Земли эродированные –бұзылған жерлер; сумен шайылудан, желмен ұшырылудан жартылай немесе толығымен топырақтың құнарлы қабатын жоғалтқан жер. Бұзылу тереңдігіне қарай аз (А жиегінің 1/3 бөлігі), орташа (1/2 бөлігі), аса(2/3 бөлігі) және күшті (А жиегі толығымен) бұзылған деп ажыратады. Мұндай жерлерде өнім күрт төмендейді және топырақ құнарлылығын көтеруге қосымша шаралар, айталық, органикалық және минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшері, өңдеудің және егін себудің арнаулы тәсілдерімен бірге егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін мұқият қолдануды талап етеді.
-эрозионно-опасные- бұзылуға бейімді жерлер; дұрыс пайдаланбағанда бұзылуға душар болатын жерлер. Мұндай жерлерде егіншіліктің топырақ қорғау, топырақты бұзылуға қарсы өндеу, тұқымды арнаулы тұқымсепкіштермен себу шараларын қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |