Батыс Ќазаќстан облысы єкiмiнiњ аппараты єкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымыныњ бос орнын иеленуге



жүктеу 55,32 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі55,32 Kb.
#4567

"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, анықтама үшін телефон (факс) 8 (7112) 50-45-14, Е-mail: zko_goszakup@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы («Д-О-3» санаты)
«Д-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 109 932 (min) теңгеден 148 242 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық мiндеттерi:

1.Бөлімге жалпы басшылық жасау және жұмысын ұйымдастыру.

2.Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру; мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету; конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету; кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асыру; оған Заңмен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұрату және алу; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау; электрондық құжатайналымы бойынша іс-қағаздарды жүргізу және жұмысын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты және есептілікті жүргізу; қажетті жұмыс жоспарларының жасақталуын қадағалау; Басқармаға жүктелген өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім. Мамандығы – «Білім» (қазақ тілі және әдебиеті), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық).



Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

     Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 55,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау