Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет29/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

2.2 Жалпы және негізгі құзыреттер
Нақты әлеуметтік және кәсіби мәнмәтініне қарамастан, «жал-
пы құзыреттер» термині дегенде университеттің кез келген түлегі 
меңгеріп, қолдануға тиіс негізгі, халықаралық дәрежеде танылған 
және үздіксіз қолданылатын құзыреттер мен дағдылар түсін-
39
Зегер ван дер Вал, PhD, «Y буынымен және Z буынымен жұмыс істеу», Назарбаев Университеті, 
Білім беру жоғары мектебі, қазан 2018 ж., www.zegervanderwal.com


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
56
діріледі. Аталмыш ұғымды қолданғанда «интеллект, ақпаратты өң-
деу модельдері, метақұзыреттілік және негізгі құзыреттілік сияқты 
ұғымдардың әртүрлілігі» (Allen et al., 2005, 52-б.)
40
деп танитыны-
мызды айта кету керек. «Жалпы құзыреттер» ұғымын ескерсек, 
«негізгі құзыреттер» ұғымы қатар шығады. Сондықтан бұл тара-
удағы талдау «жалпы құзыреттерге» де, «негізгі құзыреттерге» де 
бағытталған.
Болашаққа бағытталған жоғары білім беру және жоғары білім 
беруде тұрақты дамуға арналған құзыреттілікті зерттеу саласын-
дағы бірқатар еңбектердің авторларының бірі Марко Рикманның 
(Rieckman, 2012)
41
«негізгі құзыреттілік» термині белгілі бір құзы-
реттердің ерекше маңыздылығын көрсететін түсініктердің сапалы 
түрде кеңейгендігін білдіретінін растайтындығын айтуымыз керек.
Негізгі құзыреттер көп функциялы және мәнмәтіндікі-тәуелсіз құ-
зыреттер ретінде алынуы мүмкін. Олар белгілі бір нормативтік ба-
зада (мысалы тұрақты даму) маңызды әлеуметтік мақсаттарды іске 
асырудың шешуші факторы болып табылды және барлық адамдар 
үшін айтарлықтай маңызға ие» (Rieckman, 2012, 129-б.). Еуро-
палық Одақтың бағдарламалық құжаттарында білім беру бағдар-
ламасы шеңберінде осы ұғымның пәнаралық сипатын атап көр-
сету үшін «түйінді құзыреттер» термині қолданылады (European 
Parliament 2007, Voogt, & Roblin, 2012, 301-б.). ЮНЕСКО өкілі Се-
силия Браславский атап өткендей, «дәстүрлі мектеп бағдарлама-
лары арқылы алынған танымдық білім мен дағдылар білім беру-
дің маңызды нәтижесі болғанымен, құзыреттілікті таңдау тек осы 
шеңбермен шектелмейді» (Браславский, 2004, 2-б.)
42
.
Тағы бір маңызды сәт, негізгі құзыреттерге талдау жүргізу ба-
рысында біз университет ресурстары мен веб-сайттарға емес, ар-
найы Үкіметаралық экономикалық ұйымдар мен трансұлттық білім 
беру және кәсіби желілер мен ұйымдардың құжаттарына («қатты» 
40
Allen, J., Ramaekers, G., & Van der Velden, R. (2005). Measuring Competencies of Higher Education 
Graduates. New Directions for Institutional Research, 2005(126), 49-59
41
Rieckmann, M. (2012). Future-Oriented Higher Education: Which Key Competencies should be fostered 
through University Teaching and Learning? Futures, 44(2), 127-135
42
Braslavsky, C. (2004). Development of Key Competencies in Education: some Lessons from International 
Experience.
http://www. ibe. unesco. org/cops/russian/IBE Competences.pdf


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
57
және «жұмсақ» дағдылар бойынша өз көзқарасымызды ұсына оты-
рып) назар аудардық. Мұндай әрекетіміздің басты себебі қазіргі 
уақытта әлемде «ресми білім беруден «қатты» және «жұмсақ» дағ-
дыларды қамтитын болашағы бар әрекетке көшу байқалады, ол 
еңбек нарығында сәттілікке жету үшін адамдардың меңгеруі тиіс 
дағдылар» (OECD Skills Studies, 2016). Ричен мен Салганик атап өт-
кендей (Rychen & Salganik, 2000, 66-б.), «негізгі құзыреттер» және 
«негізгі дағдылар» сияқты ұғымдар әлеуметтік саяси дискурсында 
өте сәнді бола бастады. Алайда бұл терминдер көбінесе түсініксіз 
мәнде қалып отыр»
43
.
Жалпы құзыреттілікті түсіндірген кезде біз халықаралық «Құзы-
реттерді анықтау және таңдау: теориялық және тұжырымдамалық 
негіздер» (Definition and selection of competencies: theoretical and 
conceptual foundations – DeSeCo) деп аталатын пәнаралық бағдар-
ламаның функционалдық тәсілін ұстанамыз. Ол «құзырет», ең ал-
дымен, адамдарға қойылған күрделі талаптарды (2005) қамтиды. 
ЮНЕСКО және ЭЫДҰ DeSeCo жобасы (2005)
44
қазіргі әлемде болып 
жатқан түрлі проблемаларды шешу үшін қандай негізгі құзыреттер 
қажет болатынын ескерді, ол жан-жақты талдау жасауды қамта-
масыз ету үшін көптеген сарапшылар мен мүдделі тараптардың 
пікірлерін біріктіру мақсатында әзірленді. Бағдарлама деңгейінде 
құзыреттілік анықтамасын әзірлеу үдерісі нарықтық талаптарды, 
академиялық үміттерді және студенттердің қажеттіліктерін ескере 
отырып дамитын эволюция жолмен жетілдіріліп отыруы тиіс. Ака-
демиялық жаһандану кеңістігінде жалпы және негізгі құзыреттер 
«ХХІ ғасырдың дағдылары» идеясын көрсетеді. Ол ЭЫДҰ-ға мүше 
елдер мен серіктес елдердегі орта және жоғары білім беру бағдар-
ламаларында («Білім беру мен дағдылардың болашағы», «2030 
жылға дейінгі білім беру», ЭЫДҰ) бар деп есептеледі. 
43
Rychen, D. S., & Salganik, L. H. (2000). Definition and Selection of Key Competences: A Report to the 
INES General Assembly
44 
Rychen, D. S., & Salganik, L. H. (2005). The Definition and Selection of Key Competencies: Executive 
Summary


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
58

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау