Сабақтың тақырыбы: Б. Исаев. «Күріш туралы сыр»



жүктеу 46,87 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі46,87 Kb.
#3644
түріСабақ

Әдебиеттік оқу. 4 «Ә» сынып.

Сабақтың тақырыбы: Б.Исаев. «Күріш туралы сыр».

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, талдайды. Негізгі идеясын ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау, Синквейн, Болжам, ББҮ, Кубизм,Эссе, топтық жұмыс.
Сабақтың қөрнектілігі: физикалық карта – Қызылорда; Арал теңізі, Сырдария өзені – суреттері; интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану ,қазақ тілі.

Сабақтың жоспары:

1.    Ұйымдастыру кезеңі                                          2 мин

2.    Үй тапсырмасын сұрау                                     7 мин                        

3.   Қызығушылығын ояту                                         3 мин

4.   Жаңа сабақ.                                                    25 мин

    а)   түсіндіру        

5.   Оқулықпен жұмыс                                        

6.   Сабақты бекіту : сұрақ-жауап                                 3 мин

    Қорытындылау                                                        3 мин

7.   Оқушыларды  смайликтер арқылы бағалау           1 мин

  Үй тапсырмасы.                                                            1  мин



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.


2. Психологиялық дайындық:

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

3. ҚО: Жұмбақтар жасыру:

1. Ұзын мұртты сарылар,


Қойынында нан бар. (бидай)
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас. (күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс ( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)

   Міне,балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты төрт топқа бөліп отырмыз.                                    

1) «күріш»
2)  «бидай»
3) «жүгері»

4) «күнбағыс»



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Әр топтан 1 оқушыға Қ.Төреғожаның «Бір дегенім» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?- Өлеңнің мазмұны жақсы сөз, тілек жайында.
2) –Өлеңдегі негізгі ой не? — Негізгі ой келешекке қуаныш сезім жайлы.
ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, күріш, бидай, жүгері, күнбағыс нелерге жатады? ( дәнді дақылдар)

  • Тағы қандай дәнді дақылдарды білесіңдер? ( слайд)

  • Дәнді дақылдарға не қажет? (слайд)

  • Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз.

«Болжам» стратегиясы: (слайд). -Мәтін не туралы болуы мүмкін?

  • Көз алдарыңа не елестейді?

  • Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?

  • Күріш қай облыста егіледі?

-Балалар, күріш қай облыста егіледі? ( Қызылорда). Слайд (2)

- Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету.

- Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев ( слайд)

Тапсырма: Оқушылар ББҮ кестесін толтырады: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы)

-Енді оқулықтарды ашамыз – 74 бет. Әр топ бір үзінді оқып, мағынасын түсінеді.



Сұрақ-жауап:

- Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном - егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.



  • Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)

  • Мәтіндегі ең өкінішті сәті?

  • Қарт диқан неге кейіді?

  • Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев). Слайд

  • Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер? (Слайд -2)

Сергіту сәті:

«Кубизм» стратегиясы: әр топ өздеріне тапсырма таңдап алады. (текше арқылы)

  • 1 - Мәтіннен мақал-мәтелдерді тап. Мағынасын аш.

  • 2 - “Ыбырай” – бес жолды өлең

  • 3 - Эссе: “Күріш-бағалы астық”

  • 4 - Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар.

- Мақал-мәтелдер: «Ас – адамның арқауы», «Сыр өңірі қамысты келер, Сыр перзенті намысты келер», «Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді».

- Бес жолды өлең: Ыбырай



күрішші еңбекқор

екті суарды еңбектенді

Ыбырай дүниежүзілік рекорд жасады.

Адам

  • Эссе. ( өз ойларын жазады)

- Біріккен сөздер: Қызылорда, Сырдария, ізбасар, ақсақал, Жаңаталап, Жалағаш, совхоз). Сөйлемдер құр-ру.

«Топтық жұмыс». (слайд)

  • 1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар

  • 2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар

  • 3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер

  • 4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай болуға тәрбиелеп жатыр?

Қосымша мәлімет:

  • Күріш – пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме? (слайд)

  • Қызылорда халқы немен айналысады? (слайд)

  • Күріштің қандай пайдасы бар? (слайд)

- Енді , балалар ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанын толтырыңдар.

Қорытынды: - Бүгін сабақта не білдік? - Не үйрендік? – Не ұнады?

Рефлексия. ( Стикерлерге оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазады)

Үйге тапсырма: 74-75 бет. Ыбырай Жақаев туралы мәлімет жинау.



Бағалау.
жүктеу 46,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау