КМ 3 Еңбекті қорғау нормалары мен техникалық пайдалану ережелерін орындау
Мақсаты және міндеті
Аталған модуль білім алушыларға еңбекті және денсаулықты қорғау туралы негізгі нормалар мен заңдар туралы және олардың тәжірибеде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолданылуы туралы түсінік береді.
Модульге кіріспе
Жұмыс жасайтын немесе кез келген өндірістік ортада жүрген адамдардың өзін дұрыс сезінуі аса маңызды болып табылады. Барлық жұмысшылар денсаулығы мен өзін дұрыс сезінуіне қолайсыз әсер туындамауы үшін өз жұмыстарын қауіпсіз орындауы тиісті болады. Шын мәнінде көптеген ұйымдар тәуекелдерді азайтыпқана қоймай, жұмыс ортасын жақсартады, алайда, өзінің жеке жұмыс ортасын басқалар үшін жақсартуға тырыспайды.
Жұмыс орнындағы еңбекті және денсаулықты қорғау – бұл қызметкерлердің, келушілер мен жұмыс қызметі нәтижесінде зардап шегуі мүмкін тұлғалардың кең шеңберінің денсаулығын қорғау үшін дайындалған шаралар жүйесі.
Еңбекті және денсаулықты қорғау заңдармен және ережелермен қадағаланады, ал заңдар тұрақты түрде жаңартылады және қайта қаралады. Осы ұйымдарда өзгерістерді біліп, жаңартуларға қатысты хабардар болу деңгейін сақтауы маңызды.
Аталған модуль білім алушыларға денсаулықпен байланысты қауіп пен тәуекелдерді түсінуге, жұмыс орындағы қауіпсіздік және денсаулық және олармен байланысты нормалар және заңдар туралы түсінік береді. Білім алушылардан жұмыс орнында кездесетін қауіп пен тәуекелді анықтау мен бағалау талап етіледі. Білім алушылар есептілік ұстанымдарын, сонымен қатар, заңдылық негізінде орын алған жазатайым жағдайлар туралы жазбаларды қарастыратын болады.
Бұл модуль көптеген оқу бағдарламалары шеңберінде осы құрамдауыштың көптеген өнеркәсіптік, өндірістік және инженерлік жағдайларда жоғары бағаланатынын көрсете алады.
Осы модуль білім алушыларға техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын орындау тәсілдері мен әдістеріне түсінік береді. Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерін орындалуы, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Темір жол саласында пайдаланыстағы вагондар туралы, олардың атаулары және қолданылу классификафиясы, вагонның негізгі элементтері шанақ, рама, автотіркегіш, арбалар, тежегіш жабдықтарының құрылысы, жолаушы және жүк вагондарының техникалық-экономикалық параметрлері , тарасы , сызықтық өлшемдері, өстілігі түсінік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |