Білім алушы мен эдвайзерге арналєан жаднама



жүктеу 0,99 Mb.
бет2/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#23173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Қара, түсті және сирек металдардың шикізатын металлургиялық өңдеуінің, шикізатты металлургиялық өңдеуге дайындауының, кен байыту және өндіру әдістерінің теориялық негіздерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Осы курс металлургияның кіріспе бөлімі болып табылады, ол студентке металлургиядағы негізгі терминдер және анықтауларын, технологиялық процестерін өндеудің жалпы принциптерін және негізгі металлургиялық агрегаттардың конструкциясы мен жұмыс істеу принциптерін меңгеруге көмектеседі.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент метал, кен және минералдардың классификациясын; жер қабатында қара және түсті металдар минералдарының көп таралғандығын, түрлері мен негізгі базаларын; металлургия саласындағы негізгі терминдер және ұғымдардың мәнін; металлургиялық қайта өндеуге шикізатты әзірлеу және кен байыту процестердің түрлері және теориялық негіздерін; пиро-, гидро- және электрометаллургиялық процестердің теориялық негіздерін; қара, түсті және сирек металдарды алудың технологиялық схемаларын; негізгі металлургиялық агрегаттардың конструкциясы мен жұмыс істеу принципін; технологиялық процестердің режимдік параметрлері мен көрсеткіштерін білуі керек. Қара, түсті және сирек металл шикізаттын өңдеудің заманауи мәселелерін шешу үшін, олардан бағалы компоненттерді шығару «Жалпы металлургия» курсынан алған білімді қолдануын меңгеруі қажет.

Постреквизиты: «Ауыр түсті металдар металлургиясы», «Жеңіл металдар металлургиясы», «Сирек металдар металлургиясы», «Түсті металлургияның процестері мен аппараттары».

2. OKPPS 3214.1 Полиметалдық шикізатты кешенді өңдеудің негіздері -3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Полиметалды және қайталама шикізатты кешенді қолдануының негіздерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының түсті металлургиясы қолданылатын шикізаттың алуан түрілігімен, күрделі технологиялық схемаларымен, бағалы компоненттерді шығарудың тиімді қайта өңдеуді қажет ететін үлкен көлемдегі алынатын техногенді материалдармен ерекшелінеді.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент полиметалды шикізатты кешенді өңдеудің негізгі технологиялық процестерін білуі керек. Жаңа техникалық шешімімен жұмыс нәтижелері негізінде тиісті тақырыптар бойынша курстық жұмысын орындау және техникалық әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қолдануын меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Түсті металлургияның процестері мен аппараттары», «Металлургиядағы конденсация және шаңұстау», «Техногендік және қайтарма шикізаттарды өңдеу процестері».
3. GTM Металлургиядағы геотехнологиялар (3 кредит)

Пререквизиттері: «Математика», «Физика», «Химия», «Экология және тұрақты даму».

Оқыту мақсаты: студенттерге кенді металлургиялық шикізаттарды әзірлеудің геотехнологиялық әдістерін металлургия саласында қолданудың технологиялары туралы жүйелі білім беру.

Қысқаша мазмұны: Жер қыртысындағы геохимиялық процестер. Минералдардың қалыптасуы, қара және түсті металдардың кен орындары. Геотехнология әдістері. Геотехнологиялық әдістермен металды бөліп алу мүмкіндіктері. Табиғат пен кен қорына сәйкес металды бөліп алудың геотехнологиялық әдісін таңдау. Жерасты, ұңғылы және үйінді шаймалау. Металды бөліп алуға реагент табиғатының әсері. Геотехнологиялық процестердегі бактерияның рөлі. Үйінді шаймалауды ұйымдастыру және тәжірибеде қолданылу мысалдары. ҚР және шетелдердегі түсті металдарды бөліп алуда жерасты және үйінді шаймалауды ұйымдастыру, қолдану жағдайлары.

Күтілетін нәтижелер: өңдеу үшін барынша үйлесімді әдісті анықтау мақсатында кенді шикізаттың сапасын талдау; Пурбе диаграммасы бойынша бағалы компонентті шаймалау ықтималдығын бағалау; шаймалау, экстракция, сорбция, электролиз, шөктіру процестерімен байланысты кейбір технологиялық көрсеткіштер мен параметрлерді есептеу.

Постреквизиттері: «Металдарды бөлу және тазарту теориясы мен практикасы», «Табанды металлургиялық шикізаттарды өңдеу».
4. ERTN Металлургия өндірісінің экологиялық үйлесімді технологиялары (3 кредит)

Пререквизиттері: «Математика», «Физика», «Химия», «Экология және тұрақты даму».

Оқыту мақсаты: студенттердің экологиялық таза металлургиялық өндірістер жасаумен байланысты салада білім алуы.

Қысқаша мазмұны: Металлургияның қоршаған ортаға әсері. Қоршаған ортаға әсер етуші негізгі факторлары. Ресурстарды пайдалану. Экологиялық таза металлургия жасаудың жалпы принциптері. Экологиялық таза металлургия өндірісіне қойылатын негізгі талаптар. Экологиялық таза металлургия құру. Металлургия өндірісінің әртүрлі әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы. Жаңа процестерді құру кезіндегі эко­ло­гиялық стратегия. Техноаясындағы элементағындары. Эле­ментағындары және техногенді кен орындарының қалыптасуы. Тех­но­гендік ресурстар. Жобалау және технологиялық шешімдердің экологиялық тиімділігін бағалау. Экологиялық мони­торин­г жүйесі. Эко­ло­гиялық менеджменттің жүйесі.

Күтілетін нәтижелер: полиметалдық шикізаттарды кешенді өңдеудің аз қалдықты және экологиялық таза технологияларын салыстырмалы талдауды жүргізуді игеру; әзірленетін технологиялардың эколого-экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін қолдана білу; экологиялық баланс есептеулерін орындау.

Постреквизиттері: «Металлургия процестерінің технологиясы», «Металдарды бөлу және тазарту теориясы мен практикасы».
5. РSMP 3215 Металлургиялық өңдеуге шикізатты дайындау - 3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: металлургиялық өңдеуге шикізат дайындаудың негізгі технологиялық әдістерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: металлургиялық өңдеу ушін кен және концентраттарды құрғату және ұсақтауға арналған жабдықтар. Кен және концентраттарды құрғату, ұсақтау және брикеттеу технологиясы.

Күтілетін нәтижелер: осы пәнді игеруден кейін студент полиметалды шикізаттың уақталу, ұсақтау, құрғату, түйіршектеу және брикеттеу процестердің технологиянсын білуі керек. Полиметалды шикізат өңдеудің заманауи мәселелерін шешу үшін металлургиялық қайта өңдеуге шикізатты әзірлеу бойынша жұмыс дағдыларын қолдануын игеруі қажет.

Постреквизиттері: «Металлургиядағы автогенді процестер», «Қара металлургиядағы процестер мен аппараттары», «Түсті металлургиядағы процестер мен жабдықтар».
6. SSPRM 3215.1 Металлургияның қазіргі кездегі күйі және даму болашағы – 3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Металлургияның қазіргі уықыттағы жай-күйі және даму алғы шарттарын оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудың курсында мысты, қорғасынды, мырышты, алтынды, күмісті бөліп алудың теориялық заңдылықтарына негізделген ауыр түсті және асыл металдарды бөліп алудың жаңа технологиялары қарастырылады. Жаңа технологияларда Қазақстан территориясында кең таралған құрамында ауыр және асыл металдары бар минералды және техногенді шикізатты кешенді өңдеудің пиро- және гидрометаллургиялық әдістері қамтылған. Сонымен бірге, металлургиялық өндірістердің газдарын, ағын суларын жоюдың жаңа технологиялары да оқытылады.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент минералды және техногенді шикізаттан ауыр түсті және асыл металдарды бөліп алу технологияларын білуі керек. Әдебиетпен жұмыс істеу және ауыр түсті және асыл металдарды бөліп алу және өндіруінің қазіргі технологиялары мен әдістемелерді талдауын меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Металлургиядағы процесті модельдеу», «Металлургиялық кәсіпорындар жобалау негіздері».
7. GeoM Гидрометаллургия (3 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Математика», «Химия», «Физикалық және коллоидтық химия».

Оқыту мақсаты: Кенді шикізаттар мен металлургиялық өнеркәсіп өнімдерінен металдарды комплексті бөліп алудың қазіргі гидрометаллургиялық тәсілдерінің теориялық негіздері мен технологиялары жөнінде жүйелі ұсынысты қалыптастыру, технологиялық процестерді талдау және технологияны жетілдіру әдістерін таңдау бойынша студентті өзіндік жұмысқа дайындау.

Қысқаша мазмұны: Гидрометаллургиядағы негізгі процестер мен опера­ция­лар. Шаймалау процесінің технологиялық түрлері. Металлургиялық шикізаттарды тотықтырмай шаймалау теория­сының негіздері және тәжірибесі. Металлургиялық шикізаттарды то­­тықтырып шаймалаудың тео­рия­сы. Тотықтырып шаймалау проце­сі­нің термодинамикасы. Талғамды және ұйымдасқан суль­фид­ті материалдарды қай­та өңдеуде гидро­химиялық тотықтырып шай­ма­лау про­цестерін пайдалану. Талғамды және ұйымдасқан суль­фидті материалдарды қай­та өңдеуде гидрохимиялық тотықтырып шай­малау про­цестерін пайдалану Сульфидті материалдарды гидро­электрометал­лургия­лық қайта өңдеу. Экстракцияны тәжірибе жүзінде іске асыру. Ионалмастыру процестерінің тео­риясы мен практикасы.

Күтілетін нәтижелер: Гидрометаллургиялық процестерді қарқындату тәсілдері мен технологиялардың қазіргі деңгейін сынап таңдау. Полиметалдық шикізаттарды кешенді өңдеудің аз қалдықты және экологиялық таза технологияларын салыстырмалы талдауды жүргізуді игеру.

Постреквизиттері: «Түсті және сирек металдар металлургиясы», «Таза металдар мен қорытпаларды алу», «Полиметалдық шикізаттарды комплексті қайта өңдеу».
8. TPM Металдардағы қаптамалар технологиясы (3 кредит)

Пререквизиттері: «Химия», «Металлургия процестерінің теориясы», «Физикалық химия», «Физика», «Электротехника».

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металл, органикалық және құрамдас қаптамаларын алудың теориясы мен технологиясы туралы білім беру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: қаптама сыныптамасы туралы; қорғаушы қаптамалардың қасиеті мен функциясы; қаптаманы алудың негізгі әдістері мен олардың тағайындалуы; қорғаушы қаптамаларды алуға арналған жабдықтардың негізгі түрлері.

Күтілетін нәтижелер: білім алушылар осы курсты оқыған соң қорғаушы қаптамаларды алудың технологиялық режимдеріне; қаптамалардың және қаптамаға қойылған мақсат пен тағайындалуына қарай оларды алудың әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізе алады, сонымен қатар әр түрлі қорғаушы қаптамалар түрлерін салыстыру мүмкіндігіне ие болады; қажетті технологиялық есептеулерді жүргізуге дағдыланады.

Постреквизиттері: «Коррозиядан қорғау әдістері», «Арнайы материалдарды алу негіздері».
9. РMChM 3216 Қара металдар металлургиясының процесі -3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Қара металдар металлургиясының негізгі процестерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Теміркенді шикізаттарды металлургиялық процестерге дайындау, оларды домна пешінде редукциялай балқытып металл алу, одан әрі болат қорытатын агрегаттарда өңдеу туралы өндірістік процестері. Шикізаттарды дайындау оларды брикеттеп алу, агломерациялау және жентектеу процестерін қамтиды. Домна процесінде металдарды редукциялау, балқыту, қождың құрылу және шойынның алыну процестері қарастырылады. Өндірілетін шойын сол балқыған күйінде болат қорытатын агрегаттарда – оттекті конвертерде, доғалы пештерде одан әрі қорыту кезінде өңделеді.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент металлургиялық өндірістің технологиясын, теориялық және тәжіребелік есептерді шешу тәсілдерін білуі керек. Күрделі металлургиялық процестерді талдау, өндірістердің жаңа процестерін жоспарлауын меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Қара металлургиядағы процестер мен аппараттары», «Металлургиядағы процесті модельдеу», «Металлургиялық кәсіпорындар жобалау негіздері».

10. OFP 3216.1 Ферроқорытпалар өндірісінің негіздері - 3 кредит

Пререквизиттері: «Ғылыми зерттеулердің негіздері», «Металдар және олардың қосылыстары», «Физикалық химия», «Инженерлік сызба», «Электротехника».

Оқыту мақсаты: алюминий, магний, титан, хром, марганец, ванадий, сирек жер металдардың және олардың негізіндегі балқымалардан ферроқорытпа алудың негізгі жолдарын зерттеу. «Ферроқорытпалар металлургиясы» курсы ферробалқымалар мен олардың негізіндегі балқыманың физикалық, механикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері туралы білім береді, бакалаврды оларды алудың қазіргі кездегі әдістері мен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Ферроқорытпаларды алудың негізгі жағдайы және соның негізінде қорытпалар баяндалған. Қорытпаны легірлеу, өндірістік қорытпалар, ферроқорытпаның пайдалану аумағы және соның негізндегі қорытпалардың принциптері көрсетілген. Әртүрлі қорытпалардың құрылыстық жағдайына негізделінген талдауға арналған үлгілі қорытпаларды алу келтірілген .

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент:

білу керек: – түсті және қара металдардың негізіндегі балқымалардың қасиеттерін анықтайтын негізгі заңдылықтарды, балқымаларды легірлеу принциптері туралы; – түсті және қара металдардың өндірістік балқымалардың негізгі процесстеріндегі материалдардың өзгерісі немесе қолданылуы туралы; – түсті және қара металдарды және олардың негізіндегі балқымаларды алу технологияларының негізі туралы.



үйрену керек: – өндірістік металдар мен балқымаларды алудың негізгі физико-химиялық сипаттамаларына байланысты жалпы суретін анықтау; – химиялық құрамды таңдауды жүргізу, нақты пайдалану жағдайында негізгі өндірістік балқыманы алу режімі мен алу әдісі; – түсті және қара металдар негізіндегі балқымалардың фазалық және құрылымдық күйін кешенді зерттеу, балқыма сапасын бағалау

Постреквизиттері: «Болат қорыту технологиясы мен процессі», «Қара металлургиядағы процесстер мен аппараттар».
11. ІSM Металлургиядағы өлшеу және сертификаттау (3 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Математика», «Құқық негіздері», «Инженерлік графика», «Экология».

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металлургияда қолданылатын өлшеулер, металлургиялық өнімдерді сертификаттау, өнім сапасын талдау бағыттарында білім беру және осы саланың әдістерімен, қолданылатын құрал – жабдықтарымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық дәрежедегі метрология және сертификаттау жүйелері. Физикалық шама және оның бірлігі. Халықаралық бірліктер жүйесі. Өлшеу қателері. Өлшеу құралдарының сыныпталуы, метрологиялық сипаттамасы және нормалануы. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу. Метрологиялық қамтамасыздандыру негіздері. Сертификаттау ұғымы, мақсаты және объектілері. Сертификаттаудың негізгі принциптері мен түрлері. Сертификаттау жұмысын қаржыландыру. Сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстар және орындалатын құжаттар. Сертификатталған өнім сапасын бақылау. Сертификаттауды жүргізуші ұйымдар құрылымы және олардың атқаратын қызметі. Сертификаттаушы ұйымдарға қойылатын талаптар. Экологиялық сертификаттау жүйесі. Сапа жүйесін сертификаттау. Өнім сапасын басқару жүйесі, бағалау әдістері, аттестаттау. Техникалық реттеу негізінде өнім сапасын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер: металлургия өндірісі өнімдерін бағалау және аттестаттау әдістерін салыстырмалы талдау; экологиялық сертификаттаудың негізгі принциптерін талдау; жаңа материалдар мен технологияларды сертификаттау жолдары; салыстырып тексеру әдістеріне есептеулер; өлшеу қателіктерін айқындау есептеулері.

Постреквизиттері: «Қоршаған орта және еңбекті қорғау», «Металлургиядағы ғылыми зерттеулер және инновациялар», «Металлургия өндірісінің арнайы тараулары».
12. CRMMP Металлургия процестерін бақылау, реттеу және басқару (3 кредит)

Пререквизиттері: «Mатематика», «Металлургия процестерінің теориясы».

Оқыту мақсаты: металлургиялық процестердегі технологиялық ауыспалыларды өлшеу әдістерін оқу; ең маңызды технологиялық параметрлерді бақылаудың техникалық құралдарының әрекеттік принциптері мен құрылымын зерделеу; басқару жүйелерінің типтік элементтерінің жұмысын зерттеу; үздіксіз металлургиялық процестерді реттеудің теориясы және техникасы негіздерімен танысу.Қысқаша мазмұны: Бұл курста реттеу теориясы мен реттеу жүй­­е­лері бойынша негізгі деректер беріл­ген; басқару және нақты металлургиялық про­цестерді бақылау жүйелері қарасты­рыл­­ған. Басқарудың автоматтық жүйеле­рі­нің тип­тік элементтерінің құрылуы мен жұ­мы­сының принциптері, теориясының не­гіздері қарастырылған, металлургия про­цес­терінің температура, қысым мен деңгей, мөл­шер мен шығын, зат құрамы сияқты ең ма­ңызды технологиялық параметрлерін ба­қы­лаудың негізгі өлшеу әдістері мен қазіргі уақыттағы ас­пап­та­ры сипатталған. Автоматы рет­те­гіш­тердің құ­рылымы мен әрекеттену прин­циптері келтірілген.

Күтілетін нәтижелер: өлшеу аппаратурасын қолдану шеберлігін игеру; қарапайым функционалдық сұлбаларды әзірлеу; бақылау, реттеу және басқару жүйелерін талдау және жобалау кезінде басқару шешімін қабылдай білу.

Постреквизиттері: «Металлургия процестері мен аппараттары», «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу».
13. ОРЕ Эксперименттерді ұйымдастыру және жоспарлау (3 кредит)

Пререквизиттері: «Химия», «Математика», «Физическая химия»

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металлургиялық эксперименттерді, заманауи ғылыми зерттеулерді сапалы жоспарлау және жүргізу туралы білім беру және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытуда келесі бөлімдер қарастырылған: ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері; эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлері. Мәліметтерді өңдеу және талдау, оларды есеп түрінде ресімдеу. Әдебиет көздерімен жұмыс істеу. Зертханалық эксперименттердің техникасы. Эксперименттерді жүргізуге арналған процесстер мен жабдықтар. Тәжірибелердің қайталап орындалуын тексеру. Эксперименттің нәтижелерін өңдеу әдістері. Бірінші ретті, толық және бөлшекті факторлы эксперименттерді жоспарлау негіздері мен әдістері. Оптимизациялау. Эксперименттерді жоспарлаудың градиентті әдісі. Симплекс-жоспарлау әдісінің маңызы.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда эксперименттерді ұйымдастыру және жоспарлаудың негізгі принциптері туралы, эксперменттік мәліметтерді математикалық өңдеу әдістері туралы түсінік қалыптасады. Зерттеу әдістерін пайдалану, соның ішінде мақсатты анықтау, проблемаларды қою, проблемаларды шешу тәсілдері туралы гипотезаны құру, қажетті мәліметтерді жинау және өңдеу үдерістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, мамандықтың бағыты бойынша сапалық және сандық зерттеулерді жүргізу дағдылары қалыптасады.

Постреквизиттері: «Металлургиялық процестер теориясы», «Металлургиялық процестерді физика-химиялықзерттеу әдістері», бітіру жұмыстары.
14. TWER 3218.1 Зерттеу жұмыстарын орындау техникасы (3 кредит)

Пререквизиттер: «Математика», «Физика», «Химия».

Оқу мақсаты: Студенттердің металлургия саласында тәжірибелік жұмыстарды жүргізу мақсатында білім мен тәжірибе жинау.

Қысқаша мазмұны: Зертханалық және зерттеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігінің негіздері. Ыдыстармен және реактивтермен жұмыс істеу әдістері. Әртүрлі ерітінділерді дайындаудың ережелері мен есептеулері. Қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінің концентрацияларын анықтау. Қыздырғыш және қысым жабдықтарымен жұмыс істеу. Қатты және сұйық заттардың қоспасын дайындаудың есептеулері және жұмыс ережесі. Сынама алу және оны дайындау. Органикалық реагенттермен жұмыс істеу. Аналитикалық жабдықтармен танысу. Металлургия саласындағы зерттеулерді орындау ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер: Студенттердің негізгі металлургия бойынша пиро және гидро металлургия саласындағы эксперименттік жұмыстарын іске асыру үшін химиялық ыдыстармен, зертханалық материалдар және жабдықтармен, сондай-ақ базалық дағдылармен, жұмыс технологиясын аналитикалық есептеулерді орындау ісін меңгеру.

Постреквизиттер: Металлургиялық процесстерді физика-химиялық зерттеу әдістері. Қорғаушы қаптамаларды алу. Металдарды тазарту және бөлу теориясы мен тәжірибесі
15. ONIM 3218.2 Металлургиядағы ғылыми зерттеу негіздері -3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Металлургиядағы ғылыми зерттеу негіздерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: “Ғылым” ұғымының анықтамасы. Қазақ­стан­дағы металлургия ғылымының даму этап­тары. ҚР ғылыми зерттеуді ұйым­дас­ты­ру. ҒЗЖ мен СҒЗЖ нысандары, олардың мә­ні. Ғылыми танымның әдістемелік негіз­де­рі. Ғылыми ақпаратты өңдеу және сақтау. Ғы­лыми зерттеудің этаптары. Сынама алу жә­не оны дайындау, металлургиялық экспе­риментті қою жолдары. Ғылыми құжат­тардың түрлері мен сыныптамасы. Қателік­тер, оларды болдырмау, эксперименттік де­рек­терді корреляциялық талдау. Ғылыми құ­жаттарды рәсімдеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну. Ғылыми әзірлемелердің тиімділігі мен енгізілуі. Металлургиядағы ҒЗЖ бағы­ты.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент ғы­лыми зерттеулердің кезеңдерін, ғылыми әзірлемелердің тиімділігі мен енгізілуін және металлургиядағы ҒЗЖ бағы­ттарын білуі керек. Лабораториялық жабдықтармен жұмыс істеу мен ғылыми тәжірибелерді өткізуін және ғылыми құжаттаманы ресімдеуін меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Ауыр ж/е түсті металдар бойынша ғылыми зерттеу курстік жұмыс», «Жеңіл ж/е сирек металдар бойынша ғылыми зерттеу курстік жұмыс».
16. VTM 3218.3 Металлургиядағы нанотeхнологиялар - 3 кредит

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Металдар және олардың қосылыстары».

Оқыту мақсаты: Наноматериалдардың дамуындағы және олардың қоғам өмірінде қолданылуында келесі қадамдарды студенттер жасайтындықтан, оларды нанотехнологиялардағы зерттеулердің жағдайымен таныстыру

Қысқаша мазмұны: Бүгінгі күні нанотехнологиялар – бұл ғылым мен инженериядағы жаңа бағыттардың бірі, әсіресе, егер жаңа тауарлар мен қызметтердің жоғары сапалы нарығын құру мақсатында нанотехнологияларды жылдам енгізу үшін жағдайлар жасалған болса ол бәсекеге қабілетті өнеркәсіптің негізгі қозғаушы күші бола алады.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игергеннен кейін студент наноұнтақтар және наноматериалдардың қалыптасуының негізгі физика-химиялық заңдылықтарын білуі керек. Заманауи отпика-электрондық жабдықпен мен жұмыс істеуін меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Металлургиядағы процесті модельдеу», «Металлургиялық кәсіпорындар жобалау негіздері».
17. ТерМР Металлургиялық процестер жылуэнергетикасы (3 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Математика», «Электротехника»

Оқыту мақсаты: студенттердің техникалық термодинамика және жылутехникалық процестер саласында білім алуы; пештердің, жылуалмастырғыштардың және жылуөндіргіштердің құрылымдарымен танысу; отынның жануының, жылуберіліс сипаттарының есептеулерін орындауды игеруі.

Қысқаша мазмұны: жұмысшы дене мен оның негізгі параметрлерінің ұғымдары мен анықтамалары, термодинамиканың негізгі заңдарын талдау, термодинамикалық процес­тер, термодинамиканың дифференциалдық теңдеулері, газдың және будың ағып өтуі мен дросселденуі. Жылудың жұмысқа өзара түрленуі, жылыту және мұздату машиналарында жүзеге асырылатын жылулық, механикалық және химиялық процестер арасындағы өзара байланыс. Отынның химиялық энергиясы және электрэнергиясынан жылуөндіру. Жылуалмасу теориясының негізгі ережелері. Жылудың жылуөткізгіштікпен берілуі. Жылудың конвекциямен берілуі. Сәулелі жылуалмасу. Сұйықтар мен газдар механикасы. Ұқсастық және модельдеу теориясының негіздері. Пештердің жалпы теориясының негіздері. Энергетикалық жабдықтар. Қайтарма энергоресурстарды пайдалану.

жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау