Біздің мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 100008, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 «А» 8 (7242) 26-15-46 , факс: 8 (7242) 26-27-14, E-mail: www.korkyt.kz
1.2. Университет кітапханасы
Университеттің кітапхана қоры 2 175 849 дананы құрайды.
Университеттің кітапханасы 5 оқу залы, 4 абонемент, ақпараттық-библиографиялық, сирек кездесетін әдебиеттер, мөлшерлік-техникалық құжаттар бөлімдері және 3 электронды зал арқылы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.
Кітапхана «KazSoft» компаниясы құрастырған «КАБИС-2.1» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Кітапхананың мәліметтер базасын қалыптастыру, пайдаланушылардың қашықтағы ақпарат ресурстарына еркін, жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету, оқытушы-профессорлардың еңбектерінің библиографиялық мәліметтер базасын жасау т.б. жұмысы жасалуда. Университеттің электронды кітапханасының қоры жасақталуда. Сонымен қатар әлемдегі танымал Thomson Reuters, Springer, Elsevier компаниясының Scopus, электронды-кітапхана жүйелері «Лань» және «Университетская онлайн библиотека» және отандық электронды кітапханалар РМЭБ (Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана) мен КазНЭБ (Қазақ ұлттық электронды кітапхана) деректер базаларын пайдалануға мүмкіндік жасалған.
Кітапхана заманауи техникалармен жабдықталған. Пайдаланушылардың Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар. Кітапхананың компьютерлік паркі 70 дананы құрайды.
Кітапхананың негізгі және алға қойған міндеттері:
ҚР білім және ғылым министрлігінен келген құжаттарды негізге алып, университеттің ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, анықтама-ақпараттық қорды толықтыру;
университеттің бейініне және кафедралардың ғылыми көзқарасына байланысты басылымдарды насихаттау жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру;
оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
кітапханалық маркетингті кеңінен енгізу;
қорды сақтауды қамтамасыз ету;
кітапхана кадрларын дайындауға және біліктілік деңгейін көтеруге ықпал ету;
кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру.
Университетте сала мамандарын дайындауда, студенттерді патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеуде ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері үлкен рөл атқарады. Кітапханашылар университет оқытушы-профессорларымен бірге әртүрлі кештер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.
Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері:
Кітапхананы университет студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлері пайдалануға құқылы.
Әдебиеттер үйге абонементтер арқылы беріледі.
Оқырмандарды кітапханаға жазу үшін төмендегідей құжат қажет:
қызметкерлерге – жұмыс орнынан анықтама мен төлқұжаты;
білім алушыларға – факультет деканның анықтамасы.
Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын беретін электронды оқырман билеті, оқырман формулярлары толтырылады. Оқырман кітапхана Ережесімен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.
Оқырман билетінің қолданылу мерзімі – бір жыл. Кітапхана оқу жылы басталғанда оқырмандарды қайта тіркеуден өткізіп, оқырман билетін ұзартады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
Бітіруші және жұмыстан шыққан қызметкерлер кітапханадан алған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарып, айналым парағынан өтеді.
Кітапхана қорынан алынған кітаптарды жоғалтқан немесе бүлдірген оқырмандар кітапхана Ережесіне сәйкес оны дәл сондай басылыммен немесе кітапхана құны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |