|
Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн Қымбатты қазақстандықтар!
|
бет | 3/4 | Дата | 02.02.2018 | өлшемі | 0,54 Mb. | | #8350 |
| Алтыншыдан, оқулықтардың сапасына да ренiштер аз емес. Үкiмет оларға түгендеу және сапалы сараптама жүргiзуге, ал кейiннен ахуалды түзету жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
Жетiншiден, бiз техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң рөлiн жаңаша сезiнуге тиiспiз.
Үкiмет, барлық деңгейдегi әкiмдер осындай түлектер қажет жекеше секторды басымдықпен тарта отырып, жастарға кәсiптiк техникалық бiлiм беретiн оқу орындары желiсiн дамытуға бағытталған пәрмендi шараларды қолдануға тиiс.
Сегiзiншiден, отандық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шетелдiк жоғары оқу орындарының филиалдары желiсi бұрынғыша шамадан тыс көп күйде қалып отыр. Олар беретiн бiлiм көңiлдегiден көп төмен жатыр.
Оларды қысқарту керек, соның iшiнде материалдық-техникалық базасына және ғылыми-педагог қызметкерлерiне қойылатын талаптарды қатайту арқылы да.
Тоғызыншыдан, ректорларын Президент тағайындайтын елдiң таңдаулы жоғары оқу орындарының шағын тобын бiз таяу арада айқындаймыз, ал мемлекет оларды дамытуға белсендi түрде қатысатын болады.
Бұл жоғары оқу орындары мамандар даярлаудың, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет үшiн де мамандар даярлаудың эталонына айналуға тиiс.
Соңғысы. Елiмiзге болашаққа құлаш сермейтiн Бiлiм берудiң жаңа мемлекеттiк бағдарламасы керек.
Үкiмет таңдаулы отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, оны әзiрлеуге кiрiсуге тиiс.
Ұлттық бәсекелестiк қабiлетi бiрiншi кезекте оның бiлiмдiлiк деңгейiмен айқындалады. Әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне толығымен кiрiгу бiлiм беру жүйесiн халықаралық деңгейге көтерудi талап ететiнi сөзсiз. Бұл үшiн оқушыларды жоғары сатыда бейiндi оқытуды көздейтiн он екi жылдық бiлiм беруге көшу қажет. Мектепке дейiнгi даярлық бiрiншi сыныпқа сәйкес келетiн болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейiн не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиiстi кәсiптiк-техникалық бiлiм алып, өз бетiнше еңбек жолына түсу жөнiнде шешiм қабылдауға тиiс. Мектептiң соңғы жылындағы оқу қазiргi жүйедегi ЖОО-ның бiрiншi курсына сәйкес келедi. Сол себептi жоғары бiлiмнiң өзi негiзiнен төрт жылдық болады. Осылайша, бiз жаңа он екi жылдық жүйеге өтемiз, сонымен қатар осы реформаға жұмсалатын шығындарды қысқартамыз. Әрине, бұл бiрнеше жылға созылатын дайындықты талап етедi. Сондықтан бұл уақыт аралығында артта қалған учаскелердi алға тартып, бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын елеулi түрде нығайту қажет. Бiрiншiден, бала бақшалар жүйесiн қалпына келтiруге және толыққанды мектепке дейiнгi бiлiм берудi қалыптастыруға кiрiсу қажет. Әзiрше, мұндай мүмкiндiк бар жерде мектепке дейiнгi бiлiм берудi мектептер аясында дамыту қажет. Екiншiден, реформалаудың нәтижелерiнiң бiрi жаңа сатыдағы педагогтың өмiрге келуi болуға тиiс. Үкiметке 2005-2006 оқу жылынан бастап педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бес мың бiрлiкке ұлғайтуды тапсырамын. Көптiлдi бiлiмi бар педагогтар үшiн қызмет орындарына ерекше назар аудару қажет. Мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн неғұрлым сапалы деңгейге көтеру, бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн қайта даярлау жөнiндегi республикалық және аймақтық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Мұғалiмдер мен балалардың жайлы мектептерде оқып, жұмыс iстеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердiң, спорт алаңдарының тапшылығын сезiнбегенi өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздiк әлемдiк стандарттар деңгейiне көтерiлуге тиiс. Келешекте мұғалiм мамандығы ең беделдi әрi жоғары ақы төленетiн мамандықтардың бiрi болуы керек. Әрине мұғалiмнiң өзi де уақыт талабына сәйкес болуы мiндеттi. Өткен жылы 68 мектеп салынды, үстiмiздегi жылы 70-тен аса жаңа мектеп салынып, 500-ден астамына жөндеу жүргiзiлетiн болады. Мұның өзi күнi кешегi кеңестiк тарихымыздың “ең жақсы жылдарында” да жасалған жоқ. Сонымен бiрге, ең төменгi бағам бойынша бiзге тағы да 1900-ден астам мектептi жөндеуден өткiзуiмiз және салуымыз қажет. Мұны алдағы үш жылда жасау керек. Соңғы 15-20 жыл iшiнде пән кабинеттерi iс жүзiнде жаңартылған жоқ. Бұл проблемаларды 2005-2008 жылдар iшiнде шешу керек. Бұл – маңыздылығы жағынан үшiншi мiндет. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған аймақтық бағдарламалар қабылдауды тапсырамын. Әкiмдер (бұл мiндеттiң маңыздылығын атап көрсеткiм келедi) 2005 жылдың өзiнде-ақ мектептердiң кемiнде 70 пайызының интернетке қосылуын қамтамасыз етуi қажет. Үкiмет, әкiмдер мектептерге телефон орнату мiндетiн жедел түрде шешуге тиiс. Төртiншiден, даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар байыпты назар аударуды талап етедi. Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп балалардың осы санаты үшiн мектеп-интернаттар желiсiн дамыту мәселесiн пысықтауды тапсырамын. Бесiншiден, оқушылардың бiлiм сапасын көтеру үшiн олардың оқудағы жетiстiктерiне тәуелсiз сыртқы бағалауды енгiзу керек. Үкiмет үстiмiздегi жылдың өзiнде-ақ республикада мектеп түлектерiн бiрыңғай ұлттық тестiлеу, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттерiн кезеңдiк аттестациядан өткiзу нысанында тәуелсiз сыртқы бақылауды енгiзудi аяқтауға тиiс. Осы маңызды iстi институционалдық тұрғыда қолдау үшiн Бiлiм сапасын бағалау ұлттық орталығын құруды тапсырамын. Алтыншыдан, оқулықтардың сапасына да ренiштер аз емес. Үкiмет оларға түгендеу және сапалы сараптама жүргiзуге, ал кейiннен ахуалды түзету жөнiнде шаралар қолдануға тиiс. Жетiншiден, бiз техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң рөлiн жаңаша сезiнуге тиiспiз. Үкiмет, барлық деңгейдегi әкiмдер осындай түлектер қажет жекеше секторды басымдықпен тарта отырып, жастарға кәсiптiк техникалық бiлiм беретiн оқу орындары желiсiн дамытуға бағытталған пәрмендi шараларды қолдануға тиiс. Сегiзiншiден, отандық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шетелдiк жоғары оқу орындарының филиалдары желiсi бұрынғыша шамадан тыс көп күйде қалып отыр. Олар беретiн бiлiм көңiлдегiден көп төмен жатыр. Оларды қысқарту керек, соның iшiнде материалдық-техникалық базасына және ғылыми-педагог қызметкерлерiне қойылатын талаптарды қатайту арқылы да. Тоғызыншыдан, ректорларын Президент тағайындайтын елдiң таңдаулы жоғары оқу орындарының шағын тобын бiз таяу арада айқындаймыз, ал мемлекет оларды дамытуға белсендi түрде қатысатын болады. Бұл жоғары оқу орындары мамандар даярлаудың, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет үшiн де мамандар даярлаудың эталонына айналуға тиiс. Соңғысы. Елiмiзге болашаққа құлаш сермейтiн Бiлiм берудiң жаңа мемлекеттiк бағдарламасы керек. Үкiмет таңдаулы отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, оны әзiрлеуге кiрiсуге тиiс.
2.4. Әлеуметтiк қамту
Әлеуметтiк мәселелер мемлекет үшiн басымдықтар қатарында болып келдi және болып қала да бередi. 2005 жылдан бастап “Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы” Заң қолданысқа енгiзiлуi тиiс.
Келесi жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерiн 6200 теңге етiп белгiлей отырып, зейнетақы мөлшерiн инфляция деңгейiнен iлгерi оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемi жоғарылатудан кейiн 9252 теңгенi құрайтын болады.
Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард те¦ге бғлiнедi.
Жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттiң қастерлi борышы жұмыс iстеу немесе табыс табудың бiрдей жағдайына ие болу мүмкiндiгi шектеулi адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.
Бұл азаматтарға көмектесу – бiздiң қоғамымыздың iзгiлену мен кемелдену дәрежесiнiң көрiнiсi, сiздер мен бiздiң борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгiл мен мүмкiндiк туды.
Келесi жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектiгiне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды едәуiр көбейту қажет. Бұл негiзiнен 680 мыңнан астам адамды қамтиды.
Мынадай жәрдемақылар:
47 мың бiрiншi топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептiк көрсеткiшке (2757 теңгеге) (АЕК – 919 теңге);
193 мыңнан астам екiншi топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылады (2297 теңгеге);
125 мыңдай дерлiк үшiншi топтағы мүгедектер 2 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылған жәрдемақы алады (1838 теңгеге);
50 мыңнан астам 16 жасқа дейiнгi мүгедектер 3 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылады (2757 теңгеге);
асыраушысынан айрылған 262 мың отбасы бiр айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.
Нәтижесiнде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшiн мемлекеттiк жәрдемақының орташа мөлшерi 6700 теңгеге дейiн немесе 50 пайызға жоғарылайды.
Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк ж¡рдемақының орташа көлемi 20 пайызға, 6500 теңгеге дейiн өседi.
Бiрақ бұл ұлғайтулар бұған дейiн жәрдемақының ең жоғары мөлшерiн алып жүрген мүгедектердiң бәрiне бiрдей қатысты емес. Олар үшiн бағаның өсуiн ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болады.
Сiздер бен бiздiң әкелерiмiз және аталарымыз алдындағы парызымыздың тағы бiр мәселесi бар, бұл бiздiң тарихи зердемiздiң мәселесi.
Келер жылы бiз Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын атап өтемiз, бiздiң қадiрмендi ардагерлерiмiзге құрмет көрсететiн боламыз.
Осы атаулы датаға байланысты Үкiметке 2005 жылы соғыс мүгедектерi мен соғысқа қатысушыларға берiлетiн арнайы мемлекеттiк ж¡рдемақының мөлшерiн 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн өсiрудi және ардагерлерге 30 мың теңге көлемiнде бiржолғы материалдық жәрдем көрсетудi тапсырамын.
Бұл iс-шараларға 6,5 миллиард теңге бөлу қажет.
Тұтастай алғанда, әлеуметтiк қамсыздандыруға 2004 жылы 2,5 миллионнан астам адам қамтыла отырып, республикалық бюджет есебiнен 217,2 миллиард теңге бөлiндi, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңгенi құрайтын болады.
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөрiсi кедейшiлiк деңгейiнен төмен азаматтар саны екi еседен астамға азаюы тиiс.
Бiз сондай-ақ елiмiзге халықтың одан әрi көп келуiн ынталандыруға тиiспiз, сондықтан оралмандар иммиграциясының квотасын 2005 жылы 15 мың отбасына дейiн көбейту керек. Олардың қайта қоныстануы мен тұрғын үй алуы үшiн 9,8 миллиард 800 миллион теңге бөлу көзделiп отыр.
Бiз еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi заңнаманы жетiлдiре беремiз, Еңбек кодексiнде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздеймiз, еңбекпен қамтудың қазiргi заманғы үлгiсiн қалыптастырамыз.
Адам дамуының басым мiндеттерiн шешудiң маңызы аса зор.
Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттерi тек қана бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиiс.
2005 жылы ауылдық жерде бiлiм беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға мемлекеттiк бюджетте 15 миллиард теңге, ал облыс орталығы мен қалалардағы ерекше маңызды объектiлер үшiн 5 миллиард теңге қарастыру қажет.
Әлеуметтiк мәселелер мемлекет үшiн басымдықтар қатарында болып келдi және болып қала да бередi. 2005 жылдан бастап “Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы” Заң қолданысқа енгiзiлуi тиiс. Келесi жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерiн 6200 теңге етiп белгiлей отырып, зейнетақы мөлшерiн инфляция деңгейiнен iлгерi оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемi жоғарылатудан кейiн 9252 теңгенi құрайтын болады. Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард те¦ге бғлiнедi. Жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттiң қастерлi борышы жұмыс iстеу немесе табыс табудың бiрдей жағдайына ие болу мүмкiндiгi шектеулi адамдарға деген қамқорлығы болып табылады. Бұл азаматтарға көмектесу – бiздiң қоғамымыздың iзгiлену мен кемелдену дәрежесiнiң көрiнiсi, сiздер мен бiздiң борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгiл мен мүмкiндiк туды. Келесi жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектiгiне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды едәуiр көбейту қажет. Бұл негiзiнен 680 мыңнан астам адамды қамтиды. Мынадай жәрдемақылар: 47 мың бiрiншi топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептiк көрсеткiшке (2757 теңгеге) (АЕК – 919 теңге); 193 мыңнан астам екiншi топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылады (2297 теңгеге); 125 мыңдай дерлiк үшiншi топтағы мүгедектер 2 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылған жәрдемақы алады (1838 теңгеге); 50 мыңнан астам 16 жасқа дейiнгi мүгедектер 3 айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылады (2757 теңгеге); асыраушысынан айрылған 262 мың отбасы бiр айлық есептiк көрсеткiшке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады. Нәтижесiнде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшiн мемлекеттiк жәрдемақының орташа мөлшерi 6700 теңгеге дейiн немесе 50 пайызға жоғарылайды. Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк ж¡рдемақының орташа көлемi 20 пайызға, 6500 теңгеге дейiн өседi. Бiрақ бұл ұлғайтулар бұған дейiн жәрдемақының ең жоғары мөлшерiн алып жүрген мүгедектердiң бәрiне бiрдей қатысты емес. Олар үшiн бағаның өсуiн ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болады. Сiздер бен бiздiң әкелерiмiз және аталарымыз алдындағы парызымыздың тағы бiр мәселесi бар, бұл бiздiң тарихи зердемiздiң мәселесi. Келер жылы бiз Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын атап өтемiз, бiздiң қадiрмендi ардагерлерiмiзге құрмет көрсететiн боламыз. Осы атаулы датаға байланысты Үкiметке 2005 жылы соғыс мүгедектерi мен соғысқа қатысушыларға берiлетiн арнайы мемлекеттiк ж¡рдемақының мөлшерiн 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн өсiрудi және ардагерлерге 30 мың теңге көлемiнде бiржолғы материалдық жәрдем көрсетудi тапсырамын. Бұл iс-шараларға 6,5 миллиард теңге бөлу қажет. Тұтастай алғанда, әлеуметтiк қамсыздандыруға 2004 жылы 2,5 миллионнан астам адам қамтыла отырып, республикалық бюджет есебiнен 217,2 миллиард теңге бөлiндi, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңгенi құрайтын болады. Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөрiсi кедейшiлiк деңгейiнен төмен азаматтар саны екi еседен астамға азаюы тиiс. Бiз сондай-ақ елiмiзге халықтың одан әрi көп келуiн ынталандыруға тиiспiз, сондықтан оралмандар иммиграциясының квотасын 2005 жылы 15 мың отбасына дейiн көбейту керек. Олардың қайта қоныстануы мен тұрғын үй алуы үшiн 9,8 миллиард 800 миллион теңге бөлу көзделiп отыр. Бiз еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi заңнаманы жетiлдiре беремiз, Еңбек кодексiнде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздеймiз, еңбекпен қамтудың қазiргi заманғы үлгiсiн қалыптастырамыз. Адам дамуының басым мiндеттерiн шешудiң маңызы аса зор. Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттерi тек қана бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиiс. 2005 жылы ауылдық жерде бiлiм беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға мемлекеттiк бюджетте 15 миллиард теңге, ал облыс орталығы мен қалалардағы ерекше маңызды объектiлер үшiн 5 миллиард теңге қарастыру қажет.
* * *
Әлеуметтiк сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшiн шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады.
Мен жариялаған мiндеттер бiрiншi кезектi болып табылады, бiрақ әлдеқайда соңғылар емес.
Менiң тапсырмам бойынша реформалардың әлеуметтiк бағытталуын күшейту және жаңа әлеуметтiк саясат қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жүргiзiлiп жатыр.
Ол келесi жылы жария етiледi.
3. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi
Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы рөлi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрiнедi.
Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы рөлi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрiнедi.
3. 1. Мемлекеттiк құрылыс
Бұл мәселелердi шешу, өз кезегiнде, көп жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң саны мен сапасына, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiне байланысты.
Соңғы кезде орталықта да, жергiлiктi жерлерде де билiктiң барлық түрлерiнiң мемлекеттiк органдардың санын көбейту әрекеттерi жандана түскенiн айтуға тиiспiн.
Бұған жол беруге болмайды.
Әрине, өмiр бiр орнында тұрмайды, қажет жерiнде өзгерiстер керек. Алайда Үкiмет мемлекеттiк аппараттың жалпы санының өсуiне жол бермеудiң қатаң саяси ұстанымын басшылыққа алуы тиiс.
Бұған Президент жариялаған мемлекеттiк саясат талап ететiн жерде ғана рұқсат берiлуi мүмкiн.
Бiз жинақы кәсiби Үкiмет қалыптастыруда көп нәрсеге қол жеткiздiк. Басы артық қызметтер мен буындарды қысқарту, басқару процесiн орталықсыздандыру арқылы, атқарушы билiк құрылымын одан әрi де жетiлдiре түсу керек.
Сонымен бiрге министрлiктер мен ведомстволардың өздерiне тапсырылған қызметтердi орындаудағы рөлi мен жауапкершiлiгiн күшейту қажет.
Мұнымен қатар, “электрондық үкiмет” қалыптастыруға iс жүзiнде кiрiсу керек. Бұл құрамы жағынан шағын, өз қызметiнде мөлдiр iс-қимылды Үкiмет болмақ. Ол халық пен шенеунiктер арасындағы тоқайласуды азайтуға мүмкiндiк бередi, қызмет көрсету сапасын арттырып, мерзiмiн қысқартады. Мұның өзi жаңа әкiмшiлiк реформаға және мемлекеттiк аппаратты қысқартуға әкеледi.
Мұндай жұмысты iске асыру үшiн компьютерлiк сауатсыздықты жоюдың және халықтың интернетке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң көлемдi бағдарламасы қажет.
Мұны Үкiметке тапсырамын, кезiнде өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргiзiлгендей, компьютерлiк сауаттану жөнiндегi ауқымды iске бiздiң азаматтарды, әсiресе жастарды шақырамын.
Мемлекеттiк қызметте, мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде, мемлекеттiк басқару деңгейiн және мемлекет ұсынатын қызмет сапасын арттыру мақсатында елеулi өзгерiстер қажет болады.
Мемлекеттiк қызмет академиясының қызметi түбегейлi қайта құрылуға, оның материалдық базасы нығайтылуы және қаржымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Саяси қызметшi лауазымына қабылдау кезiнде академияда оқығаны ескерiлуге тиiс.
Академияның жанынан зерттеу орталықтары жүйесiн ашып, оларда жұмыс iстеу үшiн таңдаулы профессор-оқытушы кадрларын тарту қажет.
Академия бiтiрушiлерiнiң санын және оны қаржыландыруды едәуiр ұлғайту керек.
Биылғы жылдан бастап бiз мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысын 50 пайызға өсiрдiк, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғауды арттыру жөнiндегi жұмысты одан әрi де жалғастырамыз.
Бiрақ еңбекақының өсуiмен бiрге мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерiне де: олардың кәсiбилiгiне, патриоттығына, тәртiбiне, моральдық ж¡не адамгершiлiк келбетiне деген талап та к¯шейе түсетiн болады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары қатаң қудалануға тиiс: бұл үшiн қажеттi заңдар қолда бар.
Мемлекеттiк қызметке жаңа қызметкерлердi қабылдау кезiнде компьютердi, интернеттi қолдана бiлу дағдысы мiндеттi талап болуға тиiс және мүмкiндiгiнше ағылшын тiлiн бiлуi жөн, ал болашақта бұл талап та мiндеттiлiкке айналады.
Бiлiктiлiк талаптарын қатайту ж¡не аттестациялық комиссияларының жұмысын барынша принциптi ету қажет болады.
|
3.2. Iшкi саясат
Өткен және ағымдағы жылы қоғамымызды менiң өткен жылғы жолдауымда белгiленген бес бағыт шеңберiнде одан әрi демократияландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын боламыз.
Олар күшiнде қалады және оларға қосымша мынадай сәттерге назар аудару қажет.
Бiз үш принциптi элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиiспiз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнiнде қадамдар жасау қажет.
Бiрiншiден, жаңа сайлау тетiктерiн енгiзу, саяси процестiң әрбiр субьектiсiнiң рөлi мен орнын нақтылау мәселелерiн пысықтағанымыз жөн.
Бiз партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн заң нормаларын жетiлдiре отырып, партиялық-саяси жүйемiздi одан әрi дамытатын боламыз.
Қазiр қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары туралы және сайлау туралы жаңа заңдар қызу талқылануда. Олардың атына сын ескертпелер де айтылып жатыр.
Естерiңiзге сала кетейiн, партия мүшелерiнiң саны 50 мыңнан кем болмауы керек деген тұрғыда заңнамалық түзетулер қабылдағанымызда, мұны еңсерiлмейтiн кедергi деп атаған болатын-ды.
Бiрақ қазiргi сәтке бұл деңгейдi оңай еңсерген тоғыз партия тiркелiп үлгердi, ендi әлгi түзетудiң демократиялылығына ешкiм де күмәнданбайды. Қазiргi БАҚ туралы және сайлау туралы заңдар да сондай болады.
Жаңа сайлау заңнамасының нормалары барлық деңгейдегi сайлау комиссиялары қызметiндегi кәсiбилiк пен мөлдiрлiк деңгейiн көтеруге бағытталған.
Парламенттегi, жергiлiктi сайлау органдарындағы партиялық фракциялардың өкiлеттiктерiн заңнамалық айқындау туралы да ойлану қажет.
Партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн отандық заңды және жеке тұлғалар тарапынан қаржыландыру мәселелерi жөнiнде құқықтық шешiмдер әзiрлеп, қабылдау талап етiледi. Үкiметтiк емес секторды қолдау сапалы жаң¦а ауқымға көтерiлуге тиiс.
Сайлау блоктарының қызметiн құқықтық реттеу туралы мәселе де өзектi болып табылады.
Екiншiден, қоғамды одан әрi демократияландыру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiң әлеуетi әлi де болса кең тынысты пайдаланылған жоқ.
Кеңестiң тек қана билiк үшiн ұсынымдар берiлетiн “дөңгелек үстел” ғана болып қалмауы маңызды.
Тұрақты жұмыс iстейтiн кеңесте қабылданған шешiмдер партиялардың күш-жiгерiмен Парламенттегi өз өкiлдерi арқылы, ал үкiметтiк емес ұйымдар нақты әлеуметтiк маңызды жобаларға қатысу арқылы iске асырылуға тиiс.
Үшiншiден, осы жылдың күзiнде партиялар үшiн саяси кемелдiлiк емтиханы болып табылатын Парламент Мәжiлiсiне сайлау өтедi.
Бiздiң ортақ парызымыз – сайлауды заңға қатаң сәйкес түрде өткiзудi қамтамасыз ету.
3.3. Сыртқы саясат және қауiпсiздiк
Бiздiң заманымыздың ерекшелiгi терроризмге қарсы белсендi күрес болып отыр. Ресей мен Испаниядағы соңғы оқиғалар баршаны дүр сiлкiндiрiп, терроршылардың айуандық әрекеттерiнен қорғалған, сiрә, бiрде бiр мемлекеттiң жоқтығы туралы ойлануға мәжбүр еттi. Ешбiр кiнәсiз бейбiт азаматтар қаза табуда.
Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалы мен басқа да қазiргi заман сыны мен адамзатқа қауiп төндiретiн қатерлерге қарсы күресте бiз үшiн өңiрлiк және халықаралық күш-жiгердi шоғырландырудың қаншалықты маңызды екендiгi мiне осыдан белгiлi.
Бүгiнгi таңда Қазақстан барлық көршi мемлекеттермен тұрақты, болжамды қарым-қатынас жасап отыр.
Тиiмдi халықаралық ынтымақтастықтың берiк жұйесi жасалды.
Бiз Шығыс және Батыс елдерiмен өзара пайдалы екi жақты қатынастарды дамытуға бейiлмiз.
Қазақстанның сыртқы саясаты елдiң тез арада экономикалық дамуына, оның әлемдегi маңызын көтеруге ж¡рдемдесуге бағдарлануға тиiс.
Қазақстан өзiн ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретiнде көрсеттi.
Осыған байланысты Бiртұтас экономикалық кеңiстiк, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Орта Азиялық ынтымақтастық шеңберiндегi жұмысты жалғастырған абзал.
Ресей – Қазақстан үшiн аса маңызды ел. Бiз ортақ геосаяси жағдайдамыз, Ұшырасатын проблемаларымыз да ортақ.
Бiздiң әлемдегi көптеген процестерге көзқарастарымыз ұқсас, оларды iске асыру керек. Қол жеткiзiлген экономикалық ықпалдасу мен сенiмнiң биiк деңгейi одан әрi жалғасын табуы қажет.
Қазақстан АҚШ-пен өзара қатынастардың қол жеткiзiлген деңгейiн жоңары бағалайды.
Бiз Америкамен арадағы белсендi ынтымақтастықтың дамуымыздың сыртқы жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi маңызын жақсы түсiнемiз. Америкалық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салуы ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады.
25 миллиард доллар тiкелей шетелдiк инвестициялардың шамамен 7,5 миллиарды АҚШ-тың үлесiне тиесiлi. Бiз екi елдiң мүдделерiн есепке ала отырып, бұдан әрi де неғұрлым кең ауқымды ынтымақтастыққа үмiт артамыз.
Көршiмiз Қытаймен тұрақты және достық өзара қатынастарымыз маңызды. Бұл бiздiң екi жақтың мүддесiн бiлдiретiн барлық мәселелер бойынша тұрақты үндесу жүргiзiлiп отырған сенiмдi серiктесiмiз. Бiзге өзара сауда-саттық көлемiн өсiру үшiн жұмыс iстеу қажет. Бұған бiз қол жеткiзген биiк өзара түсiнiстiк деңгейi жәрдемдесетiн болады.
Маңызы бұдан кем емес тағы бiр басымдық – Орталық Азия елдерi. Экономиканың, тиiсiнше, елдер мен халықтардың өздерiнiң де жуықтай түсуi жөнiнде көршiлерiмiзбен белсендi жұмыс жүргiзу керек.
Бiз сол сияқты Қазақстан шекарасының оңтүстiк шептерiндегi тұрақтылықты қамтамасыз етудiң маңыздылығын түсiнуге негiзделемiз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|