2.3.2 Қазақ тіліндегі модаль сөздер
Модальдық терминін алғаш рет 1969 жылы О.С.Ахманованың лингвистикалық сөздігінде кездестіре аламыз. Ол модальділікті айтылғанның мазмұнына айтушының қатынасы және айтылғанның мазмұнының шындыққа қатынасын қарастыратын және рай және модальдық етістіктер, сөздер сияқты әр түрлі лексикалық және грамматикалық тәсілдермен берілетін категориясы деп таныды [131].
Модальділік мағына–тілдің түрлі деңгейіне қатысты, өте кең өрістік тілдік категория. Алайда модальділік мағына тілде етістік құрамынан көп орын алады. Оның ішінде етістік баяндауыш та модальдік мағынасыз баяндауышты кездестіру өте қиын. Өйткені модальділік сөйлеушінің сөйлемдегі айтылған ойға көзқарасын, ойын, пікірін білдіреді. сөйлемдегі ой, уақиға сөйлеуші тарапынан хабарланады да, сөйлеуші сөйлемнің негзгі белгісінің біріне жатады. Сөйлеуші не туралы хабарласа, айтса да айтылған ой, уақиға туралы өз пікірін қоса білдіреді [132]
Адам сөйлегенде немесе жазғанда белгілі бір жайт туралы тек жалаң турде хабарлап қана қоймайды, соған қатысты өзінше түйген көзқарасын, көңіл қошын, ойын да қоса білдіреді. Өйткені ондай жағдайда көңіл, ой құбылысы арқылы айтылатын хабардың анықтығы, танықтығы, ақиқаттығы , шындығы, айқындығы, неғайбілдығы, күдіктілігі, күнгірттігі,күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығыықтияттылығы, тыңғылықтылығы, үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы, мүмкіндігі, ықтималдығы.... тәрізді жай-жапсарлар да, сондай-ақ, аяныш, жалыныш, қуаныш, реніш, жиреніш, өкініш, өтініш сияқты .... көңіл күй жайлары да аңғартылады. Сөйлеушінің немесе жазушының көңіл қошының осындай сәттері модальділік реңк деп аталады [132,56].
Модаль сөздер тілдегі модальділік және предикативтік құбылыспен тығыз байланысты. Жалпы модальділік тілдің коммуникативтік функциясының жемісі болғандықтан диалогтық сөйлеуде модаль сөздер сөйлемдік дәрежеге көтеріледі, өз алдына жеке ойды білдіріп, тиянақты сөйлем интонациясымен айтылады.
Модаль сөзді сөйлемдер мынадай топтарға бөлінеді:
Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды [38,408].
Немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекщі сөздер қатарына қосады.
Модаль термины латынның «шама», «тәсіл», «көрініс» деген модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальділігіне қарай бөлуді тұңғыш рет Аристотель айтқан болатын [125,227].
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің негізгі өзек категориясына жатады. Айналадағы әр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы алғаш пікір айтқан В.В.Виноградовтың есімімен байланысты. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі [22,56].
Модаль сөздер-тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сійлемнәі құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады. Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты мәндер қатарына қосады [38,407].
Модаль сөздердің ағылшын тілінде және қазақ тіліндегі қолданылуы бірдей емес. Қазақ тілінде модаль сөздермен қатар, баяндауыш құрамында қолданылатын сөздер кездеседі.
Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Асқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа, ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлеу мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өзінің қатысын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады [38,409].
Модальділік қатынас бір жағынан айтушы тарапынан шындық туралы берілетін логикалық қатынас та, айтушының шындыққа деген эмоциялық қатынасы да модальділік қатынасқа жатады. Осыдан келіп сөйлем модальділігі коммуникативті модальділік, логикалық модальділік және эмоционалды модальділік деген топтарға жіктеледі. Бұл модальділік мағыналарынсыз сөйлем болмайтыны және ондағы негізгі мазмұн субьетінің көзқарасы арқылы берілетінін көрсетеді. Модальділік жалпы өзінің мазмұндық сипаты бойынша сөйлеуде ғана жүзеге асады. Ендеше модальділік-сөйлем мазмұнындағы айқындық дәрежесін білдіретін тілдік категория.
Модальділік әрбір тілдің өзінің құрылымдық ерекшелігіне, ішкі даму заңына сәйкес түрлі тіл құралдары арқылы беріледі. Модаль сөздердің даму жолдары барлық тілдерде біркелкі емес, сондықтан бұлардың садық көлемі де, жалпы табиғаты да түркі тілдерінде әлі нақтыланбаған [38,410].
Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да, атқаратын қызметі зор, әрі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына, ыңғайына қарай қолданылады да, сөйлемнің экспрессивтігін күшейтеді. Осыған байланысты модаль сөзддердің құрамы мен мағынасы да түрліше болады.
Қазақ тіліндегі модальдік мағынаның модаль сөздер арқылы берілуіне қатысты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттық диссертация қорғаған. Е.Н.Жанпейісов қазақ тілінде модальділік мағынаны білдіруде қолданылатынтілдік құралдарға етістік райлары, интонация қыстырма сөздер, модаль сөздер және кейбір модаль демеуліктері жатқызады. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері, қалыптасу көздері, семантикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерін жаңадан шыққан грамматикада толық баяндайды [54,580].
Модаль сөздер көмекші сөздер табына жататын морфологиялық категория ретінде, басқа кмекші сөздер сияқты, толық мағыналы дербес сөздерден өзінің ұзақ лексика-грамматикалық даму процесінде бастапқы мағынасынан біржола ажыраған сөздер болғандықтан, жеке тұрғанда модаль сөздер толық лесикалық мағынаны білдірмейді.
Модаль сөздер тілдегі модальділік және предикаттылық құбылалыспен тығыз байланысты. Предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы арақатынастығын білдіреді. Ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдік қатынас дейміз. Яғни сөйлеуші өзінің бұл хабарын қалай түсінеді, өз тарапынан оған қандай сипаттама береді, ақиқат шындыққа қалай қарайды-модальдік қатынастың мәні міне осында, ал предикаттылық -ең алдымен ойды тіл заңдылықтары мен ережелеріне қалыптап көрсетуге қатысты сипат.бұлар өзара тығыз байланысты болғанына қарамастан, бір-бірінен айырмашылығы да бар. Модальділікке әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты бір белгілерінің ішіәнен ойдың тиянақтылығын білдіретін (анықтайтын) интонация, яғни хабардың айтылу ырғағы, сөйлеушінің тағы басқа модальділік қатынасы тиесілі. Ал предикаттылық болса, ол сөйлесу единицаларының грамматикалық жағынан ұйымдасуын қамтамасыз етеді [108,230].
Бұл екі құбылыстың белгілі бір шекаралық жігі предикаттылықты тіл (язык) деңгейінде логикалық-синтаксистық категория, ал модальділік сөйлеу (речь) деңгейінде комуникативтік-синтаксистік категория ретінде алып қарасақ айырмшылығын көреміз. Предикаттылықтың кез келген формасы тікелей тілмен, ал модальділіктің түрлі формалары сөйлеумен (речь актісімен) байланысты. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінеді. Сөйлем модальділігі тілдің негізгі өзек категорияларына жатады. Ол, біріншіден, түрлі реңкте интонация әдісімен беріледі. Екіншіден етістік райларының синтетикалық және аналитикалық формалары білдіретін барлық мағынасы мен реңкі арқылы да беріледі. Ол және инфинитив пен етістік қосымы, инфинитив пен есім негізді сөздер тіркесі, сөйлемнің модалдьді-қыстырма мүшелері арқылы да білдіріледі. Бірер сөзбен айтсақ модальділік -тіл мен сөйлеудің (речь актісінің) әр түрлі деңгейлерінде көрінетін грамматикалық мағыналардың өз алдына бір тұтас саласы жуйесі болып келеді. Тіл білімінде модальділікті субьективті және обьективті деп екіге бөліп қарау тенденциясымен байланысты, обьективті модальділікті көбінесе рай формалары білдіреді. Себебі етістік райлары неғұрылым көбірек грамматикаланған, тілдің сөз өзгертім форманттарына жақын құбылыс болып табылады. Ал субьективті модальділік басқаша жасалады. Модальділіктің бұл соңғы түрі негізінен көмекші сөздер арқылы беріледі. Сонымен сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасының көрінісі-обьективті модальділік та, ал ол хабарға деген сөйлеушінің қатынасының көрінісі субьективті модальділік деп аталады, мысалы: Ол қалада жаңбыр жиі жауады (обьективті модальділік); Ол қалада жаңбыр жиі жауатын сияқты. (субьективті модальділік) [109,590].
Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарында (солардың ішінде қазақ тілінде де) негізінен көмекші сөздер тобына кіреді. Ол сөйлеуші субьектінің айтылған ойдың шындыққа қатынасы (сәйкестігі) жөніндегі көзқарасын айқындайды. Модаль сөздер өз алдарына бір бөлек, арнайы бір лексика-семантикалық, грамматикалық топ ретінде сараланып шығу, даму жолдары тілдерде біркелкі емес. Олар, мысалы, орыс тілінде тек сына (вставные) сөйлемдердің ғана емес, сонымен қатар үстеулер мен ықшамдалған сөйлемдер негізінде де дамып, дараланып шыққан. Ал олар түркі тілдерінің көпшілігінде негізінен Кеңес дәуірінде жазба әдеби тілдің қарқынды дамуымен байланыстыдербес көмекші сөздер табы болып қалыптаса бастаған. Жалпы модальділік, модаль сөздер табиғаты әсіресе осы тілдерде әлі нақтылы танылып болған жоқ. Бұл лексемалардың сандық көлемі оларда сондықтан да қазір әр түрлі болып келеді [109,590].
Модаль сөздер мен модаль тіркестердің заттық семантикасы болмайды. Олардың семантикасы модальділікті білдіретін грамматикалық мағынаман тығыз байланыста болады. Осы жақтан келгенде модаль сөздер мен райлар жалпы бір тектес тіл құбылыстары болып табылады. Рай категориясы сөйлеушінің әрекеттің әрекет етуші мен байланысы туралы көзқарасын білдіреді. Шынында да қалау рай тілек, болжау, міндеттілік, сенімділік сияқты модальділік мағыналарды арнаулы жеке сөздер ғана емес, солармен қоса етістіктің рай және кейбір аффикстік формалары да яғни -ғай, -гей, -қай, -кей, -ар, -ер, -ғы, -гі, -ғыр, -гір, -са, --са+шы, -се, -са+й, сай+шы, -ып+ты, -іпті қосымша түрлері де білдіреді. Райлар мен модаль сөздердің лексика-грамматикалық мағыналары жағынан тұтастай алғанда өзара бір тектес тіл құбылыстары болып табылатыны міне осы жағдайдан болып келеді [108,131].
Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика-грамматикалық даму процессінде дербес сөз таптарына дараланып шықты. Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті, сияғы, сиқы сөздерінің мына бір қолданыстарын өзара салыстырсақ көз жеткіземіз. Көбекбайда жүргенде шұбар айғырды кім біледі. Адам да білмейді. (Аймауытов), Сынға толса сияғы, Әлпеті шамның шырағы (Ақтамберді) [108,135].
Модальділікті грамматикалық мағыналардың бір түрі ретінде қарастырылатындықтан, оны білдірудің тек грамматикалық құралдары ғана (аффикстер, көмекші сөздер, синтаксистік конструкциялар т.б.) негізге алынуы тиіс. Ал номинативті сөздер, өздерінің семантикасында едәуір модальділік реңк жатқанмен, модальділікті білдіретін құралдар санына кіре алмайды. Себебі бұлар модальды семантикалық өңдегі дербес мәнді сөз (знаменательное слова) ретінде лексикалық деңгейден әрі аса алмайды. Сондықтан полифунционалды (А.Ысқақовша: әр тарап) бар,жоқ сөздері, керек,тәрізді предикаттық есімдер өздерінің номинативтік қолданысында модальді сөздерге жатқызылмайды. Бұлар белгілі бір контекстікбайланыста ғана функционалды-модальды сөз ретінде жұмсалына алады.Бұлар айтылғандарданайқын аңғарылып тұрған нәрсе: тілдік модальдылық-граматикалық құбылыс. Демек, тілдік модальдылықты білдіретін құралдар қызметінде фонетика-интонациалық, аффикстік, лексика-грамматикалық (көмекші сөздер), синтаксистік және айтылған хабарға сөйлеушінің қатынасын көрсететін басқа да жекелеген грамматикалық амалдар-тәсілдер қолданылады. Соның арқасында кейбір жеке мәнді сөздер (әр тарап,қыстырмалар т.б) сөйлеуде модальдылық мәнге ие болады да, ол қасиет сөздерде тұрақтала бастайды [108,142].
Модальдік мағынасы бар әр алуан грамматикаланған тіркестер тек жеке сөздерден ғана емес, сонымен қоса күрделі құрамды сөздерден де тұратын, тұтастай алғанда көмекші сөз табы ретінде тілдік модальділікті білдірудің бай құралы саналатын модаль сөздер құрамына кіреді.
Сөз таптарының жалпы категориялық мағынасын жеке сөздің лексикалық семантикасымен шатастыруға болмайды. Өйткені жалпы категориялық мағына -сөз таптарын бір бірінен ажыратудың,ара жігін, шегін анықтаудың алғы, бас белгісі. Модаль сөздерді біраз тілдердерде қазір көмекші сөз таптарына жатқызуға негіз, критерий ретінде оның осы жалпыкатегориялық мағынасы, яғни сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің қатынасы алынған. Жалпы қай сөз табын да танып, даралап алуда бірінші орында оның категориялық мағынасы тұруы шарт [109,605].
Флективті де, жалғамалы да тілдерде аналитизмнің дамуы мен синтаксистің жетіліп шыңдалуы көмекші сөздердің әр түрлі топтарын үнемі байытып отырады және біртіндеп даралай түседі. Тек өзінің заттық (номинативтік) мәнімен ажырап барып модальдік семантикаға ие болған сөздер ғана грамматикалық (модальдік) мағына білдірудің арнайы лексикалық құралы бола алады. Модаль сөздер сөз табы ретінде міне осындай сөздерден ғана құралады. Модаль сөздер осылайша, толық мағыналы дербес сөздердің біртіндеп граммтикалануы нәтижесінде пайда болады да, сондықтан да бұл грамматикалану процессі-тіл теориясының ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Таза модаль сөздерде тек модальді (яғни грамматикаланған) ғана мағына болады. Демек, модаль сөздердің лексика-грамматикалық разряды әдетте тек көмекші сөз табы ретінде ғана қалыптасады [109, 602].
Модаль сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы негізінен айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеуші субьектінің көзқарасын анықтауға (белгілеуге) барып саяды.
Белгілі бір заттық мағына сондай-ақ модаьді тіркестерде де болмайды. Олардың да семантикасы сол модальділікті білдіретін грамматикалық мағынаман барып астасады. Қысқаша модаль сөздер деп өзінің шығу тегі жағынан есімдермен, етістіктермен және үстеулермен сипаттас, тұлғалық өзгеріске түспейтін, сөйлеушінің айтылған ақиқат шындыққа қатынасын білдіретін көмекші сөздерді айтады [109, 605].
Тұтастай алсақ өздерінің жинақты лексика-грамматикалық мағынасы бойынша модаль сөздер етістік райларымен ұқсас. Осылайша модальдіікті білдірудің бұл екі құралы сөйлеуде өзара тығыз байланысты. Қазақ тіліндегі модаль сөздердің біразы сөйлемнің қыстырма мүшесі ретінде қолданылады. Сондықтан да оларды қыстырма сөздермен тең дәрежеде деп санауға болмайды. Олар екеуі де әр түрлі категориялар. Модаль сөздер морфологиялық категория болып, көмекші сөз табын құрайды, ал қыстырма сөздер-синтаксистік категория болып табылады және олар грамматикаланбайды. Сөйлемнің қыстырма мүшесі ретінде қолданылатын көмекші не толық мағыналы дербес сөздер болып келеді [109, 603].
Модаль сөздердің синтаксистік ерекшелігіне келетін болсақ, олар диалогта кездескенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас тиянақты сөйлем қызметін атқара алады. Синтаксистік сипаттағы осындай осындай модаль сөздер сөйлем мүшелерімен дағдылы грамматикалық байланысқа түспейді және сөз тіркесін жасамайды.
Қазақ тілінде модаль сөздер жеке сөйлем мүшесінің мағынасына немесе бүкіл сөйлем мазмұнына модальдік реңк беретін қосалқы мүше, сөйлемнің қыстырма мүшесі ретінде және диалогтық сөйленісте сөйлем түріндегі сөз ролінде қолданыс табады [38,411].
Модаль сөздер, басқа да көмекші сөз таптары сияқты ,толық мағыналы сөз таптарының ұзақ уақыт бойы лексика-грамматикалық даму процессінде өзінің бастапқы мағынасынан оқшаулана, біржола ажырап, келіп шықты. Модаль сөздердің пайда болуына сөйлем құрамындағы кейбір лексикалық құралдардың тұрақты бағыныңқылық қалпы себеп болады. Жеке бір сөз немесе сөздер тіркесі сөз тіркесіндегі, сөйлем құрамындағы бағыныңқы жағдайына байланысты біртіндеп,өзінің ұғымдық мәнінен және синтаксистік байланысынан ажырай, ақыре не модаль сөзге не модаль тіркеске айналады. Осылайша қатып қалып, тілімізде тек модальдік мағынаны білдіру үшін ғана қолданылады [109,576].
Қазақ тілінің тілдік құбылысының шығу тегінің ерекшеліктерін ескере отырып, кейбір тілші зерттеушілер генетикалық принципке сай модаль сөздерді төрт топқа бөледі: қара үзген сөздер, есім модаль сөздер, үстеу модаль сөздер және етістік модаль сөздер [109,575].
Модаль сөздердің белгілі бір заттық немесе ұғымдық семантикасы болмайды. Модаль сөздердің семантикасы көбінесе грамматикалық мағынамен астасып жатады. Сондықтан олар көмекші сөздер болып табылады. Модальділік -адамдардың өзара қарым қатынас жасау барысында туындайтын туындысы және ең көне грамматикалық құбылыстардың бірі болып саналады. Сонымен қатар осы күнге дейін модальділік категориясы тілдің дамуында маңызды рөл атқарып келеді.
Ағылшын тіліндегідей қазақ тіліндегі модаль сөздер де мағынысы жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:
Сенімділікті білдіретін сөздер: әрине, әлпетте.
Болжалдылықты немесе мүмкінділікті білдіретін сөздер: сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тәрізді, іспетті, мүмкін, ықтимал, шамасы, сықы, тәрізі, аңғары, әлпеті, туасы, түрі, жобасы, сыңайы, расында, әлпетте, бәлкі, бәлки, бәлкім, шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зәліттес, көрінеді,білем, дейді т.б. жатады.
Қажеттілік пен міндеттілікті білдіретін сөздер: қажет, керек, тиіс, лазым.
Модаль сөздердің синтаксистік ерекшелігі деп олардың басқа сөздермен үйлесе алу қабілетін айттық [88].
Жалпы түркі тілдерінде модаль сөздердің жасалу жолдары олардың морфологиялық формасымен және құрылымымен тығыз байланысты.
Модаль сөз толық мағыналы дербес лексеманың грамматикалануы нәтижесінде жасалатын болса, онда ол таза грамматикалық қана мағынасы бар көмекші сөз табы болып қалады. Модаль сөздер сөз табы ретінде қай тілде дамыса да, тек қана көмекші сөз табы болып қала береді. Демек біз модальділікті грамматикалық мазмұнда әр алуан басқа да құралдармен қоса тұтас сөз табы арқылы білдіре алатын көп қырлы грамматикалық құбылыс [125,59].
Сөйлеушінің сөйлем мазмұныны туралы пікірін немесе көзқарасын білдіру үшін қолданылатын арнайы сөздер құрылымы жағынан әр түрлі болып келеді.
Модаль сөздер лексика-грамматикалық белгілеріне байланысты есім сөз таптарымен қатар, етістіктерден, көмекші сөздерден басқа да сөз таптарынан жасала береді. Мысалы, мүмкін, шамасы, рас, әрине, зады, тәрізді, әлбетте, сыңайы, сықы тағы басқа сөздер-өздерінің синтаксистік қызметі және сөйлемдегі байланысы жағынан алғанда, яғни сөйлем айтылған хабар жөнінде сөйлеушінің пікірі қандай-мақұлдаса, күдіктенсе, болжал айтса да немесе осы туралы нық сенім білдірсе де олар модаль сөздер деп аталады. Көптеген лингвистикалық әдебиеттерде модаль сөздер деп сөйлеушінің сөйлем мазмұны, онда айтылған хабар жайлы күдігі, мақұлдауы, болжамы немесе сенімін және осы сияқты пікірін білдіретін сөздерді айтады. Модаль сөздердің семантикалық белгісі-сөздердің грамматикалану сипаты болса да, түрлену жүйесі болмайды, ал синтаксистік сипаты-сөйлеушінің ойға деген білдіре алуы нәтижесінде оларды сөз табы деп қарауға болады [134,133].
Қазіргі қазақ тіліндегеі модаль сөздерге мына лексемаларды жатқызамыз: сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тәрізді, рәуішті, мәзімді, тақылетті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сықы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяты, зады, асылы, түрі, жобасы, қисына, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлпетте, бәлкә, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым, ләзім, шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зәліттес, көрінеді,білем, дейді, -са, -се деймін, -сам, -сем деймін, -са, -се керек, -у, -уға керек, -уы, -уі тиіс, -у қажет, -ға, -ғе ұқсайды, ұса ды, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар (жоқ), екен, -са,-се екен, -уы, -үі мүмкін т.б. [134,132].
Қазақ тілінде модаль сөздер саны көп емес. Диалектілік ерекшеліктерін, дыбыстық вариан түрлерін және жеке тіркес түрлерін бірге сенағанда алпысқа таяп қалады. Семантикалық жақтан оларды да бірнеше топқа бөлеміз: болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер, дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау немесе растау мағынадағы модаль сөздер, қалау, тілек мәнді модаль сөздержәне күмән білдіретін модаль сөздер.
Саны жағынан басқаларынан асып түсетін болжал мәнді модаль сөздер болып табылады. Оларға сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тәрізді, іспетті, мүмкін, ықтимал, шамасы, сықы, тәрізі, аңғары, әлпеті, туасы, түрі, жобасы, сыңайы, расында, әлпетте, бәлкі, бәлки, бәлкім, шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, -са, -се деймін, -сам, -сем деймін, -са, -се керек, -ға, -ғе ұқсайды, ұса ды, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар (жоқ), екен, -са,-се екен, -уы, -үі мүмкін және тағы осыларға ұқсас лексемалар жатады [134,131].
Қуғыншылардан да кісі өлген болу керек [124,91].
Мұның бәрі оған құдайдың бұйырған жұмысы тәрізді [94].
Диуана далада болса керек [124,125].
Бәрін Ақбілек аударып әкеткен тәрізді [124,137].
Артына қарағанда Ақбілек те сол күшік тәрізді болды [124,109].
Мүмкін емес деп басын шайқаса да, әрі-беріден соң ә, ол мүмкін деп қоя берді [124,175].
Жалғыз-жарым Сайлаубай, Аязбек секілді бықсыма күншілер айызы қанады білем.
Сен де сезген шығарсың [1246,184].
Қазақ тілінде міндеттілік модальділік мағынаға осылар жатады: керек, қажет, тиіс, лазым сөздердің қатысуымен жасалатын сонымен бірге -у қажет,-у, -уға керек, -уы, -уі тиіс, -лазым,-мақ керек, -маққа керек, сияқты аналитикалық форманттар білдіреді.-у керек деген модальдік форманы кейде міндеттілік те, сонымен қатар болжалдық формада да қарастыруға болады. Сөйлемде қандай мағынаны білдіріп тұрғанын тек контекстіден анықтауға болады [134].
Қорқарым бар, бұл іске әуелде кірмеуім керек еді.
Кедейді сүйеу бізге керек пе? Керек. Тап жігін, тап тартысын ашуымыз керек пе? Керек [124,166].
Мұжық арасында тап тартысын жүргізу мүмкін болса, қазақта да мүмкін.
Міне, бұ жағына біз көңіл бөлуіміз керек... [124,169].
Ақбергеннің еңбегі болмаса, Бекболаттың аты, асы, киімі болмаса, Ақбергеннің күні де күн болмас еді [124,171].
Әркімге алдымен тіршілік керек, тамақ керек [124,172].
Одан да, не болса тәңірінің жазуы шығар, жұрт не десе, о десін тәуекел деп соның өзін алғым келеді [124,173].
Ол бейне бір осы үйдің ішін көруге, сынауға, мінеуге келген кісі тәрізді [124,200].
Шай күндегіден ұзақ ішілген тәрізді. Сарның ұйқысы келмейтің тәрізді. [200]
Оның көзі сүйгенім бір сен деп тұрған тәрізді [124,203].
Бекболаттың жиі келіп жүргенін тіледің онсыз өмірде қызық жоқ тәрізді көрінді [124,204].
Үш бала, бір жақ, ана қатын бір жақ секілді көрінді [124,221].
Бұрыңғы бас қармадағы бай балалары болса керек. Бұлардан қандай жақсы адамдар шығар екен [124,254].
Апамның қайғысы шығар..Үйде кісі болған соң именетін шығар... деп ойласа да, Ақбілек әкесінің оңашада қалудан қашатын тәрізді [124,183].
Күйеуіңіздің қандай адам екеніні әлде сізге керек емес пе? [124,250].
Осы күнң өміріме керекті нәрсе-өмірлік жар сықылды [124,253].
Сонда құмары тарқайтын тәрізді [124,195].
Кім біледі, мені де байларға құдай жұмсап тұрған шығар....
Достарыңызбен бөлісу: |