Бейнелеу өнері оқу бағдарламасы


«Бейнелеу өнері» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



жүктеу 0,69 Mb.
бет2/7
Дата21.05.2018
өлшемі0,69 Mb.
#15498
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


4 «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасына сәйкес әр сыныпқа арналған сағат саны:




Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат


«Бейнелеу өнері» пәнінен сабақ беруге арналған кабинет

Кабинет сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үстелдер мен орындықтары бар үлкен бөлме болуы керек. Дәл осы кабинеттердегі жиһаздар оқушылардың жас ерекшелігіне сай орналастырылуы тиіс. «Бейнелеу өнері» пәніне байланысты түрлі іс-әрекеттер үшін қосымша жабдықталған орындар ұсынылады.

Кабинетте тиісті желдету, табиғи және жасанды жарықтандыру көздері, стационарлық жарықтандыру құралдары, жалюздер мен терезені қараңғылауға арналған жүйелер болуы керек. Кабинетте қолды және құрал-саймандарды жууға арналған раковина орнату қажет.

Бейнелеу өнері кабинетінде материалдар, арнайы жабдықтар мен аспаптарды сақтауға арналған кем дегенде бір қосымша бөлменің болғаны дұрыс.

Міндетті түрде кабинетте демонстрациялық, маркерлік, интерактивтік тақталары, көрнекі құралдарды сақтауға арналған шкафтар (материалдарға қолжетімді, ыңғайлылықты қамтамасыз етеді), шығармашылық жұмыстарды кептіруге арналған бағандар, сөрелер болу керек.
«Бейнелеу өнері» пәнін тиімді оқытуға кабинетте келесі құрал-жабдықтар болуы қажет:


  • компьютер (мұғалімнің жұмыс орнында орналасқан: монитор, жүйелі блок, пернетақта, тышқан мен колонкалар, желілік фильтрлер);

  • бағдарламалық жасақтама;

  • DVD проектор;

  • интерактивті тақта;

  • оқушыларға арналған ноутбуктер (топта жұмыс істеуге);

  • түрлі түсті принтер;

  • сканер;

  • бейнекамера;

  • фотоаппарат;

  • гипстік денелер: геометриялық (текше, шар, призма, пирамида, конус, цилиндр); анатомиялық (қол, көз, мұрын, ерін, құлақ); бедерлі өрнектер (ою-өрнектер, гүлдер, өсімдіктер); капителдер (ионикалық, дорилік, коринфтік);

  • табиғи саз (ақ, қызыл және/немесе сұр, сары), модельдеуге арналған мүсіндік ермексаз, сақтауға арналған ыдыстар;

  • мүсіндеуге арналған құрал-саймандар мен материалдар: тістеуік, қысқаш, пышақтар, ағаш таяқшалар, сызғыштар, әртүрлі диаметрлі сым, кескіш;

  • түрлі түсті жұқа киіз;

  • түрлі түсті, түрлі қалыңдықтағы жүн және мақта жіптер;

  • бантикке арналған материалдар мен құрал-саймандар, бояулар (жиынтықтар);

  • мата түрлері;

  • шығармашылыққа арналған керек-жарақтар (галантереялық өнімдер);

  • қолмен тігуге және кестелеуге арналған жиынтық;

  • түрлі текстурадағы, түстегі, тығыздықтағы және өлшемдегі қағаз бен қатырма қағаздар;

  • бояулар жиынтығы: түрлі түсті гуашь, акрил бояулар, акварель

  • түрлі түсті сия, тушь, қауырсын қаламдар;

  • барлық типті және өлшемді қылқаламдар жиынтығы (тиін, қыл, сарыкүзен);

  • шпательдер және мастихиндар жиынтығы;

  • қайшы;

  • желім: ПВА, кеңсе желімі, қарындаш-желім, «Момент» желімі, «Титан» желімі;

  • әртүрлі көлемді, түрлі түсті және екі жақты скотчтер;

  • түрлі түсті қарындаштар жиынтығы;

  • көмір, графит;

  • бор түрлері: балауызды, майлы, пастель;

  • палитра;

  • бояуларға арналған лотоктар;

  • көркем планшеттер 50*60 см;

  • жеке қорғану құралдары (қорғану көзілдіріктер, қолғаптар, жеңқаптар, алжапқыштар, биялай) үстелдерге арналған клеенкалар.

Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасы ережелері мен қауіпсіздік техникасын қадағалау қажет.


5 «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс–тәсілдер

Білім беру ұйымдары, оқушылардың қалай білім алуды үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану арқылы дамыту және тәрбиелеу күтіледі, онда:


  • әр оқушының жеке пікірін ескеріп, олардың алдында меңгерген білімдері мен түсініктерін әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңызын мойындау;

  • іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • оқушыларға түсінікті мысалдарда мәселені шешу стратегияларын модельдеу;

  • «оқуды қолдау үшін бағалау» арқылы оқушыларды оқытуда қолдау;

  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін және белсенді оқытуды қолдау;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

  • жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру кіреді.


«Бейнелеу өнері» пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:


  • көркем жұмыстарды жасау үдерісінде әр оқушының белсенді түрде тарту ;

  • оқушыларда көркем іс-әрекеттер арқылы жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту (өнер туындыларын зерттеу, эксперимент жүргізу, бағалау және талдау);

  • суретші/қолөнерші/дизайнер (конструктор) ретінде жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білімдері мен дағдыларын жеке және топтық жұмыс үдерістерінде дамыту;

  • жаңа идеяларды қолдану арқылы әртүрлі көзқарастарды қарастыру, саналы дербес таңдауды қалыптастыру және оқытуды ынталандыру;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және тиімді шешім қабылдау үшін оқу үдерісінде түрлі жағдайларды қолдану;

  • шығармашылық орта құру мақсатында әртүрлі тәсілдермен оқытуды дифференциациялау ;

  • пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау;

  • оқушыларға оқу барысында қай кезеңде екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру үшін идеялары мен жұмыстарын презентация жасау (ұсыну).

Оқушылардың тіл дағдысын дамытуға қолдау көрсету (үштілділік саясатына сәйкес)

Жалпы білім беру мектептерінің пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуын қолдауы керек. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытуын қолдайды. Осыған байланысты әр сабақтың тілдік мақсаттары анықталады, мысалы, оқушылар тіл байлығын қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын көркем шығармадағы сызықтар мен формалардың ерекшеліктерін сипаттай алады.

Пән мұғалімдеріне сонымен қатар оқушылардың тілді меңгерудегі ілгерілеуін бағалауына көмектесулері қажет.
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі көзқарастар мен мәдениетті құрметтеуін жағдай жасап қалыптастыру, жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларының бір бөлігі болып табылады. Бұл дағдылар оқушылардың сыныптағы, мектептегі әлеуметтік және еңбек орталарында, көп ұлтты қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасында ол келесідей қарастырылған:



  • оқушыларда басқалардың пікірін бағалау, қоршаған ортаға құрметпен қарай білуін қалыптастыру. Мысалы, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына деген пікірді тыңдау және қабылдай білу. Оқушылар өнер туындыларын түсінудің бірнеше түрлері бар екенін түсіне білуі қажет;

  • бейнелеу өнері сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық және жасампаздық маңыздылығын түсіне отырып, оқушылар арасында, жас ерекшеліктері бір сыныптар арасында, жас ерекшеліктері әртүрлі сыныптар арасында, әртүрлі мектептер, кәсіби суретшілер, сәулетшілер, мүсіншілер, шеберлер мен дизайнерлер арасында ұжымдық жұмыс істеуді қалыптастыруға, бірігіп әрекет етуге, бір-бірін дамытып, қолдауға мүмкіндік береді.

Оқу барысында оқушылар әр халықтардың өміріндегі бейнелеу өнерінің, сонымен қатар жалпы өнердің ерекшелігі мен маңызын бағалай білуді үйрену керек. Мысалы, осыны әлемдегі түрлі халықтардың өнер туындыларынан көрсетуге болады. Өнер түрлері әлемнің өнерімен тығыз байланыста зерделенуі керек.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау