«бекітемін» «хату» АҚ ректоры Д. Шыныбеков 2015ж



жүктеу 102,16 Kb.
Дата30.05.2018
өлшемі102,16 Kb.
#18466
түріБағдарламасы


«БЕКІТЕМІН»

«ХАТУ» АҚ ректоры
______________ Д. Шыныбеков
«___»______________2015ж.


2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮСКЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІ»

АҚ-НЫҢ «БАКАЛАВРИАТ» ЖӘНЕ «МАГИСТРАТУРА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАҚЫН ЖӘНЕ АЛЫС ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАР ҮШІН ОҚУДЫҢ ТӨЛЕМ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Берілген ереже «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ары қарай «ХАТУ» АҚ) белгілеген 2015-2016 оқу жылына алыс және жақын шетелдік бакалавриат және магистратура студенттері үшін оқудың төлем ақысының төлем шартын, төлеу мерзімін, талаптарын, төлем ақыға жеңілдік жүйесін және басқа да жағдайларды анықтайды.
1.Оқудың төлем ақысы
Оқудың төлем ақысы «ХАТУ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (тенге) оқудың төлем ақысын қабылдауға келісімшарты бекітілген екінші деңгейлі банкілер арқылы қолма-қолсыз есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша жақын (ТМД) және алыс шетел азаматтары үшін оқу ақысы.

Жақын (ТМД) щетел азаматтары үшін күндізгі оқу ( теңгемен)

мамандық

оқу тілі

ақысы, теңгемен


Барлық оқу ақысы


бірінші курс үшін

екінші курс үшін

үшінші курс үшін

төртінші курс үшін

Барлық мамандықтар

ағылшын, орыс, қазақ

1 083 500

1 191 850

1 311 035

1 442 140

5 028 525




Алыс щетел азаматтары үшін күндізгі оқу ( теңгемен)

мамандық

оқу тілі

ақысы, теңгемен


Барлық оқу ақысы


бірінші курс үшін

екінші курс үшін

үшінші курс үшін

төртінші курс үшін

Барлық мамандықтар

ағылшын, орыс, қазақ

1 155 000

1 270 500

1 397 550

1 397 550

5 220 600




Жақын (ТМД) және алыс щетел азаматтары үшін сырттай оқу ( теңгемен)


Бағдарлама

Оқу тілі

Бір жылғы

оқу ақысы

3 жылдық оқу

Мамандығы







5В070300 «Ақпараттық жүйелер»

қазақ, орыс

316 250

5В070400 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету»

5В050700 «Менеджмент»

5В050900 «Финансы»

5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекоммуникация»

2 жылдық оқу

мамандығы







5В050700 «Менеджмент»

қазақ, орыс

379 500

5В050900 «Финансы»

Магистратура бағдарламасы бойынша жақын (ТМД) және алыс шетел

азаматтары үшін оқу ақысы.
( теңгемен)

Бағдарлама

Оқу тілі

Бір жылғы

оқу ақысы

Профилдік магистратура

1,5 жылдық оқу

мамандығы







5В070300 «Ақпараттық жүйелер»

қазақ, орыс

935 000

5В070400 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету»

6М051800 – Жобаларды басқару

6М070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу

Ғылыми педагогикалық магистратура 2 жылдық оқу

мамандығы







5В070300 «Ақпараттық жүйелер»

қазақ, орыс

935 000

5В070400 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету»

6М051800 – Жобаларды басқару

6М070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу

Университет инфляция деңгейінің күрт өзгерген жағдайда көрсетілген оқудың төлем ақысын біржақты қайта қарастыруға құқылы.



  1. Төлем ақыны төлеу шарттары


Барлық оқу бағдарламары бойынша:

Жақын (ТМД) және алыс шетел азаматтары болып табылатын студенттер, оқу төлем ақысын оқу жылы басталмай тұрып бір жылға толық төлеуі тиіс:

Білім алушының бір жолғы төлеммен бүкіл оқу кезеңі үшін білім беру қызметін көрсету келісімшартын бекіту кезінде төленсе, төлем сомасы оқу кезеңінің аяқталғанына дейін өзгертілмейді.

Жылдың екінші жартысынан бастап мемлекеттік білім беру грантына ауыскан жағдайда I-ші транш және II-ші транш төлемдері қайтарылмайды.



Уақытында оқу төлем ақысын төлемеген жағдайда 10% көлемінде айып өсім әр ай сайын негізгі қарыз сомасынан

есептеледі. Егер оқу ақысының қарызы бір айдан кем болмаса айып өсім күнтізбедегі әр күнге қосылады.

Әр оқу жылына оқу ақысын өткен оқу жылындағы орындалған шығындарды, инфляцияны есептей отырып, нарық бағасының өзгерістері мен деңгейіне қарай Университет белгілейді.

Оқу жылы барысында білім беру қызметінде шығындар мен талаптардың өзгеруі жағдайында мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің өкілеттілігімен оқу ақысын біржақты Университет жақтан өзгерте алады.


  1. Студентті оқудан шығару немесе басқа да жағдайларда төлем ақысын алу және қайтару кезіндегі өзгерістер




  • Студенттің оқудан шығып қалу жағдайында, оқуға төленген ақы қайтарылмайды.

  • Оқу жылы барысында бір де бір сабаққа қатыспаған студенттің төлеген сомасынан қайтарылмайды.

  • Бірінші оқу жылында «ХАТУ» АҚ тарапынан өзіне алған міндетін атқара алмаған жағдайда тапсырыс берушінің төлеген сомасы толық қайтарылады.

  • студенттің академиялық демалысқа шыққан жағдайында тек оқыған уақыты мен академиялық демалысқа шығуы жайында бұйрығының шығуына дейінгі уақытқа төлем ақы төленеді.

  • студенттің оқудан шығып қалу, академиялық демалыс алу, грантқа көшу немесе басқа да жағдайларда (мемлекеттік немесе жоғары оқу орнының) немесе басқа жағдайларда төлем ақысын төлеуді тоқтату және төлем ақысын төлеудің шарттарын өзгерту жағдайында өсім ақы оқу төлем ақысын толық төлегенге дейін саналады.
  1. Жеңілдіктер саны мен мөлшері

Университет ағымдағы оқу жылына келесі жеңілдіктерді ұсынады:


1) 5% жеңілдік ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша барлық пәндерден 90% үлгерімі бар студент үшін жасалады;

2) 50% жеңілдік «ХАТУ» АҚ қызметкерлері мен оқытушылары болып табылатын отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылар және балалары) ие болады. «ХАТУ» АҚ қызметкері мен оқытушысының жұмыс өтілі алты айдан кем болмауы және құрылымдық бөлім басшысынан жақсы мінездемесін алған үміткерге беріледі.

* Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктердің біреуін ғана пайдалануға болады.

** Жеңілдіктербі беру тек қана уақытылы өткізілген өтініштері мен Тіркеу кеңсесі берген емтихан ведомостарының қорытындысы негізінде қаралады.

*** Жеңілдіктер оқудың бір семестріне ғана беріледі.

**** «Қысқы» және «жазғы» емтихан сессиялары қорытындысы бойынша «–В» 75 балдан төмен алған магистранттар жеңілдіктен автоматты түрде айырылады.




  1. iCarnegie-ден SDP оқу шарттары мен ережелері.





  1. SDP модулімен оқитындар әр курсты оқып болғаннан кейін iCarnegie-ден сертификат алу үшін міндетті түрде емтихан (практика мен теория) тапсыруы керек.




  1. Емтиханды қайта тапсырған жағдайда, студент өтілген SDP модулі бойынша емтихан сессиясы тапсырылған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн аралығында ақысыз емтиханды қайта тапсыруға құқылы.



  1. SDP модулі бойынша емтиханды қайта қабылдауға тағайындалған әрбір оқытушы студенттерге алдын ала 3 жұмыс күнінен бұрын емтиханның қабылдануы жайында ескертулері қажет. Сонымен қатар, оқытушы өз бетінше емтиханға жіберілуді ашу керек. Емтихандарды қайта қабылдау аяқталған соң, оқытушы емтиханды тексеріп, нәтижесін 5 жұмыс күні ішінде DL-ға қоюы қажет.




  1. Егер студент екінші рет емтиханды (практика немесе теория) тапсыра алмаса, 30 күнтізбелік күн аралығында ақылы түрде емтиханды қайта тапсыруға құқылы. Емтиханды қайта тапсыру бағасы әрбір емтихан түрі 18 000 (мысалы: практика – 18 000 теңге және теория – 18 000 теңге) (жазғы семестрден басқа) теңге тұрады.




  1. Егер студент ақылы емтиханды (практика және/ немесе теория) тапсыра алмаған жағдайда, SDP модулі бойынша ақылы оқу үшін жазғы семестрге тіркелу қажет. Жазғы семестрдің бағасы 54 000 теңге. Оқу мерзімі 6 аптаға дейін созылады. Сонымен қатар, егер студент SDP (практика немесе теория) курсын жазғы семестрде өтпесе, келесі академиялық кезеңде өтуге құқылы.




  1. SDP курстарының біреуін үздік тапсырған студенттер iСarnegie серификатын ақысын төлеген соң (1 SDP үшін 75 АҚШ доллары сомасында) алады. Ректораттың шешімімен сертификаттарды беру күні тағайындалады.



  1. SDP-дан қарызы бар студенттер iСarnegie сертификатын емтихандарды ақылы қайта тапсырған жағдайда (18 000 теңге) және (75 АҚШ доллары сомасында) серификат үшін төлеген жағдайда алады.




  1. Қосымша қызмет көрсетулер.

Университет қосымша төлем үшін келесі қызметтер түрлерін көрсетеді:



  • шетелдік студенттерге қазақстандық визаны жасау және көші- қон (миграциялық) полиция органдарына тіркелу қызметтерін көрсетеді;

  • басқа қала студенттерін орналастыру қызметін көрсетеді;

  • шет тілі мен информатиканы үйрену қызметін көрсетеді;

  • тілді меңгеруде қосымша пәндерді тереңдетілген бағдарламалар бойынша оқыту қызметін көрсету;

  • Университеттің ішкі нормативті құжаттамасынмен қарастырылған басқа қызметтерді көрсетеді.




  1. Басқа да жағдайлар.

Жалпыуниверситеттік саясат студенттердің 100 % сабаққа қатысуын көздейді. Студенттердің сабақтан қалуы әрбір оқу пәні бойынша 20 % кем болмау керек. 20 %-дан көп болған жағдайда студент аралық бақылаулар мен аттестацияларға жіберілмейді.

Студент «ХАТУ» АҚ ректоры бұйрығының негізінде ақылы жазғы семестрге оқу жоспарына сәйкес қарыз пәндерін өтеу үшін қосымша оқуға жіберіледі.

Оқу төлем ақысы жазғы семестр басталмай тұрып төленуі қажет.

Бір кредит бағасы оқу орны бүкіл оқу бағдарламасын игеру үшін белгілеген оқу төлем ақысы мен кредит саны арасындағы қатынаспен есептеледі. 1 кредит бағасы 18 000 теңгені құрайды.

Екі аралық бақылаудан орташа баллдары 75 және одан жоғары алған студенттер тек қорытынды емтихан бағасын 21 600 (жиырма бір мың алты жүз) теңге төлеуі керек.

Басқа жоғары оқу орнынан ауысып келген студенттердің академиялық қарыздары (курстық жұмыс, курсты қайта өту) бар болған жағдайда 7 000 теңге көлеміндегі соманы төлеуі қажет.

Теориялық және практикалық оқудың толық курсын өткен, бірақ мамандығы бойынша Мемлекеттік емтихан (МЕК) тапсырмаған бітіруші студенттер 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде төлеу қажет.

Теориялық және практикалық оқудың толық курсын өткен, Мемлекеттік емтихан (МЕК) тапсырған бітіруші студенттер, бірақ дипломдық жұмыстарын (жобасын) қорғай алмағандар 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде төлеу қажет.

Студенттік, оқырман билетін, Университетке кіру карточкасын жоғалтқан студенттер 500 теңге көлемінде төлем жасап, көрсетілген құжаттарын қайта жасатуларына болады.

Студент оқу жылының 1 қазанына дейін «ХАТУ» АҚ -да оқу төлем ақысын төлеуге өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, келісілген оқу төлем ақысымен келісті деп саналады.

Берілген оқу төлем ақысы жайында Ереже коммерциялық ұсыныс болып табылмайды және кейбір ережелерге Университет әкімшілігі өзгерістер енгізе алады.



Берілген оқу төлем ақысы жайында Ереже студент пен университет арасындағы келісімшарттың негізі болып табылады.

Декан М. Сергазиев
Тіркеу Кеңсесінің басшысы А. Рысбекова
Қаржы департаментінің басшысы М. Тургамбаев
Бас бухгалтер А. Муханбетова
жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау