Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



жүктеу 233,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі233,5 Kb.
#22894
түріПостановление


Жоба

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы





город Алматы







Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы






«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықта:

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке:

1) оннан аспайтын филиалы бар:

күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі екi жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) он және одан көп филиалы бар:

1) күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

2) ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Бас банк пен Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдаудан өткізілген еншілес банктің арасында активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру операциясын жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк мәліметтерді Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде:

1) күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

2) ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.».

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтары 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов
жүктеу 233,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау