3. Агроландшафттық егіншілік жүйесі - белгілі агроэкологиялық топтама жерін дұрыс пайдалану арқылы, нақтылы агроландшафтқа жақсы бейімделген, егін шаруашылығына тұрақтылық беретін және топырақ құнарлылығын арттыратын , нарықты экономика жағдайында жоспарланған өнімді алу үшін ауыл шаруашылығы құрылымының жағдайында оның табиғи және өндірістік қорларын толық пайдалана алатын егіншілік жүйесі. Бұл берілген анықтамадан туатын аталған жұйенің мәні - ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық және агротехникалық талаптарына сай келетін оңтайлы агроэкологиялық жағдайды таба білу немесе оған кедергі болатын факторларды біртіндеп жою болып саналады. Жүйе міндетті түрде топырақ қорғайтын және интенсивті болуы, кешенді түрде қолданылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |