау, апат кезінде қауіпсіздік, қадағалар.
3. Бақылау шараларын белгілей отырып, тәуекелдерді бағалай алу
Тәуекелдерді бағалау: бағалауға қажетті заттар/салалар, мысалы, машинаның жұмысы, жұмыс саласы; бес қадам (зардап шектіруі/залал тартқызуы мүмкін негізгі қауіп-қатерлер, тәуекелдерді бағалау және сақтық сенімділігін анықтау, мәліметтерді тіркеу, бағаларды талдау)
Бақылау шараларын қолдану: мысалы, қажеттіліктің күшін жою (жобаның ерекшелігі), танылған рәсімдерді пайдалану, заттарды бақылау, қорғау құрылғысы, көтеру процесін бағалау және қолмен өңдеуді бағалау, тұрақты тексеріп қарау, жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану, қызметкерлерді оқыту, денсаулыққа, қауіпсіздік пен хал-жайға қатысты басқа жеке рәсімдер.
4. Жазатайым жағдайлар мен оқиғаларды тіркеу және есеп кезінде пайдаланылатын тәсілдерді түсіну.
Қағидалар: жұмыс берушілердің елеулі оқиғалардың, жазатайым жағдайлар мен апат оқиғалардың жазбаларын сақтау себебі; құзыретті тұлғалардың жауапкершілігі; апаттық залалдар, мысалы, адамдар үшін тікелей, жанама салдарлар; трендтер, мысалы, негізгі себеп-салдар, тойтарылмас немесе күрделі зақымдар, жіктеу тәсілдері, статистика.
Тіркеу рәсімі және есептілік: жазатайым жағдайларды тіркеу нормалары, тіркеу және есептілік, мысалы, 1995 ж. Жарақаттар, аурулар және жазатайым жағдайлар туралы есеп нормалары (ЖАЖЖЕН), жазатайым жағдайларды, компанияның рәсімдерін, компанияның рәсімін тіркеуге арналған журнал; қауіпті жағдайлар, оқиғалар және оқиғалармен шектес жағдайлар туралы есептілік тәртібімен жұмыс істеу рәсімдері.
Бағалау және бағалау өлшемі
Осы модульді аяқтау үшін, үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.
Бағалау өлшемі
|
Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
П1 денсаулық пен еңбекті қорғау жөніндегі тиісті нормалардың негізгі сипаттамаларын, олардың екі таңдалған немесе белгіленген инженерлік ұйымдарда қолданылуын түсіндіру
[IE4]
|
Х1 нормалар мен заңдарды сақтамау кезінде басқару реттілігін түсіндіру, өз рөлін орындау және еңбек пен денсаулықты қорғау бойынша белгіленген жағдайда жауапкершілік көтеру
|
О1 жұмыс орындарында жұмыс ережелеріне және заңнама талаптарына сәйкес, қауіп-қатерлермен жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын тәсілдерді түсіндіру
|
П2 денсаулық пен еңбекті, тартылған тұлғаларды қорғауға қатысты заңнама кезінде рөл мен жауапкершілікті сипаттау
|
Х2 барлық бағалау бөліктерін жүргізу тәуекелдерінің маңыздылығын тиісінше түсіндіру
|
О2 белгіленген мәліметтер бойынша жұмыс орнында апат құнын анықтау
|
П3 жұмыс ортасында қауіптілікті анықтауға пайдаланылатын тәсілдерді сипаттау
|
Х3 жазатайым жағдайларды болдырмауға қолданылатын шаралардың қалай бақыланатынын түсіндіру
|
|
П4 тәуекелдерге айналған қауіп-қатерлерді қалай бақылауға болатынын сипаттау
|
|
|
П5 стандартты объект/жұмыс ортасының саласы бойынша тәуекелдерді бағалау
[SM2]
|
|
|
П6 тәуекелдерді бағалаудан кейін қолайлы бақылау шараларын ұсыну және олардың қолайлы болу себептерін тұжырымдау
[CT1, EP4]
|
|
|
P7 жазатайым жағдайлар мен оқиғалардың есептілігін және тіркеуді қолдайтын қағидаларды түсіндіру
|
|
|
P8 жазатайым жағдайларды, қауіпті оқиғаларды немесе оқиғалармен шектес жағдайларды жазу және есеп үшін қолданылатын рәсімдерді сипаттау
|
|
|
ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.
Белгілер
|
ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер
ШТ – шығармашылық тұлғалар
|
ОҮ – ойланатын үйренушілер
КҚ – командалық қызметкерлер
|
ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар
ТҚ – тиімді қатысушылар
|
Модуль: Инженер-техниктерге арналған коммуникация
Мақсаты және міндеті
Бұл модуль үйренушілерге инженерияда пайдаланылатын бірқатар коммуникация тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер визуалдық тұсаукесерлерді, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын, ақпарат алуды және пайдалануды, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануды қамтиды.
Модульге кіріспе
Тиімді коммуникация жасау қабілеті барлық өмір аспектілерінде маңызды дағды болып табылады. Күнделікті коммуникация тәсілдері - сөйлеу, оқу және жазу – барлық оқыту кезеңдерінде үлкен назарға, көп оқыту уақытына ие болады. Инженерлер үшін осы дағдылар аса маңызды емес, бірақ болашақта кесте, теория және жұмыс стандарттары сияқты техникалық ақпаратты жеткізу қажеттілігімен байланысты қиындықтар туындайды.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) көп пайдалануға қарай жылжу қазіргі өмірдің үлкен бөлігі, сондай-ақ инженерия ісі болып табылады. Инженерлік индустрия қағазсыз коммуникация тәсілдерінің бағытында бастапқы жұмыс желісінде тұрады, мысалы, мәліметтерді тұжырымдаманың әзірлеушісінен бастап өндіріс нүктесіне дейін электрондық жеткізу.
Осы модуль одан әрі оқуға негіз болатынына қосымша бірқатар инженерлік пәндер бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді (мысалы, өндіріс, техникалық қызмет көрсету, коммуникациялық технологиялар). Оның мақсаты әр алуан бірқатар тәсілдерді пайдалана отырып, үйренушілердің қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту болып табылады. Бұған суреттемелер мен сызбалар сияқты визуалдық тәсілдер, автоматтандырылған жобалаудың екі өлшемді (2D) жүйесі (АЖЖ) сияқты компьютерлік тәсілдер және бағдарламалардың графикалық суреттеу пакеттері кіреді. Сондай-ақ ол технологиялар негізіндегі тапсырмалар аясында тапсырмаға және тыңдаушыларға лайықты және нақты техникалық тілді пайдалана отырып, үйренушілердің жазу мен сөйлеу қабілетін дамытады.
Мұнымен қоса, модуль үйренушілерді ақпарат алу мен пайдаланудың әр алуан дағдыларымен және техникаларымен таныстырады, мысалы, техникалық есептерді, іскерлік және техникалық мәліметтерді ұсыну және тұсаукесерге арналған көрнекті құралды пайдалану. Үйренушілер өздерінің оқыту бағдарламасына немесе жұмысқа орналастыру саласына жататын техникалық қондырғылар аясында АКТ барынша жақсы пайдалану әдістерін қарастырады.
Оқыту нәтижелері
Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:
Техникалық ақпаратты жіберу үшін инженерлік схемаларды/тізбектерді/электрондық кесте редакторларын түсіндіріп, пайдалана алуы тиіс
Инженерлік ортада ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын пайдалана алуы тиіс
Техникалық ақпаратты алып, пайдалана алуы тиіс
Ақпаратты инженерлік ортаға ұсыну үшін ақпарат пен коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана алуы тиіс.
Модуль мазмұны
1. Техникалық ақпаратты жіберу үшін инженерлік схемаларды/тізбектерді/электрондық кесте редакторларын түсіндіре білу және пайдалана алу
Түсіндіру: ақпарат алу және сипаттамаларды сипаттау, мысалы, құрамдас бөліктің сипаттамалары, мөлшері және шектері, бетін өңдеу; өндірушіні/құрастыруды/процесті анықтау, нұсқаулар, мысалы, табақтарды кесу, құрастыруды жүйелеу, орнату схемасы/технологиялық карта немесе жұмыс рәсімдері, электр/электрондық/коммуникациялық схемаларға қойылатын талаптар; жазбаша немесе ауызша қарым-қатынасты түсінуде көмек ретінде қолданылатын графикалық ақпарат, мысалы, суреттемелер, техникалық диаграммалар, нобайлар.
Желінің инженерлік нобайлары/тізбектері/схемалары: 2D және 3D техниканы пайдалана отырып, инженерлік схемалардың қолдан жасалған нобайлары, мысалы, құрамдас бөліктер, машина жасау зауыты немесе жабдықтың жоспары, жобалар немесе қондырғылар; жабдықтың электр/электрондық схемалары, жүйенің/желінің схемалары; графиктерді/схемаларды/желінің схемаларын, нормалар мен стандарттарды пайдалану, мысалы, орналасу схемалары және тұсаукесерлер, сызық түрлері, сызықпен түрлеу, мөлшерлер мен шектер, өңделген беті, таңбалар, табақ бөліктері, тізбектердің/құрамдас бөліктердің белгіленуі, тиісті стандарттарды пайдалану (Халықаралық (ISO))
2. Инженерлік ортада ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын пайдалана білу
Жазбаша жұмыс: конспектілеу, мысалы, каталогтарды, ассоциограмаларды/функционалдық диаграммаларды құру; жазу стилі, мысалы, іскерлік жазу, баяндау хаттарын жасау, есеп стильдері және олардың форматы, емейл, факс; корректураны оқу және мәтінді түзету; жұмыс кестелерін жоспарлау мен ранжирлеуге арналған күнделікті/тіркеу журналын пайдалану; графикалық ұсыныстар техникасы, мысалы, графикалар, диаграммалар және схемалар.
Ауызша тәсілдер: сөйлеу, мысалы, әріптестермен, супервайзерлермен, тиісті техникалық тілді, мінез-құлықты пайдалану; тыңдау, мысалы, мәнін түсіндіру үшін өзгертіп айту және конспектілеу; ауызша коммуникацияда дене тілінің әсері және оны пайдалану.
3. Техникалық ақпаратты алу және пайдалана білу
(Ақпараттық ресурстар: компьютерлік ресурстар емес, мысалы, кітаптар, техникалық есептер, дәрістер және дәстүрлі журналдар, техникалық сипаттамалар және тест/тәжірибе нәтижелері бар деректер, өндірушілердің каталогтары; компьютерлік ресурстар, мысалы, Интернет/Интранет, CDROM негізінде ақпарат (нұсқаулықтар, мәліметтер, талдамалы бағдарламалық қамтамасыз ету, өндірушілердің каталогтары), толық кестелер, мәліметтер базасы.
Ақпаратты пайдалану: мысалы, техникалық міндеттерді шешу үшін, өнімді/қызметтерді/талқылау мәнін іздеу үшін, өз жұмысын қолдау үшін мәліметтер немесе материалдар жинау, өз жұмысының/мәліметтердің негізділігін тексеру.
4. Ақпаратты инженерлік ортаға ұсыну үшін ақпарат пен коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана білу.
Бағдарламалық кешендер: мәтінді өңдеу; сызбалар, мысалы, 2D АЖЖ, бағдарламалардың графикалық пакеті; мәліметтерді өңдеу және құжаттарды ресімдеу, мысалы, мәліметтер базасын, жиынтық кестелерді, тұсаукесерлерді орау, электр/электрондық тізбектер, орнату жүйелері/технологиялық жүйелер сияқты үлгілеу бағдарламаларының пакеті; коммуникациялар, мысалы, емейл, факс, Интернет/Интранет, бейнеконференциялар, оптикалық айырып тану жүйесі және сөзді айырып тану жүйесі.
Аппараттық құрылғылар: компьютерлік жүйе, мысалы, дербес компьютер, желі, қондырғыны бақылау жүйесі/технологиялық басқару жүйесі; енгізу/шығару құрылғылары, мысалы, сканнер, пернетақта, сөзді айырып тану құрылғылары, оптикалық айырып тану құрылғылары, принтер, плоттер
Ақпаратты ұсыну: жазбаша және техникалық ақпаратты қамтитын есеп, мысалы, хаттар, жазбалар, өнімнің/қызметтің техникалық сипаттамалары, мәліметтерді сынау кестесіне енгізілген факс/емейл, графикалық мәліметтер; визуалдық ұсыну, мысалы, кодоскоптар, графиктер, компьютерлік тұсаукесерлер (PowerPoint)
Бағалау және бағалау өлшемі
Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.
Бағалау өлшемі
|
Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:
|
П1 инженерлік схеманы/тізбекті/желілік диаграмманы түсіндіру
|
Х1 жазбаша коммуникация тәсілін бағалау және оларды жақсартуға болатын әдістерді анықтау
|
О1 коммуникация мен себеп-салдардың арнайы тәсілін таңдауын, ықтимал баламалардың қолданылмау себебін түсіндіру
|
П2 инженерлік схеманы/тізбекті/желілік диаграмманы құру
[CT1]
|
Х2 техникалық тапсырманы шешу және кейбір ресурстарды қолдану, ал қалғанын қабылдамау себептерін түсіндіру үшін алынған ақпарат көздерін талдау
|
О2 АКТ тұсаукесері тәсілінің пайдаланылуын бағалау және баламалы тәсілді белгілеу
|
П3 инженерлік схемада/тізбекте/желілік диаграммада тиісті стандарттарды, таңбалар мен шартты белгілерді пайдалану
|
Х3 ақпаратты дайындау және ұсыну үшін АКТ бағдарламалары пакетінің және оның құралдарының тиімділігін бағалау
|
|
П4 жазбаша жұмыста ақпаратты тиімді жеткізу
|
|
|
П5 ауызша тәсілдерді пайдалана отырып, ақпаратты тиімді жеткізу
|
|
|
П6 техникалық есептерді шешу үшін тиісті ақпарат көздерін пайдалану [IE4]
|
|
|
P7 ақпаратты ұсыну үшін АКТ бағдарламалары пакетін және аппараттық құрылғыларды пайдалану
|
|
|
ЖООД: бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдыларының элементтері өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.
Кілт
|
ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер
ШТ – шығармашылық тұлғалар
|
ОҮ – ойланатын үйренушілер
КҚ – командалық қызметкерлер
|
ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар
ТҚ – тиімді қатысушылар
|
Модуль: Инженерлік жоба
Мақсаты және міндеті
Бұл модульдің мақсаты үйренушілерге инженерлік жобаны анықтауға, жоспарлау мен енгізуге және оның нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік беру болып табылады.
Модульге кіріспе
Қазіргі әлемде инженерлер мен техниктер мәселелерді анықтауға және қолайлы шешімдерді іздеуге толық немесе жартылай жұмылдырылған. Жазбаларды бекіту үшін осы инженерлік мәселелер гидростанцияны жобалау және салу сияқты ең ірі жобадан бастап планшет түймені жобалау және әзірлеу сияқты шағын жобаларға дейін түрленуі мүмкін. Бұл жобалардың ірі не шағын екеніне қарамастан, осы мәселелер техникалық шешімдерді іздестіру үшін жоба аясында реттелуі тиіс. Бұл модуль үйренушілерге техникалық жобалар бойынша өз шешімдерін білдіруге мүмкіндік береді және олардың таңдаған пәні бойынша жобалық жұмысты техникалық деңгейде жүргізу кезінде өзін сенімді сезінуге мүмкіндік беруі тиіс.
Модульдің мақсаты үйренушілердің өз оқыту бағдарламалары кезінде жинаған білімі мен дағдыларын инженер-техниктен күтілетін орындау түрін көрсететін ауқымды жұмыс бөлігіне ықпалдау болып табылады.
Жобаның мақсаты үйренушілердің қабілетін дамыту, әрекеттер курсын анықтау мен жоспарлау, өміршең шешімдерді құру/келісілген сипаттама және уақыт шәкілі бойынша нәтиже арқылы оны қолдану болып табылады.
Жобаның ақырғы нәтижесі инженерлік өнім, құрылғы, қызмет немесе процесс, бар процестің немесе өнімнің модификациясы болуы мүмкін. Шынайы өмірде сияқты жобаның нәтижесі және оның тұсаукесері өте маңызды болып табылады. Осыған қарамастан, бұл жоба міндетті болып табылатын технологиялық дағдыларды дамытады.
Жобаның барлық кезеңінде үйренушілер басқа біліктілік модульдерінде дамыған техникалық дағдыларды қолдануы тиіс.
Оқыту нәтижелері
Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:
Жобаны нақты анықтай алуы, рәсімдерді мақұлдауы және шешім таңдауы тиіс.
Жобаны жоспарлап, бақылай алуы тиіс
Келісілген рәсімдер аясында жобаның жоспарын орындай алу
Жобаның нәтижелерін ұсына алу.
Модуль мазмұны
1. Жобаны нақты анықтай алуы, рәсімдерді мақұлдауы және шешім таңдауы тиіс
Жобаның жазбалары: жазбаша, мысалы, жазбалар, нобайлар, сызбалар; жоспарлар және модификацияланған жоспарлар; мақсаттар (икемдеу, мониторинг); жоспарлау құралдарын пайдалану, мысалы, қағаз, электрондық тасымалдағышта, бастапқы тұжырымдамаларды тіркеу, мысалы, тізімдер, жазбалар, байланыс диаграммасы, функционалдық байланыстар, схемалар.
Бастапқы тұжырымдамалар: шектеулерді анықтау, мысалы, уақыт, залал, жүзеге асушылық, қажеттілік; шама-құны-пайда талдауы; идеяларды туындату, мысалы, топтық пікірталас, ой-талқы, байланыс диаграммасы; зерттеу техникасы; коммуникация желілері.
Сипаттама: жоба түрі, мысалы, өнім жобасы, орнату схемасы /техникалық қызмет көрсету, өндіріс тәсілдері немесе ұқсас инженерлік тақырыптар; техникалық ақпарат, мысалы, функционалдылық, сенімділік, қызмет шарттары, процестің мүмкіндіктері, қызмет ауқымы, мөлшер, сыйымдылық, залалдар, стиль, эргономика, қазіргі және болашақ трендтер; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мәселелер; тұрақты даму және қоршаған орта мәселелері; сапа стандарттары және заңнама; мерзімдер; физикалық және адам ресурстарын тарту.
Рәсімдер: рөл және жауапкершілік, мысалы, шешім қабылдау, бюджетті жоспарлау және бақылау; есеп тәсілдері; дереккөздерді орналастыру және шектеулер
Техникалар: салыстыру әдістері, мысалы, статикалық, графикалық, сапалы және қажетті ресурстар/шектеулер, процестің мүмкіндіктері, белгілі бір мақсатқа жарамдылығы; талдау, мысалы, заладар–пайда, жүзеге асушылық
Достарыңызбен бөлісу: |