Биологиялық егіншілік (Балама егіншілік жүйелері) –оның негізгі элементтері.
Химиялық тыңайтқыштарды және пестицидтерді барлық жерде кең қолданады, бірақ химизация дамыған сайын қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар қайтарылмайтын табиғи ресурстарын қолдануы үрей туғызады, топырақ деградациясы өсіп жатыр. Бұл проблемалардың әсерінен батыстың дамыған елдерінде әдеттегі егіншіліктің кері әсері болмайтын технологиясын іздеді. Әдебиетте бұл бағыт «альтернативті егіншілік» деп жалпы аталады. Бұл жүйе өзінің ішіне бірнеше бағыт алып жатыр. Бұл бағыттар (концепциялар) бір-бірінен аз ерекшеленеді, олар 60-шы жылдардың ортасында пайда болды. Органикалық егіншіліктің әдеттегі егіншілік жүйесінен айырмашылығы, синтетикалық химиялық заттар (өсімдіктерді қорғауға арналған барлық өнімдер, соның ішінде гормондар, пестицидтер және синтетикалық тыңайтқыштар) және генетикалық түрлендірілген ағзаларға тыйым салынады. Осындай химиялық заттар себебінен адам денсаулығына, топыраққа, су ресурстарына және табиғатқа тигізетін әсерін органикалық ауылшаруашылық өнімдерімен салыстыруға болмайды.
Биологиялық, экологиялық, органо-биологиялық және биодинамикалық сияқты әртүрлі сөздермен анықталатын «Органикалық ауыл шаруашылығы» химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді көбірек қолданудың ауылшаруашылығы мен адам денсаулығына теріс әсерін жеңудің бір әдістері ретінде қарастыруға болды. Ағылшын тілді елдерде «Органикалық ауылшаруашылығы» термині ауылшаруашылық әдістерге қолданылады, мұнда экологиялық принциптер оларды өндіруде қолданылады, ал көптеген басқа елдерде «экологиялық ауылшаруашылығының» баламалары өз тілдерінде қолданылады.
Табиғи тепе-теңдікті бұзбай пайдалы өнім шығару үшін сертификаттау процесі арқылы және өсімдіктерді қорғау мен зиянкестермен күресудің табиғи әдістерін қолдана отырып, экологиялық шаралар, өсімдіктер мен жануарлар өндірісінің экологиясында басымдыққа ие мәдени шаралар қабылданады және осылайша алынған өнімдер органикалық өндіріс деп аталады. .
Экологиялық ауылшаруашылығының келесі негізгі қағидаларға сәйкес қолданылады.
- синтетикалық химикаттарды өндіріске қолдануға болмайды
- аурулар мен зиянкестермен күресуде биотехникалық, биологиялық және механикалық бақылау әдістерін қолдану
-Топырақ құнарлылығын жақсарту үшін тек табиғи заттарды қолдану
- табиғи ресурстардың сарқылуын тудырмайтын ауылшаруашылық өндірісі
Альтернативті егіншіліктің дамуы ғылым алдында көп жаңа проблемалар ұсынды. Химиялық тыңайтқыштардың, өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестен және аурулардан қорғайтын заттардың бас тартуы альтернативті жүйемен жұмыс істеген шаруашылықтардың істей алуы мүмкіншілігіне ой туғызады. Бұл салада көп сұрақтарға жауап жоқ. Көптеген елдерде өтіп жатқан зерттеулер бойынша сол шаруашылықтардың жұмыс істеу мүмкіншілігіне бағаны жүйенің толық анализінен кейін айтуға болады. Сонымен қатар кейбір сұрақтардан нәтиже алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |