2.Топырақ қорғау егіншілігі және оның ерекшеліктері.
Бұл жүйелердің негізін қысқа айналымды ауыспалы егістер, топырақты аудармай жазықтілгіштермен өңдеу, ылғал жинау, зиянды организмдермен күресу және басқа маңызды шаралар құрайды. Бұл жүйелерді құрайтын буындары топырақ қорғау бағытында құрастырылған болуы керек. Ал аталған егіншілік жүйелерінің әсері эрозия процестерін тоқтата алмайтын жағдайда арнайы жүйе – топырақ қорғау егіншілік жүйесі-дақылдар мен пар жолақтап орналасатын, топырақ қорғау ауыспалы егістерге, жазықтілгішпен өңдеуге, тыңайтқыштар қолдануға, топырақтың ылғалын көбейтуге негізделген топырақты эрозиядан қорғауға бағытталған егіншілік жүйесі қолданылады. Бұл жүйені құрайтын буындардың бәрі маңызды дей отырып, оның негізін топырақ қорғау ауыспалы егістері қалайды деуге болады. Бұл ауыспалы егістердің дақылдар құрамы, олардың танаптарда орналасуы және алмасып отыру ерекшеліктері эрозияға қарсы жүргізілетін басқа шараларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |