3. СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Егінішілік пәнін оқытудың негізгі формаларының біріне өзіндік жұмыс жатады, яғни Әртүрлі жазбаша СӨЖ жұмыстарыы тереңірек оқытуға бейімделген жеке тапсырмалар. Жеке тапсырмаларды орындау студентті әдебиеттер таңдай білуге, биологияның, селекцияның мәселелерін өз бетінше шешуге көмектеседі. Нәтижесінде жеке тапсырмаларды орындау процессі студенттің белсенділігін дамытуға, материалдарына ойланып қарауға мүмкіндік ашады. Студенттердің өзіндік жұмысына ерекше мән беруді талап етеді. Тапсырма бойынша жұмыс білімнің белгілі бір аспектісі бойынша студентті өзіндік жұмысқа үйрету тәсілі, сонымен қатар жеке тұлғаның шығармашылық потенцалын ояту және өзектілеу құралы болып табылады. Терең және берік білім егер студент оқу құралымен ғана шектеліп қана қалмай, бағдарлама материалын өз бетінше оқыса, бастапқы және көркем әдебиеттермен жұмыс жасаса ғана болады. Басқа да технологиялық пәндердегідей, Әртүрлі жазбаша СӨЖ жұмыстары үшін өз бетінше жұмыстың өнімді формасына оқытушы бақылауымен жеке тапсырмаларды орындау жатады.
Жеке тапсырманы орындау міндеттері:
1.Оқылған ғылыми, зерттеу жұмыстарының негізінде зерттеу проблемаларын дұрыс қоя, формалай білуге үйрену.
2. Оқылған материалдарды сауатты және логикалық жеткізе білу.
3. Егіншілік, ауылшаруашылығының, биология ғылымының терминологиясын, концепциясын, түсінікті ақпараттарын реттей білу.
4. Егіншілік әдістерін игеру, оның жаңа әдістерін зерттеу процесінде өз бетінше бақылап, қорытынды жасауға үйрену.
5. Үйренген материалдарды әрі қарай келешекте ғылыми, кәсіптік жұмыста қолдану. Мәтінде жасалған қорытындыларды оқытушыға ауызша қорғағанда дұрыс жеткізілуі керек.
Тапсырмалар оқылып жатқан проблемаға өз қатынасын жасау мақсаттайды. Сол проблемаға толық және қызықты шолу жасау автор мен сол тақырыпты терең оқығандығының және талданатын сұрақ бойынша өзінде өз позициясы бар екенінің куәсі болады.
Әдебиеттер тізімін құру
1. Тапсырмамен нәтижелі жұмыстың міндетті жағдайына таңдалған сұрақтың ғылымдағы жағдайын анықтау болып табылады. Келімсектердің жұмыстарының сауатты және жүйелі анализі ситуациядан шығуға мүмкіншілік береді.
2. Қажетті материалдарды жинауға кіріспес бұрын жұмыс дайындалатын сұрақтар бар әдебиеттер тізімін көру керек. Әртүрлі жазбаша СӨЖ жұмыстары бағдарламасында әр бір тақырыптан кейін ұсынылатын әдебиеттер тізімі бар. Кітапханада алфавиттік библиографиялық және систематикалық пәндік каталогтар бар, онда онымен қолдана білсең керекті әдебиеттерді таңдауға болады. Кеңес үшін кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөліміне бару керек, сонымен қатар кітаптар тізімін, журналдық мақалалар тізімін, газет мақалаларының, картографиялық тізімді, рецензиялармен баспалар тізімін қалдануға болады.
3. Библиографиялық ақпараттарды іздеу алдында энциклопедияны, энциклопедиялық словарьді қолдануға болады. Мысалы: «Зиянкестер» тақырыбында реферат жазу керек.
4. Жұмысқа дайындық студенттен зерттеу тәсілдерінің комплексін игеруді талап етеді.
5.Реферат құрлымы
Жоспар тапсырманың маңызын жинақты түрде келтіреді. Ол автордың айтпақ ойын сызба-нұсқа түрінде жеткізеді. Адамның ой-өрісінің шектеулі екенін ескере келе, жоспар тыңғылықты, бір қарағанда мәтіннің мазмұнын жеңіл түсінетіндей болу керек. Жоспарды әр түрлі жолмен құруға болады: - бірінші жолы- таңдалынып алынған тақырыпты бастапқы нүкте етіп, содан мақсаты мен міндетттерін құрастырады, олар тараулар мен реферат параграфтарының атауларын білдіреді; -екінші жолы- жинақталған материалдардан ойша мазмұндама құрылымын жасақтау; - үшінші жолы- аралас, яғни алдыңғы екі жолды үйлестіру мен басқа да жолдарды қарастыру боп табылады.
Әдетте жоспардың құрылымы мыналардан тұрады:
Жинақталған жоспар - негізгі пункттерді, параграфтер немесе белгілі бір кезекпен орындалатын зерттеу бөлшектерін құрайтын жоспар. Ол басты сұрақтарды, ғылыми жұмыстардың проблемаларын шешуді ұсынатын және аса тиянақты етіліп құрылуы қажет.
Кіріспе, ол тақырыптың негізделуі мен маңыздылығы, неліктен осы тақырып таңдалынып алынғаны және оған қызығушылық білдірудің себептері жайлы тусініктерден тұрады. Одан соң алынған тақырып бойынша әдебиеттік шолу беріледі;
Негізгі бөлім 2 тараудан: а) мәселені теориялық тұрғыдан ойластыру және б) эмпирикалық нақты материалдарды мазмұндау, яғни бірінші тараудағы теорияның мазмұнын аргументті түрде бекітті;
Қорытынды автордың ойластырған мәселелердің соңында жасаған ұсыныстардың практика жүзінде және келешекте сол мәселелерді зерттеудің нәтижелерінен тұрады. Қорытынды алға қойылған міндеттермен тікелей ұқсастықта болуы қажет. Егер де ұқсастық болмаған жағдайда кіріспеге қайта оралып, міндеттерді ұқсастық қатынас түзетіндей етіп қайта қарастыру қажет.
Әдебиеттер – бұл ғылыми еңбектер мен бастапқы алынған материалдардың библиографиялық жазбаларға ұқсас тізбесі.
Сонымен қатар жұмыста қосымшалардың болуы да тиімді. Мысалы, терминдік сөздіктер, түсініктемелер, суреттер, мәтін жиынтығы дегендей. Қосымшалардың болуы бір жағынан бақылау жұмысын қорғау кезінде студенттерге пайдасын тигізеді, басқа жағынан ол зерттеу жұмысының нәтижесіндей автордың жұмысын жақсы бағалаудың жолын білдіреді.
Өзіндік жұмыстың көлемі кемінде 15 беттей қолжазба немесе компьютермен терілген мәтін 10 беттей болуы керек. Студенттің бұған дайындығы болмаған жағдайда оған көшіру жұмысын немесе жаңа әдебиеттен жазып толықтыру ұсынылады.
Жұмысты орындау тәртібі
Жұмыс жоспары
1. Ғылыми еңбекті орындау жұмысы оған жоспар құрудан басталады. Жоспар жай ғана емес, жұмыстық тұрғыда және белгілі бір тәртіппен құралу қажет.
Анықталады:
а) Ғылыми шығарманың мақсаты;
б) Зерттеушінің алдына қойған міндеттері;
в) Негізгі бақылау жұмыстары, сол сұрақтар бойынша ой толғау және айқындау жұмыстары;
г) Автордың қорытындылары, оның ғылыми және тәжірибелік ой.
2. Жоспарды зерттеу барысында корректирлеу қажет. Жаңа материалды зерттеу мүмкіншілігіне қарай жаңа тарауға кіргізеді, бұрынғы мәліметтерді кеңейтіп нақтылайды. Жоспардың жұмыстық нұсқасы әдебиеттік түрде көркемдеуді қажеті жоқ, бастысы шын мәнінде маңызды құрылымды бағытта болуы керек.
3. Жоспардың соңғы нұсқасы оқытушының көмегімен нақтыланып немесе дұрыс құрастырылып талқылауға болады.
4. Жұмыс әдетте тарау, тармақ болып автормен құрастырылады.
Өзіндік жұмыстың негізгі бөлімі
Оқытушымен бірге бақылау жұмысының жоспарын жазып және талдаудан соң, студент текстпен жұмысқа кіріседі, ол бірнеше этаптан тұрады. Бірінші этапта – алдын ала этапта әдебиетті оқу процесінде зерттеу затына белгілі көзқарас жинақталады. Анализдеу барысында тез ойлайтын студент өзінің бақылауын нақтылайды, оларды жөндейді және нәтижесінде талқылайтын сұрақтарына өзінің көзқарасын бекітеді. Жеткілікті материал жинақталған соң, цитата, ой толғаныс, кесте, сызба нұсқа және иллюстрация түрінде оны маңыздау және жүйелеуге кірісуге болады. Егер жазбалар қағаз бетінде жасалса, оларды мағынасы бойынша, мазмұнды және логикалық байланысын іздей отырып реттейді және топтайды.
Екінші этапта зерттеу затына өзінің көзқарасын негіздегенен кейін, автор мәтіннің бірінші лас (черновой) нұсқасын жазуға кіріседі. Жұмыстың екі қарапайым әдісі бар. Бірінші жағдайда бүкіл мәтінді кіріспеден бастап қорытындыға дейін ретімен жазуды бастайды. Мұндай рет-ретімен келтірудің артықшылығы мәтіннің байланыстылығы мен логикалығында, ол жерде барлығы өзара байланысты және бірінен-кейін бірі келеді. Бірақ, көпшілік қайшымен және желліммен жұмыс жасауды қалайды. Бір бетті жаза отырып, оның түсіндіретін және толықтыратын орнын табады. Бетті қиып қажетті цитатамен толықтырып желімдейді. Содан соң, рефератты қайтадан жазу керек болады. Осылай жұмыс жасауға үйренгендер үшін компьютер өте жақсы мүмкіншілік тудырады.
Соңғы жылдары нарықта интернет желісінде немесе компакт дискіде көп таралған тақырыптар бойынша дайын рефераттар шықты. Оларды жоғарға оқу орындарының студенттері, магистранттары және аспиранттары дайындап «Москвалық рефераттар коллекциясы» атпен интернетте жарық көрді. Оқытушы дайын рефераттарды үнемі тексеріп отырады. Студенттердің дайындаған материалдарын өз толықтыруларынсыз қабылдамайды.
Жұмыс сауатты тілмен стилистикалық бақылауды сақтап, талапқа сай жазылуы керек. Мысалы, «Мен», «менің ойымша», орнына «ойлай отыра», «---- деп болжауға негіз бар», «ойша болжасақ,» тіркестерін қолдану керек. Ауызша баяндау кезінде қыстырма сөздерді қолданбау керек. Мәтінде қанатты сөздерді қолданудың да шегі бар: бір бетте оларды үшеуден артық келтіруге болмайды.
Келесі этап – жазылғандарды жөндеу. Ескертпелер жөнделеді, мәтін соңғы үлгіде құрылымданады, бөлімдер бойынша қойылады. Түзетулер бірнеше әдістермен орындалады:
қажетсіз қайталауларды, алогизмдерді (жағдайдан кейін аргумент, аргументтен кейін қорытынды) болдырмау үшін мәтіндердің ретімен келуі өңделеді;
мәтіннің әдіби түзеуі, грамматикалық қатені жөндеу жүргізіледі;
лас нұсқаны кеңес күні оқытушымен бірге талдауға болады;
барлық ескертулер есепке алынып, қажетті түзетулер жасалынған соң, бақылау жұмысының соңғы нұсқасын орындауға болады. Таза нұсқа тиісті нормалық стандартқа сәйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |