Архимед күші: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. FА =ρсұйық gVдене
Денелердің жүзу шарттары:
1) Fа =FА (ауырлық күші Архимед күшіне тең), онда дене сұйық ішінде жүзіп жүреді;
2) ) Fа >FА (ауырлық күші Архимед күшінен артық), онда дене сұйыққа батады;
3) Fа < FА (ауырлық күші Архимед күшінен кем), онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі;
Тақырыбы: Қысым. Паскаль заңы.Гидравликалық машиналар. Сұйықтар мен газдардың қысымы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.
Мақсаты: Оқушылардың қысым, Архимед күші туралы алған алған білім, білік дағдысын тексеру.
Күтілетін нәтиже: А.Оқушылар қысым, Архимед күші формулаларын біледі;
В. Денелердің жүзу шарты заңдылығын пайдаланады;
С. Оқушылар денелердің жүзу шарттарына эксперимент жүргізеді.
I -нұсқа
А. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см²
болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
В. Гидравликалық престің кішк поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
С. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін
анықтаңдар.
II- нұсқа
А. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына
қандай қысым түсіреді?
В. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.
С. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?
IY-тоқсандық бақылау жұмысы. VI тарау. Жұмыс. Қуат. Энергия.
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.
Мұндағы: А-жұмыс; Ғ-күш; s – жүрілген жол.
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж.
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды. (1).
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады. Өлшем бірлігі ватт. 1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт. 1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд. Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде 1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.
Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F∙d М-күш моменті. Өлшем бірлігі 1Н∙1 м. Ғ-күш. d –күш иіні.
Достарыңызбен бөлісу: |