билет доктрина


-БИЛЕТ 1)«Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз



жүктеу 93,23 Kb.
бет7/38
Дата05.10.2022
өлшемі93,23 Kb.
#39508
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Тарих билет жауаптары жбм

6-БИЛЕТ


1)«Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз.
Ақсүйек- қазақтардағы ар­тықшылықтарға ие топ.хандық дәуірдегі қазақ қоғамында айрықша құқықтар мен ерекше артықшылықтарға ие болған таңдаулы әулет өкілдері. Оған Шыңғыс хан ұрпақтары-хандар, сұлтандар, әлеуметтік жік, төрелер, сейіттер, дінді таратушылар-қожалар кірді.


Қарасүйек- байырғы қазақ қоғамында ақсүйек тобына жатпайтын жай халық, қара халық. Қазақ қоғамында қара сүйектер өз ішінде шаруалар (көшпелі малшы қауым, егінші жатақтар), билер, ақсақалдар, батырлар, бай-бағландар, құл-құтандар тәрізді әлеуметтік жіктерге бөлінген.


2)Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз.
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер:
1)Этногенездің фин-угор кезеңі: Ғалымдардың көпшілігі Ботай-Терсек мәдениетін жасаушыларды угорлар деп есептейді.Б.з.б IV-III мыңжылдықта Орталық Азияның оңтүстігінде фин-угор тілдестер давид тілдестермен қарым қатынаста болған.
2)Этногенездің үндіеуропалық(үндіирандық) кезеңі: Үндіирандықтармен(арийлермен) қола дәуірінің жақсы зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының, Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттерінің уақытымен байланыстырылады. Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер: Қазақтар этногенезінің VI-XIII ғасырларында, яғни түркілік дәуірінде түркі тайпалары:түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қидандар қазіргі Қазақстан аумағына келе бастады және жергілікті халықпен араласа отырып, қазақ даласының этникалық бейнесін толықтай қайта өзгертті. Бұл ретте өркениеттік негіз-көшпелі мал шаруашылығы мен көшпелілік мәдениеті бұрынғыша қалды. Бұл кезеңдегі қыпшақтар қазақтар этногенезіне үлкен үлес қосты. Моңғол дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер: Моңғол жаулаушылығының нәтижесінде Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның үш үлкен ұлы:Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан-Шағатай ұлысы, Ертістен шығысқа қарай-Үгедей ұлысы, Шығыс Дешті ҚыпшақЖошы ұлысына кірді. Жошы ұлысы мен Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған түркі-монғол мемлекеттері-Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай ордасы тайпалардың шоғырлануына және қазақтардың қалыптасуына жағдай жасалды.Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр хандығынан бөлніп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы және көпғасырлық этникалық үдерістің нәтижесінде XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ этносы қалыптасты.


3) Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Иә, келісемін.Себебі, қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінде қалыптасқан ғұрыптар,... қазіргі таңда да көрініс тауып, бірыңғай тарихи процесті құрайды. Мәселен,алдыңғы ерте қола дәуіріндегі Нұра кезеңінде өлікті өртеп жерлеу ғұрпы қалыптасты. Ортаңғы қола дәуіріндегі Атасу кезеңінде өлген адамның денесін сол күйінде жерлеу ғұрпы қалыптасты. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде рулық, ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік келді.Жоғары лауазымды билеушілерге арнап қақпақ тастардан зәулім кесенелер тұрғызу болды. Адамды жерлеу рәсімінде обалар айрықша қолданылысқа ие болды.Қорымдар мен қабірлер маңызды рөл атқарды. Ертеде қайтыс болғандарды белгілі бір салттарды сақтай отырып жерлеген:құрбандыққа мал шалған, бейітке қарлар мен түрлі заттарды қоса көмген. Қоғамдағы ер адамдардың үстемдігі артты. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі-құдық қазу шықты. Баспана үлгілері өзгеріп, үйлер кең және өмір сүруге ыңғайлы бола бастады. Қыш шеберлері, тігіншілер, сүйек өңдеушілер, зергерлер сияқты қолөнершілер пайда болды. Б.з.б III мыңжылдықтың соңында дөңгелекті арбалар жасала бастады. Ерте темір дәуірінде қуаңшылыққа байланысты Ұлы Дала өркениетін айғақтайтын басты белгі-көшпелі мал шаруашылығы пайда болды




жүктеу 93,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау