4.6 Оқытудың жобалық әдісі
ХХ ғасыр тіршіліктін инновациялық мәселесін күшейтті. Көп мөлшердегі жаңалықтар біліммен ғылымның даму қарқындылығы адамдардан дамыған зерттеушілік, шығармашылық ойлауды талап етеді. Білім беру кеңестігінде адам позициясы өзгереді: ол білім беру субьектісіне айналады. Мұндай ауысу аз артынан мәні мен білім беру мақсатын ауыстыруды тартады, оның жоғары құндылығы білімділік, өз басының тәжірибесі арқылы жеке меншік жеке даралықты түсіну мен мойындау болып табылады. Қазіргі педагогикада жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін белсендендіруге бағытталған және дамып жатқан оқытудағы жаңа ұжымдық оқу іс әрекетінің формасын шығаруға бағытталған жобалар әдістерін ондаған жылдардан көп белсенді жасалуда қолданылуда жобалық идеялар жаңалық емес және студенттердің пәнді бос зеттеуіне мүмкіндік береді. Оқытудың жобалық әдісі білім беру кеңістігінде мәдениеттілік принципін іске асыруды қамтамасыз етеді, білімді әр түрлі ғылыми аймақтарда қолдануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар педагог пен студент арасындағы өзара әрекет процесін бірге жұмыс жасауға, дамудың педагогикалық көмегін құруға көмектеседі. Жобаны орындау үшін бірнеше қызықты, пайдалы және өмірмен байланысты міндеттерді шешу керек. Жоба бойынша жұмысты орындай отырып, студенттердің қызуғышылығын зерттеуден, жоба тақырыптарын таңдаудан және осы жоба бойынша жұмысқа дайындықты зерттеуден бастау керек. Ақпараттық және телекоммуникациялық технология саласындағы қазіргі жаңалықтар білім беруде жобалық оқыту әдісін кең енгізуге итерме болды. Телекомуникация қазіргі тіршіліктің барлық шеңберіне енді, бізде оның мүмкіншіліктерін өз жұмысымызға қолдануымыз керек.
Жоба әдісін практикаға еңгізу оқытушы позициясының өзгеруіне әкеледі және жобалық немесе зерттеу жұмысы барысында студенттің дамуына педагогикалық көмек принципімен анықталады- дайын білімді алып жүрушіден студент тамымдылық іс әрекетінің ұйымдастырушысына айналады. Кез келген жобамен жұмыс белгілі этаптардан тұрады:
Ұйымдастырушылық этап проректімен жұмыс үшін студенттер тобын құрудан және таныстырудан тұрады. Топтың ядросы шығады, қызығушылық шеңбері анықталады.
Келешек жобаның басты идеясынын таңдау және талдауға мақсатпен міндетті анықтау кіреді (жобаны не үшін жасаймыз, жұмыс аяқталған соң не білеміз, неге үйренеміз); Алға қойылған мақсаттың жетістік стратегиясын талдау және жобаның осыған сәйкес тақырыптарын анықтау (яғни студенттерге қандай тақырып нені үйретеді, нені білуге мүмкіндік береді, белгілі жобамен жұмыстың алға қойылған міндеттеріне жетуге мүмкіндік беретін жоспары қандай)
Белгілі топтар үшін міндеттер бөліп шығару мен жобаны құрылымдау, қажетті материалдарды таңдау жалпы қарапайым жоспар құрудан басталады, ол кейін тереңдетіледі, этаптар және олардың міндеттері бөлініп шығады, олардың қызығушылығын ескере отырып, студенттер топтары арасында бөліп беріледі (мысалы: тарихи, әдеби, өлке тану материалдарын таңдау, иллюстрациялық материалдар таңдау, суреттерді өңдеу, ресурсты көркемдеу редактирлеу, ағылшын тіліне аудару- әрбір қатысушының мүмкіншіліктері мен қызығушылығына сәйкес), жоспарланған нәтижелер мен оларды шешу тәсілдері, көркемдеу анықталады.
Жобамен жұмыс студенттердің әрбір тобы үшін тапсырмаларды қамтиды және оқытушыдан топ жұмысына араласпауды талап етеді, жобаның қатысушысы немесе консультанты қызметін атқара отырып басқа мүшелермен де тең қатарда болады. Ақпараттармен, пікірлермен, алынған нәтижелермен қортынды ақпарат алмасу керек.
Қорытындысын жасау жасалған жұмыс, жобамен жұмыс кезіндегі нәтижелер мен сәтсіздіктер талдауы туралы әңгімеден тұрады.
Сонымен қатар, көбірек көңіл студенттердің өз бетінше іс әрекет түрлеріне аударылуы керек, ол әр бір студенттің өзінің жеке қасиетін ашуға көмектеседі. Студенттер олардан қосымша ақпараттар іздеуді, берілген материалдар, талдау фактілерді ойластыруды талап ететін жүйелі жұмыстарды бір-бірлеп, екі-екіден, топпен өз бетінше жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |