Білім беру бағдарламасы «5B011400 Тарих» мамандығы бойынша Академиялық дәрежесі «5B011400 Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры



жүктеу 68,89 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі68,89 Kb.
#10774
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ










БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«5B011400 - Тарих» мамандығы бойынша

Академиялық дәрежесі – «5B011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры

Қарағанды, 2016
«5B011400 - Тарих» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5B011400 - Тарих» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

«5B011400 - Тарих» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны – 131 кредит


1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

1.2.5 Кәсіби қызметтің функциялары

1.2.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

3. Түйінді құзыреттіліктер

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модульді сипаттау формулярі

Модуль 1. Қоғамдық және коммуникативтік

Модуль 2. Саяси –әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Педагогика, кәсіби тілдер және тарихи пәндер

Модуль 4. Ежелгі Қазақстан тарихы және мамандану пәндер

Модуль 5. Тарих және білім. Мұрағаттану және мұражайтану

Модуль 6. Жаңа, қазіргі заман тарихы және тарихи пәндер

Модуль 7. Теория, тарих және тәрбие жұмысының мәселелері

Модуль 8. Мәдениет және осы заман тарихы

Модуль 9. Арнайы тарихи пәндер

Модуль 10. Білім берудің қосымша түрлері

Модуль 11. Кәсіптік іс-тәжірибе

Модуль 12. Қорытынды аттестаттау (ҚА)


1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «білім бакалавры» академиялық дәрежесi және (немесе) біліктілік берiледi. Лауазымы мен біліктілігі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына 09.06.2011 жылғы өзгерту мен толықтыруларымен сәйкес анықталады

Түлектер төмендегі лауазымдарды атқара алады:

- орта білім жүйесіндегі мектептерде оқытушы, (тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі);

- орта және арнаулы оқу орындарында оқытушы;

- аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктерде мемлекеттік қызметкер;

- Музей және мұрағат қызметкері;

- мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының әдіскері.



1.2. Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;

- бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар;

- біліктілікті арттыру институттары, баспа, кітапхана, әдістемелік кабинеттер болып табылады.

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің пәні – оқу процесін жоспарлау, білім қызметін ұйымдастыру, ұжымға басшылық, оқушылардың қызығушылығын арттыру, кеңес беру, әдістемелік және тәрбие жұмыстары, білім беру саласындағы инновациялық қызмет болып табылады.



1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

- білімдік;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық.



1.2.5 Кәсіби қызметтің функциялары

«5В011400-Тарих» мамандығы мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

- білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

- оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біртұтастығын (бірлігін) қамтамасыз ету;

- оқытудың әдістері мен технологиясын жетілдіру;

- педагогика, тарих саласындағы зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау;

- оқу процесін ұйымдастыру және тарих мәселелері бойынша кеңес беру;

- оқу орнының қызметін басқару;

- қоғамдық ұйымдардың құрылымдық бөліктерінің жұмысын үйлестіру;

- оқушылар арасында мәдени-ағарту жұмысын жүргізу.



1.2.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

«5В011400-Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес келесі міндеттерді шешуі тиіс:

- білімдік қызмет саласында:

- тарихи-гуманитарлық пәндер саласында кәсіби біліктілікті қалыптастыратын педагогикалық шеберлік негіздерін игеру;

- эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білу;

- тарихи білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;

- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;



ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

- тарихи білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау;

- оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;

әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

- көпмәдениетті тұлға қалыптастыру;

- оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

- оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыру;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;

- нақты тәрбиелік міндеттерді шешу;

- тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;

- оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату;



оқу-технологиялық қызмет саласында:

- оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.



2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

«5В011400 – Тарих» мамандығы бойынша білім берудің жалпы ұлттық мақсаты – тарих саласында толыққанды, саналы кәсіби білім, кәсіби біліктілік алу үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды игеруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең, жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез-құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әртүрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, туризм ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, туризм менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
жүктеу 68,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау