16
1 Интернет технологиялары
1.1
Қазіргі таңдағы web-технологияның маңызы
Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек
тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні пайдалану
компьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған.
Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет
етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз ин-
тернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі
интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады.
Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай рет-
теліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса, интернетте де дәл солай реттеліп,
web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді.
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – орын) – ол
HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске
бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ
түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымы
мен, авторымен және бет келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар
жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпар
атты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, рекве
зиттер және т.б.) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы
уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе бил-
бордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады. Әр
дайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам
және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұм
салады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт
мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңей
еді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы меке
менің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп,
сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы
пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады.
Web-сайт – пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт
көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады. Соны
мен қатар, сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар
өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары квалифика
цияланған жауап жазуға болады.
17
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологиясының біздің
өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және
оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада
ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтары
нан көрінуін уақыт өте келе күтудеміз.
1.2
Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру
Ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық
әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы
бейнесі болатын обьектілердің, үдерістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін
айтамыз.
Ақпарат мәліметтерге тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне
байланысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері
төменде көрсетілген:
− ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа
мәлімдемелер береді;
− ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде
келетініне қарамастан ақпарат материалды емес;
− белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін
ғана ақпарат жеткізеді;
− ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса
белгілі бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге
байланысты емес;
− ақпарат дискреттік – ол хабарлама түрінде берілетін нақты
мәліметтерен тұрады;
− сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз – ол жинақталып және біртіндеп
дамиды.
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:
− репрезентативтілігі – таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа
ақпараттың бара-бар құрылуы осылай аталады;
− мазмұндылығы – хабарламадағы семантикалық ақпарат санының
өңделетін ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың
семантикалық көлемі;
− жеткіліктілігі – шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш
жиынтығының құрамының тығыздығы;
− қол жеткізушілігі – ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
− өзектілігі – ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
− құндылығы – нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
− түсініктілігі – қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұны
ның сәйкестігі;
− ықшамдылығы – хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының
сығылу деңгейі.
18
«Технология» сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің
«techne» сөзінен шыққан, гректің «logos» сөзі – түсінік, оқу дегенді білдіреді.
Технология – бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім
немесе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энергетика
лық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы.
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналыса
тын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байла
нысқан ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені.
Жалпы, кез-келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап
етілген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып
табылады.
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:
− техникалық құралдар кешені – есептеуші, телекоммуникациялы және
техникалық ұйымдастыру;
− программалық құралдар жүйесі – жалпы (жүйелік) және
функционалды (қолданбалы) программалық жабдықтама;
− ұйымдастырушылық – әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элемент
тер жиынтығы.
Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады,
яғни барлық ғылым мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық
технологиялардың енуімен сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы
болып, күнделікті қызметте ақпаратты өңдейтін құралдар мен әдістердің қолда
нуы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер етуімен өндірісте және
басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады. World Wide Web –
әлемдік компьютерлік торап құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар
миллиондаған сайттардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану
арқылы сол ақпараттарға қол жеткізеді. WWW кеңістігінде пайдалану үшін
арнайы программалар – Web техноглогиялары қолданады. Web браузердегі
бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элементтері болып табылатын Web парақтар
түрінде беріледі.
Web-парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан, өзіне түрлі
ақпараттарды біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-па
рақтардың қаншалықты сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа
байланысты.
Қолданушылар тартымды және графикамен, анимация шегімен безендір
ілген, сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды қарайды.
WWW технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу
нәтижесіне және Internet желісінің өсуінің салдарынан пайда болады. WWW
сервер - бар ақпараттарды сақтайтын, қолданушыларға гипермәтіндік
құжаттарға қол жеткізетін, глобальді немесе ішкі корпоративті торап.
Қолданушы
WWW-серверімен
қарым-қатынас
жасау
үшін
арнайы
программалық жабдықтама – браузер (англ. browser) яғни көру программасы
деп атайтын жабдықтама қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |