БМ 2 Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану
Мақсаты және міндеті
Аталған модуль білім алушыларға автоматтандырудың типтік сұлбаларын түсіну мен орындауға, әр түрлі бөлшектер, түйіндер мен тізбектердің техникалық сызбасын дайындауға, сызбалардың алуан техникаларын қолдануға, компьютерде сызба дайындау техникасын қолдануға мүмкіндік береді.
Модульге кіріспе
Аталған модуль ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану құрастыру процестерді түсіндіреді.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыруға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс жүргізу негіздерін; іскерлік құжаттарды жасау тәсілдері мен функцияларын; құжаттардың жіктелуін, тасымалдағыштар, мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде құрастырады.
Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.
2. Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде жасау.
Модуль мазмұны
1. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу
Іс қағаздарын жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.
Іс қағаздары- басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдерді, басқару істері атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіруді, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу- басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Үкметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі.Іс қағаздарын жүргізу- мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекетік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту. Іс қағаздарын жургізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияақты ғылым салалармен байланысын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |