«бекітілген»


Елді мекендерді газбен жабдықтау



жүктеу 1,56 Mb.
бет5/9
Дата21.12.2017
өлшемі1,56 Mb.
#5480
1   2   3   4   5   6   7   8   9

004. Елді мекендерді газбен жабдықтау.

Жоспар 12 370 мың теңге, нақты игеру 12 370 немесе 100%.

Аталған бағдарлама аясында Алматы қаласының шағын аудандарын сұйытылған газдан табиғи газға ауыстыру бойыша жұмыстар жүргізілуде.

006. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің қызметі.

Жоспар 301 728 мың теңге, нақты игеру 301 728 или 100%.

Аталған бағдарлама аясында Алматы қаласының суқұбыры және кәріз желілерін санация тәсілімен (пластикалық жеңді орнату) күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

007. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту.

Жоспар 472 771 мың теңгені құрады оның ішінде, 289 810 мың теңге республикалық бюджет, 182 961 мың теңге жергілікті бюджет, нақты игеру 472 771 мың теңге немесе 100%.

Аталға бағдарлама аясында Алматы қаласының Бас тазартқыш құрылымы аумағындағы сүзгі станциясын және су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

008. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу және (немесе) жобалау, дамыту , жайластыру.

Жоспар 393 092 мың теңгені құрады, оның ішінде 128 057 мың теңге республикалық бюджет, 265 035 мың теңге жергілікті бюджет, нақты игеру 346 315 мың теңге немесе 88%, оның ішінде 81 280 мың теңге республикалық бюджет, 265 035 мың теңге жергілікті бюджет. Ауытқу 46 777 мың теңге. Ауытқу Орталық референс-лабораториясының инженерлік желілерін қайта жаңғырту кезінде смета бойынша үнемдеуге байланысты.

Аталған бағдарлама аясында Орталық референс-лабораториясының инженерлік желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды, Алматы қаласының жеке тұрғын үй құрылымдарының газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

012. Жылуэнергетикалық жүйесін дамыту.

Жоспар 3 358 671 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 821 020 мың теңге республикалық бюджеттен , 537 651 мың теңге жергілікті бюджеттен, нақты 3 358 671 мың теңге немесе 100%, оныі ішінде 2 821 020 мың теңге республикалық бюджеттен, 537 651 мың теңге жергілікті бюджеттен.

Аталған бағдарлама аясында магистарлді және таратқыш жылу желілерін қайта жаңғырту, №2 ОЖТП бар Батыс жылу кешенінің құрылысы, кеңейту және қайта жаңғырту, электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 50%

2013 жыл - 48%

2014 жыл - 45%

2015 жыл - 43%

2016 жыл - 42 %


электрмен жабдықтау

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 19%

2013 жыл - 18%

2014 жыл - 17%

2015 жыл - 16%

2016 жыл - 15 %


газбен жабдықтау

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 9 %

2013 жыл - 8 %

2014 жыл - 7%

2015 жыл - 5%

2016 жыл - 3 %





сумен жабдықтау және су бұру

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 68 %

2013 жыл - 65 %

2014 жыл - 63 %

2015 жыл - 60 %

2016 жыл - 59 %


канализациялар

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 54 %

2013 жыл - 52 %

2014 жыл - 50 %

2015 жыл - 45 %

2016 жыл - 42 %


5.10. Жылу энергиясының нормативтік шығынын 19 ,1% -ға дейін, суды 19,1% -ға дейін, электр энергиясын 15,8%-ға дейін азайту арқылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің энергия тиімділігі артатын болады

1

Жөндеуді талап ететін желілердің үлесін азайту:




электрмен жабдықтау

2013 жылдың 1 шелді жағдайына тасымалдау кезінде нормативті жоғалтулар деңгейі:

- электр қуаты – 16,63% құрады;

- жылу қуатын – 14,9% құрады;

- суды - 20% құрады.




Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 16,8 %

2013 жыл - 16,6 %

2014 жыл - 16,4 %

2015 жыл - 16,3 %

2016 жыл - 15,8 %





жылумен жабдықтау

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 20,6 %

2013 жыл - 20,1 %

2014 жыл - 19,6 %

2015 жыл - 19,5 %

2016 жыл - 19,1 %





сумен жабдықтау

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

Басқармасының интернет-ресурсындағы ақпараты



2012 жыл - 20,5 %

2013 жыл - 20,1 %

2014 жыл - 19,7 %

2015 жыл - 19,4 %

2016 жыл - 19,1 %


6. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МҮЛТІКСІЗ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ

Құқық тәртібі және қоғамдық қауіпсіздік

6.1. Құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалауды қамтамасыз ету

1

Құқық қорғау жүйесін:

- тиімді кадрлық саясатты жүргізу;

- құқық қорғау жүйесіне тән емес функцияларды өзге құрылымдарға беру;

- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігінің біліктілігін арттыру;

- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен ақшалай қамтылуын арттыру;

- қоғамдық институттарды, БАҚ пен азаматтарды тарта отырып құқық қорғау органдары қызметін сырттай бағалау жөніндегі қоғамдық комиссия құру арқылы халық алдында олардың ашықтығын, мөлдірлігін және бақылауда болуын дамыту жолымен одан әрі реформалауды қамтамасыз ету

- құқық қорғау жүйесінің қызметкерлерін аттестаттау


Кадр саясатын сапалы жүргізу жолымен құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалауды қамтамасыз ету мақсатында ІІД-де кадр құрамын қалыптастыру, қызметкерлердің кәсіби білімі мен дағдысын жетілдіруде, қызметкерлерді лауазымға тағайындауда олардың кәсіби дайындығы деңгейі есебінен, заслуга кәсіби қызметтік және іскерлік сапасы, құқық қорғау қызметіне өз кезегімен өткеру мен арнайы атақтар беру бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Кадрлық құрамды қалыптастырудың беделді бағыты дайындау, біліктілігін көтеру мен лауазымның барлық санаты үшін кадрларды жоспарлы негізде қайта дайындау болып табылады.

Есеп беру кезеңінде алғашқы дайындық курсына ІІО 271 кандидат жіберілді, оның 138 тағылымдамашы қатардағы және кіші басшы құрам лауазымына.

Біліктілігін көтеру мен қайта дайындау курсын 107 қызметкер өтті, Алматы қ. ІІМ Академиясына -29, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясына -14, ҚР ІІМ Шымкент ЗК - 12, ІІМ аппарат базасында - 1, Ақтөбе ЗИ - 8, әскери институтта -1, ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында -2 және Алматы қ. ҚР ІІМ оқу орталығында 40 қызметкер біліктілігін арттырып, 23 қызметкер дайындық пен қайта дайындықтан өтті.

Алматы қ. ІІД-де жариялылық, айқындылық, ашықтық принциптерінде қазақстан полициясының имиджін көтеру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Республикалық және қалалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында алматы полициясының қызметі, ашылған қылмыстар және олармен күрес тәсілдері бойынша материалдар күн сайын беріліп тұрады.

Бұдан тысқары, ағымдағы жылы ІІД мен аудандық бөлімшелер басшыларының халықпен кездесу, Алматы қ. ІІД Қоғамдық кеңесі құрылуы, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ашуда азаматтардың белсенді қатысу фактілері, азаматтар алдында құқық қорғау органдарының бақылауда ұстап принципті сақтап тұрғанын куәландырады. Сонымен, а.ж. 6 айы ішінде БАҚ-та 2544 материал жарық көрді.



  • телеарнада – 1493,

  • баспасөзде – 224,

  • ақпарат агенттігінде - 827.

Қауымдастықты тарту мен құқық бұзушылықтың алдын алуды жариялауға аса назар бөлінуде 371 материал жарияланды.

Интернет-конференциядан - 2, 57 баспасөз-конференциясы мен брифингтер өткізілді.

Жоғарыда көрсетілген жұмыс нысаны БАҚ-пен ІІД МТАБ жұмысында маңызды болып табылады және осы бағытта жұмыс жалғастырылады.


Алматы қаласы ІІД

Тұрақты негізде

2012 жылдан бастап



6.2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі шараларды жетілдіру

1

Қазақстан Республикасындағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын іске асыру

2013 жылдың 6 айы бойынша Алматы қ. ішкі істер департаментімен 2011 - 2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құқықбұзушылықтың алдын алу жүйелік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу туралы:

Алматы қаласында жасөспірімдердің қылмысы 7,3% (110 –нан 102-ге дейін) төмендетілгені байқалып отыр.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың саны 27,8% (162 –ден 117-ге) төмендегі байқалып отыр.

Сараптама, Алматы қ. үлкендердің ілесіп жүруінсіз бөтен қалалық кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 52 немесе 51,0% (2012ж. - 52 немесе 117), олар қылмыстың обьектісі болатындығын, немесе өздері қылмыс жасайтындығын көрсетті.

Жалпы білім беретін мекемелерінде оқитындармен 24 қылмыс жасалынды (2012ж.- 35), төмендеу 31,4% құрайды. Оқу мекемелерінің аумақтарында - 3 қылмыс жасалынды (2012ж – 4).

Әртүрлі түрдегі алдын алу шараларын қолдану нәтижесінде және мектеп әкімшілігінің, мектеп полиция инспекторларының көптеген оқу орындарында жұмысты ұйымдастырғаны нәтижесінде құқықбұзушылықтарға жол берілмеді, оқушылар арасында жағдай тұрақтандырылды, бопсалау және ұсақ ұрлықтар орын алмады.

2012-2013 оқу жылына оқушылар арасында қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Жоспар өңделді және бекітілді, осының шеңберінде тұрақсыз криминогендік жағдайы бар оқу мекемелерінде кешенді тексеру жүргізу бойынша жұмыс жоспарланды.

Ювеналдық полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірге тұрмысы қолайсыз және күн көрісі төмен отбасыларында, сонымен бірге ішкі істер органында есепте тұрған балаларды мектеп демалысы аралығында сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы Әкімінің 2012 жылдың 17 мамырындағы № 72 «Алматы қ. 2012-2015 жылдарға арналған жазғы демалыс аралықтарында балаларды және жасөспірімдерді демалту, сауықтыру және бос жүргендерді қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы» өкімін орындау барысында демалыс пен бос жүрген 156311 балаларды қамту қарастырылды.

Тұрмысы қолайсыз және күн көрісі төмен отбасыларында, сонымен бірге ішкі істер органында есепте тұрған балаларды жазғы демалыс аралығында қаладан тыс және мектептегі лагерлерде демалту үшін қала Әкімімен 180 млн теңге бөлінді.

Қала бойынша барлығы 321 сауықтыру лагері, соның ішінде 296 мектеп ішінде, ол жерде 20384 бала қамтылған, соның ішінде 220 ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандар және 25 қаладан тыс лагерьлер.

Мектептерде жазғы аралықтарда 550 спорттық секциялар жұмыс істейді, ол жерде 33614 бала айналысады. Сауықтыру спорттық жиылыстарында 5500 кәмелетке толмағандар қамтылды.

Қазіргі таңда, 33 аула клубы қызмет атқарады, оған 4200 бала барып тұрады, соның ішінде 182 кәмелетке толмағандар тұрмысы қолайсыз отбасынан және 251 кәмелетке толмағандар ішкі істер органында есепте тұрған балалар.

Сонымен қатар, ЮПБ демалыс аралығында кәмелетке толмағандарды қол бос болмаушылықтан және бос уақытын ұйымдастыру бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп отырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу.

Ішкі істер органының рейдтік іс-шаралары арқасында 22.00 сағаттан кейін ойын-сауық орындарында және 23.00 сағаттан кейін заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз болған 2146 балалар және жасөспірімдер жеткізілді, соның ішінде 2141 ата –аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар 22.00 сағаттан кейін ойын сауық орындарында болуына жол берген ойын сауық мекемелерінің 46 лауазымды тұлғалары әкмшілік жауапкершілікке тартылды, сотпен оларға қатысты сомасы 735110 теңге әкімшілік айппұл өндіріп алу шешімі қабылданды.

Сонымен, сараптама аралығында әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар – 100 (63) сауда жұмысшылары, соның ішінде 43 (31) – кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны, 57 (32) – алкоголь өнімдерін 21-жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін.

Алматы қ. жалпы білім беретін мекемелерде оқитындардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты тиімді тәжірибелі жұмыстар жинақталған.

Барлық қаланың мектептерінде өзін - өзі басқару оқу шеңберінде «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылған, олар оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп полиция инспекторларына көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, қаланың мектептерінде оқитындардың арасынан «Қозғалыстың жас достары» жасақтары әрекет етеді, олар бала жарақатын және жол қозғалысын алдын алу бойынша мектеп полиция инспекторларына көмек көрсетеді.

Осымен қатар, қаланың барлық мектептерінде Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» жасөспірім - балалар ұйымдары құрылды, олар оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыста мектеп полиция инспекторларына көмек көрсетеді.

Жұмыс осы бағытта қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, қоғаммен және БАҚ («Алматы», «Астана», «Еуразия», «Хабар», «КТК», «Қазақстан» ТК, « Айқын», «Заң» баспа басылымдарды тарта отырып жұмыс жүргізіліп жатыр.



Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы:

ІІД полиция кешенді күштерін бірыңғай орналастыру жоспарына сәйкес қала 85 патруль учаскелеріне бөлінген, қала бойынша жаяу және автокөлік патрульдік бағыттары әзірленген, тәулік бойы 7 «Модуль» стационарлық бекеттері жұмыс істейді.

Департамент «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңын орындау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіп отыр.

Отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалынған қылмыстардың соңғы 3 жылдағы динамикасы, заң талаптарын орындау бойынша қабылданып отырған профилактикалық іс-шаралардың тұрмыстық салада жасалынған қылмыстардың ахуалына айтарлықтай әсер еткенін көрсетеді.

Сонымен, заң қабылданғанға дейін 2009 жылы тұрмыстық салада 32 қылмыс (19 кісі өлімі), 2012 жылы 19 қылмыс (15 кісі өлтіру) жасалынса, ал 2013 жылғы 6 ай ішінде – 11 қылмыс (5 кісі өлтіру) жасалынған.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыс деректері туралы 11 арыз тіркеліп, ол жерде 9 қылмыс әйелдерге қарсы жасалынған.

Тұрмыс саласында зорлық көрсеткен тұлғалардың түсінігі мен тәртібіне мақсатты әсер ету үшін және тағыда құқық бұзушылық жасамауларының алдын алу үшін 1701 құқық бұзушыларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 107 қатысты тәртібіне ерекше талап орнатылды. Қорғау ұйғарымдарының талаптарын бұзғаны үшін 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң талаптарын түсіндіру мақсатында кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымдарының арасында және оқу орындарында кездесулер мен лекциялар ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында зрлықтың түрлері мен тәсілдері көрсетілді. Барлығы 337 астам сұхбат ұйымдастырылды, соның ішінде оқу орындарында - 90, кәсіпорындар мен ұйымдарда - 206 және БАҚ-та - 27.

Алматы қаласында 267 құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктер қызмет атқарады, олардың қатарында 1922 полицияның қоғамдық көмекшілері бар, соның ішінде 85 УПБ жанындағы Қоғамдық кеңесте саны 469 адам, тәртіп сақтау бойынша 7 аудандық штаб (277 мүшесі), 152 дербес күзет жасақтары (401 мүшесі), 1 құқық тәртібін сақтауға көмекші Алматы қаласының бірлестігі (15 мүшесі) және 27 жоғарғы оқу орындарында құқық тәртібі бойынша студенттік жасақтар (820 мүшесі бар) жұмыс істеуде.

Азаматтардың меншіктік қауіпсіздіктері «Қауіпсіз аула» үрдісі бойынша жүзеге асырылуда. Осы үрдіске сәйкес 607 үй, 164 аула аймақтары күзетіледі, ол жерде 1037 бейне камералар орнатылған.Үй күзетіне қатысатын мүшелердің саны - 927, соның ішінде консьержалар - 235, бірлескен күзет мүшелері - 401 және күзет құрылымдарының күзетшілері - 289 адам.

Жыл басынан бері күзет дабылымен қорғауға екі жарым мыңнан аса пәтер алынып, олардың саны 13 426 пәтерді құрады.

Қаланың 185 жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы аясында «Полицияның жас көмекшісі» (бұдан әрі ПЖК) жасақтары құрылып, олардың құрамына 1915 оқушы кірді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды материалдық көтермелеу мақсатында, Алматы қаласы әкімдігімен 2013 жылға арналып 25 млн. теңге бөлінді, қоғамдық бірлестіктердің 734 мүшесі марапатталды.

Азаматтардың полицияға деген сенім деңгейлерін арттыру үшін, қабылданып отырған шараларға бұқараның көзқарасын білу мақсатында, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп отырады.



Жыл басынан бері Алматы қ. ІІД басшыларының қатысуымен 13 есептік кездесу, соның ішінде ІІД бастығымен - 7, 6 - ІІД бастығының орынбасарларының қатысуымен, аудандардың ІІБ бастықтарының қатысуымен 42 кездесу өткізілді.

Тұрғындармен кездесулерге жергілікті атқарушы органдарының басшылары, прокуратура қызметкерлері, оқу орындарының өкілдері, ПИК және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысып отырады.

Кездесу барысында полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы арыздар мен ақпараттар келіп түспеді.

Аталған аудандардың жүргізіп отырған жұмыстарына жалпы оң баға берілді, соның ішінде учаскелік полиция инспекторлары ерекше көрсетілді.

Тұрғындар назарына ІІД, аудандардың ІІБ басшылығының, сонымен бірге учаскелік полиция инспекторларының қабылдау кестесі жеткізіліп, телефон нөмірлері көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде аудандардың учаскелік инспекторларымен 800 тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ол жерде қылмыстардың жолын кесу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарының есебін берді. Аталған кездесулерге әкімшілік учаскелердің 35 мыңнан аса тұрғыны қатысты.



Есірткі және есірткі бизнесімен күрес туралы

«Қазақстан Республикасының 2006-2014ж.ж. есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясы» бойынша ҚР Елбасының қойған талаптарын орындау бойынша, заңсыз айналымдағы есірткі құралы деректерінің алдын алу және анықтау, басқа аумақтардан контрабандалық жолмен тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмстық топтарды анықтауда Департаментпен мақсаттылы жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізгі есірткі тарату және өткізумен байланысты аса ауыр есірткі қылмыс түрлерін ашуға ерекше назар аударылады.

Анықталған есірткі қылмысы – 208 (212, 1,9% төмендеу ). Сонымен қатар, 11,7% - ге көп есірткі құралын өткізу дерегі анықталды –111 -ден 124-ке дейін.

Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралы – 26 кг 682 гр, соның ішінде.: героин – 16 кг 035 гр.

Заңсыз есірткі операциясы бойынша 112 (2012ж. -210) – адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 1-еуі шетел азаматы.

Ағымдағы уақытта «Допинг» жедел – профилактикалық операциясы екі кезеңде өткізілді. Есірткі қылмысының алдын алуда және ескертуде нақты алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Қала аумағында 26 түнгі клубтар қызметін жүзеге асырады. ІІД ӘПБ, «Арлан» АМБ, МТАБ «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерін және қала Әкімшілігінің жастар саясаты сұрағы бойынша Басқармасымен бірге 7 мақсаттылы профилактикалық және жедел - іздестіру іс - шаралары өткізілді, соның нәтижесінде есірткі құралымен заңсыз айналысудың 4 дерегі анықталды.

Қалалық есірткі диспансерінде диспансерлік есепте тұрған тұлғалардың саны 19,2% ( 5020 дан 4052 -ге), төмендеп отыр, сонымен қатар, 52,0% (25 тен 38-ге) есірткіні шектен тыс пайдаланғаны үшін қайтыс болғандардың саны көбейді.

Қалада жедел жағдайды бағдарлау және қоғамдық тәртіптік күзетуді қамтамасыз етуде, ІІД IT – технологиясы белсенді түрде қолданылады. Тәуліктік режмиде қоғамдық тәртіпті күзетуге 2500 камералар пайданылады, соның ішінде көшелерде – 156, аудандық ІІБ және ІІД ЖПБ кезекші бөлімдерінде – 12, оқу мекемелерінде – 2,5 мың. Қазіргі уақытта қаланың 4 алаңы заманауи бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Сонымен қатар әуежай аумағында – 34 бейнебақылау, спорттық обьектілерде - 447.

Олардың көмегімен қылмыстарды ашу және алдын алу жүргізіледі.

Метрополитен станцияларында 221 бейнебақылау камералары орнатылған, олардың 177-нен бейнелер әрбір станциядағы полиция бөлмелеріне келіп түседі.

Алматы қ. ҚАЖК (ЛА-155/1, ЛА-155/6, ЛА-155/13 и ЛА-155/18) обьектілерінің аумақтарына жақын орналасқан жерлерде ІІД ЖБО бейнебақылау жүйесіне қосылған тәуліктік режимде 13 бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, Алматы қ. Әкімдігімен бірге «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта 25 бекет, соның ішінде 116 бейнекамералары ЖЖЕ бұзушылықтарын бейнебекіту үшін, 12 бекеті жылдамдық режимі бұзушылықтарын анықтау бойынша және 13 -бағдаршамның тыйым салған дабылдарына өтіп кетуіне бақылау бойынша жұмыс істейді. 2013 жылдың соңына олардың санын 82-ге және 107 бекетке жеткізу жоспарланып отыр.

Олардың көмегімен 68 қылмыс ашылды және 24550 әкімшілік құқықбұзушылықтар, соның ішінде 19625 жол жүру ережесі бұзушылықтары анықталды.


жүктеу 1,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау