Бесінші апта. №5 Дәрістің тақырыбы



жүктеу 15,97 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі15,97 Kb.
#36032
түріБағдарламасы

Бесінші апта.

5 Дәрістің тақырыбы: Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы.



Дәрістің блок-схемасы:

  1. Социологиялық зерттеу мазмұны, социологиялық зерттеу түрлері: далалық және лабораториялық, сұрыптау, салыстыру.

  2. Зерттеу бағдарламасын жасау және іске асыру кезеңдері. Мәселе қою.

  3. Зерттеу мақсаттарын айқындау.

1. Социологиялық зерттеу мазмұны, социологиялық зерттеу түрлері: далалық және лабораториялық, сұрыптау, салыстыру.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады. Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, кейбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір, т.б. жатады. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз қажет.

2. Зерттеу бағдарламасын жасау және іске асыру кезеңдері. Мәселе қою.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу басталады. Зерттеудің бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сұрыптау белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін барлық процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:

- методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, гипотеза жасалады;

- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады.

Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп аталады. Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді саралап алған жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағдайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты шарттардың бірі.

3. Зерттеу мақсаттарын айқындау.

Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол – оның мақсаттарын анықтау қажет. Зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды мақсат деп атайды. Мақсат - әлеуметтік зерттеуді қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді.

5 Практикалық сабақтың тақырыбы: Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы.

Тапсырма:

1.Бастапқы ақпарат жинау.

2.Зерттеу жүргізу техникасы.

5 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жазбаша жұмыстарды қорғау (реферат )



СӨЖ мазмұны: Зерттеу бағдарламасы туралы түсінік беру, түрлерімен, дайындалу, іске асырылу барысымен таныстыру.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Аяғанов Б, Тәжин М. Социология негіздері. Алматы 1993 ж

2. Социология Ред. Басқарған Тұрғынбаев Ә.Х. Алматы 2001 ж

3. Аитов Н.А. Основы социологии. А., 1997 г.

4. Кравченко А.И. Основы социологии. М., 2000 г

5. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Социология Оқу-әдістемелік құрал. Орал 2005 ж.

6. Батурин В.К. Социология образования: учебное пособие для студентов вузов / В.К. Батурин. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011. – 191 с.

7. Волков Ю.Г. Социология. - Ростов на/Д: Феникс, 2014. - 672 с.



8. Рыжов О.А., Ларченков В.В. Управление социальным конфликтом // Власть. - 2012. - № 5. - С. 114 - 117.
9. Соломатина Е.Н. Теоретико-методологические подходы к исследованию социального конфликта // Вестник Московского университета. Серия 18: Социология и политология. - 2012. - № 4. - С. 70 - 85.

10. Коротец, И.Д. Основы социологии и политологии: Учебное пособие / И.Д. Коротец, Т.Г. Тальнишних.. - М.: ИНФРА-М, Академцентр, 2013. - 256 c.


11. Кравченко, А.И. Основы социологии и политологии: Учебник / А.И. Кравченко. - М.: Проспект, 2015. - 352 c.
жүктеу 15,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау