|
Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуТехник электромеханикӨндірістік оқыту оқу шеберханаларында білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен жүргізіледі. Студенттер өзара байланысты жұмыстардың белгілі мөлшерін тәжірибе барысында меңгеруі тиіс.
Кәсіптік тәжірибе сәйкес ұйымдарда, жұмыс орындарында жүргізіледі, ол білімді шоғырландыруға бағытталады. «Вагондарды жөндеу слесары» біліктілігі үшін бұл тәжірибені үшінші оқу жылының екінші семестрінде өткізу ұсынылады, ол негізінен жұмысқа рұқсат берілген және талаптары анықталған орында өтуі керек. Оқу бағдарламасына сәйкес студенттерді қадағалау және нұсқау беру үшін жауапты «тәжірибелі қызметкердің» болуы қажет. Жұмыс беруші компаниялар мамандарды кәсіптік тәжірибеге қабылдаудың талаптарын негізгі пәндер бойынша орта ұпай санын ескере отырып дайындайды.
Жоғары деңгейге ауысу критерийі аттестаттауды тапсыру болып табылады (аралық және қорытынды).
Аралық аттестация оқу жылының соңында өткізіледі. Аралық емтихандар саны біліктілік деңгейіне тәуелді болады. Аралық аттестаттауды екі кезеңде өткізу ұсынылады. Бірінші бөлісі сәйкес оқу жылындағы модульдер мазмұнын көрсетеді. Екінші бөлімі сәйкес дайындық деңгейімен байланысты тапсырмаларды анықтайды (3,4 немесе 5 деңгейлер).
Аралық емтиханның сәйкес мазмұны модульдер мазмұнымен анықталады және оларды студент аталған оқу жылында оқыған болуы керек. Бұдан басқа тапсырмалар мен есептер кәсіби дайындықтың сәйкес деңгейін көрсетуі керек (3,4 немесе 5 деңгей).
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қорытынды аттестация қамтиды:
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар аттестациясы;
Кәсіби дайындықты бағалау және біліктілік беру (белгіленген және жоғары біліктілік деңгейлері үшін).
Білім беру ұйымдарындағы студенттердің қорытынды аттестациясы білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында оқу курсы қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарына білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін қорытынды аттестацияның мүмкін формалары: жалпы кәсіптік пәндер бойынша емтихан тапсыру (модуль) және кәсіптік модульдер емтиханы немесе дипломдық жобаны дайындау және қорғау, дипломдық жұмыс жазу және қорғау, арнайы пәндер бойынша қорытынды (модуль) қорытынды емтихан тапсыру.
Кәсіби дайындық деңгейін бағалау (ҚДДББ) және 3W07160501- Локомотив машинисының көмекшісі, 3W07160502 – Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі, 4S07160503 - Техник-электромеханик біліктілігін беру екі кезеңнен құралады:
1) пән бойынша теориялық тестілеу (модуль), кәсіби дайындықты анықтау;
2) біліктілік деңгейі бойынша тәжірибелік тапсырманы орындау.
Қорытынды аттестация жүргізуге оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды. Оның ішінде, ҚДДББ ұйымдастыру мен жүргізуге бір топқа 12 сағат бөлінеді (мамандыққа және оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты артық болуы мүмкін).
Факультативті сабақтар оқу жылы ішінде аптасына 4 сағаттан асырмай ұйымдастырылады және оқушылардың барлығы оқу үшін міндетті болып табылмайды.
Консультациялар әрбір оқу жылында 100 сағат мөлшерінде жоспарланады және бір оқу тобына оқыту мерзімі мен мамандыққа тәуелді болады.
Консультацияны өткізу уақыты көлемі мен формасын (топтық, жеке, жазбаша және т.б.) білім беру ұйымдары оқу жоспарын құрастыру барысында анықтайды.
«3W07160501 - Локомотив машинисының көмекшісі» біліктілігі бойынша білім беруді аяқтау формасы қорытынды аттестаттау біліктілік емтиханынан өту арқылы беріледі.
«3W07160502 – Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі» біліктілігі бойынша білім беруді аяқтау формасы қорытынды аттестаттау біліктілік емтиханынан өту арқылы беріледі.
«4S07160503 - Техник-электромеханик» біліктілігі бойынша білім беруді аяқтау формасы қорытынды аттестаттау біліктілік емтиханынан өту арқылы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|