Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері



жүктеу 2,08 Mb.
бет9/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері - прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Прокуратураға қатысты ұйымдастыру мен қызметінің принциптері - ҚР Конституциясында және басқада заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру үшін құқықтық құралдар ен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар.

Заңнамада белгіленген принциптерді сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді. Прокурорлық қадағалау принциптері қатарына ҚР Конституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бұзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады. Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық принциптеріне бөлінетін “Прокуратура туралы” заңының 3 бабында айқындалған.

Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын тұтас жүйені білдіреді. Бұл принцип барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтастығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық принципі жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді қамтиды.

Прокуратураның тәуелсіздігі принципінің мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық не жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі принципінің мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы принципті дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы принципті жүзеге асыруды ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлық бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның еліміздегі басқада құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азаматтардае оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.

Заң шығаруда заңдылық принципі ерекше орында тұрады. Бұл принцип барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарые сақтай отырып, қатаң заң шеңберінде жүзеге асыратынын білдіреді.

Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Заңдылық принципінің прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындалуын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан, прокуратураның өзі осы функцияны орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті. Заң шығарушы барлық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін прокурорлық ден қою актілерінің міндеттілігі принципін және өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салу принципін бөліп көрсетеді.

Прокурорлық қадағалау” термині аясында мыналардың ұғынылатыны есте сақтау керек:



    • мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі;

    • заң ғылымының дербес түрі;

    • оқу пәні.

Прокурордың өкілеттігі - Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым. Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаында, ҚР Конституцияның, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:



  1. Конституцияның, заң актілерінің және Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

  2. жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

  3. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;

  4. ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;

  5. заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

  6. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін, және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту.

Прокуратура туралы заңның 3 тарауында прокуратутаның құқықтық актілері көзделген. Аталған заңның 18 бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген:

  1. прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңды түсіндіру;

  2. прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

3 Прокуратура органдарының жүйесі. ҚР прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны Бас прокурор басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылмын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. Департаменттер, басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлар қызмет атқарады.



Бас прокуратураның өкілеттіктері:

  1. республика прокуратура органдарының іс қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестрілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

  2. Республика заңдарының орындалуын, заңдылықтың жай күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

  3. прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  4. республика прокурату органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

  5. заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

  6. норма шығармашылық қызметіне қатысады;

  7. халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылықты жасайды. Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшелық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер, ережелер шығарады. Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерін, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқарамалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Бас прокурор заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын ҚР Президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындау мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да біо мән жайларға байланысты Бс прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі. Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.

Облыстық прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды ҚР Президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейіндегі органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді, және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды.

Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың негізінде басшлық етеді, барлық бағыныстағы қызметкерлердің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шағарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокурорлардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады.

Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадраларды іріктейді, орналастырады және тәрбилеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды.

Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табалады. Бірқатар жерлерде заң құзыры екі ауданға немесе ауданға және облыстық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.

Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды. Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.

4.Аудандық (қалалық) прокуратуралар.Мамандандырылған прокуратуралар Қалалар мен аудандардың прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппаратының және бағынысты прокурорлардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді.

Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колония және түрмелер) заңдардың орындалуына қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.

Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинный және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді.



9-тақырып. Тақырып: ҚР-сындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі және жедел іздестіру қызметі

1. Алдан ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыратын органдардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

2. Алдан ала тергеу органдары. Анықтау органдары.

3 Жедел іздестіру қызметі.
1. Алдан ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыратын органдардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстарды анықтау және тергеу - бұл арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың қылмыс белгілері болуы мүмкін әрекеттер немесе әрекетсіздіктер туралы мәліметтер алу, қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау, оны жасаған кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыспен келтіріліген залалды өндіру жөнінде шаралар қабылдау, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметі.

Қылмыстарды анықтау және жолын кесу жедел-іздестіру шаралары, анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, өзге қызмет барысында жүзеге асырылады.

  1. Жедел-іздестіру қызметі - жеке адамның өмірін, денсулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғуынан қамтамасыз ету мақсатында жедел іздестіру шараларын өткізу арқылы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінің жария не жасырын жүзеге асырылатын қызметі.

  2. Анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметінің міндеттері қылмыс жасаудың мән жайларын анықтау және кінәлі адамдарды әшкерелеу, яғни сотта қылмыстық істерді кейіннен қарау үшін дәлелдемелерді жинау болып табылады.

  3. Қылмыстарды тергеу тек екі нысанда: анықтау және алдын ала тергеу және олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларында қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Алдын ала тергеу органдарына жатады:

  1. Ішкі істер органдары;

  2. Ұлттық қауіпсіздік органдары;

  3. қаржы полиция органдары.

Алдын ала тергеуді аталған органдардың тергеушілері жүзеге асырады. Тергеушілерді алдын ала тергеу органдары деп атау олар қылмыстық істер бойынша тергеуді жеке жүзеге асыратындығымен түсіндіріледі. Алдын ала тергеу - қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыспен келтірілген материалдық залалды қамтамасыз ету мақсаттарында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша тергеушілерге өкілеттік берілген қызметі.

Алдын ала тергеу органдарының міндеттері қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығаутыға ықпал ету болып табылады.



Тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілеттік берілген лауазымды адам ішкі істер органдарының тергушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі.

Анықтаушы - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік лауазымды тұлға.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеуші мен анықтаушыға сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берліген.



Сонымен бірге, олардың іс жүргізу дербестіктерінде белгілі бір айырмашылығы бар:

  1. анықтаушыға прокурордың нұсқауларымен келіспеу құқығы берлімеген, ол аларды ешбір қайталаусыз орындауға міндетті;

  2. анықтау органының құзіреті алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігіне немесе міндетті еместігіне байланысты ажырытылады, соған сәйкес анықтаушының құзіреті де ажырытылады;

  3. тергеуші прокурордың қадағалауында және оның басшылық етуімен тергеуді жүзеге асырады, ал анықтауды жүзеге асыратын адам да прокурордың қадағалауында, анықтау бастығына тікелей бағынады;

  4. анықтау органдары қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің талаптарын орындауға міндетті, анықтаушының тергеушіге тапсырма беруге құқығы жоқ;

  5. тергеу мен анықтау қызметкерлерінен тұратын тергеу-жедел тобында ұйымдастыру және іс жүргізуге басшылық тергеушіге тиесілі.

2. Алдан ала тергеу органдары. Анықтау органдары. Алдын ала тергеу - қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарты, қылмыспен келтірілген материалдық залалды қамтамасыз ету мақсаттарында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша органдарға (тергеушілерге) уәкілеттік берілген қызметі.

Алдын ала тергеу заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ол қылмыстық іс қозғалып, оны іс жүргізуге қабылданғаннан кейін басталады, айыптау қорытындысын жасап, айыптау қорытындысын бекіту және тергелу реті бойынша сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберілгенде не жаза тағайындауды немесе оны орындауды және сол мақсаттарда істі прокурорға жіберуді қиындататын, есі керісілі-шығасылы жағдайда қылмыс жасаған немесе психикалық аурумен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы жасалғанда не іс тоқтатылғанда аяқталады.

Алдын ала тергеу деп оның процесінде жасалған кінәсі туралы, дәлелденгені туралы қорытындылар түпкілікті болп табылмайтындықтан аталады. Қылмыстық іс келіп түсетін сот процесін жүргізу кезінде алдын ала тергеу органдары жинаған материалдары негізге алса да, дәлелдемелерге өзінің жеке зерттеуін жүзеге асырады: сотталушының, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдайды, заттай дәлелдемедерді қарайды және т.б.

Алдын ала тергеу объективтік қажеттілік болып табылады. Алдын ала тергеу органдарының өздерінің тармақтануына, қылмыс жасалған жерге жақындығына, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен тығыз байланыста болуына орай әрбір қылмыс оқиғаларына тез арада ден қою, қысқа мерзімде қажетті дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі бар. Істі қарацтын соттардың тергеущі ұсынған айыптың шеңберінен шығуға, айып көлемін кеңейтуге, аса ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.

Алдын ала тергеу органдарының міндеттері заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал ету, қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Олар жүзеге асыратын жалғыс функция болып табылатын қылмыстарды тергеу үшін арнайы тағайындалатын, тиісті ведомстволардың лауазымды тұлғалары тергеушілер болып табылады. Ол үшін оларға заңға белгіленген өкілеттіктер беріледі.

Ең алдымен тергеуші қылмыстарды тергеу кезінде толық дербес болып табылады. Оның өзі дәлелдемелерді жинауды жүзеге асырады, айыпталушы ретінде адамды тарту, айыпталушыға жолын кесу шарасын қолдану туралы, алдын ала тергеу аяқталғаны туралы шешім шығарады. Заңда көзделген жағдайларда ғана ол прокурордың санкциясын алуға тиіс.

Тергеуші тергеу әрекеттерінің заңды әрі уақытында жүргізілуіне толық жауапкершілік көтереді.

Прокурор тергеушінің заңдарды дәл орындауын қадағалауды жүзеге асырады, олар қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, орындау үшін міндетті нұсқаулар бере алады. Алайда, тергеуші маңызды тергеу мәселелері бойынша нұсқаулармен келіспесе, прокурордың нұсқауларын орындамауға құқығы бар.

Тергеуші анықтау органдарына тергеу және іздестіру әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, анықтау органдарынан тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәрдемдесуін талап етуге құқылы.

Тергеуші объективті тергеуді жүзеге асыруға, айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да мән жайлард анықтауға, материалдық залалды өндіруді қамтамасыз етуге, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға ол міндетті қарауға жататын ұсыныстар енгізуге құқылы.

Тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам.



Тергеуші:

    • тергеуші іс жүргізуде тәуелсіз;

    • ол тиісті органдарға жедел іздестіру шарасын жүргізу туралы нұсқау беруге, анықтау органдарынан алдын ала тергеу жүргізу міндетті істі анықтау мерзімі біткенге дейін алып қоюға және өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;

    • тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге байланысты шешімді белгілі бір жағдайларда белгілі бір тергеу әрекеттерін жасауға прокурордың санкциясын ала отырып, дербес шешім қабылдайды;

    • тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге қатысты прокурордың нұсқауларын орындайды, алайда егер нұсқау нақты адамды айыпталушы ретінде тартуға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе заңда белгіленген басқа да кейбір мәселелерге қатысты болса, тергеуші жоғары тұрған прокурорға жазбаша түрде прокурордың нұсқауларына өз қарсылықтарымен беруге құқылы.

Тергеушілердің жұмысын үйлестіру үшін тиісті органдада тергеу аппараты құрылады.

Тергеуші лауазымына қойылатын талаптар:

    • ҚР азаматығы;

    • Жоғары заң білімі;

    • Денсаулық жағдайы бойынша тергеушінің міндеттерін орындай білу қабілеті;

    • Тиісті кәсіптік және адамгершілік қасиеттері

Тергеушілердің тиісті лауазымдық атаулар, арнаулы атақтары (ішкі істер органдары, қаржы полиция органдары, ұллтық қауіпсіздік органдары) болады.

Қылмыстық іс жүргізу заңы олардың құзіретіне жатқызылған істер бойынша қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мекемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар анықтау органдары болып табылады. Анықтау органдарының алдын ала тергеу органдарынан басты айырмашылығы тергеуші үшін қылмыстарды тергеу жалғыс фукнция болса, ал анықтау органдары үшін ол жалғыс емес, негізгі емес болып табылады. Алдын ала тергеу ісін жүргізу олар үшін алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті қосалқы функция болып табылады. Анықтау органдары көбінесе олардың әкімшілік қызмет саласында туындайтын қылмыстық істерге тергеу жүргізеді. Анықтау органдары тек ғана лауазымды адамдар болып табылады.

Анықтау ісін жүргізу уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды тұлғалардың тізбесі, олардың өкілеттіктері қылмыстық іс жүргізу кодексінде және түрлі арнайы заңдарда белгіленеді.

Сол немесе басқа органдарда анықтауды ұйымдастыру ведомтсволық нормативтік актілерде айқындалады. Анықтау органдарының міндеттері алдын ала тергеу органдары сияқты қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасаоған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау