Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн Қымбатты қазақстандықтар!



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/4
Дата02.02.2018
өлшемі0,54 Mb.
#8350
1   2   3   4

2.1. Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты
Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда.
Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда.
Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды.
Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi.
Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр.
Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берiлген үй санынан 30 пайызға көп. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек.
Мен осы саланы бiздiң экономикалық дамуымыздың жетекшi саласының бiрiне айналдыру идеясын көптен айтып келемiн. Сiздер тұрғын үйлердi жаппай салу өзiмен бiрге құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, жиһаз өнеркәсiбiн, металл өңдеудi дамытатынын түсiнесiздер.
Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты iске асыру басталатыны жөнiнде үлкен қанағат сезiмiмен айта кеткiм келедi.
Бұл саясаттың мәнi тұрғын үй құнының арзандауы, оны несиелеу мерзiмiнiң ұзартылуы, алғашқы төлем жарнасы мен несиелеу үстемесiнiң төмендетiлуi арқылы халықтың басым бөлiгiн тұрғын үйге қол жеткiзуге мүмкiндiк беру болып табылады.
 Мұның барлығы халықтың табысын ұдайы өсiру саясатының нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Өздерiңiзге белгiлi, өз қаражатына сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу секiлдi жолдан басқа, тұрғын үйдi ақшасын бiртiндеп төлеп алудың екi жүйесi бар: ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қаражатын жинау жүйесi арқылы. Бiрақ бұл екеуi де әзiрше өзiнiң қымбатшылығына байланысты көпшiлiктiң қолы жете бермейтiн жүйе болып табылады.
Жаңа тұрғын үй саясаты оларды арзандатуға, сондай-ақ, құрылыс құнын төмендетуге бағытталатын болады.
Сонымен, ипотекалық несиелер үшiн қайтарым мерзiмi бүгiнгi он жылдан жиырма жыла дейiн Ұзартылады.
Алғашқы төленетiн жарна көлемi үй құнының 20 пайыздан 10 пайызына дейiн төмендетiледi, бұл жағдайда несие үстемесi 13-тен 10 пайызға дейiн азайтылады.
Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесi туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50-ден 25 пайызға дейiн төмендетiледi. Несиенi қайтару мерзiмi қалған сома бойынша 15-тен 25 жылға дейiн ұзартылады.
Мұның үстiне iрi қалалардағы аз мөлшердегi әрлеу жұмыстары жүргiзiлген үздiк жобадағы тұрғын жайдың бiр шаршы метрiнiң құны орташа есеппен бүгiнгi әр шаршы метрi үшiн 700 доллардан 350 долларға дейiн төмендетiледi. Бiзге жалпы, бiр шаршы метрiнiң құны 350 доллар сомасынан аспайтын үйлер салу қажет. Егер құрылысшылар бағаны көтеретiн болса, онда олар бұдан былай несие және тапсырыс алмайтын болады. Ал аймақтарда тұрғын жай бағасы тiптi бұл көрсеткiштен де төмен болуы тиiс.
Есептеулер көрсетiп отырғандай, тұрғын үй туралы жаңа саясат жүзеге асқан жағдайда 200 мың отбасы (ал бұл миллионға жуық адам) ипотеканы және тұрғын үй құрылысы жинақтаушы жүйесiн пайдалана алады.
Бұл үшiн 2007 жылдың аяғына дейiн 12 миллион шаршы метр тұрғын жай iске қосылуы тиiс, яғни, жыл сайын тұрғын үй к£лемiн енгiзудi бүгiнгi деңгеймен салыстырғанда орташа есеппен екi есеге ұлғайту қажет болады.
Есептеулер көрсетiп отырғанындай, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн 2005-2007 жылдар аралығында барлық қаражат көздерi бойынша тұрғын үй құрылысына 300 миллиард теңге, оның iшiнде, басым бөлiгi қайтарылуға жататын негiзде 150 миллиард теңге мемлекет есебiнен бөлу, сондай-ақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы және “Тұрғынүйқұрылысжинақтаушыбанкi” қаржыландыру мақсатында инвестиция салуы қажет.
Құрылысты арзандату мақсатында тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергiлiктi билiк алуы тиiс.
Құрылыс үшiн тендер арқылы жер сатуды мiндеттi шараға айналдыру қажет.
Алға қойылған мiндет Үкiмет пен әкiмдер мүмкiндiктерiнiң шегiнен шығып жатуы да мүмкiн, бiрақ, ол таяу үш жылда орындалуы шарт. 2008 жылға қарай бiз барлық халықтың орташа табын тұрғын үй құрылысына жұмылдыруға орнықты тұғыр қалыптастыруымыз керек.
Үкiмет бiр ай мерзiмде тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын бекiтуге енгiзуi тиiс, сондай-ақ, осы жылы әкiмдермен бiрлесе отырып барлық қажеттi дайындық жұмыстарын қолға алғандары жөн.
Жұмыс барысын тиiстi дәрежеде бақылап отыру мақсатында мен елiмiздiң Премьер-Министрi жетекшiлiк жасайтын тиiстi Мемлекеттiк комиссия құратын боламын.
Оған және әкiмдiктерге республика бойынша кең көлемдегi түсiнiк жұмыстарын жүргiзу мiндеттеледi.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде ЖIӨ-нiң болжамды қосымша өсiмi елiмiз бойынша екi пайыз шамасын құрайтын болады.
Жаңадан 45 мың жұмыс орны ашылады, сондай-ақ, үш жыл iшiнде 80 миллиард теңге шамасында қосымша салық алынатын болады.
Бiз елiмiздiң Индустриялық бағдарламасының бiр бөлiгi болып табылатын, үлкен мултьипликативтiк тиiмдiлiк беретiн ауқымды және жауапты жұмысты қолға аламыз.
 Жартылай ұмыт бола бастаған құрылыс отрядтарын еске алып, каникул кезiнде бiздiң студенттерiмiздi құрылысқа кеңiнен тарту керек.
Отандық және шетелдiк құрылысшылар мен құрылыс индустриясының жұмысшылары алдында олар қазiрдiң өзiнде дайындықты бастаулары тиiс жұмыстардың үлкен майданы ашылмақ. Тапсырыстарды кiмдер жақсы жағдай ұсынса, тек солар алады.
Ең бастысы – тұрғын үй рыногын адамдар үшiн мүмкiндiгiнше қол жетерлiк ету, тұрғын үй құны мен халықтың табысы арасындағы сәйкессiздiктi қысқарту. Одан әрi рыноктың өзi-ақ осы өлшемдер негiзiнде реттелетiн болады.
Тұрғын үй құрылысымен қатар оны пайдаланудың жаңаша ұстындары талап етiледi. Тiптi бұл жерде де мемлекеттiң оған араласуы шектеулi болуы тиiс.
Бiз жекеменшiктiк пәтерлердiң кооперативтiк институттарын жетiлдiрудiң, толық жөндеу жұмыстарын қаржыландыратын қаражаттық жинақтаудың, құрылысты мемлекеттiк бақылауға алу және пайдалануға берудiң жүйесiн ойластыруымыз керек.
Тұрғын үй қатынастарын, оңтайландыру және соған сәйкес тұрғын үй заңнамасы қажет.
Әкiмет тиiстi Бағдарламаны тезiрек қабылдауы тиiс.
Шындықтан жалтармайық. әзiрше қазақстандықтардың бәрi бiрдей жаңа тұрғын жайға ұмтыла алмайды.
Бiрақ, сенiңiздер, жұмыс iстейтiн әрбiр адам пәтер немесе үй алатын жағдайға жететiн уақыт та келедi.

Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда. Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда. Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды. Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi. Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр. Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берiлген үй санынан 30 пайызға көп. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек. Мен осы саланы бiздiң экономикалық дамуымыздың жетекшi саласының бiрiне айналдыру идеясын көптен айтып келемiн. Сiздер тұрғын үйлердi жаппай салу өзiмен бiрге құрылыс материалдары өнеркәсiбiн, жиһаз өнеркәсiбiн, металл өңдеудi дамытатынын түсiнесiздер. Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты iске асыру басталатыны жөнiнде үлкен қанағат сезiмiмен айта кеткiм келедi. Бұл саясаттың мәнi тұрғын үй құнының арзандауы, оны несиелеу мерзiмiнiң ұзартылуы, алғашқы төлем жарнасы мен несиелеу үстемесiнiң төмендетiлуi арқылы халықтың басым бөлiгiн тұрғын үйге қол жеткiзуге мүмкiндiк беру болып табылады.  Мұның барлығы халықтың табысын ұдайы өсiру саясатының нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс. Өздерiңiзге белгiлi, өз қаражатына сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу секiлдi жолдан басқа, тұрғын үйдi ақшасын бiртiндеп төлеп алудың екi жүйесi бар: ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қаражатын жинау жүйесi арқылы. Бiрақ бұл екеуi де әзiрше өзiнiң қымбатшылығына байланысты көпшiлiктiң қолы жете бермейтiн жүйе болып табылады. Жаңа тұрғын үй саясаты оларды арзандатуға, сондай-ақ, құрылыс құнын төмендетуге бағытталатын болады. Сонымен, ипотекалық несиелер үшiн қайтарым мерзiмi бүгiнгi он жылдан жиырма жыла дейiн Ұзартылады. Алғашқы төленетiн жарна көлемi үй құнының 20 пайыздан 10 пайызына дейiн төмендетiледi, бұл жағдайда несие үстемесi 13-тен 10 пайызға дейiн азайтылады. Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесi туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50-ден 25 пайызға дейiн төмендетiледi. Несиенi қайтару мерзiмi қалған сома бойынша 15-тен 25 жылға дейiн ұзартылады. Мұның үстiне iрi қалалардағы аз мөлшердегi әрлеу жұмыстары жүргiзiлген үздiк жобадағы тұрғын жайдың бiр шаршы метрiнiң құны орташа есеппен бүгiнгi әр шаршы метрi үшiн 700 доллардан 350 долларға дейiн төмендетiледi. Бiзге жалпы, бiр шаршы метрiнiң құны 350 доллар сомасынан аспайтын үйлер салу қажет. Егер құрылысшылар бағаны көтеретiн болса, онда олар бұдан былай несие және тапсырыс алмайтын болады. Ал аймақтарда тұрғын жай бағасы тiптi бұл көрсеткiштен де төмен болуы тиiс. Есептеулер көрсетiп отырғандай, тұрғын үй туралы жаңа саясат жүзеге асқан жағдайда 200 мың отбасы (ал бұл миллионға жуық адам) ипотеканы және тұрғын үй құрылысы жинақтаушы жүйесiн пайдалана алады. Бұл үшiн 2007 жылдың аяғына дейiн 12 миллион шаршы метр тұрғын жай iске қосылуы тиiс, яғни, жыл сайын тұрғын үй к£лемiн енгiзудi бүгiнгi деңгеймен салыстырғанда орташа есеппен екi есеге ұлғайту қажет болады. Есептеулер көрсетiп отырғанындай, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн 2005-2007 жылдар аралығында барлық қаражат көздерi бойынша тұрғын үй құрылысына 300 миллиард теңге, оның iшiнде, басым бөлiгi қайтарылуға жататын негiзде 150 миллиард теңге мемлекет есебiнен бөлу, сондай-ақ, Қазақстан ипотекалық компаниясы және “Тұрғынүйқұрылысжинақтаушыбанкi” қаржыландыру мақсатында инвестиция салуы қажет. Құрылысты арзандату мақсатында тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергiлiктi билiк алуы тиiс. Құрылыс үшiн тендер арқылы жер сатуды мiндеттi шараға айналдыру қажет. Алға қойылған мiндет Үкiмет пен әкiмдер мүмкiндiктерiнiң шегiнен шығып жатуы да мүмкiн, бiрақ, ол таяу үш жылда орындалуы шарт. 2008 жылға қарай бiз барлық халықтың орташа табын тұрғын үй құрылысына жұмылдыруға орнықты тұғыр қалыптастыруымыз керек. Үкiмет бiр ай мерзiмде тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын бекiтуге енгiзуi тиiс, сондай-ақ, осы жылы әкiмдермен бiрлесе отырып барлық қажеттi дайындық жұмыстарын қолға алғандары жөн. Жұмыс барысын тиiстi дәрежеде бақылап отыру мақсатында мен елiмiздiң Премьер-Министрi жетекшiлiк жасайтын тиiстi Мемлекеттiк комиссия құратын боламын. Оған және әкiмдiктерге республика бойынша кең көлемдегi түсiнiк жұмыстарын жүргiзу мiндеттеледi. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде ЖIӨ-нiң болжамды қосымша өсiмi елiмiз бойынша екi пайыз шамасын құрайтын болады. Жаңадан 45 мың жұмыс орны ашылады, сондай-ақ, үш жыл iшiнде 80 миллиард теңге шамасында қосымша салық алынатын болады. Бiз елiмiздiң Индустриялық бағдарламасының бiр бөлiгi болып табылатын, үлкен мултьипликативтiк тиiмдiлiк беретiн ауқымды және жауапты жұмысты қолға аламыз.  Жартылай ұмыт бола бастаған құрылыс отрядтарын еске алып, каникул кезiнде бiздiң студенттерiмiздi құрылысқа кеңiнен тарту керек. Отандық және шетелдiк құрылысшылар мен құрылыс индустриясының жұмысшылары алдында олар қазiрдiң өзiнде дайындықты бастаулары тиiс жұмыстардың үлкен майданы ашылмақ. Тапсырыстарды кiмдер жақсы жағдай ұсынса, тек солар алады. Ең бастысы – тұрғын үй рыногын адамдар үшiн мүмкiндiгiнше қол жетерлiк ету, тұрғын үй құны мен халықтың табысы арасындағы сәйкессiздiктi қысқарту. Одан әрi рыноктың өзi-ақ осы өлшемдер негiзiнде реттелетiн болады. Тұрғын үй құрылысымен қатар оны пайдаланудың жаңаша ұстындары талап етiледi. Тiптi бұл жерде де мемлекеттiң оған араласуы шектеулi болуы тиiс. Бiз жекеменшiктiк пәтерлердiң кооперативтiк институттарын жетiлдiрудiң, толық жөндеу жұмыстарын қаржыландыратын қаражаттық жинақтаудың, құрылысты мемлекеттiк бақылауға алу және пайдалануға берудiң жүйесiн ойластыруымыз керек. Тұрғын үй қатынастарын, оңтайландыру және соған сәйкес тұрғын үй заңнамасы қажет. Әкiмет тиiстi Бағдарламаны тезiрек қабылдауы тиiс. Шындықтан жалтармайық. әзiрше қазақстандықтардың бәрi бiрдей жаңа тұрғын жайға ұмтыла алмайды. Бiрақ, сенiңiздер, жұмыс iстейтiн әрбiр адам пәтер немесе үй алатын жағдайға жететiн уақыт та келедi.
2.2. Денсаулық сақтау
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi.
Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет.
Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше – сақтандыру жүйесiне жете алмадық.
Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде.
Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi.
Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс.
Мемлекет кепiлдiк берiлген, адам үшiн тегiн, шектi стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етiлуге тиiс.
Осыдан тыс нәрсенiң барлығы адамның өз еңбекақысының немесе ерiктi медициналық сақтандырудың есебiнен қамтамасыз етiлуi қажет.
Мемлекеттiк медицина жекешеден кеңiстiк тұрғысында бөлiнуi керек: заң мемлекеттiк медициналық мекемелерде қандай да бiр жекеше кабинеттердi ашуға тыйым салуға тиiс.
Салада:
- басқару жүйесiн;
- денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен сатып алуды мiндеттi түрде орталықсыздандыруды;
- медициналық көмек берудi ұйымдастыру жүйесiн;
- денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын;
- статистиканы, саланы ақпараттандыруды, есептiлiктi оңтайландыруды жетiлдiруге қатысты байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет.
Келесi жылдан бастап шешуге кiрiсу қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер ретiнде мыналарды айқындар едiм.
Бiрiншi. Негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру, жатын-орындарға иек артудан арылу керек.
2005-2007 жылдар барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаражат көлемiн едәуiр ұлғайту қажет.
Екiншi. Денсаулық сақтау iсiнiң халықаралық стандарттарына, емдеу мен медициналық қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары мен қазiргi заманғы әдiстерiне жүйелi түрде көшудi бастау керек.
Үшiншi. Ана мен баланың денсаулығын бекемдеу. Үкiметке Астанада Ана мен баланың республикалық орталығының құрылысын қамтамасыз етудi тапсырамын, ол халықаралық стандарттарға сай әрi денсаулық сақтау жүйесiнде жаңа сапа эталоны болуға тиiс. Барлық аймақтар осы стандарттарды ұстанып, ана мен балаға байыпты көңiл бөлiнуi керек.
Төртiншi. Тәуелсiз медициналық сараптама жүйесiн құру қажет, ол уәкiлеттi органның тәуелсiз сарапшыларын тарта отырып бақылау тексерулерiн жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
Бесiншi. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесiнiң, ресурстарды басқару және саланы қаржыландыру менеджерлерiн даярлауды бастау қажет.
Дәрiгерлер мен медициналық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде де маңызды өзгерiстер қажет.
Алтыншы. өкпе ауруының, сусамырдың (диабет), демiкпенiң, жүрек-қантамырлары және басқа да әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға, оларды анықтауға және емдеуге баса назар аудару керек.
Жетiншi. Үкiмет пен әкiмдер жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелердiң құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрғандарына күрделi жөндеу жүргiзуге тиiс.
2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау объектiсi салынуы және 450-i жөнделуi керек. Бұл ретте өкпе ауруын емдеудегi және әйел босандыруға деген күллi мұқтаждықтар толығымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Аталған және басқа да проблемаларды кешендi шешу мақсатында Үкiметке бiр ай мерзiмде Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.

Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi. Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет. Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше – сақтандыру жүйесiне жете алмадық. Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде. Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi. Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс. Мемлекет кепiлдiк берiлген, адам үшiн тегiн, шектi стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етiлуге тиiс. Осыдан тыс нәрсенiң барлығы адамның өз еңбекақысының немесе ерiктi медициналық сақтандырудың есебiнен қамтамасыз етiлуi қажет. Мемлекеттiк медицина жекешеден кеңiстiк тұрғысында бөлiнуi керек: заң мемлекеттiк медициналық мекемелерде қандай да бiр жекеше кабинеттердi ашуға тыйым салуға тиiс. Салада: - басқару жүйесiн; - денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен сатып алуды мiндеттi түрде орталықсыздандыруды; - медициналық көмек берудi ұйымдастыру жүйесiн; - денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын; - статистиканы, саланы ақпараттандыруды, есептiлiктi оңтайландыруды жетiлдiруге қатысты байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет. Келесi жылдан бастап шешуге кiрiсу қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер ретiнде мыналарды айқындар едiм. Бiрiншi. Негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру, жатын-орындарға иек артудан арылу керек. 2005-2007 жылдар барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаражат көлемiн едәуiр ұлғайту қажет. Екiншi. Денсаулық сақтау iсiнiң халықаралық стандарттарына, емдеу мен медициналық қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары мен қазiргi заманғы әдiстерiне жүйелi түрде көшудi бастау керек. Үшiншi. Ана мен баланың денсаулығын бекемдеу. Үкiметке Астанада Ана мен баланың республикалық орталығының құрылысын қамтамасыз етудi тапсырамын, ол халықаралық стандарттарға сай әрi денсаулық сақтау жүйесiнде жаңа сапа эталоны болуға тиiс. Барлық аймақтар осы стандарттарды ұстанып, ана мен балаға байыпты көңiл бөлiнуi керек. Төртiншi. Тәуелсiз медициналық сараптама жүйесiн құру қажет, ол уәкiлеттi органның тәуелсiз сарапшыларын тарта отырып бақылау тексерулерiн жүргiзу принциптерiне негiзделедi. Бесiншi. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесiнiң, ресурстарды басқару және саланы қаржыландыру менеджерлерiн даярлауды бастау қажет. Дәрiгерлер мен медициналық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде де маңызды өзгерiстер қажет. Алтыншы. өкпе ауруының, сусамырдың (диабет), демiкпенiң, жүрек-қантамырлары және басқа да әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға, оларды анықтауға және емдеуге баса назар аудару керек. Жетiншi. Үкiмет пен әкiмдер жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелердiң құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрғандарына күрделi жөндеу жүргiзуге тиiс. 2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау объектiсi салынуы және 450-i жөнделуi керек. Бұл ретте өкпе ауруын емдеудегi және әйел босандыруға деген күллi мұқтаждықтар толығымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Аталған және басқа да проблемаларды кешендi шешу мақсатында Үкiметке бiр ай мерзiмде Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.
2.3. Бiлiм беру
Ұлттық бәсекелестiк қабiлетi бiрiншi кезекте оның бiлiмдiлiк деңгейiмен айқындалады.
Әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне толығымен кiрiгу бiлiм беру жүйесiн халықаралық деңгейге көтерудi талап ететiнi сөзсiз. Бұл үшiн оқушыларды жоғары сатыда бейiндi оқытуды көздейтiн он екi жылдық бiлiм беруге көшу қажет.
Мектепке дейiнгi даярлық бiрiншi сыныпқа сәйкес келетiн болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейiн не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиiстi кәсiптiк-техникалық бiлiм алып, өз бетiнше еңбек жолына түсу жөнiнде шешiм қабылдауға тиiс. Мектептiң соңғы жылындағы оқу қазiргi жүйедегi ЖОО-ның бiрiншi курсына сәйкес келедi. Сол себептi жоғары бiлiмнiң өзi негiзiнен төрт жылдық болады.
Осылайша, бiз жаңа он екi жылдық жүйеге өтемiз, сонымен қатар осы реформаға жұмсалатын шығындарды қысқартамыз.
Әрине, бұл бiрнеше жылға созылатын дайындықты талап етедi.
Сондықтан бұл уақыт аралығында артта қалған учаскелердi алға тартып, бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын елеулi түрде нығайту қажет.
Бiрiншiден, бала бақшалар жүйесiн қалпына келтiруге және толыққанды мектепке дейiнгi бiлiм берудi қалыптастыруға кiрiсу қажет. Әзiрше, мұндай мүмкiндiк бар жерде мектепке дейiнгi бiлiм берудi мектептер аясында дамыту қажет.
Екiншiден, реформалаудың нәтижелерiнiң бiрi жаңа сатыдағы педагогтың өмiрге келуi болуға тиiс.
Үкiметке 2005-2006 оқу жылынан бастап педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бес мың бiрлiкке ұлғайтуды тапсырамын.
Көптiлдi бiлiмi бар педагогтар үшiн қызмет орындарына ерекше назар аудару қажет.
Мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн неғұрлым сапалы деңгейге көтеру, бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн қайта даярлау жөнiндегi республикалық және аймақтық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.
Мұғалiмдер мен балалардың жайлы мектептерде оқып, жұмыс iстеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердiң, спорт алаңдарының тапшылығын сезiнбегенi өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздiк әлемдiк стандарттар деңгейiне көтерiлуге тиiс.
Келешекте мұғалiм мамандығы ең беделдi әрi жоғары ақы төленетiн мамандықтардың бiрi болуы керек. Әрине мұғалiмнiң өзi де уақыт талабына сәйкес болуы мiндеттi.
Өткен жылы 68 мектеп салынды, үстiмiздегi жылы 70-тен аса жаңа мектеп салынып, 500-ден астамына жөндеу жүргiзiлетiн болады. Мұның өзi күнi кешегi кеңестiк тарихымыздың “ең жақсы жылдарында” да жасалған жоқ.
Сонымен бiрге, ең төменгi бағам бойынша бiзге тағы да 1900-ден астам мектептi жөндеуден өткiзуiмiз және салуымыз қажет. Мұны алдағы үш жылда жасау керек.
Соңғы 15-20 жыл iшiнде пән кабинеттерi iс жүзiнде жаңартылған жоқ. Бұл проблемаларды 2005-2008 жылдар iшiнде шешу керек. Бұл – маңыздылығы жағынан үшiншi мiндет.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған аймақтық бағдарламалар қабылдауды тапсырамын.
Әкiмдер (бұл мiндеттiң маңыздылығын атап көрсеткiм келедi) 2005 жылдың өзiнде-ақ мектептердiң кемiнде 70 пайызының интернетке қосылуын қамтамасыз етуi қажет. Үкiмет, әкiмдер мектептерге телефон орнату мiндетiн жедел түрде шешуге тиiс.
Төртiншiден, даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар байыпты назар аударуды талап етедi. Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп балалардың осы санаты үшiн мектеп-интернаттар желiсiн дамыту мәселесiн пысықтауды тапсырамын.
Бесiншiден, оқушылардың бiлiм сапасын көтеру үшiн олардың оқудағы жетiстiктерiне тәуелсiз сыртқы бағалауды енгiзу керек.
Үкiмет үстiмiздегi жылдың өзiнде-ақ республикада мектеп түлектерiн бiрыңғай ұлттық тестiлеу, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттерiн кезеңдiк аттестациядан өткiзу нысанында тәуелсiз сыртқы бақылауды енгiзудi аяқтауға тиiс. Осы маңызды iстi институционалдық тұрғыда қолдау үшiн Бiлiм сапасын бағалау ұлттық орталығын құруды тапсырамын.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау