Моменттер ережесі:
Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күн моменттерінің қосындысына тең болуы керек.
Механизмнің пайдалы әрекет коэффиценті:
Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы жұмыс немесе толық жұмыс делінеді.
Механизмдердің басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.
Пайдалы әрекет коэффиценті-η немесе ПӘК η=АП /АТ *100%
Тақырыбы:
Жұмыс. Куат. Энергия. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.
Мақсаты:
Оқушылардың тарау бойынша алған білімі мен іскерліктерін тексеру.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар механикалық жұмыс, қуат, энергия формулаларын біледі;
В. ПӘК-ті есептей алады;
С. Пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың мағынасын айқындайды .
І-нұсқа
А. Жалпы массасы 50т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?
В. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты
тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?
С. а) Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
б) Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т
топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.
II- нұсқа
А. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын тап.
В. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса, баланың өндірген қуатын анықта.
С. а) Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м.
Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай
жылдамдықпен ұшып шығар еді?
б) Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан
шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын
тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.
Физика және астрономия 8-сынып.
I-тоқсандық бақылау жұмысы.
Жалпы тарауға шолу.
І тарау. Жылу құбылыстары. Ішкі энергия. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық
энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық
энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған
сайын оның ішкі энергиясы артады.
Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.
Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу
мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп
атайды.
; өлшем бірлігі ; өлшем бірлігі
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін
физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. 1 Дж/кг.
1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін
жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы затттың меншікті балқу жылуы деп атайды
және λ деп белгілейді.
. Өлшем бірлігі Дж/кг.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп
атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген
буды қанықпаған бу деп атайды.
Энергияның сақталу заңы: Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.
Толық энергия:
Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен
жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.
Энергияның сақталу және айналу заңы:
Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы-
осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |