Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
24
меттік тұрғыдан мойындалуын түрлендіру қажеттілігі, білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге қатысып,
бақылауға қызығушылық
білдірген тараптардың күткен болжалдары, сондай-ақ оқу-тәрбие
үрдістерінің тиімділігін бағалау сапаны қамтамасыз етудің жаңа
әдістерінің, сапа құжаттамаларының және жүргізілетін бағалау-
дың пайда болуына әкеледі.
5) стандарттау: Болон үдерісі себепкер болған модульдік және
көп деңгейлі оқу бағдарламаларын қазіргі жалпыеуропалық үлгіде
енгізуде жоғарыда аталған өзгерістер орын алуда.
Ағымдағы реформалар білім беру бағдарламаларының мазмұ-
нына, сондай-ақ ұйымдастырылуына
қатысы тұрғысынан осы
жаһандық оқиғаларға бағытталған.
Мазмұны жағынан алғанда, негізгі құзыреттерді немесе көпте-
ген қызметте қолданылатын дағдыларды беруге және қалыптасты-
руға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар пәндік ноу-хауға қосым-
ша ретінде игерілуі тиіс құзыреттерді қамтиды. Ол сонымен қатар
студенттерге әртүрлі жұмыс жағдайлары мен мәдениеттердің, сон-
дай-ақ жұмысқа қатысты дағдарыс жағдайларының талаптарын
орындауға мүмкіндік бере алуы қажет.
Жоғары оқу орындары үшін білім беруге қойылатын жаңа та-
лаптар тұрғысынан дамудың мынадай бағыттарын бөліп көрсетуге
болады:
а)
жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоғары білім мен тәжіри-
бе арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етуден тұрады, өйт-
кені тек техникалық тұрғыдан ғана негізделген жоғары білім кәсі-
би тәжірибенің қажеттілік талаптарымен санаспайтын болады;
ә)
интернационалдандыру стратегиялары халықаралық ұтқы-
рлықты арттыруға және мәдениетаралық дағдыларды ұсынуға ар-
налған;
б)
үздіксіз оқыту дегеніміз – жұмысқа орналасқан адамдардың
өз бетінше ала алатын және ол үшін
университеттер сұранысқа
бағытталған біліктілік бағдарламаларын ұсынатындай, біліктілік-
ті одан әрі арттыру. Үздіксіз білім беру ұғымы жасына, мәртебесі-
не немесе жынысына қарамастан жоғары білімге ұмтылып, оны
кеңейту болып табылады;
в)
өмір бойы оқып-үйрену. Компаниялар мен бизнес иелері ең
бірінші кезекте жұмысшыларын жұмыс істеп жүрген уақытында
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
25
үздіксіз оқытуға баса көңіл аударып, оларға қажетті дағдылар-
ды игеруге мүмкіндік беруі керек. Бұл үрдіс
өнімділікті артты-
ру үшін адамдар мен мәшинелер арасындағы үйлесімділікке қол
жеткізуге себепші болады. Сондай-ақ компаниялар мен бизнес
иелері студенттерге кәсіптік оқыту, сондай-ақ кәсіби және басқа
да оқыту түрлері үшін техникалық оқу стипендиясын тағайындай
отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып нығайтуы қажет. Келе-
шекте диплом университет ұсынатын жалғыз біліктілік дәреже-
сі (белгісі) болып қалмайды. Әлем өзгеруін жалғастырған сайын
адамдар қызметте жоғарылау барысында өз шеберліктерін то-
лықтырып отыруы тиіс. Оқыту ешқашан тоқтамайды.
Универ-
ситеттер дәрежелер мен неғұрлым қысқа курстарды үйлестіруге
қарай қадам жасауы қажет. Олар сонымен қатар түрлі саладағы
серіктестерімен саланың өзгеруіне қарай, соған лайықты бола-
тын және жұмыс күшінің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез
жауап бере алатын біліктілік құру үшін жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: