Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс


-зерттеу жұмысы–Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар



жүктеу 1,54 Mb.
бет5/5
Дата27.12.2019
өлшемі1,54 Mb.
#25112
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5

2.4 2-зерттеу жұмысы–Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар

Төмендегі пікірлерде есептің күшті жақтары қанатшамен (), толықтыруды қажет ететін осал тұстары (х) және дамытуға арналған ұсыныстар () арқылы белгіленген.




Тараулар

Пікірлер

Атауы

Атауы зерттеудің негізгі тұстары мен мақсаттарын қысқа және нақты сипаттауы қажет.

Атауы бұл жағдайда айқын, ол зерттеудің негізгі міндеттерін қысқаша әрі нақты сипаттап береді.

Зерттеу белгілі жолға бағытталған

Кең тақырыпты пайдалану, одан кейін тақырыпты едәуір нақты бағытта дамыту тиімді әдіс болып табылады, бұл шығармашылық тәсілді қажет етеді.



Кіріспе

Бұл тарауда оқушылар тақырыпты таңдау себептерін түсіндіруі тиіс.
Оқушы көші-қон тақырыбы бойынша, жеке тәжірибе тақырыбына, Жаһандық перспективалар курсында игерілген сұрақтарға, жеке қызығушылықтары мен БАҚ-та келтірілген қазіргі заманғы мысалдардың әсеріне қатысты бірнеше дәйекті себеп келтіреді.

Себептері нақты әрі қысқа түрде сипатталған.

Едәуір нақты деректер құпталады.

Бұл бөлімде сілтеме түрінде дәлел ретінде келтірілген кейбір ақпарат көздері бар, қосымша ақпарат көздері зерттеудің тереңдегін одан әрі дамытуы мүмкін екендігін атап өту қажет.

х. Кіріспе бөлімінде қалаларға аударылған назар баяндаманың өн-бойында сақталмаған.

Көші-қон себептері әрқашан шұғыл әрі нақты бағыттылыққа ие болады.

Кіріспе қала жағдайындағы өлшеуге аз сілтемемен жалпы теңгерімді көрсетуі тиіс.


Мәнмәтін

Бұл тарауда оқушылар таңдалған тақырыпқа арналған деректерді және зерттеу жобасының мақсаттарын болжайтын өз зерттеулерінің мәнмәтінін сипаттаулары қажет.
Оқушы көші-қон себептері туралы материалдарды қарама-қарсы қоя отырып, БҰҰ сандық деректері негізінде тақырып пен беталысты едәуір кең түпмәтінде ашады, едәуір теңдестірілген тәсілді пайдалану маңызды болар еді

Сәйкес келетін ақпарат көздерінің спектрі айғақтардытереңдете отырып, оларды қолдау үшін дәлел ретінде қолданылады.



Мақсаттар


Бұл тарауда оқушы өз зерттеуінің мақсаты мен негіздемесін сипаттауы қажет.


  • Есептемақсатпензерттеумақсаттарытүсініктікелтірілгенжәнезерттеудіңекісұрағынабөлінген.

  • Зерттеусаласытекекісұрақпенжәнебірнешеқатысушыменедәуіртаркөлемдежүргізіледі; әдістерсаласымендиапазонынкеңейтутәжірибежүзіндекеңіненқолдануғамүмкіндікберереді.

  • Жалпылай алғанда бұл секция айқын, құрылымдалған және қысқа болып келеді.

  • Көптеген бөлшектер беру пайдалырақ болар еді.




Әдіс

Бұл тарауда оқушы өз таңдауының себептері мен сұрақтарды әзірлеуін сипаттап, түсіндіруі қажет.іқажет.

  • Оқушы зерттеу құрылымын және құрылымдалмаған сұхбатты жақсылап қолдануды, зерттеу мақсаттары мен әдістің күшті тұстарына қатысты жақтайды.

  • Әрбірәдіспенжинақталатынақпараттыңәрбірәдісіментипісипатталады, соныменқатарүлгігеарналғаннегіздемеменқұрылымдалмағансұхбаттыпайдаланудатерең қамтылған.

  • Зерттеу ұғымын әдістерді негіздеуде пайдаланылуы түсінікті

  • Десек те зерттеу түсінігі (зерттеу түсінігі) туралы көп ақпарат беруге болар еді.

  • Себептерді, кейбірәдістердішығаружақсыкөрсетілгенжәнебарлықесептердепайдалыстратегияретіндеұсынылғанұсынымдаркелтірілген.

  • Жергілікті қатысушыларға көңіл бөлу толығырақ негізделуі мүмкін еді, мысалы, зерттеу саласы, бар уақыт пен этикалық мәселелерді едәуір толық сипаттауға қатысты.

Нәтижелер


Бұл тарауда оқушы әр әдіс бойынша жиналған деректерді сипаттап, олардың бастапқы зерттеу сұрақтарымен қалай байланысатынын көрсетуі қажет.

  • Бұл есепте оқушы әдістердің әрбіреуінің басты деректерін жинауды жалпы мағынада түсінікті және құрылымдалған тәсілмен салып береді.

  • Деректердіқосуүшінкестелердіпайдаланғаноңтайлы.

  • Кейбірбаламаұсынунысандарыпайдаланылуымүмкінеді, мысалы, түпмәтіндегікейбірсандықдеректердікөрсетуүшінсұхбатнемеседиаграммадеректері.

  • Нәтижелерзерттеуорталығыныңтарболуынабайланыстыжеткліксіз.

  • Егер зерттеу үшін енгізілген зерттеуге қосымша сұрақ қосуға болатын болса, бөлшектердің көптігі құнды әрі мүмкін болатын еді, десек те зерттеудің негізгі міндеттерін сақтауға назар аударған жөн

Қорытынды

Бұл тарауда оқушы қорытынды не сұрақтарға жауап жазуы тиіс.


  • Оқушызерттеутуралымәселелердіңбастынәтижелерінқорытындыдажинақтайды – бұлнақты, құрылымдалғанжәнеқысқаша.

  • Кездейсоқнәтижелердісәйкестендірубағалыболыптабылады.

  • Кең көлемде талқылау ұсынылады.

  • Қорытынды мәнін талқылау талдауға терең мән беруі мүмкін.

Бағалау

Бұл тарауда оқушы қол жеткізілген деңгей мен зерттеудің іс жүзіндегі күшті және осал жақтары туралы жазуы қажет.сал жақтары туралы жазуы қажет.

  • Бұл есепте оқушы зерттеудің жақсы екендігін бағалау үшін зерттеу сапасына қатысты ұғымдарды пайдалана отырып, зерттеу әдістері мен құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері диапазонын сәйкестендіреді.

  • Зерттеу әдістері мен құрылымдарын жақсарту үшін кейбір ұсыныстар енгізілген; десек те бір немесе тағы екеуі пайдалы болар еді.

  • Үлгінің бағалануы күшті тұстарға ие.

  • Тармақтар бойынша бұдан арғы бағалау маңызды тереңдік берер еді

Әрі қарай зерттеу

Бұл тарауда оқушы әрі қарай зерттеу үшін өз зерттеуінен туындайтын идеяларды ұсына алады.

  • Бұдан арғы зерттеуге арналған бірнеше ұсыныстар сипатталып, зерттеу нәтижелері мен зерттеу аясына қатысты болды. Талқылау айқын әрі қысқаша болды.

  • Сәйкесінше зерттеу нәтижелері мен қорытындылардан туындайтын жеке перспективалар саласындағы зерттеудің ықпалы айқын, бірақ қысқаша сипатталған болды.

  • Талқылаудың ұзақтығы мен тереңдігі бағалы болуы мүмкін еді, бұдан арғы зерттеуді түсіндіре отырып, мәселелерді түсіндіру немесе оларды түсінуді тереңдету қажет болуы мүмкін.

Библиография

Бұл тарауда оқушы толық библиографияны көрсетуі қажет.

  • Библиография ресурстар диапазонын пайдалану үшін қосылған болатын.

  • Десек те егер ресурстар көп болған жағдайда, онда бұл толық зерттеудің бөлшектері мен тереңдігін қосар еді.

  • Көз жеткізу үшін библиографияны жазу сатылы түрде жүруі тиіс.



2.5 Зерттеу жұмысы 3 (Е деңгейінің үлігісі)



Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік

1. Кіріспе
«Жаһандық перспективалар» пәні бойынша сабақтар барысында біз көптеген түрлі тақырыптарды зерделедік. Олар қалаларда тұратын адамдар, миграция және ғаламтор туралы тақырыптарды қамтыды.

«Жаһандық перспективалардағы» тақырыптардың мен үшін ең қызықтыларының бірі табиғат әлемі мен биоалуантүрлілік мәселелері туралы тақырып болатын. Тіпті Қазақстанда да қоршаған ортаның өнеркәсіптен ластануы және жануарлар үшін тіршілік ету ортасының жоғалуымен байланысты көптеген проблемалар бар. Кей адамдар бұл мәселелердің тоқтатылуы үшін бірдеңе жасалу керектігін ойлайды. Мен осыған сенетін адаммын. Мен өз ғаламшарымның қазір ғана емес, болашақ ұрпақтар үшін де тіршілік ету үшін қауіпсіз орын болуын қалаймын. Барлығымыз да қоршаған орта мен өзіміз табылатын жер үшін жауаптымыз және қамын ойлауымыз керек.

Сондықтан менің биоалуан түрлілік пен оның проблемаларын зерттегім келді; сонымен бұл жобы биоалуан түрлілік және биологиялық түрлердің әртүрлі өкілдерін ендігі жоғалтпайтыныдығымызға сенімді болу үшін не істелуі мүмкін екендігі туралы.

Осы мәселелердің бейнесі түріндегі жуық арадағы теледидар бағдарламалары мен фильмдер мұның біз үшін бүгінгі таңда шынайы проблемалар екендігін көрсетті. Үкіметіміз де оны шешуге мүдделі.

Бұл биоалуан түрліліктің төмендеуінің дүниежүзі үшін проблема және зерттеу үшін тақырып болып табылатындығын көрсетеді.

2. Мәнмәтін
Күн сайын БАҚ-та қоршаған орта мен жаһандық жылыну секілді мәселелер жөнінде көптеген әңгімелер айтылады. Олар климаттың өзгергендігін және адамдардың оның себебі болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мұның адамдар мен табиғат әлеміне көп әсері бар. Біз бұл мәселені шешпесек, адамдарға қауіп төнуі мүмкін.

Табиғат әлеміне тиетін басты әсерлердің бірі – бұл жануарлар, жәндіктер мен өсісдіктердің көптеген түрлеріне зиян тиеді және олар қырылады. Олар сирек түрлерге айналады. Мысалы: Қазақстанда Нұра өзенінің бойын мекендейтін қызыл қоқиқаз секілді құс түрі бұрынғыдай жиі кездесе бермейді. Бұл туралы жуық арада бір газетте айтылған болатын. Тілші жануарлар мен өсімдіктердің жойылу қаупінің бар екендігін және әлемнің басқа да жерлерінде проблемаға айналғандығын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы биоалуан түрлілікпен байланысты декада өткізді және дүниежүзі бойынша 22-мамырға жоспарланған, биологиялық алуан түрлілікке арналған арнайы халықаралық күн де бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзі бойынша жоғалып бара жатқан көптеген түрлердің Қызыл кітабы бар. Бұл мұның шынайы проблема екендігін көрсетеді.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және қарқынды ауыл шаруашылығының әсерлері биоалуан түрліліктің төмендеуінің басты себептері болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері – ластану және климаттың өзгеруі. Қарқынды ауыл шаруашылығының әсерлері – ормандарды шабу және тіршілік ету ортасын жоғалту. Олар бәріне белгілі және кейбір адамдар оларды шешу үшін бірдеңе жасауға тырысуда.


3. Мақсаттар
Бұл жұмыс биоалуан түрліліктің төмендеуін зерттейді, себебі, ол үлкен мәселе болып табылады. Мен өз балаларымның болашағы үшін осы мәселені шешкім келеді. Не жасау керектігін білу үшін мен адамдардан қоршаған ортада аз проблема болуы үшін не істейтіндігі және өмір салтын қалай өзгертетіндігі туралы сұрағым келді.

Басты зерттеу сұрақтары:


• Биоалуан түрліліктің төмендеуінің басты себептері мен салдарлары қандай?

• Биоалуан түрліліктің төмендеуі және оның проблема екендігі туралы адамдар қаншалықты біледі?

• Адамдар биоалуан түрліліктің төмендеуінің себептері туралы біле ме?

• Бұл мәселені тоқтату үшін олар не істеуге дайын?


Мен Қазақстанда тұрғандықтан, ел мәселелері, мәселенің маған және менің келешегіме қалай әсер ететіндігі туралы білгім келді. Сонымен қатар көмектесу үшін адамдардың не істеуге дайын екендіктері туралы. Мүмкін, мен адамдар тыңдайтын және өзгере бастайтындай бірдеңе істей алармын. Мүмкін, адамдардың орындауға дайын болатын қандай шаралар қолданатындығын сұрау үшін бұл идеяларды үкіметке жіберуге болар.


  1. Әдіс

Мен биоалуан туралы қоғамдық пікірді, менің қаламдағы адамдардың өзгеріп, өзгермейтіндігін, осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданатынын білгім келгендіктен, зерттеуді жүзеге асыру мақсатында бірнеше әдіс қолданам деп шештім.


Біріншіден, мен тақырып туралы анықтамалық ақпарат алу үшін ғаламторда бірқатар бастапқы зерттеу жүргіздім. Бұл менде адамдарды қандай әдістермен сұрастыруға идеялар тудырды. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының және еліміздің, оның ішінде Қазақстанда биоалуан түрлілікті қорғау қауымдастығының веб-сайттарын қарадым.
Екіншіден, адамдардың биоалуан түрліліктің төмендеуі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қаншалықты білетіндігін түсіну үшін сауалнама қолдандым. Сауалнамаға 23 адам қатысты. Сауалнама қаламдағы басты сауда орталығындағы адамдар арасында жүргізілді. Сауалнама жазбаша жүргізілді.
Мен адамдардың қоршаған ортаға көмектесу және проблеманы тоқтату үшін қандай шара қолданатындарын білу мақсатында бірнеше құрылымсыз сұхбат жүргіздім. Сұхбаттасушы адамдар негізінен менің мектебімнен болды, бұл үлгі алудың ең жеңіл тәсілі еді. Сұхбат биоалуан түрліліктің төмендеуі тақырыбы айналасында, жағдайды жақсартуға арналған әрекеттерді талқылауды назарға ала отырып, әңгіме түрінде жүргізілді. Мен сұхбаттарды жазып алдым да, нәтижелерді анықтау үшін оларды бірнеше рет тыңдадым.
Барлық нәтижелер алынған соң мен олардың жауаптарын талдадым да, зерттеу мәселелері бойынша жауаптар негізінде қорытынды жасадым.

5. Нәтижелер
Ғаламтор көмегімен зерттеулер өте қызықты болды және мен осы тақырып бойынша көптеген мағлұмат алдым. Біріккен Ұлттар Ұйымының вебсайтынан мен биоалуан түрлілік төмендеуінің негізгі себептерінің:

  • Жаһандық жылыну

  • Ормандарды шабу

  • Тұрғындар

  • Қарқынды жер өңдеу

  • Пестицидтер

  • Инваизвті түрлер екендігін білдім.

Мұны Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да бастамашыл топтар тарапынан дәлелденген болатын. Олардың барлығы да биоалуан түрліліктің төмендеуінің бірдей себептерін сипаттайды. Көптеген түрле елдердің ауыл шаруашылығы және ормандарды шабумен қарқынды айналысуы негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін.

Қазақстандағы негізгі себеп тұрғындар мен қарқынды жер өңдеудің артуы секілді. Біздің суқоймалардың балықтар мен құстар үшін салдарлары бәріне де белгілі.

Бірақ менің қаламда тұратын адамдар бұл туралы қаншалықты хабардар? Бұл сауалнама осы сұраққа жауап беру үшін жақсы көмектесті.

Бірінші кесте зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсетеді.
1-кестесауалнама нәтижелерінің қорытындысы


Сұрақ

Жауап

1.Әлемде жоғалу қаупі бар жануарлардың үш түрін тізімнен көрсетіңіз.

Ия

Жоқ

69%

31%


2. Әлемде жоғалу қаупі бар өсімдіктердің үш түрін тізімнен көрсетіңіз.

Ия

Жоқ

34%

66%


3. Қазақстанда жоғалу қаупі бар жануарлар не өсімдіктердің бес түрін жазыңыз.

Ия

Жоқ

51%


49%


5. Биоалуан түрліліктің азаюын проблема деп санайсыз ба?

Ия

Жоқ

38%

62%


6. Қоршаған ортаны қорғау үшін жеткілікті әрекет жасап жатырмыз деп ойлайсыз ба?

Ия

Жоқ

58%


42%

Бұл кесте адамдардың көпшілігінің әлемде жоғалу қаупі бар жануарлар туралы білетіндігін, алайда өсімдіктерге қатысты осындай жағдаймен және өз елдеріндегі – Қазақстандағы мәселелермен аз таныс екендігін көрсетеді. Мысалы: сауалнама адамдардың 69%-ының жануарлардың үш түрін атай алғанын көрсетті, алайда олардың 34%-ы ғана өсімдіктердің үш түрін атай алды. Адамдардың аз бөлігінің (38%) ғана биоалуан түрліліктің азаюының проблема екендігімен келісуі таңқалдырды, ал сұралғандардың көп бөлігі (58%) қоршаған ортаны қорғау үшін жеткіліксіз әрекет жасаймыз деп ойлайды. Сонымен біз біхдің халықтың толықтай емес, шамалы ғана хабардар екендігі туралы сөз қозғай аламыз.

Нәтижесінде дайындалмаған сұхбат сауалнама нәтижелерінен күткеніме қарағанда адамдардың шара қолдану қажеттігі туралы анағұрлым хабардар екендігін айқындады. Қаламыздағы көп адамдар қоршаған ортаны қорғау және жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың өте маңызды екендігін айтты. «Жануарларды сақтау және браконьерлерден қорғау үшін арнайы аудандар мен қорықтар құруымыз керек» деген сияқты пікірлер жиі кездесті. Алайда адамдар жауапкершілікті өздеріне қарағанда үкіметке, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға және браконьерлерге артады. Олардың өз әрекеттері туралы сұрақ қойылған кезде адамдар ештеңе дерлік істей алмайтындықтарын, кит секілді жануарлардан өндірілген етті не жоғалып бара жатқан жануарлардың терілерінен жасалған бұйымдарды сатып алуды тоқтатуға тиіс екендіктерін айтты. Алайда климаттың өзгеруі және ластану мәселелерімен шынайы нәтиже болуы үшін үкімет айналысуы қажет. Мынадай пікірлер де болды: «жеке адамадр бірдеңе істей алады және істеуі тиіс – қалдықтарды қайта өңдеу және қарапайым өмір сүру, бірақ көбі айналадағы жағдайды ойламайды не мәселенің барлық аспектілерін білмейді». Көп адамдар адамдардың осы мәселелермен айналысуы үшін үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты. Бірнеше адам ғана елімізде құруға болатын, басқа елдердегідей қалдықтарды өңдеу тәсімдері мен қорықтарды сипаттады.


Зерттеу көрсеткендей, жергілікті адамдар шара қолдануды өздері үшін маңызды деп санамайды. Бұл мені таңқалдырды.

6. Қорытынды
Ғаламтор зерттеуінен мен биоалуан түрліліктің азаюының шынымен де проблема екендігі және жағдайды жақсарту мақсатында ештеңе жасалмаған жағдайда адамзат пен дүниежүзі үшін неге соқтыратыны туралы қорытынды жасадым. Біріккен Ұлттар Ұйымы ормандардың шабылу және генетикалық алуан түрліліктің қысқаруы себебінен болашақта адамзат үшін азық-түлікпен қиындықтар болып, кейбір медициналық препараттардың бізге қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлады. Бұл мәселенің басқа да себептері бар, менің ойымша, мәселені шешу үшін әр адам ретінде де, тұтастай ел ретінде де көп жұмыс атқарылуы керек.
Дегенмен де, адамдар арасында осы мәселе туралы хабардарлықтың жетіспеушілігі байқалады және нәтижесінде олар өз деңгейлерінде ешнәрсе істеп, шешкісі келмейді. Әдетте адамдар мәселені елемейді не мұның басқа біреудің жауапкершілігі екендігіне сенеді. Жүргізілген сұхбаттардың нәтижелерінде де осының дәлелі көп.
Осы зерттеу нәтижесінде мен ең алдымен биоалуан түрліліктің азаюы мәселесі туралы адамдардың хабардарлығындағы олқылықтарды жою керек деген қорытынды жасай аламын. Мұны мектептерде оқушыларды оқыту және масштабты кампаниялар өткізу арқылы орындауға болады. «Жаһандық перспективалар» секілді пәннің енгізілуі осы олқылықты жоюы мүмкін. Сонымен қатар мектептерде қоршаған ортаны қорғау клубын ашуға да болады, бұл осы мәселе туралы балалардың көбірек білуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мен бұлардың атқарылса да, жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарай жеткіліксіз болатынына сенімдімін. Зерттеу кезінде адамдар үкіметтің кез-келген әрекетті қолдауы не табиғатты сақтау үшін адамдарды «дұрыс әрекет жасауға» мәжбүрлеуі тиіс екендігін айтты. Мысалы: заңдар өзгертіліп, қалдықтарды қайта өңдеу жөнінде қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Менің ойымша, үкімет халықты бақылау жөнгінде регламент ұсынып, үлкен биоалуан түрлілігі бар аудандарды қорғауы қажет.
7. Бағалау

Зерттеу жақсы өтті және мен сұрақтардың көпшілігіне жауап беріп, қорытынды жасай алдым. Мен өз жұмысымда ғаламтордан алынған кейбір кемшіліктер мен қателіктердің бар екендігін мойындаймын және осы тектес материалдарды пайдалану барысында мұқият болыңыздар.

Сауалнамалар пайдалы болды және олардың көпшілігі еш қиындықсыз толтырылды. Сұралғандардың тобы шағын болатын және оның ішінде үлкен жас топтары болған жоқ. Мен көбірек адам санын сұрастыруым керек еді. Кейде сұхбат әңгімеге айналып, шешімге қатты назар аудармадық, сұхбаттар жазу әрқашан жүргізілген емес, өйткені, батареялардың қуаты аз болды, сондықтан мен айтылғанның бәрін еске сақтап отырдым.
8. Әрі қарай зерттеу
Зерттеу өте қызық болды және мен осы проблеманың тарихы туралы көп нәрсе білдім. Адамдардың өз еліндегі мәселелерге қарағанда әлемдегі мәселелер туралы көбірек білетініне таңқалдым. Мүмкін, CNN, Al Jazzeera және BBC World секілді бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдегі қоршаған орта мәселелерінің тақырыбындағыа көптеген материалдары себептердің бірі шығар. Бұл адамдардың білімі және олардың перспективалық шешімдеріне жаһандық ықпалдың бір мысалы болуы мүмкін.

Зерттеу сәтті болды, себебі, мен қарым-қатынас арқылы адамдардың пікірлерін білдім, олар үкімет бұл мәселені шеше алады деп үміттенеді. Адамдарда неге осындай пікірдің бар екендігін және оларға өз бетімен әрекет жасауы үшін не істелу керектігін анықтау үшін көбірек зерттеу жүргізу керек. Мысалы: балалар үшін мектептерде не істелуі тиіс?

Бұл зерттеу мәселені шешудегі менің көзқарасысды өзгертпеді, мен биоалуан түрліліктің азаюының ел және жалпы әлем үшін өте маңызды проблема екендігіне сенемін.


  1. Библиография:

Келесі дерек көздері пайдаланылды:




  • United Nations Decade on Biodiversity – http://www.cbd.int/2011-2020

  • The Youth Gide To Biodiversity – UN

  • Word Bank Press Release – http://biodiversity-l.iisd.org/news/word-bank-project-improves-health-and-welfare-in-kazakhstan/

  • http://www.acbk.kz/en/


10. Қосымшалар

10.1 1-қосымшаӘлеуметтік пікіртерім үлгісі

Биоалуан түрліліктің төмендеуі туралы әлеуметтік пікіртерім

КІРІСПЕ
Бұл – қоғамның әлемдегі биоалуан түрлілік және оның түрлерінің төмендеуі мәселелерінен хабардарлығы туралы зерттеу. Ол мектеп жобасы үшін жүргізіледі. Сауалнама құпия және оны толтыру үшін бар-жоғы бірнеше минут қажет. Көмектеріңізге рахмет.

Келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.




А. Жеке мағлұмат

4. Жасы ..............................................................

5. Іс-әрекет түрі .......................................................

6. Жынысы .....................................................................

7. Білімі ......................................................
B. Биоалуан түрліліктің азаюы туралы

11. Келесі тізімнен әлемде жоғалу қаупі бар үш жануарды анықтаңыз.

Жолбарыс Ешкі Мысықтар Иттер Сиырлар Армадилла Акула Поляр аюы

Қоңыр аю Жылан Түйе Бақа Құмырсқа Кит Қоқиқаз

Қарақұйрық Киік

12. Келесі тізімнен әлемде жоғалу қаупі бар үш өсімдікті көрсетіңіз.

Емен Агава Раффлезиялар Раушан гүл Розмари Техас Жабайы күріш

Шашақ Орхидея Бақбақ Айдаһар ағашы Бидай

13. Қазақстан Республикасында жоғалу қаупі бар бес жануар не өсімдікті атаңыз.

………………………………………………………………………………………………..

….……………………………………………


  1. Сіздің ойыңызша, биологиялық алуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептері неде?

……………………………………………………………………………………..…………

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..



  1. Биологиялық алуан түрліліктің төмендеуін проблема деп санайсыз ба?

Ия [ ]

Жоқ [ ]


Жауабыңызды түсіндіріңіз.

……………………………………………………………………………………..…………

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..


  1. Биологиялық алуан түрліліктің төмендеуінің негізіг салдарлары қандай?

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..

  1. Біз қоршаған ортаны қорғау үшін жеткілікті әрекет жасап жатырмыз ба?

Ия [ ]

Жоқ [ ]


Жауабыңызды түсіндіріңіз.

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..

Көмегіңізге рахмет.

2.6. Зерттеу жұмысы 3 – Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар
Төмендегі пікірлерде есептің күшті жақтары қанатшамен (), толықтыруды қажет ететін осал тұстары (х) және дамытуға арналған ұсыныстар () арқылы белгіленген.


Тараулар

Пікірлер




Атауы

Атауы зерттеудің негізгі тұстары мен мақсаттарын қысқа және нақты сипаттауы қажет.
х Атауы тым қысқа.

х Атауы зерттеудің басты тұстарын нақты сипаттамайды.

х Атауы анағұрлым нақты болуы мүмкін, мысалы:
«Қазақстанда биологиялық алуан түрліліктің төмендеуі жөнінде шара қолдану туралы қоғамдық пікірді зерттеу».

х Мұқабада сөз саны көрсетілмеген.




Кіріспе

Бұл тарауда оқушылар тақырыпты таңдау себептерін түсіндіруі тиіс.
 Оқушы тақырыпты «Жаһандық перспективалар» курсының бағдарламасында оқытылатын мәселелермен байланыстыра отырып, биологиялық алуан түрлілік тақырыбын таңдауына дәйекті себептер келтіреді.

 Таңдау проблеманың Қазақстандағы көкейкестілігі, үкіметтің алаңдаушылығы арқылы, сонымен қатар жеке құндылықтар арқылы да түсіндіріледі.



х Келтірілген себептердің тізімі тым қысқа.

 Әр себепті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, жауапты айтарлықтай дамытуға болады.

 БАҚ материалдары мен жергілікті үкімет жарияланымдары не пресс-релиздерге сілтемелер осы тақырыптың таңдалуы үшін дәлелдермен қамтамасыз етер еді.

 Оқушы әдетте бірінші жақтан да, үшінші жақтан да жазады, есепте жеке көзқарасын не құндылықтарын білдіруді талап ететін жерлерден тыс көбінесе «Менді» қолданбай, үшінші жақты қолдану қажет.






Мәнмәтін

Бұл тарауда оқушылар таңдалған тақырыпқа арналған деректерді және зерттеу жобасының мақсаттарын болжайтын өз зерттеулерінің мәнмәтінін сипаттаулары қажет.
 Оқушы бұл тақырыптың БАҚ-тың маңызды назар аудару орталығы екендігін қысқаша білдіре отырып, өз тақырыбын климат өзгеруі туралы қоршаған ортаның алаңдаушылығының кеңірек мәнмәтініне сыйғызады.

 Кейбір дереккөздер мен жергілікті мысалдар қысқа сипатталған. Оқушы биоалуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептерін қысқаша түйіндейді және бұл жағдайдың көптеген адамдарды толғандырмайтынын және олардың жағдайды жақсарту үшін еш әрекет жасамайтындықтарын жеткізеді.

 Бұл тарауды пайдаланылған дереккөздерін анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттап дамытуға және кеңейтілген дерекөздер тізімін ұсынуға болады.

 Материалды ұйымдастыру және дәйек келтіру желісі анықтау болғаны дұрыс еді. Адамдардың бұл мәселеге қатысты тоғанбайтындығы және еш әрекет жасамайтындығы туралы тұжырымдамасын негіздеу үшін дәлелдер келтіріліуі тиіс.

 Биоалуан түрліліктің төмендеуінің қосымша салдарларын келтіруге болар еді.

 Жаһандық мәнмәтін өте қысқаша айтылғандықтан, мұны анағұрлым егжей-тегжейлі талқылап, осы дәйекке тереңірек көзқарас білдіру керек еді.

 Барлық ресурстар мен дерекөздер бибилиографияда көрсетілуі тиіс.





Мақсаттар

Бұл тарауда оқушы өз зерттеуінің мақсаты мен негіздемесін сипаттауы қажет.
 Есепте зерттеу мақсаттары зерттеу мәселелері түрінде айқын белгіленген. Бұл – есептің күшті жағы.

х Алайда оқушының жеке ойы, құндылықтары мен әлеуетті әрекеттері жиі айтылады, бұл артық ақпарат береді және негізгі зерттеу мақсатын көлегейлейді.

х Қазақстандағы жергілікті мәселелерге жоспарланған назар аудару зерттеу мәселелерінде көрініс таппайды.

х Жалпы алғанда бұл тарауға назар аудару мен айқындық жетіспейді.

 Зерттеу мәселелерін қарапайым тізбектеу және елдегі жергілікті назарды сипаттау арқылы есепті дамытуға болады. Балама ретінде зерттеудің бір бөлігі анық айқындалған кейбір болжамдарды тестілеуге негізделуі мүмкін.






Әдіс

Бұл тарауда оқушы өз таңдауының себептері мен сұрақтарды әзірлеуін сипаттап, түсіндіруі қажет.
 Оқушы өз зерттеуінің қалай жүзеге асырылатынын және әр әдіс арқылы қандай ақпараттың жиналатынын сипаттай отырып, өз зерттеуінің әзірленуін анық және қарапайым түрде көрсетеді.

 Бұл тарауда әрбір әдіс, қатысушы және мысалдың таңдалуын егжей-тегжейлі негіздемесін ұсыну арқылы жақсартуға болады.

 Әр әдістің таңдалуын түсіндіре отырып, оқушы «шынайы», «сенімді», «өкілдік», «жинақтау» секілді зерттеу концепцияларын пайдалануы тиіс.

 Негіздеме қолайлылық, этика және жарамдылық мәселелеріне қатысты болуы керек, мысалы: құрылымсыз сұхбаттың адам құндылықтары мен көзқарастары, олардың әрекеттерінің себептері туралы терең ақпарат алудың жақсы әдісі екендігін түсіндіру.

 Сонымен қатар әдістерді қолданудағы әлеуетті қиыншылықтар мен олардың қалай еңсерілгендігі туралы айту тереңдете түседі. Мысалы: кейбір ғаламтор дереккөздеріндегі деректердің ықтимал ағат пікірлілігі мен дәл еместігін атауға болар еді.

 Зерттеу әдістері мен құралдарының анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттамасы қажет.

 Қосымшаларға бос сауалнама парағын қосу пайдалы болады.

 Сұрақтарды әзірлеу және құрылымсыз сауалнама туралы қандай да бір ақпаратты түсіндірудің жетіспеушілігі кемшілік болып табылады.






Нәтижелер

Бұл тарауда оқушы әр әдіс бойынша жиналған деректерді сипаттап, олардың бастапқы зерттеу сұрақтарымен қалай байланысатынын көрсетуі қажет.
Бұл есепте оқушы әр әдісті пайдалану барысында жиналған негізгі деректерді дәл және анық сипаттауы қажет.

х Алайда бұл тарауда деректер жетіспейді. Мысалы: ғаламтордан табылған ақпараттардың сипаттамалары деректерді дереккөздермен анық байланыстырмайды.

х Дереккөздер сипатталған, алайда толығымен сілтеме жасалмаған және көрсетілмеген.

х Кесте бүкіл үлгіге арналған сауалнама нәтижелерінің жіктелуін ұсынады, бірақ әртүрлі әлеуметтік топтарды салыстыруға ұмтылсы жасалмайды, мысалы: сұрастырылған адамдардың білім мен түсінік деңгейіндегі жас айырмашылығы, жынысы.

х Құрылымсыз сауалнамалар биоалуан түрліліктің төмендеуінің алдын алуға арналған әрекеттер деңгейі туралы пікірлер мен әрекеттер үшін жауапкершілік туралы қоғамдық пікірді ақтау үшін пайдаланылады, алайда талдау күлкілі дәйексөздермен бекітіледі, бірақ сауалнама жауаптарының мазмұнының жүйелі талдауынан ешбір деректер мен сандар келтірілмейді.




Қорытынды

Бұл тарауда оқушы қорытынды не сұрақтарға жауап жазуы тиіс.


  • Қорытындыда оқушы жұмысындағы басты жаңалықтар туралы қысқаша жазып, зерттеу сұрақтарына жауап беруі қажет.

Бірақ барлық сұрақтарға жауап берудің қажеті жоқ.

Егер қорытындыны тарауларға бөліп, әрбіріне атау берілетін болса, ол оқуға анағұрлым түсінікті болады.



  • Оқушы жұмысының қорытындысының мәні мен салдары туралы талқылау жүргізуге болады.

Бірақ пайымдаулар зерттеу мәнмәтінімен байланысты жіне есепте негізінен жеке көзқарас түрінде берілген, бұл әрі қарай зерттеуге арналған тарауға көбірек сай келуі мүмкін.

Бағалау


Бұл тарауда оқушы қол жеткізілген деңгей мен зерттеудің іс жүзіндегі күшті және осал жақтары туралы жазуы қажет.


  • Оқушы зерттеу сапасымен байланысты мәнмәтінді қолдауны тиіс, мысалы: нанымдылық, негізділік, мән және жинақылық.

  • Зерттеу мысалдарын талқылау ғаламтор зерттеуін талқылау іс-әрететін жақсартар еді.

  • Зерттеу әдістерін жақсарту үшін ұсыныстар жасау пайдалы.

  • Оң пікірлерді атап өту керек, бірақ түсіндіріп қажеті жоқ.

Әрі қарай зерттеу


Бұл тарауда оқушы әрі қарай зерттеу үшін өз зерттеуінен туындайтын идеяларды ұсына алады.


  • Оқушы қысқаша сипатталған идеялар ұсынуы мүмкін, алайда егжей-тегжейлі сипаттама берген дұрыс.

  • Зерттеудің өз көзқарастарына әсерін көрстеуге болады, бірақ егжей-тегжейлі түсіндіріп қажеті жоқ.

  • Әрі қарай зерттеулердің мәні дәл осылайша талқылануы тиіс.

Библиография


Бұл тарауда оқушы толық библиографияны көрсетуі қажет.

Оқушы іс жүзінде негізгі дереккөздердің тізімін жасауға тырысқан. Алайда тізім толық емес және ақпарат та жетпейді.


Библиографияны академиялық конвенцияға сәйкес зерттеуде қолданылған барлық ақпарат көздерін көрсете отырып, жақсартуға болады.

Дәл осылайша бүкіл жұмыс бойы академиялвқ конвенцияларды қадағалай отырып, ақпарат көзіне сілтеме жасап, библиографияда көрсету қажет.







1


2





жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау