103.Дәрілік кЛизманы қою
Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.
Көрсеткіштері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде,
ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітінді, алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, жел шығаратын түтік, вазелин, клеенка, алжапқыш, су термометрі, шпатель, қолғап, бет перде, жаялық, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, бет перде мен қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.
Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.
Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
Сол колдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз.
Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Анал тесігі айналасын тазартыңыз.
Науқасты ескертініз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ кырымен жатуы қажет.
Қолғап, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Алжапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығында сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |