Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер:
1. Информатиканың пайда болуы және дамуы.
2. Есептеу техникасының даму тарихы.
3. Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы.
Әдебиет: [1],[2],[4]
2 апта
Дәріс №1.
Тақырыбы: Теориялық информатика.
Сағат 1
Мақсаты: Тақырып бойынша студенттерге теориялық информатика туралы толық мәлімет беру.
Жаңа ғылыми атауын білдіретін "информатика" термині бірден пайда болып, сіңісіп кеткен жоқ. Біздің елде ХХ ғасырдың 60 жылдарында ақпарат өңдеудің автоматандырырылған жүйесін жасау, жұмыс істеп, қодануға байланысты сұрақтар "кибернетика" терминімен бірікті, әйткенмен Н. Винердің анықтамасы бойынша кибернетика - бұл тірі және өлі табиғаттағы басқару заңы туралы ғылым, яғни оның мүддесі тек адамзат пайдаланатын ақпараттық процестер мен жүйелерді ғана қамтитын болғандықтан бұл онша дұрыс болмады. Ағылшын тілді елдерде ақпарат зерттеуіне байланысты анағұрлым жалпы ғылыми пәнді "Compute Science" -"есептеуіш ғылым" деп атаса, францияда "Informatigue" - "информатика" термині пайда болады- сол атау 1970 жылдардың ортасынан бастап үлгіге алынады, алдымен ғылыми - техникалық қолданысқа нықтап енді де, сосын жалпыға белгілі және ортақ қабылдауда болды. Алайда информатика пәнін пәндік салада орныққан деп санауға болмайды. Информатика жөніндегі халықаралық конгресс 1978 жылы мына анықтаманы ұсынды: "Информатика ұғымы ақапарат өңдеу жүйесінің туындауы, жасалуы, пайдаланылуы мен материалды техникалық қызмет көрсетуіне байланысты саланы, оның ішінде машиналар, қоңдырғылар, математикалық қамсыздандырулар, ұйымдастыру аспектілерін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммерциялық, әкімшілік және әлеуметтік әсерлер жиынтығын қамтиды". Біздің қарастыруымыз үшін академиктер А. П. Ершов пен Б. Н. Наумовтың анықтамасын әбден жарамды деп санауға болады.
Информатика - ақпараттың ортақ қасиеттерін, оның өңделу процесстерін, әдістері мен құалдарын оқытатын негізгі жаратылыс ғылымы.
Инфоматиканың негізгі ғылымға жатқызылуы онда жалпы ғылыми мәнділік бар екенін, яғни оның ғылымның өз шеңберінде ғана емес, басқа да ғылыми және қолданбалы пәндерде ұғымы, заңдары мен әдістері қолданылатындығын біліреді.
Информатика екі бағытқа бөлінеді: терориялық және қолданбалы. Теорялық информатиканың зерттеу нәтижесі ақпарат пен ақпарат процестеріне қатысты ортақ заңдарды анықтап, қалыптастыру, ақпараттық роцестермен және дисккретті ақпараттарды өңдеумен байланысты техникалық жүйелердің жұмыс істеуін анықтау, сондай-ақ, ақпараттық үлгілерідің құрылуымен пайдаланылуының методологиясын құрастыру болып табылады. Қолданбалы информатика ақпарттық жүйенің тікелей жасалуын және оларға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруды, сондай-ақ олардың практикалық тасырмаларды шешу үшін қолданылуын қамтамасызданыдырады.
Теориялық информатика - математика әдістерін пайдаланатын пән. Кез келген ақпарат дискретті түрде көрсетіле алатын болғандықтан ақпараттық процессті баяндап беру үшін дискретті математика аппараты пайдаланылуы мүмкін. Алайда теориялық информатикада бұл аппарат ақпараттық объкетіге қоданылатындықтан нақты әрі өзгеше мазмұнға толы болды. Теориялық информатикаға мына пәндер кіреді: ақпарат теориясы, алгоритм теориясы, кодтау теориясы, жүйелер мен үлгілер теориясы, негізгі автоматтар теориясы, есептеу математикасы, математикалық бағдарламалау және басқа да толып жытыр.
Достарыңызбен бөлісу: |