Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет25/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162

73

Сөздіктердің  аудармаларына  қарағанда,  түрік,  шағатай,  ұйғыр 

тілдерінде бұл атау тулға, туғулға, тулыға,тауылға, туқлуға тұлға- 

ларында  «каска,  шлем»  мағыналарында  қолданылатындығын  

Л. Будагов көрсетеді (Будагов, I, 404).

Қазақтың ертеректегі тілінде дулыға/тулыға сөзі алдымен батыр 

(жауынгер) киетін, «оқ өткізбейтін, яғни металл қапталған баскиім» 

мағынасын берген. Мысалы, мұны «Қамбар батыр» жырындағы:

Құрама болат дулыға 

Шекесіне қояды, – 

дегені, әрі батыр, әрі жырау Доспамбеттін:

Туған айдай нұрланып, 



Дулыға кидім – өкінбен, – 

дегендері  дәлелдейді.  «Дулыға  кию»  –  батырлықтың  символы. 

Шалкиіздің:

Дулығамның төбесі

Туған айдай болмаса,

Батыршылық сүрмен-ді, – 

дегенінде  немесе:  «Ер  Көкше»  жырындағы  батырдың  портретін 

беретін Дулыға сыймас шекелі дегендерінде дулыға сөзі образ үшін, 

батырлықтың иесін білдіретін символ ретінде келіп тұр. Бұл образды 

XIX  ғасырда  жаугершілікті  жырлаған,  өзі  де  батыр-жауынгер  Ма- 

хамбет ақын да еркін пайдаланады. Исатайдың портретін бергенде, 

оның  ұрысқа  кіретін  қолбасшы  екенін  білдіру  үшін  «дулығасы 

басында» деген образды пайдаланады.

«Қобыланды» жырындағы Қарлыға қыз да – батыр, ұрыс адамы, 

сондықтан ол да:

Буыны түсіп былқылдап, 

Алтын қалпақ тулыға 

Шекесінде жарқылдап

көзге  түседі.  Мұнда  дулығаның  баскиім  екендігін  қалпақ  сөзімен 

айқындай түссе, әрі металдан жасалған, әрі әсем (алтын жалатқан) 

баскиім екенін жыршы шебер келтірген.

Сөз түбірін кесіп айту қиын, дегенмен түбірі монғолдың «адамның 

төбесі» мағынасындағы зулай/дъулай сөзі болуы да мүмкін деген ойға 

келеміз.  Дулыға  сөзінің  этимологиясын  да  әрі  қарай  іздестіре  түсу 

қажет деп санауға болады.



ДЫНДАН. Батырлар жырларындағы сұлу қыздың образын бер-

генде, оны шашын дынданменен тараған деп келеді. Мұндағы дын-



дан сөзі «тарақ» дегенді білдіреді, бірақ мал мүйізінен жасаған жай 


74

тарақ емес, піл сүйегінен жасаған қымбат әсем тарақ. Дындан парсы 

тілінде  «тіс»  дегенді  білдіреді.  Дәндәна  сөзі  бір  нәрсенің,  мысалы, 

«тарақтың тісі» немесе «кішкентай тіс» деген мәнде айтылады. Ал 

түркі тілдеріне енгенде, бұл сөз тарақтың тісін емес, өзін білдіретін 

мағынаға ауысқан және жай тарақ емес, алыстан келген, сатып ала-

тын  қымбат  тарақты  атаса  керек.  Ұйғыр  тілінде  дындан  сөзі  «піл 

сүйегі» деген мағынадағы көне сөз деп көрсетілген. Қазақ тілінде бұл 

сөз дандан түрінде де айтылған болу керек. С. Қасиманов «дандан – 

піл сүйегінен істелген тарақ» деп көрсетеді (Қасиманов, 215).



ДІН АМАН. ДӘН РИЗА «Алпамыс» жырында әулие-әнбиелерден 

перзент сұрап, көп уақыт ауыл-елінен ұзаққа кеткен Байбөрі бай тілегі 

орындалып, үміті ақталып, еліне келсе, елінің амандығын жыршы:

Барса елдер дін аман,

Малы шықты қорадан, –

деп суреттейді. Мұндағы дін аман тіркесінің дін деген компонентінің 

қазіргі  түсінігіміздегі  дін  («религия»)  сөзіне  қатысы  жоқ.  Бұл 

тіркестің мағынасы – «тегіс аман, мүлде аман-сау». Дән риза/дән разы 

тіркесіндегі дән-нің де «өсімдіктің ұрығы, тұқымы» деген мағынасына 

мүлде  жуыспайды,  бұл  жерде  «әбден  риза»  дегенді  білдіреді.  Өте 

ерте замандарда дын/дін/дан сөзінің бір мағынасы – қазіргі монғол 

тілдеріндегі «мүлде, тегіс» деген семантика. Іздестіре түссек, мүмкін 

тағы  да  осы  қатарды  толықтыратын  тіркестер  бар  болар.  Мысалы, 

діні қатты тіркесі, мүмкін, о баста дін қатты дегеннен туып, мүлде 

қатты сияқты мәнде жұмсалған болар (бұл – әзірге жорамалымыз). 

Мысалы, діні қатты адам – «өте қатал адам» дегенге меңзейді.

Демек, өте көне, тіпті түркі-монғолдық дан/дән/дын/дін сөзі заман 

(ғасырлар) өткен сайын қазақ тілінде актив қолданыстан ығысып, екі-

үш тіркесте «сіріленіп», сақталған деуге болады. Мағынасы «мүлде, 

әбден, тегіс» деген шылау сөз деп табамыз. 

 

ЕЛ-КҮН. Тілімізде ел-күн аманда деген сөз реті бар. «Ер Тарғын» 

жырында Тарғын батыр:

Қаптай қонар елім жоқ, 

Елім-күнім Кәрібоз, 

Сөйлесетұғын тілің жоқ, – 

деп  астындағы  атымен  «сырласады».  Бұл  жерде  өзі  қызмет  еткен 

ханнан  әділдік  таппай,  жалғыз  шығып  кеткенде,  өзін  қаумалаған 

елі-жұртының,  халқының  жоқ  екенін  айтады,  елі  де,  «қаумалаған 

қарындасы» да астындағы жалғыз аты мен қасындағы Ақжүніс ару 




75

ғана екенін білдіреді. Контекске қарай ел-күн қос сөзінің мағынасын 

оңай ұғуға болады, ол – «ел-жұрт, адамдар». Мұны алдыңғы сөзден 

аңғарамыз,  ал  күн  сыңары  немене?  Адамдар  деген  мен  аспандағы 

жарық  күнді  білдіретін  екі  сөз  бұл  жерде  қалайша  «табысып»  тұр 

деген сұрақ туады. Іздей қалсақ, бұл тіркестегі күн сөзінің аспандағы 

күнге қатысы жоқ екен.

Күн  көне  түркі  тілдерінің  өзінде-ақ  ел  сөзімен  қосарлана  келіп 

(ел-күн түрінде), «халық, ел-жұрт» дегенді білдірген (ДС, 169). Осы 

қатарда қадаш күн тіркесі де бары көрінеді, ол «еркек-әйел туыстар» 

деген мағынада қалыптасқан. Соған қарағанда, түркі тілдеріндегі көне 

тіркестердің құрамындағы күн сөзі «адам, адамдар» дегенді білдіретін 

монғол тіліндегі хун сөзімен іліктес болар деп топшылаймыз. Бұл да 

көптеген  сөздердің  түркі-монғол  тілдеріне  ортақ  дәуірлерінен  келе 

жатқан  жұқаналардың  (реликтілердің)  бірі  болар.  Күн  сөзі  түркі 

тілдерінде «адам» мағынасында жеке қолданысында сақталмай, ел, 

қадаш сияқты сөздермен тіркескен (қазірде қосарланған) қолданыста 

орын теуіп қалған «көне сөздердің» бірі болмақ.



Күн  сөзінің  қазақ  тілінде  «адам,  кісі»  деген  мағынада  жеке 

жұмсалуы  ұмыт  болғаны  соншалық,  бұл  тіркесті  қазірде  ай-күн 



аманда деп қолданады. Бұл қолданыс әр-берден соң логикаға қайшы: 

ай  мен  күн  өлмейтін,  өшпейтін,  әрқашан  аман  табиғат  нысандары, 

ал  ел-күннің,  яғни  халық,  ел,  жұрттың  амандығы-жамандығы,  өсуі, 

өшуі  –  логикаға  сыйымды  ұғымдар.  Әрине,  қалың  көпшіліктің, 

тіпті  қолына  қалам  алған  жазушы,  журналистердің  барлығы  тегіс 

қазақтың  әр  сөзінің  түптөркінін,  семантикалық  қозғалысын  жақсы 

білулері мүмкін емес, сондықтан бұл күнде ай-күн аманда демей, ел-

күн аманда деп келтіргендері жөн. Тілді жақсы білетін жазушылар 

бүгіннің өзінде ел-күн деп қолданады. 



ЕМСЕУ, ЖЕМСЕУ. Махамбет ақынның Баймағамбет сұлтанға 

айтқан атақты сөзінде:

Еділді көріп емсеген

Жайықты көріп жемсеген 

Таудағы тарлан шұбар біз едік, – 

деген  жолдар  бар.  Мұндағы  екі  сөздің  (емсеу,  жемсеу)  мағынасын 

тап басып бірден айтып беру қиын. Ал іздестірсек, мыналарға көңіл 

аудартуға болады. Емсеген сөзінің түбірі еңсеу ~ аңсау «бір нәрсені 

қатты қалау, тілеу, құмарту» болар. Мұны Л. Будагов осылай көрсетеді: 

«еңсемек – бір нәрсені қалау, аңсау (иметь жажду)» (Будагов, II, 392). 

1912 жылы Қазанда шыққан «Ақын» атты кітапта:



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау