Тақырыбы:
Жылу машиналары.Электр құбылыстары. Кулон күші.
Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
А. Оқушылар Кулон заңының, электр өрісі кернеулігі формулаларын біледі;
В. Жылу қозғалтқышының ПӘК формуласын қолданады;
С. Оқушылар тарауда алған білімін өмірмен байланыстыра алады .
I- нұсқа
А.Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
В.ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері жоғалған?
С. Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
II- нұсқа
А. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.
В. ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.
С. 1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?
III -тоқсандық бақылау жұмысы.V тарау.Тұрақты электр тогы.
Жалпы тарауға шолу.
Электр тогы дегеніміз электр зарядтарының электр өрісінің ықпалымен
реттелген қозғалысын айтады.
Электр тогы тұрақты болу үшін мынадай шарттар орындалуы қажет:
Еркін шапшаң электр зарядтарын тасымалдушылар болу керек;
Еркін зарядты тасушыларға әрекет ететін электр өрісі болу қажет;
Ток көзі қажет.
Электр тогының әсерлері:
Токтың жылулық әсері.
Токтың химиялық әсері.
Токтың магниттік әсері.
Токтың физиологиялық әсері.
- ток күші. ХБЖ-де ток күшінің өлшем бірлігі 1Ампер.
Ток күшін өлшейтін аспаптар-амперметр.
Тақырыбы:
Электр құбылыстары.Ток күші. Электр кернеуі. Ом заңы.
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімі мен дағды деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
А. Электр құбылыстары мен Ом заңын біледі;
В.Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын есептер шығаруда қолданады;
С. Кестеден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, ерекшеліктерін талдайды.
I- нұсқа
А.Кедергілері 3 Ом және 6 Ом болатын екі резисторды параллель жалғағанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
В. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?
С.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?
II- нұсқа
А.Кедергісі 14 Ом шамның ток күші 2А. Шамдағы кернеу неге тең?
В. 6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер.
С. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВ. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықта.
IY-тоқсандық бақылау жұмысы.
V тарау. Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы:
Жалпы тарауға шолу.
А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,q – заряд;
U –кернеу.Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге
кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
ХБЖ-де электр тогының жұмысы1Дж=1Аּ1Вּ1с.
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың
көбейтіндісін табу керек.
ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.1Вт=1Аּ1В.
Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің
кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.
Достарыңызбен бөлісу: |