Пәннің аты: дүниетану



жүктеу 65,73 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі65,73 Kb.
#5898

Мектебі : Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Айткалиева Жадыра Талгатовна

Пәні : Бастауыш сынып мұғалімі


Пәннің аты: дүниетану

Уақыты: 28.04.17ж

Кабинет: Бастауыш

Мұғалім: Айткалиева Ж.Т

Сабақтың тақырыбы

Глобус-Жердің үлгісі
А) Білімділік: Ғарыш денелері, глобус-Жердің үлгісі деген ұғымдарын қалыптастыру, кеңейту.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі тыңдауға, басқанын ойымен санасуға баулу. Ұқыптылыққы, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Оқушыларға глобус жайлы мағлұмат бере отырып, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін,дүниетанымын дамыту.

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Жаңа материалды меңгерту

Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру

Оқулық, глобус, карта, АКТ

Ана тілі, музыка, бейнелеу өнері



Мақсаты


Күтілетін нәтиже


Сабақтың типі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс:

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше шеңбер құрып тұра қалайық. Баршамыз бүгінгі сабағыммызды көтеріңкі көңіл күймен бастау үшін «Көңілді МЕН» ойынына кезек берейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалімнің нұсқауымен бастарына ақ парақты ұстап тұрып, өз бейнелерін салады.

Топқа бөлу

Оқушылар ғарышкерлердің есімдері жазылған парақшаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ: Ю.Гагарин

ІІ топ: Т.Әубәкіров

ІІІ топ: Т.Мұсабаев

ІV топ: А.Айымбетов


Ғарышкерлер арқылы топтарға бөлу.

Алдыңғы оқу:

«Ғарышқа жол ашу»

Балалар, біз ғарышқа сапар шегеміз. «Ғарышқа жол» ашып алу үшін,ең алдымен топ басшыларымыз «Сиқырлы Жұлдыздарда» жазылған сұрақтарға жауап беруі керек.

Видео. «Ғарышқа саяхат»

Үй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы сұрау.

Әр топқа сұрақтар жасырылады. Жауап берген оқушылар фишкалар жинайды.


Топ басшылары жұлдызшаларда жазылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



Қызығушылықты ояту

«Ғарыштан хат»:

1.Қымбатты бүлдіршіндер, өздерің тіршілік етіп жатырған Жер не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2. Менің сүйікті достарым, егер жер бетінде су болмаса тіршілік көзі болар ма еді?

3. Кішкентай білгіштер, сіздерге қояр сұрағым: Жердің пішіні қандай, неліктен олай ойлайсың?

4. Зерек шәкірттер, Жер өте үлкен. Сенің сиқырлы таяқшан болса Жердің барлық шетін көру үшін не істер едің?

Теңізі бар жүзуге болмайды,

Жолдары бар жүруге болмайды.

Жерлері бар жыртуға болмайды,

Білесің бе ондайды? Глобус

Видео


Жаңа сабақ

Глобус-Жердің үлгісі.

Адамдар ұзақ уақыт бойы Жердің тегіс, оның үстіне «аспан күнбезі төңкеріліп қойылған» деп келді. Бертін келе алыс сапарға барған жиһанкездер қанша жүрсе де, Жердің шетіне шыға алмайтындарын түсінген. Түрлі белгілерге қарап, «Жер шар тәрізді болуы керек» деген тұжырым жасады. Кейіннен адам ғарышқа барып келгеннен кейін Жердің шар тәрізді екеніне түпкілікті көздері жетіп, оның суреті түсіріліп алынды.

Жерөте үлкен. Оның пішінін көз алдымызға елестету үшін үлгісі жасалып, оны глобус деп атады. Глобус – Жердің ондаған миллион кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі. Латын тілінен аударғанда «глобус»-«шар» деген мағынны білдіреді. Глобусты ең алғаш жасаған 1942 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм.

Глобуспен жұмыс.

Жер өз білігінен айналады, ал оның полюстері айналмай өз орындарында қалады. Жер шарында екі полюс бар: Оңтүстік және Солтүстік полюс. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргііледі. «Экватор» - латын тілінен алғанда «теңейткіш» деген сөз. Оның ұзындығы 40 мың километрге жетеді.

Жер бетінде ешқандай нүктелер қойылмаған және сызықтар жүргізілмеген. Ал глобуста олар көрсетілген. Глобустан бағытты табу оңай болу үшін меридиан және параллель сзықтары жүргізілген. Латын тілінен аударғанда «меридиан»-«түскілікті», ал «параллель»-«қатар жүргізуші» деген мағына береді. Мередиан сызығы Солтүстік және Оңтүстік полюстердің арасын қосады. Экваторға параллель орналасқан сызықтар параллель деп аталады. Меридиан мен параллель сызықтар глобустың бетін торкөздерге бөледі. Олар елгілі бір градус сайын жүргізіліп, градус торын құрайды.

Глобуста Жер шарында құрлыққа қарағанда су көп жерді алып жатқаны бірден көзге түседі. Олар мұхиттар, теңіздер, және өзен-көлдер. Жер бетінде ірі төрт мұхит бар. Олар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиты. Солтүстік мұзды мұхиты аумағы жағынан ең кіші мұхит. Тынық мұхиты көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкені. Глобуста су көгілдір, ал құрлық жасыл, сары және қоңыр түстермен белгіленген.

Жер бетінде 6 материк бар. Олар: Австралия, Антрактида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка. Қазақстан Еуразия құрлығында, Орталық Азияда орналасқан.
Топтарға тапсырма:

І топ: Глобусқа Оңтүстік және Солтүстік полюсті көрсет. Экватор сызығын сыз және анықтама бер.

ІІ топ: Глобусқа Меридиан және параллель сызықтарын түсір. Градус торына анықтама бер.

ІІІ топ: 6 материкті орналастыр. Аттарын айтып, анықтама бер.

ІV топ: 4 мұхиттың қайда орналасқанын жазып анықтама бер.

(Смайлектер арқылы бағалау.)


Рефлексия

Тест

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:
1.Материктердің ішінде Антарктидада адам қоныстанбаған. Сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, оны түгелдей дерлік мұз басып жатыр. Сондықтан оны мұз құрсанған материк деп атайды.
2.Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінен не байқар едің?
жауабы: дөңгелек екендігін байқар едім

  1. Жердің ондаған миллион есе кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі?

А) ғарыш ә) глобус б) орбита

2. Жер шарында неше полюс бар?

А) екі ә) үш б) төрт

3. «Экватор» латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) ұзындық ә) түскілік б) теңейткіш

4. Экватор сызығының ұзындығы?

А) 40 мың километр ә) 30 мың километр б) 20 мың километр

5. Латын тілінен аударғанда «түскілік» деген мағынаны береді?

А) экватор ә) параллель б) меридиан

6. Экваторға параллель орналасқан сызық?

А) параллель ә) градус б) полюс

7. Көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит?

А) Атлант ә) Үнді б) Тынық

8. Жер бетінде неше материк бар?

А) 6 ә) 5 б) 4

9. Қазақстан қайда орналасқан?

А) Америка ә) Орталық Азия б) Австралия

10. Жер шарының көп бөлігін не алып жатыр?

А) құрлық ә) су б) дұрыс жауап жоқ

Оқушылар бір-бірінікін тексеріп бағалайды.



.

Үйге тапсырма

Мазмұндау. «Жер-Ана» тақырыбында эссе жазу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау





Кері байланыс

«Саты» арқылы өздерін бағалау

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

жүктеу 65,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау