Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Судьялар қоғамдастығы органдары



жүктеу 2,08 Mb.
бет7/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Судьялар қоғамдастығы органдары

Судьяның өкілеттігі, егер:



  1. судья ҚР-сы Президентігіне, ҚР-сы Парламентінің немесе маслихатының депуттатығына кандидат болып тіркелінсе;

  2. судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса;

  3. судья қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;

  4. басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:

  1. Жоғарғы сот төрағасына қатысты - ҚР-сы Президенті;

  2. Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы сот төрағасы жүзеге асырады.

Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде:

  1. орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

  2. медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

  3. судьяны іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

  4. осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

  5. ҚР-сының азаматтағынан айырылғанда;

  6. судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

  7. судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

  8. соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, тоқтатылады.

Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы заңның 28 бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы шешіміне байланысты тоқтатылуы мүмкін. Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы заңда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

  1. Жоғарғы соттың төрағасы, алқа төрағалары мен сульяларына қатысты ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша - ҚР-сы Парламенті Сенатының қаулысымен;

  2. облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - ҚР-сы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады. Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен босатуға әкеп соқпайды.Судьяны орнынан түсуі нысанында қызметінен босату заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орнынан түскен судьяның:

  1. судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік кепілдіктері сақталады;

  2. судья ретіндегі жұмыс стажы бес жылдан кем болмаған жағдайда осы заңда көзделген жеңілдіктер сақталады;

  3. екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.

Зейнеткер жасына жеткенде және тиісті стажы мен еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда судьяға қатысты ҚР-ның заңдарында көзделген шарттармен зейнетақы тағайындалады.

Судьяның орнынан түсуі:

  1. судьяның қызметіне тағайындалғанда немесе оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;

  2. ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;

  3. өз тілегі бойынша;

  4. ҚР-ның азаматтығынан айырылғанда.



5-тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі

1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті.

2.Аралық соттар.

3 Аудандық (қалалық) сот.
1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті. .Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - жергiлiктi соттар) қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттарды уақтылы атқаруды, сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды, жергілікті соттардағы сот статистикасын жүргізуді және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, ҚР-сы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады. 

Комитет пен облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар јкiмшiлерi (бўдан јрi - соттар јкiмшiлері) жергiлiктi соттардыѕ ќызметiн ќамтамасыз ету жґнiндегi органдардыѕ бiрыѕєай жїйесiн ќўрайды.Комитет пен соттар јкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердiѕ ўйымдыќ-ќўќыќтыќ нысандаєы заѕды тўлєалары болып табылады, ґзiніѕ атауы жазылєан мґрлері мен мґртабандары, сондай-аќ заѕнамаєа сјйкес банктерде шоттары болады. Комитет пен соттар јкiмшiлерi азаматтыќ-ќўќыќтыќ ќатынастарєа ґз атынан тїседi. Комитет пен соттар јкiмшiлерi жергiлiктi соттардыѕ дербестiгiн, судьялардыѕ сот тґрелiгiн жїзеге асыру кезiндегi тјуелсіздiгiн ныєайтуєа жјрдемдесуге мїдделi жјне олардыѕ сот ісін жїргiзу ќызметiне араласуєа хаќысыз. 
    Комитеттiѕ ќўрылымын жјне штат саныныѕ лимитiн Комитет Тґраєасыныѕ ўсынуы бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi бекiтедi. Ереже Комитеттiѕ ќўрылтай ќўжаты болып табылады. Комитеттіѕ заѕды мекен-жайы: 010000, Астана ќаласы, Тјуелсіздік кґшесі, 39-їй.
Комитеттiѕ толыќ атауы: "Ќазаќстан Республикасы Жоєарєы Соты жанындаєы Сот јкiмшiлiгi жґнiндегi комитет".  Комитеттi ќаржыландыру республикалыќ бюджет ќаражатыныѕ есебiнен жїзеге асырылады.Сот орындаушысы - мемлекеттiк ќызметте тўратын жјне сот актiлерi мен басќа да органдардыѕ актiлерiн орындау бойынша ґзiне заѕмен жїктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.  Сот актiлерi мен басќа да органдардыѕ актiлерiн орындау жґнiндегi сот орындаушысыныѕ ќоятын талаптары барлыќ органдар, ўйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар їшiн мiндеттi.  

Атќарушылыќ iс жїргiзу мiндеттерi азаматтыќ жјне јкiмшiлiк iстер жґнiндегi сот шешiмдерiн, ўйєарымдары мен ќаулыларын, мїлiктi ґндiрiп алу бґлiгiнде ќылмыстыќ iстер жґнiндегi їкiмдер мен ќаулыларды мiндеттi тїрде жјне уаќтылы орындау, сондай-аќ осы Заѕда кґзделген жаєдайларда ґзге де органдардыѕ шешiмдерi мен ќаулыларын орындау болып табылады.  Сот приставтарының мiндеттерi:1) сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау; 2) бас бостандыєынан айыруєа байланысты емес жазалардыѕ орындалуын баќылау; 3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу; 4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету; 5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.



2.Аралық соттар. Қазақстан Республикасында аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін.
   Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) құра алады.
   Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетiлген тұлғалар аралық соттың регламентiн, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзiмiн бекiтуге тиiс. Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық шарттарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.

Нақты дауды шешу үшiн құрылатын аралық сот қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады.  Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдар жанынан құрыла алмайды.

Аралыќ соттыѕ ќўрамын тїзу аралыќ судьяларды (аралыќ судьяны) сайлау (таєайындау) арќылы жїргiзiледi. Тўраќты жўмыс iстейтiн аралыќ сотта аралыќ соттыѕ ќўрамын тїзу тўраќты жўмыс iстейтiн аралыќ соттыѕ регламентiнде белгiленген тјртiппен жїргiзiледi. Аралыќ сотта наќты дауды шешуге арналєан аралыќ соттыѕ ќўрамын тїзу тараптармен келiсiлген тјртiппен жїргiзiледi. Егер тараптар ґзгеше уаєдаласпаса, онда наќты дауды шешуге арналєан аралыќ соттыѕ ќўрамын тїзу мынадай тјртiппен жїргiзiледi:

1) їш аралыќ судьядан тўратын аралыќ соттыѕ ќўрамын тїзу кезiнде јр тарап бiр аралыќ судьяны сайлайды, ал осылай сайланєан екi аралыќ судья їшiншi аралыќ судьяны сайлайды.


      Егер тараптардыѕ бiрi басќа тараптан бўл туралы ґтiнiш алєаннан кейiн он бес кїн iшiнде аралыќ судьяны сайламаса немесе сайланєан екi судья ґздерi сайланєаннан кейiн он бес кїн iшiнде їшiншi аралыќ судьяны сайламаса, онда аралыќ сотта дауды ќарау тоќтатылады жјне бўл дау ќўзыреттi соттыѕ шешуiне берiлуi мїмкiн;

2) егер дау аралыќ судьяныѕ жеке-дара шешуiне жатса жјне бiр тарап басќа тарапќа аралыќ судьяны сайлау туралы ўсыныспен жїгiнгеннен кейiн тараптар он бес кїн iшiнде аралыќ судьяны сайламаса, онда аралыќ сотта дауды ќарау тоќтатылады жјне бўл дау ќўзыреттi соттыѕ шешуiне берiлуi мїмкiн.



3 Аудандық (қалалық) сот. Аудандыќ және оларєа теңестiрiлген соттарды (бүдан әрi - аудандық соттар) үәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ўсынысы бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi ќўрады, ќайта ўйымдастырады жјне таратады. 
      Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi бiрнеше јкiмшiлiк-аумаќтыќ бiрлiктерде бiр аудандыќ сот немесе бiр јкiмшiлiк-аумаќтыќ бiрлiкте бiрнеше аудандыќ сот ќўруы мїмкін. 
    Аудандыќ соттар їшiн судьялардыѕ жалпы санын ујкiлеттi органныѕ ўсынысы бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi бекiтедi.

 әрбiр аудандық сот їшiн судьялардың санын осы сот тґрағасыныѕ ўсынысы негiзiнде ујкiлеттi орган белгiлейдi. Аудандыќ соттыѕ тґраєасы судья болып табылады жјне судья мiндеттерiн атќарумен ќатар

1) сот судьяларының сот iстерiн ќарауын ұйымдастырады;

2) соттың кеңсесiне жалпы басшылыќты жїзеге асырады;

3) азаматтарды ќабылдауды жїргiзедi;

4) судья лауазымына кандидаттардыѕ таєылымдамадан ґтуiн ўйымдастырады;

5) сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы iс-ќимыл жасау жјне судья јдебi нормаларын саќтау жґнiндегi жўмысты ќамтамасыз етедi;

6) ґкiмдер шыєарады;

7) заѕда кґзделген басќа да ґкiлеттiктердi жїзеге асырады.

Аудандыќ соттыѕ тґраєасы уаќытша орнында болмаєан жаєдайда осы сот тґраєасыныѕ ґкiмi бойынша тґраєа мiндеттерiн атќару осы сот судьяларыныѕ бiрiне жїктеледi. Бiрќўрамды сот тґраєасы уаќытша орнында болмаєан жаєдайда оныѕ мiндетiн атќару аумаќтыќ ујкiлеттi орган басшысыныѕ ўсынысы бойынша облыстыќ сот тґраєасыныѕ ґкiмiмен басќа соттыѕ судьяларыныѕ бiрiне жїктеледi. ҚР-сы сот жүйесінің басты буыны аудандық (қалалық) сот болып табылады. Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құрылуы мүмкін. Әдетте, аудандық сот әрбір аудандарда, ал қалалық сот әрбір қалаларда құрылады. Аудандық сот тек бірінші сатылы сот болып табылады және басым көпшілік қылмыстық және азаматтық істерді қарайды (ресми мәліметтер бойынша барлық істердің 95%-ін қарайды).



Аудандық соттарды уәкілеттік органның Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және таратады.

Аудандық соттың өкілеттіктері:

  1. өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;

  2. сот статистикасын жүргізеді;

  3. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

А) Аудандық сот мынадай азаматтық істерді қарайды:

  1. азаматтық, отбасы, еңбек құқық қатынастарынан туындалатын даулы істерді;

  2. әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындалған істерді (мысалы, әкімшілік органдары мен лауазымды тұлғаларның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен арыздарды қарайды және т.б.);

  3. жүктерді тасымалдау құқықтық қатынастарынан туындалатын даулы істерді.

Б) Аудандық сот мынадай қылмыстық істерді қарайды:

  1. барлық жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі қылмыстарды қарайды (тек аса ауыр қылмыстарды қарамайды, атап айтсақ терроризм, қасақана кісі өлтіру, зорлау және өлім жазасы көзделуі мүмкін болатын істер бойынша);

  2. Аудандық сот әкімшілік құқық бұзушылық қатынастарынан туындалған барлық материалдарды қарайды.

  3. Аудандық сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерден басқа құқық туралы даумен байланысты емес мәселелерді де қарайды. Құқық туралы дауымен байланысты емес істер мыналар:

    1. ерекше іс жүргізу істері - бұл істер заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға бағытталады (мысалы, туыстық қатынастарды анықтау, адамның жасын анықтау, ажырасу фактісін анықтау, некелесу фактісін анықтау, тұлғаны хабар ошарсыз жоғалып кеткені туралы мойындау және т.б.).

    2. үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты түрде мерзімімен бұрын босату);

    3. аудандық сот сонымен бірге, анықтама мен тергеу органдарының, прокуратураның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен азаматтардың шағымдарын қарайды.

Аудандық соттың құрамы екі түрге бөлінеді:

  1. көп құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта аудандық сот төрағасы мен бірнеше судьялар қызмет атақарады;

  2. бір құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта тек бір судья болады және ол аудандық соттың төрағасы міндетін қоса атқарады.

Осы аудандық сот төрағаларының өкілеттіктердің ішінде, сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастыру ерекше орында тұрады.

  1. Аудандық соттың жұмыстарын дұрыс және қалыпты деңгейде ұйымдастыру үшін аудандық сотта аппарат құрылады. Сот аппаратын аудандық сот төрағасы басқарады. Сот аппараты кеңесшілерден, кеңсе хатшыларынан, сот мәжілісінің хатшыларынан, іс қағаздарын жүргізушілерден тұрады. Сот аппаратында сот канцеляриясы маңызды орында тұрады.

Сот канцеляриясы:

  1. сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар қызметтерін қамтамасыз етеді;

  2. сот практикасын зерделейді;

  3. сот статистикасын талдайды;

  4. судьялар мен соттарды қорғауды жүзеге асырады.

Сот канцеляриясын оның меңгерушісі басқарады. Меңгерушінің өкілеттіктері:

    • канцелярия жұмысын басқарады;

    • хатшыларын құрамын басқарады;

    • сот архивін жүргізеді және басқарады.

Сот канцеляриясында мынадай қызметтер орындалады:

    • сотқа келіп түскен құжаттарды тіркейді;

    • сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркейді;

    • қаралған істерді тіркейді және оларды сақтауды жүргізеді;

    • айғақ заттарды тіркейді және сақтауды жүргізеді.

Сот хатшысы мынадай қызметтерді жүргізеді:

    • құжаттарды қабылдайды, оларды басқаларға жөңелтеді, тіркейді;

    • құжатарды тіркейді және оларды картотекаға енгізеді;

    • құжаттарды жүйелейді және сақтайды;

    • атқару құжаттарын жүргізеді.

Сот мәжілісінің хатшысы мынадай қызметтерды жүргізеді:

    • сот мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;

    • сот мәжілісін тіркеу журналын жүргізеді;

    • повесткаларды жібереді;

    • судья қараған істерін толтырады.

Сот кеңесшісі мынадай қызметтер атқарады:

    • кодификациялық-анықтамалық жұмыстарды жүргізеді;

    • нормативтік-құқықтық актілерді тіркейді және жүйелейді;

    • сот статистикасын талдайды.


6-тақырып. Қазақстан Республикасының соттары

  1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар.

  2. Облыстық сотта жұмыстарды ұйымдастыру.

  3. ҚР-сы Жоғарғы Соты қызметінің құқықтық негіздері.

  4. Жоғарғы Сот алқалары.




  1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар. Облыстық және оған теңестірілген соттар (Астана және Алматы қалалық соттар және ҚР-сы әскерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға қарағанда қатысы бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде негізгі буындағы соттар шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық және қадағалау тәртібімен қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық және оған теңестірілген соттың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін бір мезгілде ҚР-сы Жоғары соты қадағалайды. Облыстық соттар төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді. Сот жүйесі туралы конституциялық заңның 10 бабына сәйкес, облыстық және оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы сотының төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және тарады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті бекітеді. Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді. Сот жүйесі туралы заңның 11 бабына сәйкес, облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Облыстық соттың органдары мыналар:

  1. қадағалау алқасы;

  2. азаматтық істер жөніндегі алқа;

  3. қылмыстық істер жөніндегі алқа;

  4. соттардың жалпы отырысы.

Облыстық соттың өкілеттіктері:

  1. өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;

  2. сот статистикасын жүргізеді;

  3. сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  4. облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

  5. заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгінеді. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқыланғаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.



Облыстық соттың төрағасы өкілеттіктерінің тізімі:

  1. судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

  2. қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етугше құқылы;

  3. қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

  4. облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;

  5. алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды алқа судьяларының біріне жүктейді;

  6. облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптің іс қозғайды;

  7. соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

  8. сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.

  9. және заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімімен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқаларының біріне жүктеледі.

Барлық судьялар облыстық соттарда тиісті төрағалар басқаратын алқалар бойынша бөлінген. Сот алқаларының құрамын облыстық соттың төрағасы бекітеді.

Облыстық соттың сот алқалары заңмен олардың қарауына жатқызылған қылмыстық, азаматтық істерді қарай әрі шеше отырып, бірінші сатыдағы сот ретінде жұмыс істейді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алақаларының қарауына бірінші саты бойынша тізбесі Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген қылмыстар туралы істер жатады, ал азаматтық істер бойынша соттылық азаматтық істер жүргізу заңында айқындалған.

Заңнамада аудандық (қалалық) соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, шешімдеріне шағымдар мен наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қылымстық және азаматтық істер жөніндегі алқалардың қарауы көзделген. Сот алқалары заңда көзделген жағдайларда жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді қарауға да құқылы.

Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқаруымен қатар:


  1. алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

  2. алқа отырысында төрағалық етеді;

  3. сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді

  4. сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  5. және басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.

Облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы соттың төрағасынан, алқалар төрағаларынан және облыстық соттың судьяларынан тұрады.



Облыстық соттың жалпы отырысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  1. алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

  2. сот жұмысының жоспарын талқылайды;

  3. алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;

  4. сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  5. уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;

  6. облыс соттары әкімшісінің өз қызметі туралы есебін тыңдайды;

  7. аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидаттарды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;

  8. тағы басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекіткен реглементпен анықталынады.



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау