Залужение шөптендіру; шаруашылықта әр түрлі пайдалану мақсатында көп жылдық шөптерді егу.
ускоренное- жеделдетіп шөктендіру; шымы өңделген шалғынды немесе ағашты – бұталы өсімдіктерін аластағаннан кейін бір жылдық дақылдарсыз шөптендіру.
Замерзание почвы –топырақтың тоңазуы; топырақ ылғалының нөлден төмен температурада фазалық өту үдерісі.
Запас влаги в почве «мертвый»- топырақтағы ылғалдың «өлі» қоры, топырақтағы өсімдік сіңіре алмайтын (ең мол гигроскопиялық жақын) ылғалдың ең жоғары мөлшері.
-продуктивной влаги почвы-топырақтың сіңімді ылғал қоры; тұрақты солудан артық және өсімдіктің органикалық заттарын құрауға қатысатын топырақтың қабаттарындағы ылғал мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |