11
істеу ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін; ақпартты әртүрлі құрылғыларға
енгізу-шығару қағидалары және pipe және threads ұйымдастыру); консольда
жұмыс істеудің негізгі командалары;
істей алуы - Macintosh-жүйесін сауатты басқару; компоненттерді және
толығымен операциялық жүйені администрлеу; операциялық жүйедегі
аппараттық тәсілдерді реттеу;
дағдылану - Linux операциялық жүйесінде және қосымша орталарда жұмыс
істеу; операциялық жүйе жұмысын реттеу, ондағы желі жұмысын реттеу;
құзыреттер - мамандық бойынша іс-әрекеттерде МАС операциялық жүйесін
администрациялау аппаратын қолдана білу.
Кафедра: IT инжиниринг.
ОБЪЕКТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ
Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар.
Постреквизиттер: Windows-та бағдарламалық қосымшаларды құрудың
заманауи технологиялары, Linux-те бағдарламалық қосымшаларды құрудың
заманауи технологиялары.
Оқыту мақсаты: Net негізінде объектіге - бағдарланған бағдарламалауды
заманауи технологияларын оқу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Visual Studio ортасында
бағдарламалау негіздері. Windows-қа арналған және деректер қорымен
жұмыс істейтін қосымшаларды құру сұрақтары. Бағдарламалардың
күрделілік мәселелерін шешу. Объектілер жиынтығы ретінде елестету.
Оқыту нәтижелері:
білуі тиіс - объектіге бағдарланған бағдарламалау концепциясын; оның
негізгі түсініктерін; қасиеттерін (инкапсуляция, мұралық, полиморфизм);
объектіге бағдарланған бағдарламаларды жобалау және талдау әдістерін; С++
тілінің негізгі түсініктерін, синтаксисін және тіл құрылымының
семантикасын; С++ бағдарламалау тілінде объектіге бағдарланған
бағдарламаларды құру тәсілдері; С++ тіліндегі бағдарламалаудың
интегрирленген ортасының мүмкіндіктерін;
істей алуы - С++ тіліндегі объектіге бағдарланған бағдарламаларды реттеу,
жобалау және бағдарламалау;
дағдылану - С++
тілінде бағдарламалауға;
құзыреттер - объектілі-бағытталған бағдарламалау негізгі қағидаларын білу,
С++ тілінде визуалды және консольдық қосымшалар құруды білу.
Кафедра: IT инжиниринг.
JAVA-ДА БАҒДАРЛАМАЛАУ
Пререквизиттер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар.
Постреквизиттер: Windows-та бағдарламалық қосымшаларды құрудың
заманауи технологиялары, Linux-те бағдарламалық қосымшаларды құрудың
12
заманауи технологиялары.
Оқыту мақсаты: студенттердің Java тілінде Windows ОЖ бағдарламалау
әдістерін, құралдарын, сонымен қатар бағдарламалау негіздерін меңгеруі
және таңдалып алынған мамандықтың мәселелерін шешуде белсенді
қолдануға даярлау.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): математикалық, инженерлі -
техникалық есептерді математикалық үлгілеу, алгоритмдеу, бағдарламалау,
қолданбалы инженерлік есептер аймағында бағдарламалау негіздері
концепциясын жүзеге асыруды басқа пәндерде дамыту.
Оқыту нәтижелері:
білуі тиіс - Java тілін қолданып объектіге бағытталған бағдарламалау
концепциясын; Java тілін қолданып, оның негізгі ұғымдарын (класс, объект);
Java тілін қолданып қасиеттерін (инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфтік),
Java тілін қолданып объектіге бағытталған бағдарламаларды талдау және
жобалау әдістемесін; Java бағдарламалау тілінің негізгі түсініктерін,
синтаксисін және семантикасын; Java бағдарламалау тілінде объектіге
бағытталған бағдарламаларды құру тәсілдерін; Java тілінде интегрленген
бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері;
істей алуы - Java тілінде объектіге бағытталған бағдарламаларды жобалау,
бағдарламалау және реттеу; бағдарламалық жиынтықтарды құруға заманауи
технологиялық тәсілдерді қолдану;
дағдылану - Java технологиясы негізінде объектіге бағытталған заманауи
бағдарламалау тілдерінің кеңейтпесін пайдалануға;Java-ны пайдаланумен
объектіге бағытталған бағдарламалардың инструменталдық бағдарламалық
тәсілдерін қолдануға;
құзыреттер - Java тілінде бағдарламалық қамтама жобалау және құру.
Кафедра: IT инжиниринг.
ЭЛЕКТР
ТІЗБЕКТЕРІНІҢ
ТЕОРИЯСЫ.
СЫЗЫҚТЫ
ЖӘНЕ
СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕР
Пререквизиттер: Математика, Физика, Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар.
Постреквизиттер: Электроника,
Цифрлық схемотехника.
Оқыту мақсаты: сандық және сапалық түрде тұрақты, синусойдалы,
периодты синусойдалы емес сызықты электр тізбегіндегі орныққан
кезеңдерді, индуктивті байланысқан сызықты емес электр тізбегін,
төртұштықтарды үйрену.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): негізгі түсініктер, тұрақты токтың
электр тізбектеріндегі әдістерін және заңдылықтарын есептеу, электр
тізбектерінің гармоникалық режимдерінің әсер етуі, электр тізбектеріндегі
резонанстық режимдерін, периодикалық синусоидалды емес әсер ету
кезеңдерін, индуктивті байланысқан тізбектерді, тұрақты токтың сызықсыз
электр тізбектерін, төртұштықтар теориясын.
Оқыту нәтижелері: