Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.
104.Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.
Көрсеткіштері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
Қарсы көрсеткіштері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық
жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: тұзды ерітінді (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, жел шығаратын түтік, лоток, қысқыш, салфеткалар, жаялық, клеенка, шпатель, қолғап, вазелин майы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
«Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.
Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.
Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.
Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК- ға салыңыз.
Қолыңызды, жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |