|
Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуКМ 11 Тартқыш жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетуТехник электромеханикКМ 11 Тартқыш жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету
Мақсаты және міндеті
Осы модуль білім алушыларға тартқыш жылжымалы құрамның құрылғыларына техникалық қызмет крсету және тартуға арналған жылжымалы құрамның автоматты тежеуіштеріне техникалық қызмет көрсету мен олардың тораптарына жөндеу және монтаждық жұмыстардың, сынақтары мен пайдалануға тапсырудың негізгі тәсілдері мен әдістеріне түсінік береді.
Модульге кіріспе
Осы модуль білім алушыларға тартқыш жылжымалы құрамның құрылғыларына техникалық қызмет көрсеттмен жөндеу әрекет ету принципін және тартуға арналған жылжымалы құрамның автоматты тежеуіштерін жабдықтарын жөндеуді орындау, техникалық қызмет көрсету, сынау жұмыстарын жүргізудің құрамы туралы түсінік береді.
Білім алушылар жылжымалы құрамның тежегіш және оның құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді, аралықтарда сынау мен жөндеу жұмыстарын білуі тиіс.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Тартқыш жылжымалы құрамның құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және оның түрлерін білу.
2. Тартқыш жылжымалы құрамның құрылғыларын жөндеу жұмысы және жөндеу түрлерін орындау.
3. Тартқыш жылжымалы құрамның жөндеу уақытындағы аралық жүрістерінің нормативтерін білу.
4. Жылжымалы құрамның тежегішіне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындау.
5. Тежегіш жағдайларының жұмысын білу мен сынақтарын орындау.
Модуль мазмұны
1. Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары
Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану тәртібі. ҚР ТПҚ талаптарына сәйкес жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу тәртібі. Тораптар мен бөлшектердің болуы мен жарамдылығы және олардың ҚР ТПҚ талаптарына сәйкестігі. Көзделген жөндеулердің мерзімдері мен жиілігі, ал жолаушылар вагондарында, оның үстіне, бірыңғай техникалық тексеру мерзімі. Поездарды құрастыру және айналым пунктері мен анықталған аралық станциялардың техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жолаушылар және жүк поездарының әрбір вагоны қажетті жөндеудің орындалуымен техникалық қызмет көрсету жұмыстары.
2. Тартымды жылжымалы құрамды тексеруді қоса алғандағы оның барлық процестері
ТҚК-1 және ТҚК-2 локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Мерзімдік болып табылады және пайдалануда істен шығудың алдын алу. Жарамды техникалық жағдайда ұстау мақсатында локомотивтердің тораптары мен жүйелерінің техникалық жағдайларын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|