11-БИЛЕТ
1)«Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз.
Монархия - бұл жоғарғы мемлекеттік билік толығымен бір адамға-монархқа тиесілі, мұрагерлік жолмен келетін басқару нысаны. Қазіргі абсолютті монархиялардың мысалдары: Сауд Арабиясы, Бруней, Катар, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ).
Республика - бұл жоғары мемлекеттік органдар сайлау негізінде қалыптасатын және белгілі бір мерзімге сайланатын мемлекеттік құрылым нысаны. Бұл оның монархиядан орталық айырмашылығы. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас. Мысалыға Қазақстан ресми түрде демократиялық, зайырлы, унитарлық, конституциялық республика болып табылады.
2)Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз.
Қазақ халқы Ресей империясы құлағаннан кейін алғаш рет 1920 жылғы 26 тамызда жаңадан құрылған Қырғыз КСР Автономиялық Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына кірді. Жаңадан құрылған автономиялық республиканың астанасы Орынбор қаласы болды. 1924-25 жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу орын алып, 1925 жылғы маусымда РСФСР бағынысындағы қазақ халқы бар барлық аумақтар біртұтас Автономиялық Қазақ АССР-не біріктірілді. 1929 жылы астананы Қызылордадан Алматы қаласына көшірді. Қазақ АССР 1936 жылдың ақпан айында Қазақ КССР деп атала бастады. Сол жылы РСФСР құрамынан шығарылып, Қазақ ССР деп аталатын одақтық республика мәртебесіне ие болды. Республика кеңес Республикасы ретінде 1991 жылдың желтоқсанына дейін, Қазақстан Республикасы тәуелсіз біртұтас қазақ мемлекеті болып жарияланғанға дейін КСРО құрамында болды
3)«Тәуелсіз Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Мен келіспеймін Ең алыдмен біз көмірсутектін не екенін түсініп алуымыз қажет.Көмірсутек ретіде Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газды қарастыруға болады.Мұнай Қазақстан экономикасының дамуының ең басты бағыттарының бірі.Ең алғашқы мұңай көзі Атыау облысында 1899 жылы табылды.Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұхар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.Мұнай өндірісі 1992ж 25,8млн т құрады,ал 2012ж 80млн т жетті. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.Жоғарыда келтірілген мысалдар көмірсутек экспортына Қазақстанның тәуелділігінің артуын көрсетеді.Қазақстан шикізатка бай және экономикасы толықтай шикізатпен байланысты.Мұнай,газ-ең сұранысқа ие шикізат көздері.Сол себепті өндіріс мөлшері әлі арта түседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |