Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.
1. Елді мекендер мен жеке құрылыстар.
Тірек сөздер: елді мекен, деревня, ауыл, село, хутор, электростанция, аурухана, санаторий, завод, фабрика.
Елді мекендерге қатысты он бес топографиялық шартты белгіні турист білуі шарт. Елді мекендер-деревня, хутор, ауыл село, қала және жекелеген құрылыс орындары жатады. Біріншіден жекелеген үйлер және адам тұрмайтын құрылыс орындары, масштабсыз тік бұрышты етіп беріледі. Егер ғимараттың алып жатқан ауданы көп болатын болса, сол ғимараттың көлемі секілді шартты болгісі де үлкен етіп беріледі. Топографиялық карталарда деревнядан қашық, орналасқан өзінің сарайы және тағы басқа құрылыстары бар, жеке үйдің өзінің бөлек шартты белгісі бар. Кез-келген елді мекен кварталдармен бөлініп, ағаш (отқа төзімсіз) және тас (отқа төзімді) құрылыстармен салынған. Топографиялық карталарда елді мекендер пункті жіңішке қара сызықпен беріледі. Олардың ішкі фоны сары түспен боялады (құрылысы ағаштан болса). Немесе үйдің құрылысы таспен салынса, қызыл сары түспен беріледі. Әрғимараттың жанында жазумен берілген шартты белгісі болады.Мысалы: мектеп (ШК), аурухана (БОЛЬН), электростанция (ЭЛ-СТ) және т.б.
Завод-фабрика орналасқан территоияларда, топографиялық карталарда суреті және шартты белгілері беріледі. Завод, фабрикалар алып жатқан аумағына қарай шартты белгілері де беріліп отырады. Сонымен қатар елдімекендердегі шіркеу, ескерткіш, және тағы басқа орындар да беріледі. Бұл айтылған ғимараттың барлығы масштабсыз беріледі, шамамен 1,5 және 1,3 мм болады. Ал уақ масштабты карталарда олар үлдем көрсетілмейді.
Жорықтарда жекелеген үйлерді кездестіруіміз мүмкін ол орманшының немесе қойшының үйі болуы мүмкін.Оның өзінің арнайы шартты белгісі бар. Жорықтарда туристің дұрыс бағдар жасауына, биік мұнара тәрізді құрылыстар көмектеседі. Олар алыстан көрінеді: су мұнарасы, өртті бақылау мұнарасы, үйілген шөп, мешіт және т.б. Олар масштабсыз беріледі.
Тексеру сұрақтары:
Елді мекендерге қатысты топографиялық карталарда, қанша шартты белгі бар.
Топографиялық карталарда елді мекендер қалай беріледі.
3. Құрылысы ағаштан салынған үйлердің фоны қандай түспен беріледі.
4.Құрылысы таспен салынған үйлердің фоны қандай түспен беріледі.
Елді мекендердің жанынан өткенде бағдарлауға көмектесетін негізгі факторлар.
№9 Дәріс
Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.
Рельеф (Жер бедері)
Тірек сөздер: рельеф, тегіс, жазық, тау, беткей, ойыс, қазаншұңқыр, жылға, жыра.
Жер беті тегіс емес таулар мен жазықтықтардан тұрады. Біздің планетамыздың беті тегіс жерлері аз. Кез-келген жазықтықта онша үлкен емес, көтерулер мен төмен түскен жерлер бар. Қорғандар, төбелер, ойыс, жыралар, жылғалар, өзендер бойындағы жыралар, шұңқырлар. Осылардың барлығы жергілікті жердің рельефін көрсетеді. Жер бедері –жер бетінің тегіс еместігін көрсететін фактор. Жер бедерінің тегіс еместігін екі фактор арқылы анықтауға болады.
Жоғары көтерілген- дұрыс (жағымды)
Төмен түскен- бұрыс (жағымсыз)
Ал жазық жерлердің сипатына қарай үш түрге бөлуге болады- азтілімденген, орташа тілімданген, күшті тілімденген. Мысалы: күшті тілімденген жерлер қазан шұңқыр, жыралар, жылғалар, төбелер және т.б. Дұрыс жер бедері формасына: тау, төбе, үстірт, жота, қорғандар жатады. Бұрыс жер бедері формасына: қазан шұңқыр, ойыс, сай, жыра, жылға, ойпат, шатқал жатады.
Беткей дұрыс және бұрыс жер бедері формасына жатады. Беткейлер тік кейде жайлы, жайпақ болып келеді. Шұңқырлар мен қорғандар- олар табиғи және қолдан жасалынған (жасанды) деп екіге бөлінеді.
Тексеру сұрақтары:
1. Қазақстан территориясының қанша пайызы таулы аймаққа жаттады.
2. Қазақстан территориясының қанша пайызы жазықты аймаққа жаттады.
3. Жер бедерінің тегіс еместігіне байланысты қанша типке бөлінеді.
4. Дұрыс рельеф формасына жататын, рельеф түрлері.
5. Бұрыс рельеф формасына жататын, рельеф түрлері.
№10 Дәріс
Тақырыбы: Туристік жорықтарда маршруттарды көкжиек бойынша бағдарлау.
Тірек сөздер: көкжиек, жорық, маршрут, азимут, 360 градус, бағдар.
Жай адамдар (туристер, геологтар, әскерилер емес)-бір-біріне, бір жоды түсіндергенде оң жақ, сол жақ, артында, соңында, алдында деген сөздерді көп қолданады. Яғни бағдар жасағанда үш элемент қолданады.
1-ші бағыт
2-ші қашықтық
3-ші бағдар.
Жалпы қашықтықты метрмен, аяқтың қадамымен есептеуге болады. 4-минуттық жүру дегеніміз не. Адам өзінің кәдімгі өте баяу жүрісімен, 1-минутта55-60қадам жасауы мүмкін.Ол жергілікті жерде 90-100 м, яғни 4 минутта турист шамамен 380 метр жүрді. Қашықтықты есептеудің оңай жолы, 1-ші үй, екінші құдық, 3-ші бау-бақша, 4-ші мектеп деп жергілікті заттармен есептеп шығуға болады. Адамдар баяғыдан бері жер бетіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді байқап, сипаттама, анықтама берген болатын.Мысалы: Күн шығыс көкжиетен шығып, батыс көкжиекке батады. Сонымен қатар Айда, поляр жұлдыздары да шығыстан пайда болып батысқа қарай кетеді.Соңында дөңгелек көкжиектің төрт нүктесі анықталды.- солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс. Сосын дамдар көкжиекті бірдей етіп 360-қа бөлді, бұл бір жылдық күнге сәйкес келді. Жерді дөңгелек етіп алып, оны бөліп, бөліктерін 360 жеткізіп-градус деп атады.Сонымен оның төрт бөлігінің бірі-90 градусқа теңболды.
Азимут-бұл бұрыш, солтүстікке бағытталған (бірінші сәуле) және жоспарланған мақсатқа бағытталған бағдар (екінші сәуле). Азимут градуспен өлшенеді.Көкжиек сызығы бойынша төрт негізгі нүктелер мен бағытты-солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс білеміз
Тексеру сұрақтары:
Көкжиек бойынша бағдарлау түсінігі.
Кеңістікте бағдар қалай жасалады.
Азимут дегеніміз, азимут түсінігі.
Көкжиек бойынша анықталған негізгі төрт бағыт немесе нүкте.
№11 Дәріс
Тақырыбы: Туристік жорықтарда, компаспен жұмыс жасау.
Тірек сөздер: компас, лимба, қысқаш, нысана сақинасы, магниттік бағдар, карта,
Компас бұрыш өлшейтін құрал, жергілікті жердің магнитті азимутын есептейді. (кеңітікте есептейді).
Адрианов компасы- 19ғасырда орыс әскери топографы, капитан Петр Адрианов ойлап тапқан. Бұрын латун металынан жасалынса, қазір пластмассадан жасалынады.Адрианов компасы бес бөліктен тұрады. 1) компастың корпусы. 2) нысана сақинасы, 3) магниттік стрелька, 4) лимба 5) қысқаш.
Корпус- сыртындағы қара пластмасса- басқа төрт бөлігін құрастырып ұстап тұру үшін қажетті.
Нысана сақинасы- компастың жиегі, онда қарау үшін жасалған тесік, қарауылға алып көздейтін жер. Нысана сақинасымен компастағы мәнді градуспен алады.
Магниттік стрелка (бағдар)- компас ішіндегі бағдарды көрсетіп тұратын стрелка.
Лимба- ақ дөңгелек сызықтармен бөлінген, нүктелер мен үшбұрыштардан тұрады. Барлық бөліктері -120-ға жетеді.
Қысқаш- компасқа қажетті маңызды құралы. Қысқанда –компас жабылып, стрелка жұмыс істемейді.
Қазіргі кезде туристер негізінен қолдануға жеңіл, ыңғайлы- сұйық компасты қолданады. Туристерге компас не үшін қажет.
1-ші ең қарапайым түрі көкжиекті табу.
2-ші картаны компаспен бағдарлау.
Тексеру сұрақтары:
Компастың қызметі.
Компасты алғаш ойлап тапқан топограф.
Адрианов компасы негізінен қанша бөліктен тұрады.
Нысана сақинасының қызметі.
Магниттік стрелканың қызметі.
Компаста қысқаштың атқаратын негізгі қызметі.
Лимба дегеніміз не.
№12 Дәріс
Тақырыбы: Туристік жорықтарда арақашықтықты есептеу. (өлшеу)
Тірек сөздер: арақашықтық, көзбен бағдарлау, жер бедері, қозғалу
Жергілікті жерде арақашықтықты келесі әдістермен анықтайды.
Арақашықтықты қадаммен есептеу.
Көзбен бағдарлау арқылы арақашақтықты есептеу.
Уақытқа байланысты қозғалыспен арақашықтықты есептеу.(өлшеу)
Осы есептеулердің ішінде ең көп қолданылатыны және ең дәлі арақашықтықты қадаммен есептеу болып саналады.
Арақашықтықты көзбен бағдарлауда, мәлімет дәл шықпағандықтан, оның маңыздылығы шамалы. Арақашықтықты көзбен бағдарлағанда келесі факторларды ескеру қажет.
А) Ірі заттар, ұсақ затарға қарағанда бір арақашықтықта орналасса да жақын көрінуі мүмкін.
Б) Таулы аймақтарда төменнен жоғары қарағанда, заттар жақын болып көрінсе, жоғарыдан төмен қарағанда –ұзақ, алыста болып көрінеді.
В) Жер бедері жазық болса, мысалы: судың арғы бетіндіг заттар жақын болып көрінеді.
Г) Түсі ашық заттар. Мысалы: Қыста айналаның барлығы аппақ болып тұрады, барлық қара түсті заттар жақын көрініп, ал түссіз заттар алыс та тұрғандай көрінеді.
Сондықтан көзбен бағдарлағанда қателіктер кетеді. Мысалы тәжірибелі бақылаушылар негізінен 10-15 пайыз қателессе, кейде олар 50 пайызға дейін қателеседі.
Қозғалыс кезіндегі арақашықтықты уақыт бойынша анықтау-шаңғыменқозғалыс кезінде, жаяу жорық жасағанда қараңғы кезде көріну нашар кезде қолданылады. Арақашықтықты анықтауда басқа да тәсілдерді; дыбысқа, заттардың бұрыштық көлеміне қарай есептеу, практикалық тұрғыда қолданылмайды.
Тексеру сұрақтары:
туристік жорықтарда арақашықтықты есептеу неүшін қажет.
Арақашықтықты қандай тәсілдермен есептейді.
Арақашықтықты қадаммен қалай есептелінеді.
Көзбен бағдарлау түсінігі.
Көзбен бағдарлаудың маңыздылығы неліктен төмен.
№13 Дәріс
Тақырыбы: Туристік жорықтарда, маршруттарды бағдарлау.
1 Туристік бағдарлаудың мазмұны мен мәні.
2. Бағдарлау түрлері. Бағдарлау жағдайы және қолданылатын құралдар.
Тірек сөздер: туристік жоспар, бағдар, субьективті, обьективті,хаттама, шолу.
Алдын-ала жоспарланбаған туристік жорықтар болмайды. Кез-келген турист алдын –ала жорығын ұйымдастырып алады. Бірақ туристерге - өзінің жоспарына жету әрқашан бола бермейді. Бағдарды жоғалтып алуына байланысты, берілген нүктеге жете алмайды. Бұл жағдайдың негізгі себептерін субьективті және обьективті деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Субьективті себептерге – топографиялық білімнің жеткіліксіздігі тәжірибенің аздығы, бақылаудың төмендігі. Бағдарлау барысында –адам өзінің әрбәір қозғалысын түсініп отыру қажет, ол қайда тұр, қайда келді, енді қайда барады,сол ауданның барлық маңызды нүктелерін жатқа білу қажет.
Табиғатты бағдарлау жасау-интеллектуальды жағдайға байланысты-турист обьектіге байланысты жағдайларды бағалап, сорттап, талдап отыру қажет. Бағдарлау кезіндегі басты элемент –КҮМӘНМЕН қарау болып табылады. әскери топографиялық оқулықтарда жергілікті жерді бағдарлау жасағанда үш негізгі мәліметті есте ұстау керек.
Картамен өзіңнің тұрған жеріңді және қозғлу бағытын анықтай білу.
Әрмен қарай қозғалатын бағытыңды дәл жоспарлау.
Белгіленген нүктеңе, жоспарыңа жету.
Бағдар жасаудың негізгі екі тәсілі бар. Картамен және компаспен(көкжиек бойынша бағдарлау). Сонымен қатар туристік жорық кезінде қажетті құралдарға: 1) жергілікті жердің топографиялық картасы, 2) таңдап алынған жердегі топографиялық жағдай, жергілікті жер белгілері,4) құралдар-компас, сағат, курвиметр, карандаш, күнделік, сызғыш және т.б 5)қозғалу хаттамасы 6) арнайы қозғалыстар-шолу жасау.
Тексеру сұрақтары:
Жорықты алдын-ала жоспарлау.
Жорықты бағдаралудағы субьективті себептер.
Турист негізінен қандай заңдылықтарды білуі шарт.
Туристік жорықтарда қажетті құралдар.
Арнайы қозғалыстар-шолу түсінігі.
№14 Дәріс
Тақырыбы: Жергілікті жердің белгілеріне қарай бағдар жасау.(бағдарды жоғалтып алған жағдайда)
Тірек сөздер: көкжиек, күн, ай, поляр жұлдызы, өсімдік әлемі
Туристік жорықтарда бағдарлауды компассыз да жүргізуге болады. Жергілікті заттардың белгілеріне қарай. Бұл жағдай көбінесе жорыққа қатысушы бір адам немесе топ адасып қалған жағдайда қолданылады. Осындай жағдайларда бағыттыдәл анықтауға күннің, айдың, поляр жұлдызының көмегі ерекше.
Көкжиекті, бағытты күнмен сағатпен анықтау сағатты горизантал орналастырып, сағаттың стелкасын күнге қарай бағыттаймыз, күнге бағытталған сағат стрелкасының бұрышы жазда13-те, қыста 14-те тіке екіге бөлінеді. Осы тіке бөлінгенбағыты-бағдарды оңтүстікті көрсетеді.Осылай бағытты анықтау қыс мезгіінде дәл көрсетеді. Жаз мезгілінде 20 пайызға қателесуі мүмкін.
Түнде солтүстікті поляр жұлдызы арқылы дәл анықтауға болады. Егерполяр жұлдызына тура қарайтын болсақ, онда солтүстікке қарап тұрмыз деген сөз. Яғни солтүстікті анықтауға болады.Көкжиекті аймен де анықтауға болады., бұлт боып жұлдыздар көрінбей тұрса, анықтау жеңіл болады.
Солтүстік ендіктерде түнде-солтүстік жақ бөлігі барынша жарық, ал оңтүстік бөлігі барынша қараңғы болады.
Тал түсте заттардың көлеңкесі қысқа көрінген бағыты солтүстік болады. Түнде де солай, заттардың көлеңкесінің қысқа көрінген бағыты солтүстік болады.
Сонымен қатар көкжиекті анықтаудың басқа да тәсілдері бар.
Мүк пен қына ағаштың қабығының солжақ бөлігінде өседі.Яғни көлеңкеде өседі.
Ағаштың қабығы солтүстік жағы қара және дөрекі болып келеді.
Жауын-шашаыннан соң қайыңның қабығы, солтүстік жағынан қараяды.
Ыстық ауа-райы кезінде, қайың мен шыршаның оң жақ бөлігінде смола, сол жағымен салыстырғанда көп бөлінеді.
Тексеру сұрақтары:
Табиғи жолмен көкжиекті анықтау әдістері.
Күннің көмегімен көкжиекті анықтау.
Айдың көмегімен көкжиекті анықтау.
Жұлдыздармен, поляр жұлдызымен көкжиекті анықтау.
көкжиекті анықтаудың басқа қандай әдістері бар.
№15 Дәріс
Тақырыбы: Маршрутты анықтау және қозғалыс жоспары.
Тірек сөздер: жорық, маршрут, аудан, топ, танымдық, спорттық.
Жорықтарда маршрутты жоспарлау- жорық жасайтын ауданды алдын-ала зерттеуге байланысты жүргізіледі. Жорық өтетін ауданның ерекшелігі барынша жан-жақты зерттелсе – сонда ғана жорық сәтті өтеді. Көп жағдайда туристер дайын, бұрын да туристер өтіп кеткен маршрутты таңдайды. Бірақ кез-елген туристің өзінің жеке маршруты болғаны жақсы.
Жорық жасайтын ауданды зерттеп, алдын-ала жоспарын жасайды. Жорық жасағанда төмендегідей мәселелрді ескеру қажет:
1) Бірінші кезектегі нүкте - жорықтың басынан және аяғына дейінгі маршрутты білу және транспорттық мүмкіндіктерді шешу.
2) Топтың танымдық және спорттық қызығушылығын тексеру.
3) Қонуға ыңғайлы жерлерді алдын-ала жоспарлау.
4) Ас әзірлеу, ас ішу орнын әзірлеу.
Танымдық обьектілерге музей, ескерткіш, монумент, өнеркәсіп орындары. Сонымен қатар туристердің қызығушылығын танытатын орындарға- көл, сарқырама, карсты үңгір, партизандар үйі, мыңжылдық емен, карьер, геологиялық орындар, және т.б жерлер.Спорттық обьектілерге қорған, асу, батпақтан өту, жолсызбен жүру, орманда жүру және т.б жатады.
Тексеру сұрақтары:
Жорыққа шығу кезінеде жоспарлаудың ролі.
Жорық кезіндегі ескеретін негізгі мәселелер.
Танымдық обьектілер.
Спорттық обьектілер.
Әдебиеттер тізімі.
Курс бойынша негізгі әдебиеттер:
1.В.М Куликов. Ю.С Константинов
Топография иориентирование втуристком путешествий. Москва, 2001 г
2. А.М Куприн Топография для всех.
Москва, 1976 год
3. В.И Курилова Туризм Москва, 1988 г
4. А.В Гедымин Картография сосновами топографии. Москва, 1973 г
5. А.С Харченко, А.П Божок Топография с основами геодезии
Москва, 1986 год
6. Условные знаки для топографических планов. Москва, 1989 год
7. В.С Южанинов Картография сосновами топографии
Москва, 2001 год.
6. ОЖСӨЖ методикалық әдістемесі.
№1 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Жалпы географиялық карталардың ерекшеліктеріне қарай шолу жасау.
Әдебиет: №4, А.С Гедымин Картография с основами топографий. 105-107 беттер.
Берілген әдебиеттен жалпы географиялық карталарға сипттама беру және түрлерін анықтау.
№2 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Геодезиялық пунктер.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 3-6 беттер. Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу.
№3 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Географиялық карталардағы жазулар.
Әдебиет: №. 4, А.С Гедымин Картография с основами топографий. 102-105 беттер.
Географиялық карталардағы жазулармен танысу, дәптерге жазып алу, топографиялық карталармен жұмыс.
№4 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Уақ масштабты карталармен жұмыс және қолдану.
Әдебиет: №. 4, А.С Гедымин Картография с основами топографий. 155-164 беттер.
Уақ масштабты карталармен жұмыс қалай жасалынады, дәптерге түсініктеме беру, топографиялық карталармен танысу.
№5 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Су обьектілерінң карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 107-110 беттер. Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу.
№6 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Су обьектілерінң карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 107-110 беттер. Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу.
№7 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Жер бедерінің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 110-114 беттер. Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№8 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Жер бедерінің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 110-114 беттер. Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№9 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Өсімдік және топырақ әлемінің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 86-104, 104-115 беттер.
Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№10 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Өсімдік және топырақ әлемінің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 86-104, 104-115 беттер.
Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№11 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Елді мекендердің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 19-36 беттер.
Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№12 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Елді мекендердің топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 19-36 беттер.
Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№13 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Территорияның саяси және саяси-әкімшілік бөлінуі.Топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: 1. №6, Условные знаки для топографических планов. 19-36 беттер.
2. №4 А.С Гедымин Картография с основами топографий. 119-120 беттер.
Топографиялық шартты белгілермен жұмыс және дәптер бетіне түсіріп алу
№14 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Шекаралар, қоршаулар. Шекаралар мен қоршаулардың топографиялық карталарда белгіленуі.
Әдебиет: №6, Условные знаки для топографических планов. 116-117 беттер.
№15 ОЖСӨЖ
Мазмұны: Ірі масштабты топографиялық карталармен жұмыс.М 1: 10000, М 1: 25000, М 1: 50000,М 1: 100000
Карталарды көшіру жұмыстары.
Әдебиет: №1, В.М Куликов, Ю.С Константинов Топография и ориентирование втуристском путешествий. 70-72 беттер.
8. Курстық жұмыс, есептік графиктік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар-бағдарлама бойынша жоспарланбаған.
9. Студенттің өзіндік жұмысының әдәстемілік нұсқауы.
СӨЖ методикалық әдістемесі
№1 СӨЖ
Мазмұны: топографиялық карталрды талдау жасау.
№2СӨЖ
Мазмұны: Арақашықтықты есептеу.
№3 СӨЖ
Мазмұны: Географиялық және тіке кординаталрды анықтау.
№4 СӨЖ
Мазмұны: Бағдарлау бұрыштарын анықтау.
№5 СӨЖ
Мазмұны: Ауданды анықтау
№6 СӨЖ
Мазмұны: Қөзбен бағдарлау.
№7 СӨЖ
Мазмұны: Көзбен бағдарлау, есептеу.
№8 СӨЖ
Мазмұны: Жергілікті жерді географиялық тұрғыдан сипаттау.
№9 СӨЖ
Мазмұны: Жергілікті жерді картамен бағдарлау.
№10 СӨЖ
Мазмұны: Топографиялық карталарды құрастыру жұмытары.
№11 СӨЖ
Мазмұны: Азимутты анықтау.
№12 СӨЖ
Мазмұны: Компаспен жұмыс жасау.
№13 СӨЖ
Мазмұны: Компас дегеніміз не.
№14 СӨЖ
Мазмұны: Биіктікті анықтау тәсілі.
№15 СӨЖ
Мазмұны: Жергілікті жерді белгілерімен бағдарлау.
10. Оқу өндірістік және дипломалды сараман жоспарланбаған.
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет. Бағалау саясаты
Бағалау критерийлері
|
Бағалау түрі
|
Жұмыс үшін балл
|
Орындалған жұмыс көлемі
|
Дәрістегі белсенділік
|
100
|
15
|
СОӨЖ-дағы белсенділік
|
100
|
15
|
СӨЖ орындауы
|
100
|
15
|
Аралық аттестация (Р1, Р2)
|
100
|
N
|
Ағымдық бақылау
|
100
|
2
|
Емтиханға жіберілетін рейтинг
|
100
|
Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы
|
Қорытынды бақылау (емтихан)
|
(Р1+Р2)/2
|
|
Қорытынды
|
Ағымдық бақылау * 0,6
|
|
Жеке тапсырмалар
|
100*0,4
|
|
Рубеждік бақылау
|
Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |