«бекітемін» Түпқараған ауданының әкімі Т. Т. Асауов 2016 жыл



жүктеу 1,92 Mb.
бет2/2
Дата22.05.2018
өлшемі1,92 Mb.
#16281
1   2
Ауданның әкімшілік -аумақтық жағдайы. 1 – сурет.

Ауданның географиялық орналасуы.

Түпқараған ауданы облыстың солтүстік-батысында Каспий теңізінің жағасында Бозашы түбегінде орналасқан. Солтүстік шығысы мен шығысында Маңғыстау ауданымен, оңтүстігінде Қарақия және Мұнайлы аудандарымен шектеседі. Аудан орталығынан облыс орталығы Ақтау қаласына дейінгі ара – қашықтық 132 км. Шектесе орналасқан аудандар мен облыс орталығына тек автокөлік жолы арқылы қатынауға болады.

Аудан 1992 жылы құрылған. Ауданның аумағы 8076,9 шаршы км (Мұнайлы ауданы құрылғаннан кейін) немесе бүкіл облыс аумағының 7,6%-ын құрайды. Халық саны мен жер аумағының көлемі жағынан аудан облыста соңғы орында тұр. 1963 жылдан аудан орталығы Форт-Шевченко қаласы. Аудан тұрғындарының басым бөлігі ауылда тұрады.

Ауданға қарасты Баутин (Аташ) селосы аудан орталығынан 3 км, Таушық селосы 150 км қашықтықта, ал Қызылөзен (38 км), С. Шапағатов (116 км), Ақшұқыр (117 км) селолары Форт-Шевченко – Ақтау тас жолының бойында орналасқан.




Демографиялық жағдай.

2015 жылдың 1 қаңтарына 26667 адам тұрады, бұл облыс халқының 3,9%, оның ішінде аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында 6400 адам тіркелген. Халықтың басым бөлігі (77,6%) ауылдарда қоныстанған. Түпқараған ауданын кеңейту және қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік сала объектілерін әсіресе халық көп қоныстанған Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарында (балабақшалар, мектептер, емхана мен ауруханалар) көбейтуді қажет етіп отыр.

Аудан халқы соңғы 3 жылда сырттан көшіп келушілер және табиғи өсім есебінен орта есеппен 8,5%-ға немесе 1900 адамға көбейді. Халықтың табиғи өсімі бар.

Халықтың 22,4% қалада, 77,6% ауылдарда тұрады, ұлттық құрамы бойынша негізгі бөлігі (99,8%) қазақтар, 170-дей адам ғана басқа ұлт өкілдері болып табылады. Тұрғындардың 48,5% ерлер, 51,5% әйелдер.



Аудан халқының өсу динамикасы %

Көрсеткіштер

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

Түпқараған ауданы

/халық саны/


25747


27573


27784

Форт-Шевченко қаласы

/халық саны/

6089

6298

6567

Туылғандар саны

830

886

907

Туу коэффиценті

32,0

32,0

32,6

Өлгендер саны

119

90

81

Өлу коэффиценті

4,6

3,2

2,9

Табиғи өсім коэффиценті

28,6

28,8

29,7


Миграция көрсеткіштері /саны/

Түпқараған ауданы

Келгендер

Кеткендер

Көші-қон сальдосы

2013 жыл

170

147

23

2014 жыл

206

370

-164

2015 жыл

710

378

332


Жұмыспен қамту және халықтың табысы

Түпқараған ауданының экономикалық белсенді халқының саны 2013-2015 жылдардағы кезеңде 10,6%-ға өсті (1-кестені қараңыз).

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (10%), зейнеткерлер (13,7%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (5,4%) құрайды.

Аудандағы жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – экономикалық белсенді халықтың 97,4%-ы (облыс бойынша орташа – 92%).


Кесте – 1. Түпқараған ауданы бойынша еңбек рыногының негізгі индикаторлары

Еңбек рыногының негізгі индикаторлары

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Экономикалық тұрғыда белсенді халық

13425

14276

14331

Жұмыспен қамтылған халық,

оның ішінде:



12627

13426

13963

жалдамалы қызметкерлер

9221

9750

10140

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

3406

3676

3823

Жұмыссыз халық

798

850

884

Жұмыссыздық деңгейі, %

6

6

6

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі кәсіпкерлік салада: қызмет көрсету(мұнай өндіру компанияларының қызыметін үйлестіруші ретінде тіркелген серіктестіктерді қоса алғанда) (34,8%), бөлшек сауда (10,1%), ауыл шаруашылығы салаларында (4%) шоғырланған. Бұдан басқа, жұмыспен қамтылған халықтың 12%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау) салада жұмыс істейді.

Ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарында өнімді жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі байқалады. Мәселен, осы үлес 2014 жылы 97% құрады (3823 адамның барлығының ішінде 3708 адам). Тиісінше, өнімсіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі азаюда.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің жоғарлауы байқалады (26,7%) (2014 жылы – 25,7%, 2013 жылы – 25,4%), ал орташа республикалық көрсеткіш (28,2%).

Аудандағы орташа айлық жалақы 2013 жылғы 91339 теңгеден 2015 жылы 136661 теңгеге дейін немесе 49,6%-ға өсті. Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы секторларында сақталуда.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар санымен аудан бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылға 1,1%-ға дейін төмендеді (облыс бойынша орташа – 5,0%).



2-кесте. Аудандағы 01.01.2016 жылға еңбек рыногының индикаторы

Қалалар мен аудандар атауы

Экономикалық тұрғыда белсенді халық, адам

Жұмыссыз халық барлығы, адам

Жұмыссыздық деңгейі,%

Түпқараған ауданы

14336

162

1,1

Бұл ретте, жастар жұмыссыздығының саны (15-29 жас) 2013 жылға 18 адам, 2014 жылы 76 адам, ал 2015 жылда 51 адам болды.



Жұмыспен қамту бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жәрдемдесудің белсенді шараларын пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай құралдарын белсенді пайдалану;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру;

еңбек рыногының дамуына қосымша серпін беретін жоғары экономикалық әлеует, өңірдің тиімді орналасуы Тұрғындардың еңбекке қабілетті санының, оның ішінде жалдамалы жұмысшылардың өсуі;

Кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындардың көбеюі;

Халықты кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыратын шаралар алынуы (микрокредиттер беру т.б.);



Әлсіз жақтары:

кәсіпорындардағы персоналдың жұмыстан босауы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстарының жеткілісіз біліктілігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы;

экономиканың біліктілігі жоғары кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Халық санының артуына байланысты экономикалық белсенді халық үлесінің азаюы;

Жұмыссыздардың көбеюі.


Мүмкіндіктер:

Алдағы 3 жылда аудан халқының саны 30 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

Бұл өңірдің экономикалық, рухани, мәдени потенциалын күшейте түседі деп күтілуде.

Кәсіпкерліктің жаңа түрлерін ашуға, жалпы кәсіпкерліктегі бәсекелестікті арттыруға, осы арқылы өндірілетін өнімнің (қызметтердің, жұмыстардың) сапасын арттыруға мүмкіндіктер туады. экономикалық өсу қарқынын сақтаудың қолайлы перспективалары, кірістер мен жұмыспен қамтудың көтерілуі, еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

өз ісін ұйымдастыруы үшін шағын кредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету.

Несие беру арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту.
Қауіптері:

Аудан экономикасының тұралап қалуына байланысты халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы.
3.2 Аудандағы кәсіпкерліктің дамуын талдау.
Түпқараған ауданын дамытудың бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.2015 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай ШОБ) тіркелген саны 1556 бірлікті құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен (1380 бірлік) 12,7%-ға жоғары және 2013 жылдың сәйкес кезеңімен (1334 бірлік) 16,6%-ға жоғары болып отыр.Ал 2015 жылда белсенді ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға өсіп 1336 бірлікті құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 14,2%- ға өсті. (2013 жылда-1170 бірлік).
3-кесте. Аудандағы ШОБ дамуының негізгі көрсеткіші


Көрсеткіштердің атауы

Жылдарға бөлінісі

2013

2014

2015

Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

1334

1380

1556

Белсенді ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

1170

1285

1336

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі %

87,7

93,1

85,8

ШОБ субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар, адам

4819

5869

6163

ШОБ субъектілерінде жұмыспен қамтылғандардың аудандағы экономикалық белсенді халықтағы үлесі, %

37,3

38,9

40,9

Жалпы алғанда, 2013-2015 жылдарға арналған талдау нәтижелері жыл сайын өсу қарқынының бар екенін көрсетеді.

2015 жылда тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы санынан белсенді субъектілерінің үлесінің төмендеуі тіркелген жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12,7%-ды құрап (176 бірлік), айтарлықтай артуынан болып отыр, ал белсенді субъектілер өсімі 3,9% -ға тең.(51 бірлік).

2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасайтындар саны аудандағы экономикалық белсенді халық санының 40,9% құрады. Осы кәсіпкерлік субъектілері аудан бюджетінің кірістеріне 2015 жылы 4 493 млн.теңге салығын төлеп, 2014 жылмен салыстырғанда 35,5%-ға (3 315 млн.теңге) өскен.

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылуда (бұдан әрі - БЖК- 2020).

2012 - 2015 жылдар ішінде «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 15 жоба субсидияланды, 6 несиелеуге ішінара кепілдіктер берілді, 2 жобаға инфрақұрылымды дамыту үшін болса, ал берілген грант саны 2 болды. Сонда осы жылдар ішінде «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша барлығы 25 жоба қаржыландырылды.


4-кесте. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау алған

жобалардың саны

Қолдаулар

2012

2013

2014

2015

3 бағыт бойынша субсидиялау

3

4

2

6

Кепілдіктер

1

1

1

3

Гранттар

-

1

1

-

Инфрақұрылым

2

-

-

-

БАРЛЫҒЫ:

6

6

4

9

«БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2012-2015 жылдар ішінде 524 жұмыс орны құрылды.

Ал 2011 жылдан бастап «БЖК2020» бағдарламасы «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау» атты жаңа 4 бағытпен толықтырылды.

Осы бағытта кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша екі күндік тегін оқыту курстары жүргізілді.
5-кесте. «Бизнестің жол картасы2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен оқу курстарына қатысушылардың саны


Қолдау құралы

2012

2013

2014

2015

Бизнес-кеңесші 1

92

84

84

53

Бизнес-кеңесші 2

-

6

-

-

2012 жылдан бастап аудан халқының еңбекпен қамтылуының деңгейін көтермелеу, әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты азайту бағытындағы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша «Каспий» микрокредиттік ұйымы» ЖШС және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2012-2015 жылдар ішінде барлық сомасы 97,2 млн. теңгені құрайтын 38 шағын несие берілді.


6-кесте. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында

берілген шағын несиелер

Шағын несие берген ұйымның атауы

2012

2013

2014

2015

бірлік

млн. теңге

бірлік

млн. теңге

бірлік

млн. теңге

бірлік

млн. теңге

«Каспий» микрокредиттік ұйымы» ЖШС

11

24,8

3

9,0

-

-

-

-

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

-

-

11

26,8

6

17,4

7

19,2

Барлығы

11

24,8

14

35,8

6

17,4

7

19,2


Шағын және орта бизнес бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары;

Өзара тиімді ынтымақтастық үшін, ШОБ және ірі компаниялардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

ШОБ өкілдерін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және аймақтық басқа бағдарламаларға белсенді қатысуына ықпал ету.
Әлсіз жақтары:

Кепілдік мүліктің болмауынан несиелерге қол жеткізудің шектеулі;

Банктік несиелердің пайыздарының жоғары болуы;

Кредиттік ұйымдарда құжаттардың ұзақ мерзімде қаралуы;

Ауданда несиелер мен шағын несие беретін екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдардың болмауы.
Мүмкіндіктер:

ШОБ саласының белсенді дамуы;

шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің арқасында нарықтық инфрақұрылымның дамуы.
Қауіп-қатерлер:

Жұмыссыздықтың артуы, криминогендік жағдайдың артуы, шағын және орта кәсіпорындарда әлеуметтік жағдайдың төмендеуінен банкроттық әсер болуы.


3.3 Өнеркәсіп
Аудан экономикасының дамуы кейінгі жылдары тұрақты өсумен сипатталады. Аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылы 516 425 млн.теңге, 2013 жылы 521 540 млн.теңге, 2014 жылы 535 047 млн.теңге, 2015 жылы 333 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемінің – 2014 жылы 23,4%, 2012 жылы 23,8% құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2012 жылы 101,2%, 2013 жылы 100,9%, 2014 жылы 104,4%, 2015 жылы 97,6 % құрады. (7- кесте)

7-кесте 2012 -2015 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері




Өнім көлемі млрд.тенге

НКИ %

2012

2013

2014

2015

2012

2013

2014

2015

Барлығы

516 425

521 540

535 047

333

100,9

99,9

104,1

97,6

Кен өндіру

513416,0

514720,5

529405,6

329314,3

101,4

99,9

104,1

97,0

Өңдеу өнеркәсібі

2040,7

5584,3

4645,3

2390,9

61,6

294,3

66,9

66,6

Электрмен жабдықтау

90,2

154,9

190,7

488,7

53,7

150,7

121,9

2,1 есе

Сумен жабдықтау

878,5

1080,3

805,5

788,7

137,8

204,9

35,5

85,3

Ауданда – кен өндіру өндірісі қарқынды дамыған сала болып табылады, негізгі номенклатурасы түйіршік, қиыршық тас, түйіршіктелген тас 96,3% құрайды. Қалғаны ізбес тасы мен мәрмәрға тиесілі (Таушық және Аташ кенорындарында өндіріледі). 2015 жылда өнеркәсіп кәсіпорындары 333,0 млрд. теңге, оның ішінде кен өндіру саласында 329,0 млрд. теңге, ал өңдеу өнеркәсібі саласында 2390,9 млн.теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау 488,7 млн.теңге және сумен жабдықтауда 788,7 млн.теңге өнім өндірді. Есепті кезеңде Түпқараған ауданы кәсіпорындары 4639,7 мың тонна шикі мұнай өндірді (2014 ж сәйкес кезеңіне 100,3 %), бұл шикі мұнай өндіруде облыс көлемінің 25,1% құрады.

8-кесте Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша

Өнімдердің атауы

2012 жыл

(млн. тенге)



өткен жылға

%

2013 жыл

(млн. тенге)



өткен жылға

%

2014

жыл

(млн. тенге)




өткен жылға

%

2015

жыл

(млн. тенге)



өткен жылға

%

азық-түлік өнімдерін өндіру

99,7

12,8

77,9

2,3

212,2

133,9

177,4

202,1

Сүт өнімдерін өндіру

68,3

-

55,4




188,8

186,9

143,5

230,8

Нан-тоқаш және ұн өнімдерінің өндірісі

2,8

78,8

15,6

3,8

20,9

64,1

25,7

90,9

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

262,6

27,4

575,6

4,8

135,8

100,0

222,9

165,5

Машина жасау

596,1

27,5

693,0

115,1

321,8

56,6

523,3

198,5

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық –инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында ауданда қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған ірі өндірістік базалар бар. Соның бірі «Теңізсервис» ЖШС компаниясының жасанды айлағы, «Каз М-І» бұрғылау ерітінділер зауыты, «Осетр- Аралды» сервистік ауылшаруашылық серіктестігінің тауарлық бекіре фирмасы, «Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясының бес жылжымалы гелиополимерлік қондырғысы және «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС–ның жүн өндеу цехы. 2015 жылға индустрияландыру картасына құны 3 576,4 млн.теңге тұратын және 13 адамды жұмыспен қамтитын 2 жоба енгізілді.



  1. «Топтап өдшейтін №31 қондырғының құрылысын салу» жобаны ұсынушы: Бузачи Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы, өнім өндіру қуаттылығы тәулігіне 2400 м3, жобаның құны -2077,0 млн.теңге, жұмыс орны 8 адам. 2015 жылдың тамыз айында іске қосылды.

2. «Теңіз суын жинайтын станция және теңіз суының құбырын орнату» жобаны ұсынушы: «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» Қазақстан Республикасындағы компаниясының филиалы, өнім өндіру қуаттылығы –сағатына 3,5 млн. м3, жобаның құны -1499,4 млн.теңге, іске қосылғаннан кейінгі жұмыс орны -5 адамды құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың маусым –шілде айларында іске қосуды жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп бойынша SWOT талдау
Күшті жақтары:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі;

металлургияны, машина жасауды, құрылыс материалдарының өндірісін

дамыту үшін бай минералдық- шикізат негізінің болуы.



Әлсіз жақтары:

көмірсутегі шикізатына белгіленетінбағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің жалпы үлесіндегі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінің, дәлірек айтқанда отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірудің үлкен үлесі өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі – машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі кәсіпорындарының теңіз мұнай кен орындарына тәуелділігі.

Қауіп-қатерлер:

әлем экономикасына кірігуге байланысты өңір экономикасының бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамытуға шикізат базасының жетіспеушілігі.
3.4 Аграрлық-өнеркәсіптік кешен
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Өтпелі кезеңде ауданның агроөнеркәсіптік кешені де елеулі қиыншылықтарды бастан кешірді. 1994-1995 жылдары жаппай ұжымдық кәсіорынға көшу тек шығын әкелмесе пайда әкелген жоқ. Нарықтық қатынасқа көшу кезеңінде ерекше маңызға ие болған шаруашылықты жүргізудің жаңа әдісінің бірі – шаруа қожалықтары. Ауданда шаруа қожалықтарының дамуы тез қарқынмен жүрді.

Қазіргі таңда аудан экономикасының бірі болып қалыптасқан ауыл шаруашылығы саласында 3 шаруашылық серіктестігі және 2016 жылдың 1 қаңтарына 193 жеке шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс жасап тұр. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде. Аудан көлемінде барлық шаруашылықтарды қоса алғанда 1973 бас сиыр, 42349 бас қой мен ешкі, 7463 бас жылқы, 5707 бас түйе болды.


Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша:

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

Сиыр Облыс

Аудан


Ауданның үлесі, %

15246

14152

17124

15978

2348

2552

2043

1973

15,4

18,0

11,9

12,3

Қой мен ешкі Облыс

Аудан


Ауданның үлесі, %

564529

391089

353937

342343

66731

60339

47630

42349

11,8

15,4

13,5

12,4

Жылқы Облыс

Аудан


Ауданның үлесі, %

59710

56499

57629

57779

9500

8972

7976

7463

15,9

15,9

13,8

12,9

Түйе Облыс

Аудан


Ауданның үлесі, %

55846

46058

47209

48122

7038

6558

6049

5707

12,6

14,2

12,8

11,9
Аудандағы мал саны туралы мәлімет
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2014 жылы 903,3 млн. теңге сомасына шығарылды. (көлем 2013 жылы – 944,0 млн. теңгені құрады , 2012 жылы – 807,0 млн. теңге). Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылы 95,6% (2013 жылы –89,5 %, 2012 жылы – 72,3 %), 2015 жылда 1245,0 млн теңге, нақты индексі – 108,1 % болды.

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 13,6%, 2013 жылмен салыстырғанда 20,7 %-ға артты.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2015 жылы 107,8% (1007,4 млн. теңге) құрады. Мал шаруашылығының жалпы көлемдегі үлес салмағы орташа есеппен 3 жылда -78,8 - 84,6 пайыз мөлшерінде болып, тұрақты күйде қалды.

2015 жылы жалпы көлем- 1245,0 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2014 жылы – 903,3 млн. теңге) 341,7 млн.теңгеге немесе 41,6 пайызға артты.
9-кесте. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің динамикасы




Жылдар

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлем индексі (НКИ),%

Барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

Барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

2012

807,0

701,5

72,3

62,8

2013

944,0

743,9

89,5

70,0

2014

903,3

720,,0

95,6

76,1

2015

1245,0

1007,4

108,1

107,8

Кестеден мал шаруашылығы өнім көлемінің индексінің жылдан – жылға арту тенденциясы байқалады.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 17,3 %-ға азайып (1843 бас), жылқы саны – 8,2%- ға азайып ,(8203бас), ешкі саны – 14,4%-ға азайып , (9108 бас), қой саны –18,7%-ға төмендеп, (32972 бас), түйе саны – 3,1%-ға төмендеп, (5610 бас) , құс саны – 29,9 %-ға төмендеп, 583 (бас) құрады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының 2014 жылғы азаю себебі негізінен ауа райының қолайсыздығынан, қуаншылыққа байланысты болды .


10-кесте. Мал мен құстың 2012-2014 жылдардағы саны


Жылдар

Тірі салмақта союға өткізілген мал мен құстың барлық түрлері

Сүт

2012

1124,9

637,0

2013

1119,7

650,9

2014

1058,1

643,1

2015

1200,1

623,6

2015 жылы шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 1200,1 тоннаны құрады, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2014ж – 1058,1 тн) 13,4%-ға көп. Сүт өндіру 3,0 %-ға төмендеп (2014 ж- 643,1 тн), 623,6 тоннаны құрады.

2015 жылы тауық жұмыртқасы- 88,6 мың дана, 2014 жылмен салыстырғанда 33,6 мың данаға немесе 63,7 пайызға көбейді. (2014 ж – 55,0 мың дана). 70,4 тонна қой жүні қырқылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,1 %-ға аз (2014 жылы – 71,9 тонна) немесе 15,0 тоннаға аз.

2015 жылы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде өсу байқалып , өлі салмақта өткізілген мал мен құс 658,9 тонна болып, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,5 тоннаға немесе 15,5 %-ға көбейді.

Өсімдік шаруашылығы. Аудан бойынша 2015 жылы барлығы 29 шаруашылық 197,6 га жерге егін екті, 9 млн 536,8 мың теңгенің субсидиясына құжаттары жасақталып, қаражаттары берілді. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 10 шаруашылыққа, 2013 жылмен салыстырғанда 8, 2012 жылмен салыстырғанда 9 шаруашылыққа, соған сәйкес 79,1 , 64,6, 68,2 гектарға артық.

2015 жылы алынған 4202 тн. өнімнің – 3762 тн. Бақша өнімдері қауын- қарбыз болса, 0,440 тн. көкөніс өнімдері алынды.


11-кесте 2012 -2014 жылдарға арналған шаруашылық көрсеткіштер


жылдар

Егін егушілер саны

Егістік көлемі

(га)

Алынған өнім көлемі (тонна)

Берілген субсидия көлемі

( млн. теңге)

2012

20

129,44

2592,3

3161,0

2013

21

133,02

2766,7

5417,0

2014

19

118,5

2686,6

9119,0

2015

29

197,6

4202

9536,8



12 –кесте Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі




Жылдар

Ауыл шаруашылығы жалпы

өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлем индексі (НКИ),%

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

2012

807,0

105,5

72,3

37,2

2013

944,0


199,9

89,5

30,0

2014

903,3

183,3

95,6

23,9

2015

1245,0

237,6

97,8

110,4

Озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу және жылыжайлар санын арттыру арқылы егістік көлемі ұлғайтылды.

Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану жүйесін енгізу жылдан – жылға артуда. Соның нәтижесінде 2015 жылы 55,5 га егістік жер тамшылата суару технологиясымен қамтылды. (2014 жылы – 4,5 га, 2013 жылы – 8 га, 2012 жылы- 5,8 га).

Ауданда көлемі 1,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 1 жылыжай және көлемі 0,3 га фермерлік үлгідегі 1 жылыжай бар.

Балық шаруашылығы. Ауданда 2013 жылы 8, 2014 жылы 6 табиғат пайдаланушы шаруашылық, олардың құрамында 18 балықшылар бригадасы, 61 балықшы рұқсат етілген балық түрлерін бөлінген квота бойынша аулады.

2013 жылы аулауға рұқсат етілген 10 балық түрлері бойынша барлығы – 591,2 тонна квота бөлініп, нақты 287,1 тонна балық ауланды немесе квота 48,6%-ға игерілген. Ең көп балық аулау үлесі «Микор» ЖШС -не 41,1% тиесілі, қалған шаруашылықтар 19-0,6% мөлшерінде игерген.

Ауланған балықтың 78%-дан астамын кефаль балығы құрайды, (игерілген квотаның - 59,5 %-ы).

2014 жылы балық аулаушы шаруашылықтар саны 2 –ге кеміді. 6 шаруашылық, 2014 жылға бөлінген 423,9 тонна квотаның 48,6 %-ын игеріп, 206,1 тонна балық аулады. Ең көп ауланған балық үлесі «Микор» ЖШС мен «Алпамыс» шаруа қожалығы және «Каспий БИО Экология» ЖШС-нің үлесінде (42% және 24% , 14%).

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ауланған балықтың азаюы – балық аулаушы шаруашылықтың 2- ге кемуінен, 81 тоннаға немесе 28,2% аз ауланған. 2014 жылы ауланған кефаль балығының үлесі барлық ауланған балықтың 87,7 %-ын құрады. (барлық ауланған балық – 206,1 тонна, оның ішінде кефаль – 180,7 тонна).


    1. 3.5.Сауда

.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 1545,6 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 26,4%-ға азайғаны байқалады. 2014 жылда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1986,3 млн. теңге болып, 43,2% артса, 2013 жылда 1293,9 млн. теңгені құрап 35,0%-ға көбейген.



13-кесте. Бөлшек сауда көлемі

Атауы

2013

2014

2015

бөлшек сауда тауар айналымының көлемі, (млн. теңге)

1 293,9

1 986,3

1 545,6

Бөлшек сауда нақты көлемінің индексі, (%)

135,0

143,2

73,6

2015 жылда тауар айналымының кемуі сауда кәсіпорындарының сату көлемінің азаюымен белгіленеді, олардың айналым құрылымындағы үлесі 73,6% болды.

Тауар айналымының кемуінің бір себебі ауданда көтерме сауда орындары жоқ. Кәсіптің бұл түрімен айналысу біздің аудан үшін тиімсіз. Ол ауданның тұйықта орналасуы, темір жолының болмауы, су жолын тек қана мұнай өнімдерін өндіретін, оған қызмет ететін компаниялардың ғана пайдалануымен шектеледі. АЗС, қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, тұрмыстық қызмет көрсетулер, қазіргі сауда форматтың төмен дамығандығы, электрондық сауданың жетілмегендігі, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қажетті деңгейде өнімдермен қамтамасыз ете алмауы және азық-түлік тауарларының сырттан тасымалдануы (80-90%).



Ауданның азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ауданға азық - түлік тауарлары облыс орталығындағы көтерме сауда базарларынан жеке кәсіпкерлер арқылы тасымалданады.

Сауда орындарында сатылатын негізгі азық - түлік тауарларының бағалары облыстағы орташа бағалардың деңгейінде, азық – түлік тапшылығы жоқ.

1- сортты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нанның бағасы 3-4 жылдан бері тұрақты 1 дәнесі -55 теңгеден сатылып келді. 2015 жылдың желтоқсан, 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында теңгенің құнсызданып, ұн бағасының көтерілуінен 1- сортты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нанның бағасы 60 теңгені құрады, ал наурыз айының 10-шы жұлдызынан кейін 65 теңге болып отыр.

2010- 2013ж.ж. «Каспий –Берекет» ЖШС- нің ауданда 8 дүкені жұмыс жасап, базар бағасынан 15-20 пайызға арзан азық- түлік түрлерін сатқан болатын. 2014 жылдан бері ЖШС ұйғарымымен бұл дүкендер жабылды.

Жергілікті жердің кәсіпкерлерінің күшімен жергілікті жерде өндірілген ауыл шаруашылық тауарлары және халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларымен аудан тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты түрде (балық, ет, сүт, көкөніс пен бақша өнімдері, макарон, ұн, күріш, арпа, сұйық май т.б.) жәрмеңкелер өткізу практикасы қолға алынып, жақсы нәтижесін беруде.

Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы және халық тұтынатын тауарлар көрмесі 2013 жылы 23 рет, 2014 жылы – 25 рет, 2015 жылда 32 рет жәрмеңке өткізіліп, ауыл шаруашылық өнімдері мен халық тұтынатын тауарлары сатылды. Жалпы, аудан орталығы мен ауылдардағы орталық алаңдарға күн сайын келіп сауда жасау аудан кәсіпкерлеріне рұқсат етілген.

Ауданда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру үшін, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын бөлігін қамтамасыз ету үшін 22 сауда нүктелерімен екі жақты келісім, бірінші сұрыпты ұннан піскен нан бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін де үш жақты (өнім дайындаушы, сатушы және үйлестіруші) 10 сауда орнымен меморандумдарға қол қойылды.
Сауда, бойынша SWOT-талдау:
Күшті жақтары:

жергілікті тауар өндірушілермен көрме және жәрмеңкелер өткізіп отыру.


Әлсіз жақтары:

шығыны бар кәсіпорындардаң болуы;

көтерме сауда, базарлар, тұрмыстық қызмет көрсету, заңды қызмет көрсету, сақтандырулар дамымаған;

күнделікті жұмыс жасап тұрған көтерме сауда орны, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тауарларын сататын базар жоқ.


Мүмкіндіктер:

бәсекелестер, шкізат жеткізушілер, дайын өнімді тасымалдаушылар және тендерлерге қатысушылар туралы сұраныстар мен ұсыныстар беру үшін ақпараттық банктер құру.


Қауіп-қатерлер:

ішкі рынкта импорттарға тәуелділік;

теңгенің құнсыздауынан әеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасының өсуі;

мұнай өнімдерінің бағасының өсуі;

тасымалданатын азық-түлік тағамдарының, жеміс-жидектердің, дәрі-дәрмектердің бағасының өсуі.
3.6. Инновация мен инвестиция
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша ауданның облыстағы үлесі 2012 жылда 18,4% құраса, ал 2013 жылда 22,6%, 2014 жылда 23,4% құрады. (Осы жылдарда – облыс бойынша 2-орын).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 -2014 жылдарда 69 млрд. теңгеден 115 млрд. теңгеге дейін, НКИ 117,1% -дан 129,4% дейін өсті (14 –кесте).



14-кесте 2014 жылдын аудан инвестициясы


Атауы

Негізгі капиталға салынған инвестиция

(мың. тенге)



2012 жылмен салыстырғанда (%)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлес салмағы (%)

Тупкараған ауданы

124 550 316

129,4

23,9



Меншік түрлері бойынша инвестиция мың теңге

Меншік түрі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Бюджеттік қаражат

1 929 769

1 685 771

1 762 871

2 214 551

меншікті қаражат

20 646 614

93 693 842

112 069 525

73 230 266

Шетелдік қаражат

47 427 966

-

-

-

Банк кредиттері

-

60 630

22 790

461 716

Қарыз қаражаты

2 997 825

3 964 191

10 695 130

4 096 496

Барлығы:

73 002 174

99 404 434

124 550 316

80 003 029

2014 жылғы қаңтар – желтоқсанында 2013 жылғы қаңтар – желтоқсанмен салыстырғанда инвестициялардың көлемі 10,5% өсті. Инвестициялардың басым көздері 2014 жылдың қаңтар – желтоқсанында меншікті қаражаттары болып табылады 90,7%. Инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 44,4%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар 40,7%, машиналар, жабдықтар, құралдар, құрал–саймандар 14,9% құрады. Инвестиция салымдарының тартымды саласы 2014 жылдың қаңтар –желтоқсанында инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 97,1% құрайтын өнеркәсіп болып қалып отыр, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 93,6%.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсанында 2014 жылғы қаңтар - желтоқсанмен салыстырғанда инвестициялардың көлемі 38,7% - ға кеміді.

2015 жылы қаңтар-желтоқсанда инвестициялардың басым көздерін 91,5% болып меншікті қаражат құрады.

Инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 28,5%, өзге де шығындар 30,6%, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар 40,9% құрады.

Инвестиция салымдарының тартымды саласы 2015 жылдың қаңтар –желтоқсанында инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 95,6% құрайтын өнеркәсіп болып қалып отыр, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 91,1%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі 2015 жылда 2014 жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалады. (80 003,0 млн. теңге, облыстағы аудан, қалалармен салыстырғанда 3 орын).

Инвестициялар тартылатын негізгі салалар өнеркәсіптік, мұнай сервистік, көлік-логистикалық, қызмет көрсету жобалары болды. Бұл салалар шетелдік, сонымен бірге отандық инвесторлар үшін де тартымды. Мұнда мына жобаларды іске асырылуда:

1) Стратегиялық аса ірі жобалардың бірі саналатын «Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясының бес жылжымалы гелиополимерлік қондырғысы және «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС–ның жүн өндеу цехы, Бузачи Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы «Топтап өдшейтін №31 қондырғының құрылысы;

2) «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» Қазақстан Республикасындағы компаниясының филиалының, «Жалғызтөбе мұнай» ЖШС, «Физтех сервис» ЖШС, «Қаражанбас мунай», «Нельсон Петрилум», «NHSI» компаниялары, «Поликом сервис», «Капрем сервис» «Астра строй», «Юговасточный сервис груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мұнай игеру жұмыстары;

3) «Мтех сервис», «Тұлпар мунай», «СиБу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызмет көрсету салалары басым болып отыр.



Облыстың Индустрияландыру картасына 2014 жылы 914,7 млн. теңге болатын 2 жоба енгізілген:

Таушық ауылында «Таушықауылшаруашылығы» ЖШС-нің жылына 60 мың тонна түйе жүнін өндіретін цехының құрылысы, және Солтүстік бозашы жерінде «Бузачи Оперейтинг ЛТД» КФ –ның жылына 15 мың тонна мұнай-газ секторында мұнай өңдеу қондырғысының жобасы іске асырылуда.

Өңірдің өңдеу секторындағы инновациялық жүйесін дамытудың жалғыз арнасы тікелей шетелдік инвестициялар қатысатын жобалар болып табылады (Индустрияландыру картасы).



Күшті жақтары:

Инвестициялық жобалардың іске асырылуына жергілікті кәсіпкерлердің тартылуы.

Жобалар іске асқан кезде қызмет көрсету, көліктік қызмет, қоғамдық тамақтану нысандары ашылатын болады.

Әлсіз жақтары:

Дағдарыс жағдайында кейбір жоспарланған жобалар уақтылы қаржыландырылмай қалады.



Мүмкіндіктері:

Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы жеке инвестицияның келуін көбейту.



Қауіптері:

Жаңа дағдарыстың басталуы және сыртқы факторлардың кері әсерінен инвестиция көлемінің азаюы мүмкін.


4. Аудандағы кәсіпкерліктің даму болжамы
Түпқараған ауданының алдағы үш жылда дамуының негізгі стратегиялық мақсаты - тұрғындар өмірінің сапасы мен жағдайын көтеру болып табылады. Ол үшін аудандағы барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмысын үйлестіру, кәсіпкерлікті одан әрі қолдау арқылы аудан экономикасын дамыту, жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздық мәселелерін шешу қажет. Негізгі мақсатты жүзеге асырудың маңызды нәтижесі болып адам өмірін жақсартатын әлеуметтік қорғауда жаңа сапалық деңгейге жету, тұрмыстық жағдайды жақсарту болып табылады.

Сол мақсттарға қол жеткізудің тағы бірі индустриалды аймақ құру. Ал оның мақсаты экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасау. индустриялық аймақтарды дамытудағы ынталандырушы фактор кәсіпті құрып және дамыту кезінде кәсіпкерлердің шығындарын азайту.

Осы орайда, Түпқараған ауданындағы Индустриалды аймақ – ол бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындардың жаңа кластері болмақ.

Бұл жоба өндіріс орындарының жедел қарқынмен дамуына ықпал етеді.

Арнайы өндірістік аймақ құру бірқатар мәселелерді шешетін болады. Олар:

1. бұрыннан бар өндіріс орындарын қала орталығынан сыртқа шығару.

2. инвестициялық ресурстар мен трансферттерді тарту;

3. өндіріс секторында маман кадрларды қалыптастыру және пайдалану.

Аудандағы индустриалды аймақтың жалпы көлемі 120 га: Форт-Шевченко қаласы әкімшілік аумағынан 30 га, Ақшұқыр селосы әкімшілік аймағынан 60 га, Түпқараған ауданы «Сәубет» жерінен 30 га. Алдағы жылдарда осы аймаққа жылыжай, көкөніс, өсіру, концервілеу цехы, мал бордақылау, құрылыс материалдарын, мебель жасайтын өндіріс орындарына, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, пластикалық құбырлар, есік, терезелер, қоймалар т.б. шығаратын кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.

Қазіргі кезде осы жобаға қатысуға ниет білдірушілерді саралап анықтауға жұмыс жасалынып жатыр. Автокөлік жолының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасақталды, құрылысы 2017 жылы басталады деп күтілуде. Инженерлік инфрақұрылымдарды тарту жұмысына ЖСҚ дайындалу үстінде, құрылыс жұмысы 2018 жылға жоспарланды..

Индустриалды аймақ аудан экономикасына тың серпін берумен қатар, үлкен әлеуметтік аспектіге ие, өйткені мұнда жаңа жұмыс орндары ашылмақ.
Ауданның алдағы орта мерзімде даму болжамы мыналарға негізделеді:

жыл сайынғы тұрақты экономикалық өсім;

аудан көлемінде маңызды стратегиялық инвестициялық жобалардың

жүзеге асуы;

несиелік ұйымдар арқылы несиелерді көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу;

жұмыссыздықты азайту;

жоспарланған бағдарламаның жүзеге асырылуы;

ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту;

кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы әртараптандыру бағытында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Бағдарламаны жүзеге асырудың құралдары мыналар:

2016-2018 жылдарға арналған Түпқараған ауданында кәсіпкерлікті дамыту Картасы;

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

тиісті жылдарға арналған бюджет қаражаттары;

кәсіпкерлердің бизнес жоспарлары;

несие көлемінің ұлғаюы;

жаңа жұмыс орындарының ашылуы;

жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың тиісті шешімдері.



Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жүргізетін саясаты осы бағдарламада белгіленген басым бағыттарға сәйкес болады. Ол басым бағыттар мыналар:

тұрғындар өмірінің сапасын көтеру;

шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;

шағын және орта кәсіпкерлік субектілерінің санын көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу;

агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

өндірісті жандандыру;

қызмет көрсету саласын дамыту;

кәсіпкерліктің басқа салаларын да дамыту.


5. Негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер.




Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2015ж 2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикаторлар:

Кәсіпкерлік субъектілерде жұмыс жасайтындардың экономикалық белсенді халықтағы үлесі



%

41,0

41,2

41,5

Кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету

2.

Кәсіпкерлік субъектілер санының өсуі

бірлік

1650

1700

1750

3.

Кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны

мың адам

5,9

6,1

6,3

4.

Төленетін салық көлемі

млрд.теңге

1,0

1,2

1,5

5.

Несие алатын кәсіпкерлер саны

бірлік

53

77

82




Оның ішінде:













«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

бірлік

29

53

61

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы




5

6

5

  • субсидиялау

бірлік

5

6

5

  • кепілдік беру

бірлік










Басқа шағын несиелермен қаражат есебінен

бірлік

19

18

16

6.

Несие көлемі

млн.теңге

357,7

1137,2

943,3




«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

млн.теңге

87,0

147,0

183,0

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

млн.теңге

58,0

850,0

641,0

Басқа да шағын несиелер мен қаражаттар

млн.теңге

212,7

140,2

119,3

7.

Ашылатын жұмыс орны

бірлік

198

209

223




«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

бірлік

50

84

102

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

бірлік

68

40

48

Басқа да шағын несиелер мен қаражат есебінен

бірлік

80

85

73

8.

Инвестициялық жобалар бойынша

млн. теңге

21,0

5 056,3

1 065 212,0




Ашылатын жұмыс орындары

бірлік

-

285

195



5.1. Өнеркәсіп



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

%

59,7

60,0

60,0

Өнеркәсіп саласын қаржылай қолдау







бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


2.

Өндіріс саласындағы несие алатын кәсіпкерлер саны мен несие көлемі

8

48,7

8

33,7

5

139,3

























Форт-Шевченко қаласы

1

6,0

1

10,0

-

-

Қымыз өндірісі

1

6,0

-

-

-

-

Жиһаз жасау цехы

-

-

1

10,0

-

-

Баутин ауылы

-

-

2

6,0

1

3,0

тігін шеберханасы

-

-

1

3,0

-

-

жиһаз жасау цехы

-

-

1

3,0

-

-

тұрмыстық қалдықтарды өндіретін

цех


-

-

-

-

1

3,0

Қызылөзен ауылы

2

5,7

2

1,7

1

0,3

наубайхана

1

0,7

-

-

-

-

жүн өңдеу цехы

-

-

-

-

1

0,3

ағаш шеберханасы

-

-

1

0,7

-

-

тігін шеберханасы

-

-

1

1,0

-

-

жылыжай

1

5,0

-

-

-

-

С. Шапағатов селолық округі

3

12,0

2

10,0

1

120,0

тігін шеберханасы

2

6,0

-

-

-

-

жиһаз жасау цехы

-

-

1

5,0

-

-

құс фабрикасы

-

-

-

-

1

120,0

жылыжай

1

6,0

1

5,0

-

-

Ақшұқыр ауылы

2

25,0

1

6,0

2

16,0

Жиһаз жасау цехы

-

-

-

-

1

10,0

Жылыжай

1

10,0

1

6,0

1

6,0

Балық өсіру

1

15,0

-

-

-

-


5.2. Агроөнеркәсіптік кешен



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикатор:

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі



%

101,0

102,0

103,0

2.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі

млн. теңге

1258,0

1284,0

1323,0

Ауыл шаруашылығы







бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


3.

Ауыл шаруашылығы саласында несие алған кәсіпкерлер саны мен несие көлемі

35

100,0

49

154,0

64

199,0




Мал, құс шаруашылығы

32

91,0

43

129,0

57

171,0




Форт-Шевченко қаласы

4

13,0

5

15,0

6

18,0

Баутин ауылы

6

18,0

8

24,0

10

30,0

Қызылөзен ауылы

4

12,0

5

15,0

7

21,0

С. Шапағатов селолық округі

5

15,0

8

24,0

12

36,0

Ақшұқыр ауылы

7

21,0

9

27,0

12

36,0

Таушық ауылы

6

12,0

8

24,0

10

30,0




Егін шаруашылығы

3

9,0

6

25,0

7

28,0




Форт-Шевченко қаласы

1

3,0

2

6,0

3

9,0

Қызылөзен ауылы

2

6,0

3

9,0

3

9,0

Таушық ауылы







1

10,0

1

10,0



5.3. Сауда



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикатор:

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі



%

74,5

74,7

75,1

Сауда саласын қаржылай қолдау







бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


2.

Сауда саласындағы несие алған кәсіпкерлер саны мен несие көлемі

6

68,0

8

380,0

5

42,0




Форт-Шевченко қаласы

3

25,0

6

60,0

4

40,0

гүлдер павильоны

1

5,0

-

-

-

-

азық-түлік дүкені

2

20,0

6

60,0

3

30,0

киім дүкені

-

-

-

-

1

10,0

Қызылөзен селосы

-

-

-

-

1

2,0

дәріхана

-

-

-

-

1

2,0

С. Шапагатов

1

3,0

2

320,0

-

-

дүкен

1

3,0

1

20,0

-

-

сауда орталығы

-

-

1

300,0

-

-

Ақшұқыр селосы

2

40,0

-

-

-

-

Супермаркет «Орталық»

1

10,0

-

-

-

-

Орталық базар «Алтын бақ»

1

30,0

-

-

-

-


5.4. Инвестиция мен инновация



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикатор:

Негізгі капиталға салынған инвестиция



млрд.теңге

102,0

103,0

103,6

Ескерту: Жалғанды инвестициялық жобалар 34 бетте

5.5. Қызмет көрсету саласы, көлік



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Қызмет көрсету саласын қаржылай қолдау






бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


1.

Қызмет көрсету саласында несие

саны мен көлемі



5

141,0

6

529,5

5

548,0




Форт-Шевченко қаласы

1

12,0

-

-

3

45,0

автокөлікке газ құю станциясы

1

12,0

-

-

-

-

автокөлік жөндеу, жуу және монша

-

-

-

-

1

15,0

автокөлік жөндеу, жуу орталығы

-

-

-

-

2

30,0

Баутин ауылы

3

9,0

1

3,0

-

-

Бильярд, монша

-

-

1

3,0

-

-

Балық қабылдайтын пункт

1

3,0

-

-

-

-

Көлік жуу орталығы

1

3,0

-

-

-

-

монша

1

3,0

-

-

-

-

Қызылөзен ауылы

-

-

2

1,5

1

3,0

техникалық қызмет көрсету

орталығы


-

-

1

1,0

-

-

шаштараз

-

-

1

0,5

-

-

автокөлікке газ құю станциясы

-

-

-

-

1

3,0

С. Шапағатов селолық округі

-

-

2

520,0

1

500,0

мейрамхана

-

-

1

500,0

1

500,0

автокөлікке газ құю станциясы

-

-

1

20,0

-

-

Ақшұқыр ауылы

-

-

1

5,0

-

-

нотариалдық кеңсе

-

-

1

5,0







Таушық ауылы

1

120,0

-

-

-

-

80 орындық бала - бақша

1

120,0

-

-

-

-


5.6. Туризм (қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану, жағажай демалыс орындары)



Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикатор:

Қонақүйлер мен жатақханалар санының өсуі(өткен жылмен салыстырғанда)



%

100

100

100

Туризм саласын қаржылай қолдау

2.

Туризм саласындағы несие алатын кәсіпкерлер саны мен несие көлемі



бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге


бірлік

млн.

теңге








2

30,0










Форт-Шевченко қаласы

-

-

1

15,0

-

-

Кафе, қонақ үй

-

-

1

15,0

-

-

Ақшұқыр ауылы

-

-

1

15,0

-

-

жағажай демалыс орындары

-

-

1

15,0

-

-



5.7. Инфрақұрылым, ақпараттық-әдістемелік көмек





Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспар

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

5

6

7

1.


Мақсатты индикатор:

Кәсіпкерлердің ақпаратпен қамтылуы



%

100

100

100

Инфрақұрылыммен қамтылуы

2.

Кәсіпкерлік ісін жүргізу үшін жер телімін алатын кәсіпкерлер саны

бірлік

77

92

107

3.

Берілген жер телімі

га

141,16

152,5

163,7

Ақпараттық-әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету

4.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негізге оқумен қамтылатындар

бірлік

10

15

20

6.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасымен қамтылған тұрғындар саны

бірлік

60

70

80

7.

Өткізілген кездесулер, семинарлар мен оқу-тренингтер саны

бірлік

12

15

20


6. Қажетті ресурстар

мың.теңге



Бағыттар атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Барлығы

Өнеркәсіп

48,7

33,7

139,3

221,7

Агроөнеркәсіп кешені

100,0

154,0

199,0

453,0

Сауда

68,0

380,0

42,0

490,0

Қызмет көрсету, көлік

141,0

529,5

548,0

1218,5

Туризм

-

30,0

-

30,0

Инвестициялық жобаларға

21,0

5056,3

2338,0

7415,3

Барлығы:

378,7

6183,5

3266,3

9828,5

Картаны жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджет қаржылары, сонымен қатар несиелік ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер, кәсіпкерлердің өз қаражаттары мен инвестициялары пайдаланылады.


7. Бағдарламаны басқару
Осы 2016-2018 жылдарға арналған Түпқараған ауданында кәсіпкерлікті дамыту картасы ауданның алдағы орта мерзімде кәсіпкерліктің даму бағыттарын белгілейтін негізгі стратегиялық құжат болып табылады. Ендігі жасақталатын және бекітілетін салалық бағдарламалар мен жоспарлар осы бағдарламаға сәйкес болуы тиіс. Бағдарламада белгіленген негізгі бағыттар мен оларды жүзеге асыру жолдары аудан әкімдігінің басқару стратегиясына, аумақтағы кәсіпкерлікті дамытудағы алынатын шешімдеріне негіз болады.

Картаны басқару мынадай сатылардан тұрады: кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар жүргізу, мониторинг, аралық және түпкілікті нәтижелерді бақылау және бағалау.



Қысқартылған сөздер

«БЖК-2020» - "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен



дамытудың бірыңғай бағдарламасы;

ЖҚЖК 2020 - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы;

ШНҰ - Шағын несие ұйымы

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АӨК - Агроөнеркәсіптік кешен

АҚ - Акционерлік қоғам

НКИ - Нақты көлем индексі

ШОБ - Шағын және орта бизнес

ЖСҚ - Жобалық-сметалық құжаттама




жүктеу 1,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау